жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы 5-сынып
Қысқа мерзімді жоспарлау
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Адамгершілік – асыл қасиет»
|
Мектеп: «Ю.А.Гагарин атындағы №16 орта мектеп» МКМ |
||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Абишева Гулим Женисовна |
||||||
Сынып: 5 |
Қатысқандар: 24 |
Қатыспағандар: 0 |
|||||
Сабақтың тақырыбы |
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы |
||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Т/ЖБ 5.2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. А/И 5.1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу. Б/С 5.2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау. |
||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар істей алады: Ахмет Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды; Оқушылардың көпшілігі істей алады: әдеби шығарма кейіпкерлерін іс-әрекеттеріне қарап салыстырады; Кейбір оқушылар істей алады: кейіпкерлерді бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, іс-әрекеттерін бағалау. |
||||||
Бағалау критерийі |
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалының тақырыбы мен идеясын анықтау. Әдеби шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне сипаттама беру. Әдеби шығармадағы кейіпкерлерді шынайы өмірдегі адамдармен салыстыра отырып, өз ойын білдіру. Әдеби тілдің нормаларын дұрыс қолданып, ойтолғау жазу. |
||||||
Құндылықтарға баулу |
Сыныпта, топтарда жұмыс істеу арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, қарапайымдылыққа баулу. |
||||||
Пәнаралық байланыс |
қазақ тілі (әдеби тілдің нормаларын сақтай отырып, ойтолғау жазады), музыка (сергіту сәті кезінде ән айтады), бейнелеу өнері («Хикая картасы» органайзерін орындау кезінде сурет салады) |
||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды біледі. |
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Сабақ кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы 5 минут |
Оқушылармен амандасу, бар-жоғын түгендеу. Шаттық шеңберіне тұрып Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды Қайырлы таң, біз бақытты баламыз! Қайырлы таң, біз бақытты баламыз! Осы сөздерді айтып, бір-біріне қарап күлімдейді. «Селфи» әдісі арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу. Әр топ өзінің тобына ат береді. Алдын ала дайындалған қатырма қағазға маркермен топтың атын жазып қояды. |
Түрлі-түсті маркер, қатырма қағаз |
|||||
Сабақтың ортасы
Сергіту сәті |
Әр топқа А3 форматтағы қағаз таратып беру. Тапсырмалармен таныстыру. 1-топ: «Дара диаграмма» органайзері арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды. 2-топ: «Хикая картасы» органайзері арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды. 3-топ: «Эмоциялар графигі» органайзері арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды. 4-топ: «Тоғыз гауһар» органайзері арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды. Әр топ тапсырманың аяқталу реті бойынша өз жұмыстарын қорғайды. «Еркін микрофон» әдісі арқылы сұрақтар қою. 1. «Егіннің бастары» мысалында не жайында айтылады? 2. Піскен бидай мен шикі бидай деген сөздерді адам болмысына ауыстырып, сипаттама бере аласың ба? 3. Ақылды адам дегенді қалай түсінесің? 4.Адамгершілігі мол жан даган қандай адам? 5.Білімі терең адамның қасиеттері қандай болады?
Айқын Төлепбергеннің «Ерке қыз» өлеңіне «ЛА -ЛО-ЛИ-ЛУ» сергіту жаттығуын жасау.
1-топ: «Қос құты» органайзері арқылы бидайдың екі түрін салыстырады. 2-топ: «Венн диаграммасы» органайзері арқылы бидайдың екі түрін салыстырады. 3-топ: «Қос диаграмма» органайзері арқылы бидайдың екі түрін салыстырады. 4-топ «Бидайдың бастары» мысалы бойынша сахналанған көрініс арқылы бидайдың екі түрін салыстырады. Мысал ретінде болған бидайды адамдармен салыстырып, мінездеме беріп кетеді. |
А3 форматтағы қағаз, түрлі-түсті маркер, сызғыш
Микрофон макеті
А3 форматтағы қағаз, түрлі-түсті маркер, сызғыш
|
|||||
Сабақтың соңы |
«Адамгершілік» ұғымын мен қалай түсінемін» тақырыбында ойтолғау жазу арқылы кері байланыс алу. |
|
|||||
Дескрипторлар |
Графикалық органайзерлер арқылы «Егіннің бастары» мысалының тақырыбы мен идеясын ашады. «Еркін микрофон» әдісі арқылы қойылған сұрақтарға еркін әрі нақты жауап береді. Графикалық органайзерлер арқылы «Егіннің бастары» мысалындағы кейіпкерлерді өзара салыстырады. Шығармадан алған әсерін ойтолғау жазу арқылы білдіреді. Ойтолғау жазу барысында стильдік, грамматикалық нормаларды қатаң сақтайды. |
|
|||||
Саралау – Сіз қандай тәсілдермен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||
Оқушылардың берілген тақырыпты толық меңгеруін қамтамасыз ету үшін графикалық органайзерлерді кеңінен пайдаланамын. «Дара диагармма», «Хикаяттар картасы», «Эмоциялар графигі», «Тоғыз гауһар» графикалық органайзерлері арқылы оқушылардың барлығы «Егіннің бастары» мысалының сюжетімен танысып, ретімен орналастырады, тақырыбы мен идеясын анықтайды. «Еркін микрофон» әдісі арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, көпшілік және кейбір оқушылар шығарма туралы өз ойларын білдіреді. «Қос құты», «Венн диаграммасы», «Қос диаграмма», «Сахналандырылған көрініс» арқылы шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін салыстырып, қорғайды. Ойтолғау жазу арқылы барлық оқушылардан кері байланыс аламын. |
(ТЖ) топтық жұмысты бағалау (әр тапсырманы орындап болған соң смайликтер беру арқылы қалыптастырушы бағалаймын) (Ж) жеке жұмыстан соң мадақтау арқылы қалыптастырушы бағалаймын. (ЖЖ) жеке жұмыс – ойтолғау жазу арқылы әрбір оқушының жазба жұмысы мен өзіндік бағалауын тексеремін. Бағалауды дескрипторлар қою арқылы жүзеге асырамын. |
Сабақта барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталды. Сергіту сәті кезінде оқушылар қимыл-қозғалыс пен ән айту арқылы бойын сергітті.
|
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген