400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Ахмет Байтұрсынұлының тағлымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерден ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет модуліндегі Ахмет Байтұрсынұлы тақырыбы бойынша өткендерін сұрап, ерекшеліктеріне тоқтала кету. А.Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орны, аударма мысал өлеңдерінің мазмұнын, идеясын ашу. Оның өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау, халқы үшін еңбектерінің мәнін жоғары екендігін ұғындыру. Белсенді әдістерді қолдана отырып, білім алушылардың алған білімдерін пысықтау, түйіндеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән оқытушысы: Сулейменова Алия Зейнулгабденовна

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының тағлымы

Сабақтың ұраны: «Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе – ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы »

Ахмет Байтұрсынұлы

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Проблеманы шешу

Студенттерден ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет модуліндегі Ахмет Байтұрсынұлы тақырыбы бойынша өткендерін сұрап, ерекшеліктеріне тоқтала кету. А.Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орны, аударма мысал өлеңдерінің мазмұнын, идеясын ашу. Оның өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау, халқы үшін еңбектерінің мәнін жоғары екендігін ұғындыру. Белсенді әдістерді қолдана отырып, білім алушылардың алған білімдерін пысықтау, түйіндеу.

Ә) Ақпараттық- талдау

Студенттердің ақпарат көздері, әртүрлі оқыту технологиялары арқылы білімдерін жетілдіру. Теориялық материалдарды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру. Өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.Көркем әдеби шығармаларын оқуға баулу.

Б) Коммуникативтік- тәрбиелік

Студенттердің сұрақ-жауап арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, патриоттыққа, ұлтжандылыққа баулу, ұлыларымызды үлгі тұтуға, өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Пысықтау және қайталау сабағы

Сабақтың түрі: Диалог- сұхбаттасу сабақ

«Көптілдік оқыту» сынағы бойынша

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Модульдік оқыту технологиясы, жобалау технологиясы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу, жеке жұмыс әдіс-тәсілдерін қолдану

Пәннің интеграциялық мүмкіндігі: Қазақстан тарихы, Әдебиет, Философия, Тіл білімі, Психология

Оқыту құралдары: Activ-тақта (интербелсенді тақта), POWER POINT бағдарламасы негізінде презентациялық слайдтар, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

  • Психологиялық ақуал:

Амандасу, аудиторияның тазалығын тексеру, студенттерді түгендеу.

Ахмет Байтұрсынұлы жайында бейнеролик

Оқытушы сөзі:

“Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға.” деп Қазақстан жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Ә.Кекілбаев айтқандай халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері,кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, ірі ғалым, көсемсөз шебері, түркітанушы, дарынды ақын, аудармашы осы Ахмет Байтұрсынұлы. Осындай дарын иесіне биыл 140 жыл, ал «Қазақ» газетіне 100 жыл толып отыр. Ахмет есімі қазаққа қайтып оралғанда ғұлама ғалымның зор еңбегі бөгетті бұзған дариядай екпінмен келіп, ұлттық білім мен мәдениетімізді, саяси өмірімізді ғажап байлыққа кенелтті.Ол айтқан ақыл-кеңес, қозғаған мәселелер, жазып кеткен сан алуан салиқалы туындылары бүгінгі күн талабымен оп-оңай үндесіп, бір арнаға тоғыса қалды. Ендеше, ел боламыз десек А.Байтұрсынұлы қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек. Олай болса, бүгінгі «А.Байтұрсынұлының тағылымы» атты сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын тексеру:

Алдын- ала оқыту әдістемесі бойынша жобалау технологиясы негізінде үйге берілген жұмыстарды тексеру. Бұл оқыту технологиясы бойынша үй тапсырмасын тексерудегі мақсатымыз жеткіліксіз білімді әр түрлі ақпарат көздерінен студенттердің өз бетінше және ықыласпен оқып үйренгендігін, танымдық және практикалық міндеттерді шешуде алған білімді пайдаланғандықтарын, әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып, коммуникативтік біліктерді игергендіктерін , зерттеу біліктерін яғни өзектілігін анықтау, ақпарат жинау, бақылау, талдау, жорамал, қорытынды жасап, жүйелі ойлауды қалай дамытқандықтарын тексеру. Жобалау технологиясы бойынша үй тапсырмасын дидактикалық құралдарды қолданылуына қарай – ақпараттық, уақыт мерзіміне қарай- қысқа, жобаға қатысушылар санына қарай- жеке деп жіктелді. Және де бүгін екі жобаның түрін қарастырамыз. Олар ақпараттық және ғылыми жоба.

І жоба. «Ойшыл ақын, ғибратты ғұлама»

Ғылыми хабарлама: “Ақынның өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет”. Жоба қорғаушы Ғалымова Райхан. (3- 4 мин)

ІІ жоба. “ Ұлтты тәуелсіздікке үндеген «ҚАЗАҚ» газетіне – 100 жыл ”

Ғылыми хабарлама: «ҚАЗАҚТЫҢ» ШЫҒУ ТАРИХЫ». Жоба қорғаушы Темірбай Нұрлан . (3- 4 мин)

Қорытынды жүргізу. Сұрақ- жауап.

Пысықтау және қайталау сабағына дайындық кезеңі:

Сабақтың «Алтын ережесімен» таныстыру

  • Тапсырманы жауапкершілікпен атқару

  • Берілген сұрақтарға белсенді жауап беру

  • Шығармашылық деңгейде сұрақ қоя білу

  • Өзгелердің пікірін құрметтей білу

  • Мәдениетті көркем тілде сөйлеу

  • Тыныштыққа сақтау

Оқытушы сөзі:

Адамдық диқаншысы қырға шықтым;

Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

- Тәуелсіз еліміздін дамуы ушін мәдени-рухани жетістіктерді келешек ұрпаққа қалдырудын үлесі зор. Халықтың даналық мұрасы сақтаудың негізі – тәрбиеде. Өскелең ұрпақтың туған тіліне деген сүйіспеншілігін оятып, сөз мәйегін ұғындырып, рухани құндылықтарымыздың құмарлығын арттыруда ақын шығармаларының маңызы зор. Ал сендердің «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті » модулі бойынша өткен Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын бүгінгі сабағымызда пысықтаймыз.

Қазақ тіл білімінің діңгегі атанған Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын пысықтау, қайталау сабағы 3 бөлімнен тұрады.

3.1.Бірінші бөлім «Ахмет Байтұрсынов – ғалым», «Ахмет Байтұрсынов- ученый», «Ahmet Baitursynov- is scientist» (яғни ғылыми еңбектері мен мақала – зерттеулері негізінде өтеді).
3.2. Екінші бөлім «Мысалмен айтқан көп ойлар», «Множество мыслей, выраженных в баснях», «There are a lot of thoughts in the fable» (аудармалары мен мысалдары қақында болады)
3.3. Үшінші бөлім. “Ахмет Байтұрсынов - ақын”, «Ахмет Байтурсынов- поэт» , «Ahmet Baitursynov- is poet» яғни ақыңдық өнері, көркем оқу түрінде

  • «Ахмет Байтұрсынов – ғалым» (яғни ғылыми еңбектері мен мақала – зерттеулері негізінде өтеді).

Модульдік оқыту технологиясындағы «Бақытты сәт» ойнынын бір элементі «Көсемдікке ұмтылу» ойыны. Студенттерге сұрақтар қойылып, бағалаушы мүше жауап берген студенттерге бірден тиісті бағаларды қою қажет. Тағы да ескертетін жай әрбір тапсырмадан бір сөзге 3 тілде аударма жұмысын жасаймыз. (бағалаушымен таныстыру. Дәрменов Қуаныш )

1.Сұрақ:1929 жылдың 8 - мартында өз қолымен жазған « Өмірбаянында» А. Байтұрсынов Орынборға келгеннен кейін қандай ғылыми еңбектермен айналысқандығын жазады?

Мүмкін жауаптар:

  • қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен;

  • қазақ алфавитін, орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен;

  • қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен;

  • проза іс - қағаз, публицистика, ғылыми жазба тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналысқан.
    Өмірбаян- автобиография- biography

2.Сұрақ: А. Байтұрсынұлы журналист және педагог. Ол - қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы қазақ балаларының ана тілінде сауат ашып, білім алуына көп күш жұмсады. Осы негізде ғалымның ғылыми еңбектерінің жарық көрген жылдарын атаңыздар.

Оқу құрал- /1912/

« Тіл құралы» 2 - бөлім /1914/.

Әліп - би /1924/

Жаңа әліп - би /1926 - 28/

Баяншы /1926/

«Әдебиет танытқыш» /1926/

Ғылыми еңбек- научная работа- scientifical work

3.Сұрақ: Автор өнер атаулыны тірнек өнері және көрнек өнері деп екі ұлы топқа бөліп, қарастырады.Осы жайында не айтасыздар?
Жауап үлгісі : Тіршілік жасау үшін жұмсалатын өнер - тірнек өнері болады десе, көркемшілік, сұлулық үшін жұмсалатын өнер - көрнек өнері болады деген.
Біріншісі - тастан, кірпіштен, ағаштан, яғни басқа заттан сәнін келтіріп, сәулетті сарайлар, мешіт, медресе, үй сияқты нәрселер салу өнері. Бұл сәулет өнері болады. Еуропаша – архитектура.
Екінші - балшықтан, я металдан құйып, тастан, ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын – сымбатын келтіре сурет жасау өнері. Бұл сымбат өнері болады. Еуропаша –скульптура.
Үшінші – түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін, түсін, кескінін, келбетін келтіріп суреттеп көрсету өнері. Бұл кескін өнері болады. Орысша – живопись.
Төртінші - әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын, сайрамен келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсерлейтін ән салу, күй тарту өнері. Бұл әуез өнері болады. Еуропаша - музыка.
Бесінші – нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келтіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. Қазақша - асыл сөз, арабша - әдебиет, еуропаша – литература.Өнердің ең алды сөз өнері саналады. « Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шамасына қарай сөз өнері атқара алады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді дегенді айтады.

Өнер- искусство- art

ІІ. « Мысалмен айтқан көп ойлар» (аудармалары мен мысалдары қақында болады)
Бұрынғы ескі ертегі, хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма – мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан – жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургта бастырып шығарады.
Олай болса бұл кезеңдегі
«Талдау –табыс кілті» деп аталатын әдіспен жұмыс жасайық. Ақынның мысалдарына талдау жұмысын жүргізу. Студенттерге сұрақ: Мысал дегеніміз не?

Жауап: Мысал дегеніміз- эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі.Әрқашан сатиралық сипатта болады. Көбіне аң,хайуанат, жәндік туралы жазылады,сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік мазаққа айналдырылып, сы қақпен сыналады.

Идеясы астарсыз ,ашық тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма,шымыр келеді.

Мысал- басня- fable

«Екі шыбын» мысалын талдау

1.Мысалды мәнерлеп оқу

Екі шыбын

Бір Өгіз күні бойы тартып сабан, 

Қайтты елге сабанымен кешке таман.

Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,

Кез болды бір танысы жолда оған.

Танысы мұны көріп келе жатқан,

Астында Өгізі бар сабан тартқан.

«Көзіме күні бойы көрінбеп ең,

Келесің, сөйле, - дейді, - сен қай жақтан?»

Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,

Адамсып, маңғазданып, жөтеледі:

«Жер жыртып күні бойын, шаршап келем,

Мазалап, сұрап саған не керегі?»

Адамды кейбір түрлі алып еске,

Қарасақ, ғибрат бар бұл кеңесте.

Біреудің я қайратын, я дәулетін

Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?

Кейбіреу көтереді мұрнын көке,

Өз әддін өзі білген адам көп пе?

Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді,

Біреудің шылауында жүріп текке.


2. Сөздік жұмысы

Маңғаздану - паңсыну, тәкәппарлану

Мақтаншақ адам - өзін-өзі асыра бағалайтын, мақтауды сүйетін адам.

Әддін – шамасын , күшін

Ғибрат – үлгі, өнеге

Мұрнын көкке көтеру – менсінбеу


3. Өлеңнің жоспарын құру

  • Сабан тарқан өгіз

  • Мүйіздегі қара шыбын

  • Шыбынның танысына кез болуы

  • Танасының жөн сұрауы

  • Шыбынның маңғаздануы /мұрнын көкке көтеруі/

  • Өзімшіл қара шыбын

Өлеңді талдау

Кейбіреу көтереді мұрнын көкке, / 11 буын/ /а /

Өз әддін өзі білген адам көп пе? /11 / / а /

Мақтанып ,бәрін де өзім айттым дейді, / 11 / / б /

Біреудің шылауында жүріп текке . /11 / /а /

Сатылай кешенді талдау

  • Авторы .- А. Байтұрсынұлы

  • Тақырыбы - Екі шыбын

  • Жанр түрі - поэзия /өлең/

  • Идеясы - мақтанба, тәкәппарлыққа салынба

  • Шумақ - 5 шумақ

  • Тармақ - 20 тармақ

  • Бунақ - 3 бунақ

  • Буын саны - 11 буынды

  • Ұйқас түрі - қара өлең

  • Әдеби теориялық ұғым-ирония ,кекесін зілді мысқыл

  • Түсіндірме сөздік- маңғаздану, мақтаншақ адам, әддін, ғибрат

  • Өлеңнің тәрбиелік мәні -шыбын арқылы адамдарды мақтаншақтық, тәкәп –парлық , өзімшілдік сияқты жаман әдеттерден сақтандыру.

Оқытушының түйін сөзі:

А.Байтұрсынұлы мен Крыловтың айтар ойы, ұсынар түйіні біреу-адамдар арасындағы алауыздық,оның зияны. Жалғыз-ақ осы түйінді орыс ақыны өлеңнің басында айтса, қазақ ақыны бұл ойды таза қазақы машықпен әрі өрбіте келе, көпке ғибрат ретінде ұсынып отырады.

Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. А.С. Пушкиннен, И.А. Крыловтан біраз мысал- өлеңдерді аударды. Сіздерге аударма саласынан тапсырма бұл «Жедел жауап» деп аталады. Яғни, мысалдарды тиісті бағанға қою.

« Алтын әтеш», «Аққу,шортан,һәм шаян», « Балықшы мен балық» , « Егіннің бастары», « Данышпан Аликтің ажалы», «Өгіз бен бақа», «Малшы мен маса», « Қара бұлт»


А.С. Пушкин мысалдарынан аударма

И.А. Крылов мысалдарынан аударма

« Алтын әтеш» « Балықшы мен балық» « Данышпан Аликтің ажалы»

«Аққу,шортан,һәм шаян»

« Егіннің бастары» « Қара бұлт» « Өгіз бен бақа», «Малшы мен маса»



Тексеру жүргізіледі

Алтын әтеш- золотой петух- gold cock

… Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын

Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін,- деп Ахмет ақын жырлағандай сабағымыздың соңғы кезеңі , яғни үшінші бөлім. “Ахмет Байтұрсынұлы - ақын”, яғни ақыңдық өнері, көркем оқу түрінде жеткізілетін кезеңді бастайық. (Студенттер көркем әдеби шығармаларды мәнерлеп оқып, талдау әдісі қолданылады. Яғни өлеңдер арнайы берілген алгоритм бойынша оқылып, талданады.)

“Маса” кітабына енген өлеңдерде ақын жеке бастың мұң - шерін, тұмыс - салт суретін емес, негізінен, әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеяларды айтады. Бұндай тақырыптағы өлеңдер қатарына «Досыма хат», «Қазақ қалпы», Жұртыма», «Ақын ініме», Анама хат» сынды өлеңдерді жатқызуға болады.

Дәрменов Қуаныш «Анама хат».

Бақылау, талдау.

Ақынның ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы - басты сарын. / М. Дулатовқа арналған/.

Ғалымова Райхан « Ақын ініме»

Бақылау, талдау.

Сонымен қатар ақынның қорлық - зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлары да баршылық.
« Жұртыма» Қабылбек Абылайхан

Бақылау, талдау.

Өлең- стихотворение- poem

ІҮ. Сабақты бекіту. Тәрбиелік мәнін шығару:

Бүгінгі сабағымызды ой толғау , яғни «Тест интервью» әдісімен аяқтайық. Бұл әдіс студенттердің жазба тілін дамытады. Студенттерге кестесі бар парақшалар таратылады. Парақшада 2 сұрақ берілген. Ахмет шығармаларының ерекшелігі. Шығармалары арқылы бізге қандай тәрбие береді ?Студенттер өз таңдаулары бойынша тиісті бағанға шағын ой толғау жазулары тиіс.

Шығарма- произведения- compositi

Ахмет шығармаларының ерекшелігі

Шығармаларының жас ұрпаққа берер тәлім- тәрбиесі





Ү .Қорытынды:

Оқытушы сөзі:

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жөн сілтедім жақын емес алысқа.

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,

Дедім «Сен де қатарыңнан қалыспа»


Жалпы сабақтан бүгін не алдық?


ҮІ. Үйге тапсырма:

«Тест интервью» әдісімен берілген жұмысты аяқтау. Сабақ барысында қиындық тудырған тапсырмаларды қайта қарау. Алдын- ала оқыту әдісі негізінде қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ еліне еңбек сіңірген мұғалімі С.Көбеев жайлы мәліметтер жинақтау, талдау. Жоба жұмыстарына дайындық жүргізу.


ҮІІ. Бағалау

Алдын-ала бағалаушылардың қойып отырған бағаларын қою арқылы сабаққа қатысқан белсенді студенттерді тиісті бағасымен бағалау.

№

Студенттердің аты- жөні

Сабаққа қатысу

«2»

Үй тапсырмасы

«2»

І бөлім

«6»

ІІ бөлім

«10»

ІІІ бөлім

«2»

Тест- интервью

«3»

Жалпы ұпай

1









2









3









4









5










20-25- «5» (өте жақсы)

19-15- «4» (жақсы)

14-7- «3» (қанағаттанарлық)

6- дан төмен- «2» (өте нашар)


Оқытушы сөзі:

Ахмет Байтұрсынұлының өзі айтқан « Мойындағы борышты білу - білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі» деген сөзімен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Сіздерге бейбітке толы күндерімізде кездескенше демекпіз. Сау болыңыздар! Да новых встреч! See you later!

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1.- Алматы: Қазақ университеті, 20001. «Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналдары

2.Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы- 1 том: Алматы: «Алаш»-2003

3.Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті

4. Ағылшын тіліндегі сөздік

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
2188
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі