400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. "Ахметтің даналығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріммен тәжірибе алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Бөлімі: Тарихи тұлғалар

Сабақтың тақырыбы:

Ахметтің даналық тағылымы

Мұғалімнің аты-жөні: Азнабакиев Абдулжан Мухтаржанович

СЫНЫП: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.Ж.1 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.

6.ӘТН.1 Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырату білу

Сабақ мақсаттары

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу, мәтін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру, сөздердің мағыналық түрлерінің қолданыс аясын түсіну (көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу), ажырату

Бағалау критерийі

Сабақ барысында мәтіндердің жанрлық ерекшелектерін ажыратады;

Жанр бойынша мәтіндерді жазады;

Мәтін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құрайды;

Мағыналық сөздердің қолданыс аясын түсінеді, ажыратады;

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» бөлімі арқылы оқушыларды тарихи тұлғаны құрметтеуге үйрету.

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

Алдыңғы оқу

Оқушылардың Ахмет Байтұрсыновтың нақыл сөздері туралы түсініктері бар. Сөздердің мағыналық түрлері бойынша ережелерін біледі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылар «Шаттық шеңберіне» шығып, бір-біріне тілек айтады.

Топтарға бөлу: Білім алушыларға ауылдың суреттері бар қағаздарды таратамын. Қағаздың артында үш бидің есімі жазылған. Содан кейін үш бидің ауылына бөлініп отырады.

1-топ «Төле би ауылы»

2-топ «Қазыбек би ауылы»

3-топ «Әйтеке би ауылы»

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Ауаға билеу». Топтар қағазға жасырылған бір ұлттық биді таңдайды. Содан кейін билейді:

Қазақ ұлтының

Түрк ұлтының

Ұйғыр ұлтының

Үй тапсырмасын тексеру.

«Әткеншік шеңбері» әдісі

Білім алушылар шеңберге тұрып реттік санын анықтап, біріншілер өз орнында, екіншілер ішкі шеңбер жасайды. Алғаш, ішкі шеңбердігілер алдыңғы оқу бойынша екіншілерге түсініктерді айтады. Кейін ішкі шеңбердігілер оңға бір қадам жылжып, екіншілерді тыңдайды.

Соңында жинақтаған түсініктерін ортаға салады. Сол арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын, мақсатын анықтайды.




























Ортасы

10 минут


















5 минут










10 минут
























5 минут

Ж.Ж

«Мәтінді толықтыр» әдісі

1 тапсырма. Оқушы жанындағы оқушымен жұпқа бөлінеді. Жұптардың біреуі берілген толық мәтінді оқиды. Екіншісі мәтінді толық тыңдап, берілген толық емес мәтінді жанрлық ерекшелегі бойынша толықтырып жазады.

А) Ахмет Байтұрсынов – қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Өмірдегі өзінің басты мақсатын – туған халқына қызмет ету деп түсінген ақын небір тар, тайғақ кешулерден өте келе тамаша еңбегімен қазақ халқының ары мен ұятына айналған өте күрделі де, көсем тұлға... (эссе)

Ә)Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қайрат ауылында «Ахметтің даналық тағылымы» атты конференция өтті. Оған ауданымызда білім беру мекемелерінің ұстаздары, оқушылар қатысты... (мақала)

Б) Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық тағылымымен ерекшеленеді... (ғылыми еңбек)

Дескриптор

Оқушылар мәтінді жанр бойынша түсінеді және ажыратады. Мәтінді өз сөзімен толықтыра алады.

Қ.Б. «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы бағаланады

Оқушылар сұрақ қою арқылы бір-біріне мәтіннің қандай жанр екенін дәлелдейді.


Т.Ж.

«Поезд вагоны»

2-тапсырма. Берілген мәтін бойынша «Поезд вагоны» әдісі арқылы жанрлық мәтіннің кезеңдері бойынша қарапайым жоспар құрып, бос тұрған вагондарға ретімен жазыңдар.

Shape1

Shape12 Shape11 Shape10 Shape9 Shape6 Shape5 Shape8 Shape7 Shape4 Shape3 Shape2

Дескриптор

Оқушылар берілген мәтіндегі кіріспе, негізгі бөлім, қорытындысын ажыратады, қарапайым жоспар құрай алады.

Қ.Б: топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды


Ж.

«График» әдісі

3-тапсырма. Ахмет Байтұрсыновтың даналық сөздерін есте сақтап, оның ішінде көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді тауып, 4 бағанаға ажыратып жазыңдар.

Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

Баланы тұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.

Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуынын мәселесі.

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі.

Мектептің жаны – мұғалім.

Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.

Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

Сөздің ең ұлысы – тарих.

Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!

Өзгеге емес – өзіңе өкпеле

Көнерген сөз

Эвфемизм

Дисфемизм

Табу





Дескриптор

Оқушылар нақыл сөздерді есте сақтай алады;

Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерінің мағынасын ажырата алады;

Қ.Б «Допты лақтыру» әдісі

Оқушыларға сұрақ қою арқылы, білімдерін бағалаймын.


Қорытынды: «Жүзіп шығу» әдісі

Мұғалім өтілген сабақ бойынша оқушылардың түсініктерін бағалау үшін сұрақ қояды. Оқушылар бірден орнынан тұрып, ауызша жауап береді.

  1. Ахметтің білім, адам, жер туралы нақыл сөздерін айтып бер?

  2. Мәтіннің жанр түрлерін ата?

  3. Оқулықта берілген мәтінмен газетада басылған ақпаратты мәтіннің айырмашылығын дәлелде?

  4. Сөздердің мағыналық түрлері бойынша ережелерін айтып, түсіндір.

Мәтіндер































Акт слайд

















АКТ, https//massaget.kz. tag

Соңы

(Сабақты бекіту)

5 минут

Рефлексия: «Шығу билеті» әдісі


«Шығу билетін» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап бер.


Бүгін не үйрендің?


Сабақтың қызық болған жері?

Сабақ бойынша тағы нені үйренгің келеді?






«Шығу билеті»


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?


Ж.Ж «Мәтінді толықтыр»

1 тапсырма бойынша кейбір оқушылар мәтіннің жанр туралы білімдері жетілмей қалған жағдайда мұғалім мен оқушылар арасында «Диалог негізінде саралау» арқылы сұрақ-жауап алынады. Мысалы, «Аяз би» ертегісің, Ыбырай Алтынсариннің «Атымтай жомарт» әңгімесінің, Дулат Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің ерекшелектерін ажырату арқылы, мәтіннің жанр түрлерін түсіндіруге көмек беремін.


Т.Ж. «Поезд вагоны»

2-тапсырма бойынша «Ресурс немесе мәтін бойынша саралау» негізінде оқушыларға «Менің күнделігім» әдісі арқылы өзінің бір күндік жоспарын құруға қосымша тапсырма беремін.


Ж. «График»

3-тапсырманы «Мазмұн бойынша саралау» арқылы оқушылар сөздердің мағыналық түрлерін тереңірек түсінуі үшін көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерінің синонимдерін, антонимдерін тауып, қосымша ізденеді.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?








Қ.Б. Оқушылар «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы бір-біріне сұрақ қойып, жауап алу арқылы білімдерін нақтылайды.










Қ.Б: топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. Бұл бағалау түрі топтар бір-бірінің ұсыныстарын қабылдап, білімдерін толықтыруға тиімді.




ҚБ

Допты лақтыру» әдісі арқылы оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарынан білімдерін бағалаймын.




Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

Қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс


Тарих, әдебиет

- Электр құралдарын пайдалануда сақ бол, ұшы сүйір заттарды қолдануда құлақ, көзге бағыттама.

-Ынтымақтастық аясында азаматтық жуапкершілікке үйрену.

- Сөздің мағынасын терең түсініп қолдануға үйрету.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

Жетілдіруге көмектесетін не білдім?



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі