400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "А.Иасауи "Диуани Хикмет" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақта Ахмет Иасауидің шығармашылығы мен "Диуани Хикмет" атты еңбегі жайында мәліметтер берілген.Сабақта жаңа әдіс-тәсілдер қолданған.Тәжірбие алмасу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Иасауи «Диуани хикмет» кітабы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды түсіну арқылы, Ахмет Иасауиді тарихи тұлға , ақын ретінде таныту. Қожа Ахмет Йассауи туралы ойларын тереңдету, оның шығармаларын сыни тұрғысынан бағалай білуге үйрету;

Дамытушылық: жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. оқушыларыдң ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдері туралы дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін дамыту, ойлануға, қорытынды жасауға дағдыландыру

Тәрбиелік: хикметтерінің поэтикалық тіліне, ақыл-нақылдарына қазақ ғұламаларының шығармаларымен салыстырмалы талдау жасай отырып, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке, ар-ождан тазалығына баулу.


Сабақтың көрнекілігі: оқулық, хикметтер, суреттер, слайдтар,

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, талдау, салыстыру, мәнерлеп оқу, ой қорыту.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.


Пайдаланған әдебиеттер: 1) Н. Келімбетов «Ежегі дәуір әдебиеті».2) А. Қыраубаева «Ежелгі дәуір әдебиеті». 3) М. Жолдасбеков «Асыл арналыр кітабы». 4) «Тарихи тұлғалар энциклопедиясы». 5) Әбсаттар қажы Дербісәлі «Қазақ даласының жұлдыздары».


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал.Шаттық шеңбері.Әр топ ізгі тілек білдіреді.

Ал, балалар, ойымызды айтайық,

Білімімізді байқайық.

Келген бізге ұстаздар,

Қалсын бір сәт марқайып,-деп сабағымызды бастайық!

Сынып 3 топқа бөлінген

1-топ Йасауи

2-топ Хикмет

3-топ Иман

ІІ.Кіріспе бөлім.Миға шабуыл

1.Алдын ала берілген тапсырма бойынша оқушылар өз тақырыптарын қорғайды.

1-топ: «Тарихшы не дейді?»

Х-ХІІ ғасырдағы Қазақстан жеріндегі ірі мәдени орталықтың бірі-Сыр бойы болды.Ол төңіректен Ахмет Иасауи, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ақындар шықты.

Ахмет Иасауи –білімпаз ғалым,ақын,ойшыл,бүкіл түркі жұртының рухани атасы.Ол қазіргі Шымкент облысындағы Сайрамда туып,қазақ жерін Үнді,Қытай,Еуропамен байланыстырған,Түркістан қаласында тұрған. Иасауи ата-анасынан 7 жасында жетім қалып,Түркістанда (ол кезде Йасы деп атаған) апасының қолында тәрбиеленді.

Иасауи-сопылық әдебиеттің өкілі.Ол бүкіл өмірін исламды уағыздауға,шәкірт тәрбиелеуге арнады. Ал 63жасында жер астынан 1кісілік жертөле қылует жасатып: «Мұхаммед пайғамбар жасынан асып кеттім,бұдан әрі өмір сүруім күпірлік болады»-деп, қалған өмірін сол жер астында өткізген,73жасында қайтыс болған. Ибраһим,Гауһар есімді ұл-қызы бар екен, ұлы жастай қайтыс болыпты. Екі ұстазы болған:Арыстан баб және Қожа Иусуф Хамадани. Екеуі де дүниеге қызықпайтын, дін тазалығын, адамдық жолын ұстаған кісілер еді.Қожа Ахмет Иасауи де өзіне осы жолды таңдады.

2-топ: «Әдебиетші не дейді?»

Иасауи жер астында отырып,соңғы он жылында «Хикметтер»атты кітабын жазған. «Диуани хикмет» кітабы, Диуани-жинақ,хикмет-алланың құдірет күші,яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап»деген мағынаны білдіреді. «Диуани хикмет»-дидактикалық мазмұндағы ақыл кітабы,оның түп нұсқасы сақталмаған.

«Диуани хикмет»-әрбір адамды имандылыққа ,ізгілікке,адамгершілікке бағыттайтын,тәрбиелік мәні аса зор еңбек.Йасауидің хикметтері 70 өлеңнен тұрады.

Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,

Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.

Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,

Пәрмен болса өлгенше жырласам мен,-

деп, даналық сөздерінің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.

3-топ: «Археолог не дейді?»

Түркістан-бабалардың көне қаласы.Ол Қаратау мен Сырдария өзенінің ортасында ,Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Мұсылман діні келгеннен бастап қала Ясы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Ясауи болатыны осы тұс. Ата-бабаларымыз көне заманнан Түркістан топырағына барып, тәу етіп, қасиет тұтқан. Көне Түркістан топырағында 81 хандар мен билер, батырлардың сүйегі жерленген.
1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Иасауи қабірінің басына кесене тұрғызылған. Құрылыстың негізіне жергілікті сәулетті жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы алынған. Кесене жобасы Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылуымен ерекшеленеді. Кесененің ұзындығы -65,5 метр, ені – 46,5 метр, мұнараларын қоса есептегенде ені-50, биіктігі-40 метр. Орталық бөлмесінің төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме орналасқан, олардың біріне Ахмет Иасауи мүрдесі қойылған. Кесененің ортасында қазандық орналасқан. Мұнда жеті түрлі қымбат металл (алтын, күміс, мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, темір) қоспасынан құйылған тайқазан бар. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – Түркістан қаласында орналасқан ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіші.

ІІІ.Негізгі бөлім

1.«Мәнерлеп оқу» кезеңі. Топтан 3 оқушы шығып, хикметтерден үзінділерді жатқа айтады.

2.Сөзмаржан кезеңі.

Слайдтан өлең үзінділері беріледі.Оқушылар сол бойынша ой түйіп,бейнелеуіш құралдарды табады.

Қысыр сөзді айтпа маған дән-нәрі жоқ,

Ғашықтығың бекер ғой көз қаны жоқ,

Жан бермеген махаббаттың байламы жоқ,

Қысқа өмірін ұзартар жалғауы жоқ.


Ынтазар боп отқа түстің, күйіп-жандың,

Шам айналған көбелектей жүріп те алдың,

Дертің де ауыр, қайғың да ауыр, естен тандың,

Қасіретіңнің тола қояр аңғары жоқ.

------------------------------------------------

Құштарлықтың бейнетін көрмес болсаң,

Қорлық тартып, сұм нәпсіңді жеңбес болсаң,

Алла басқа салғанда көнбес болсаң,

Олла-білла, сенде иманның айғағы жоқ.


Қиын жолда қиылып басың кетер,

Бұл жайында айта берсең болар бекер,

Жөнің бар ғой пірге адал қызмет етер,

Қызметіңнің еленбей қалғаны жоқ.

----------------------------------------------------

Азған заман ғалымы залым болар,

Қошаметшіл қулықпен мәлім болар,

Анығын айтқан адалдар жазым болар,

Бұл не деген замана болды, достар.


Рахат емес, бейнеттен қашпағандар,

Таңсәріден жанын қинап қасқаярлар.

Ит дүниені қызықтырмай тастағандар

Шын ғашықтар деп айтсам, жалғаны жоқ

-----------------------------------------------------


Халайықтан мейірім мен рақым кетті,

Момынға телі-тентек зақым етті,

Тал түсте талапайда ақыл кетті,

Бұл не деген замана болды достар.


Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті,

Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,

Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,

Бұл не деген замана болды достар.

3. «Даналық ой» кезеңі

1-топқа:Ақын қандай сезімді махаббат деп атайды?

2-топқа:Йасауидің пікірінше алла сыйлаған жарқын өмірдің қасіретке толу себебі неде?

3-топқа: Хикмет,тәліп,сопы,шариқат,тәбәрік,тақуа сөзінің мағыналарын ашыңдар

ІІІ Қорытынды.

  1. «Поп-корн» әдісі

  • Ежелгі дәуір әдебиеті неше кезеңге бөлінеді?

  • Руна жазуларының кілтін ашқан кім?

  • Ренессанс дегеніміз не?

  • «Диуани Хикмет» алғаш рет қашан кітап болып басылып шықты?

  • Йасауидың ұстаздары

  • Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салдырған кім?

  • Қай тілде жазылған және қай ғасырдың жәдігері?шағатай,қыпшақ, XII ғ

  • Ахмет Йасауи кім?

2.«Екі жақты күнделік» әдісі

«Хикмет» тобы:

А. Қыраубаева: Суфизм көзқарасындағы ақындық дәстүрдің қазақ поэзиясындағы қалыптасуына түркілік әдебиет даму кезеңіндегі шығармаларда негізі қаланған мәселелердің кейінгі ақындар арқылы жалғасатындығы табиғи заңдылық, Аллаға ғашықтық Иасауи және оның дәстүріндегі ақындар поэзиясында орныққан құбылыс.

«Йасауи»тобы:Кемеңгер ғұламаның қабірі басына Әмір Темір тұрғызған кесене Орта Азия мен Қазақстандағы ең қастерлі мінәжат орнына айналды. Еділден Ауғанға дейінгі, Қап тауынан Қашқарға дейінгі ұлан-ғайыр кеңістіктегі мұсылмандар Қожа Ахмет Ясауи қабіріне тауап етіп қайтуды дәстүр тұтты.

«Иман»тобы:Ерлан Арын: Түркістандық ғұламаның «Даналық кітабын» тек әдеби шығарма деу аздық етеді. Иманжүзділік оқулығы десек әділетті болар. Ол тұтқиыл тұңғиықтар тұсында тұйықтан шығарар жолды көрсетіп, инабатшыл көңілге иман ұялатады.

3.Топтастыру стратегиясы Имандылық ұғымын ашу.

4.Үйге тапсырма.«Имандылық-ар айнасы» тақырыбына эссе жазу.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі