жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Ахметова Зауре Бейсенбаевна
Ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Шығармалық
Бөлімі: Сурет салу,жапсыру,мүсіндеу.
Тақырыбы: Шебер қолдар.
Мақсаты:
Балаларды бейнелеу материалдары: жай және
түрлі - түсті қарындаштар және субояулармен, фломастермен жұмыс
жүргізу техникасын бекіту. Бейнелеу өнеріне
қызығушылықтарын арттыру, балаларға қуаныш сыйлау, шығармашылық
және есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Бір заттың
бейнесін ТРИЗ әдісін, «Бастыру
әдісі»: көкөністер бастырмасы арқылы бейне жасауға
үйрету. Бастаған жұмыстарын толық аяқтай білуге
,ұқыптылыққа,төзімділікке
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қылқалам, бояу, қарындаш,
губка, түрлі - түсті қағаз, сүлгі, бейнелеу өнеріне қатысты
заттар.
Қостілдік компонент: Жыл мезгілдері – времена года, құстар – птицы, Айлар – месяцы,көктем – весна,гүлдер – цветы,
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбер. Балаларды дөңгелене тұрғызып: Қуан,шаттан,алақай! Қуанатын күн бүгін, Қайырлы таң, Қайырлы күн, Күліп шықты күн бүгін! Қонақтармен амандасу, балаларға сәттілік тілеу. |
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
|
Ұйымдастыру - іздестіру
Әңгімелесу. |
Сұрақтар: (Слайд, суреттер арқылы сұрақтар қоя отырып ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бастау.) -Бір жылда неше мезгіл бар? -Жыл мезгілдерін атап беріңдерші? -Әр мезгілде неше ай бар? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем айларын атап шығайық? - Қазір қай ай? - Дұрыс,тамаша балалар. -Бір аптада неше күн бар? -бүгін қандай күн? -Кеше кандай күн болды? -Ертең қандай күн? -Дұрыс,тамаша балалар. Сөздік ойын: «Болады-болмайды» Шарты: Мен бір сөз айтамын балалар дұрыс па,жоқпа соны айту керек,яғни болады,болмайды деп. -Жазда коньки тебемін. -Жазда демаламын. -Қыста көлге суға түсемін. -Қыста жемістер теремін. -Күзде шаңғы тебемін. -Көктемде қардан аққала жасаймын. -Көктемде жаңбыр жауады. -Жазда күн ыстық болады. -Қасқыр орманда жүр. -Құмырсқа ойнап жүр. -Ит ұшып барады. -Қыз бала сурет салады. -Мысық тары жеді. Тамаша балалар. Ендеше ары қарай іс-әрекетімізді жалғастырмас бұрын боймйзды сергітіп алайық. Сергіту сәті. Іс-әрекет: -Жұмыс жүргізу үшін 4-топқа бөлінеміз. -Әр топқа тапсырмалар, кім қандай жұмыс жасайтындарын айту. Жұмыстың жасалу әдіс-тәсілдерін көрсетіп,тусіндіру. 1-топ: Жапсыру арқылы әдемі құс бейнесін жасаймыз. Түрлі-түсті қағаздан қиылғандарын дұрыс орналастырып жапсыру. Балаларға түр-тустерді дұрыс таңдауға көмектесу. -Бастаған жұмыстарын аяқтай білуге үйрету. 2- топ:ТРИЗ әдіс тәсілін қолдану. Көбелек бейнесін жасау. Бір жағын сулау арқылы гуашпен суланған жағына жағып бүктейміз. Ашамыз, керек болса әдемілеуге болады. Балаларға сурет салудың ерекшеліктерін көрсетіп, орындалу ретін көрсету. 3- топ: Мүсіндеу. Балалар мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап ,жұмыстарын жасайды. Іс-әрекет барысында балалардың әрекеттері сұралады. Балалардың жұмысы. -ҰОӘ барысында әр-түрлі тәсілдерінің қолдануларын қадағалау,көмек көрсету. 4-топ: «Бастыру әдісі»: көкөністер бастырмасы арқылы бейне жасау. Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешекті жасау. Балаларға сурет салудың ерекшеліктерін көрсетіп, орындалу ретін көрсету. Көрме жасау. Бақыт құстары , әдемі көбелек, айнала толы бәйшешек, бүршік жарған ағаштар. -Тамаша жарайсыңдар балалар. |
Сұрақтарға толық дұрыс жауап берді.
Балалар ойынға қызығушылықпен қатысты.
Балалар ойынның тапсырмаларын жақсы орындады.
Берілген тапсырманы таза орындады.
-Балалар берілген салыну ретімен танысып,өздерінің қалауы бойынша сурет салады.
Ермексазбен дұрыс жұмыс жүргізе алды.
-Балалар берілген салыну ретімен танысып,өздерінің қалауы бойынша сурет салады.
Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындады. |
|
Рефлексивті түзетушілік. |
Қандай тамаша, әдемі суреттер! Кәне көрейікші
не салдыңдар? -Бүгін сендер өте жақсы ақылды болдыңдар. -Жақсы жұмыстарын көрсете отырып мадақтау,бағалау. -Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аяқталды. Қонақтармен қоштасу. |
Сұрақтарға жауап берді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жыл мезгілдері және сұрақтарға толық жауап беруді біледі.
Қандай түсініктерді игерді: ТРИЗ және Бастыру тәсілі туралы түсініктері қалыптасты..
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Түр түстерді ажырата білуге дағдылары қалыптасты.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген