400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Ахмет Байтұрсынұлы. «Анама хат», «Қара бұлт» өлеңдері 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлы. «Анама хат», «Қара бұлт» өлеңдері тақырыбындағы ашық сабақ материалы барлық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне керек дүние. Сабақ барысында бірнеше тиімді әдіс-тәсілдер қолданылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сынып: 6 «Д» пән: қазақ әдебиеті күні: 13.11.2015


Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы. «Анама хат», «Қара бұлт» өлеңдері

  1. Сабақтың мақсаты : А.Байтұрсынов - тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. «Анама хат», «Қара бұлт» өлеңдерін меңгерте отырып, идеясын ашу.

Сабақтың міндеттері:

  1. А.Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік алады.

  2. «Анама хат», «Қара бұлт» өлеңдерінің мазмұнын түсініп, талдайды.

  3. Топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс жүргізеді.

Табыстылық критерийлері: Топ мүшелері өз ойларын жеткізеді, тақырып бойынша тұжырым жасайды.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, блум таксаномиясы, шығармашылық жұмыс, әткеншек әдісі, ВЕНН диаграммасы, серпілген сұрақтар, авторды тап әдісі, сатылай кешенді талдау.

Дереккөздер: Бейне таспа, А3 форматты ақ түсті қағаз, қызыл, көк, жасыл түсті маркерлер, бағалау парағы, кері байланыс, слайд.

Сабақтың барысы:


№

Сабақ кезеңдері

уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті


А

В

С

1

Ұйымдастыру кезеңі


5 мин

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу, психологиялық дайындық.

І топ: Зерттеушілер

ІІ топ: Баяндаушылар

ІІІ топ: Әдебиетшілер

ІҮ топ: Журналистер




2

Блум бойынша ойлау деңгейі

Білу


7 мин

Үй тапсырмасын сұрау. «Әткеншек» әдісі. Оқушыларға күзгі демалыста Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін оқуға тарсырма берілген. Сол Ыбырай әңгімелері төңірегінде топтарға тапсырмалар беріледі.

І топ: Ыбырай Алтынсариннің қандай

әңгімелерін білесіңдер?

ІІ топ: «Әке мен бала» әңгімесінің негізгі мазмұны не?

ІІІ топ: «Жаман жолдас» әңгімесінің негізгі мазмұны не?

ІҮ топ: «Әдеп» әңгімесінің негізгі мазмұны не?

Жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап бере алады, топпен бірлесіп жұмыс жасайды.

Жоғары дәрежелі сұрақтар қоюға жақын, белсене қатысады

Топпен бірлесіп жұмыс істеуге талпынады

3


Түсіну

Қолдану


10 мин

Жаңа тақырып туралы ой шақыру үшін балаларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Қазақ әліпбиінің атасы кім?

2.Мысал өлеңдер жазған кім?

«Авторды тап» әдісі. Слайдтан бірнеше ақын-жазушылардың суреттерін көрсетемін. Арасынан оқушылар А.Байтұрсыновтың суретін табады.

І топ: Зерттеушілер А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын зерттейді.

ІІ топ: Баяндаушылар: «Анаға хат» өлеңін мәнерлеп оқып, өлең құрылысына талдау жасайды.

ІІІ топ: Әдебиетшілер: «Қара бұлт» өлеңін мәнерлеп оқып, өлең құрылысына талдау жасайды.

ІҮ топ: Журналистер жаңа тақырып туралы үш топқа сұрақтар дайындайды.

Қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашлығы туралы көп мәлімет біледі. Өлеңдерінің мазмұнын ашып, идеясын түсінеді, сатылай кешенді талдау жасай алады, жоғары дәрежелі сұрақтар қоя алады.

Ақын өмір жолымен танысқан, өлеңдерін талдай алады, сұрақтар қоя біледі.

Ақын өмірімен танысады, өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

4

Талдау

Жинақтау


8 мин

І топ: ВЕНН диаграммасы

Бұлт адам Тау

ІІ топ:

● Бұлт пен таудың астарында қандай адамдар жатыр?
● Бұлтқа ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
● Тауға ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
● Бұлт қандай бейне?
● Тау қандай бейне?

ІІІ топ:

  1. Ақын қара бұлт арқылы өмірдегі қандай адамдарды бейнелеген?

  2. Тау сөзімен адамдардың қандай қасиетін көрсетпек болған?

  3. «Қайырымдылық» деген не?

  4. Оны кімдерге жасау керек?

ІҮ топ: «Сай – сайға құяды, бай – байға

құяды» деген мәтелді қалай түсінуге

болады?

Өлең мазмұны мен құрылысын толық талдай алады, салыстырады, өмірмен байланыстырады.

«Қара бұлт» өлеңінің мазмұынын түсінеді, талдайды.

Өлеңнің мазмұынын түсінеді, мәнерлеп оқиды.

5

Сергіту сәті

2мин

Интербелсенді тақтадан бейне ролик көрсетіледі.




6

Бағалау

(8 минут)

8 мин

І топ: Зерттеушілер: Ана туралы мақал-мәтелдер жазу.

ІІ топ: Баяндаушылар: Ана тақырыбында шағын эссе жазу.

ІІІ топ: Әдебиетшілер: Ана тақырыбына арнап бірнеше шумақ өлең шығару.

ІҮ топ: Журналистер: Анаңа не сыйлар едің? (суретін салу).

Шығармашылықпен жұмыс жасайды, эссе жазады, өлеңді ұйқаспен құрастыра алады, суретті әдемі салады.

Шығармалықпен жұмыс жасайды, достарына қолдау көрсетеді.

Топ мүшелеріне қол ұшын беріп, көмектесіп отырады.

7

Үйге тапсырма

1 мин

1.Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.

2.Аналарымызға хат жазу

(өлең шығару, сурет салу).





8

Бағалау

2 мин

Бағалау критерийі:

Оқушы сабақ соңында «5» деген баға алу үшін мынадай критерийлерді орындау керек:

  1. Тапсырмаларды мұқият әрі толық орындау;

  2. Кез келген тапсырманы уақытында орындау;

  3. Өз ойын еркін айта алу;

  4. Шығармашылық жұмыс жасай алу;

  5. Достарының пікірімен санаса алу:

  6. Өзгенің көзқарасына құрметпен қарау;

  7. Сатылай кешенді талдау жасау;

  8. Өлеңді мәнерлеп оқи алу;

  9. Автор туралы тың мәліметтер таба алу;

  10. Сабақта өзін еркін және тәртіпті ұстау.

Сабақ барысында оқушы жауабына байланысты түрлі пішіндер таратып отырамын.




9

Рефлексия

2 мин

Кері байланыс парағы


«+»

(Сабақ ұнады. Себебі.... )

«-»

(Сабақ ұнаған жоқ. Себебі.....)

«И»

(Сабақ қызықты өтті. Несімен ....қызықты болды.)





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі