Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы» 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақта өтілген әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тарихы

Күні:

9 «Д» сыныбы

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Қ.Тұрысов атындағы

53 мектеп-гимназия

Мұғалім: А.С.Суюмбекова

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • 8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың іздену, талдау дағдыларын дамыту;

  • мәселені өз бетінше қарастыру арқылы зерттеу дағдыларын дамыту

Бағалау критерийлері

  • Барлық оқушы А.Байтұрсыновтың өмірбаянын біледі

  • Басым оқушы А.Байтұрсыновтың ғылым саласына қосқан үлесін сипаттайды

  • Кейбір оқушы «Ұлы ұстаздың» өмірі мен қызметіне баға береді

Тілдік мақсаттары

Ұлт ұстазы, «Қазақ газеті», араб жазуы, «Алаш партиясы», Алашорда, «Тіл құрал», т.б.

Құндылықтарға баулу

6) Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім

1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар

Сабақтың барысы

Кезеңдері

жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Сыныпты топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау

С.Сейфуллиннің цитатасы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу



Бейнефильм көрсету.

Ғаламшар - Ахмет Байтұрсынов (KZ) - YouTube https://www.youtube.com ›

Сабақтың ортасы


Белсенді оқу әдістері

ТЖ. А) Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша зерттеу жұмыстары, постер қорғау.

1-топ: Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны

2-топ: Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілінің негізін қалаушы

3-топ: Ахмет Байтұрсынұлы және Алашорда

4-топ: Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар.



Дескрипторлар:

  1. Өмірбаян хронологиялық жылдар бойынша тізбектеледі.

  2. А.Байтұрсыновтың тіл білімінің негізін салушы екеніне дәлел келтіреді.

  3. А.Байтұрсыновтың қоғам қайраткері ретіндегі қызметін дәлелдейді.

  4. А.Байтұрсынов туралы қазақтың белгілі тұлғаларының цитаталарын түсіндіреді.



ЖЖ. Б) ПОПС әдісі: «А.Байтұрсынұлы неліктен қазақ ұлттық идеясының атасы болып есептеледі?»

  • «Менің ойымша.............»

  • «Себебі мен оны .......... түсіндіремін»

  • «Оны мен ... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін»

  • «Осыған байланысты ... ....... деген түйін жасадым»



Дескрипторы:

  1. А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің негізін салушы екеніне дәлел келтіреді.

  2. А.Байтұрсынұлының тұлғалық қасиеттерін бағалайды.

https://kk.wikipedia.org/wiki/



Саралау әдісі

«Себебі...» әдісімен:

1.А.Байтұрсынов өзінің қысқа ғана ғұмырында күрес пен азапқа толы өзгеше өмір сүрді.

2. Елбасы Н.Назарбаев Ахмет Байтұрсынұлын «Ұлт ұстазы» деп атады.

3. А.Байтұрсынұлының публицист баспасөз ұйымдастырушысы ретінде еңбегі ұшаң теңіз.

4. А.Байтұрсынұлының Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды.

5. А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі.



Қорытынды































Сабақтың соңы


М Оқушыларға сабақты М.Әуезовтың төмендегідей сөзімен қорытындылаймыз.

Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.



Рефлексия



Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері


Жекелеген оқушылар А.Байтұрсыновтың реформатор болуына әсер еткен факторлар бойынша STEEPLE талдауын жасайды..

Жұптар бір- бірін бағалайды

Топтар критерийлер арқылы бір- бірін бағалайды

Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана

алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабағымды бастамас бұрын сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды ұйғардым. Оқушылармен амандасып алған соң оқушыларға бүгінгі сабақтың қызықты өтуі өздерінің қолдарында дей келе оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырдым. Топқа бөлінгеннен кейін топ ережесін сабақ барысында әрқашан естен шығармау керектігін естеріне салып кетіп отырдым. Топ ережесі барлық сабақтарда өзгертілген жоқ . Себебі, топтар ережеге бағына білді. Оқушыларды «Мозайка» арқылы топтастырдым.

Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін «Ой шақыру» арқылы әр топқа сұрақтар қойылды. Сұрақтар қоя отырып, оқушылардың ойын жинақтап алдым. Сонымен қатар сұрақтарға жауапты алу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтаттым. Жаңа сабақты меңгерту үшін «А.Байтұрсынұлы суретімен» таныстырдым. Келесі тапсырмада «ПОПС» әдісін қолдандым. Сабақты М.Әуезовтың сөзімен бекітілді. Әр топқа өздерін әр тапсырма сайын бағалап отырды. Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2020
1029
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12