400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Айгүл Кемелбаеваның "Шашты" шығармасының тілі. 10-сынып(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып мұғалімдеріне арналған, ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Парасат пайымы

Мектеп: М. Мәметова ЖОМ

Күні: 22.01.2020 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ж. Бейсебаева

Сынып: 10 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

А.Кемелбаева «Шашты» шығармасының тілі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау


Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды; (теңеу, суреттеу, мінездеу, пейзаж)

Оқушылардың басым бөлігі: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қызметін анықтай отырып, шығармадан үзінділерді таба алады

Оқушылардың кейбірі: шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтап, олардың орны мен қызметін талдайды. Ойын еркін жеткізіп, мысалдар арқылы дәлелдер келтіреді.

Бағалау критерийлері

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдайды

Құндылықтарды дарыту

Ғаламдық азаматтық, патриоттық тәрбие, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыстар

Тарих

АКТ қолдану дағдылары

РРТ

Бастапқы білім

А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі.Көркем шығармадағы образ және автор бейнесі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут



4 минут












2 минут







7 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сыныптың тазалығын, реттілігін қадағалау. Оқу құралдарын тексеру.

Қызығушылықты ояту

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану. Жеке жұмыс

«1 минуттағы ой» стратегиясы.

(Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады немесе бір сөз айтады. Оқушылар осы сөзді естігенде ойларына не түссе соны 1 минут ішінде жазады. Сосын сол сөзді не үшін жазды соны түсіндіреді. Егер де оқушылардың сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа не қатысы бар екенін дәлелдеп береді) Осы стратегия арқылы сабақ тақырыбы ашылып, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Қалыптастырушы бағалау: «Смайликтер» әдісі


Топқа бөлу. («Санамақ» әдісі мұғалім шығарманың кейіпкерлерін сұрай отырып, кейіпкерлерді кезекпен айту арқылы 3 топқа бөлінеді)

Кенжебек, жылқышы, Атажан, Баба түкті ашаты Азиз, Қорқыт ата, Қамбар ата, Бекет ата т.б.с.с.


Өткен сабаққа шолу жасау:Топтық жұмыс

Ойлау дағдыларының деңгейі: Талдау

Әңгімені құрылымдық кезеңдерге бөлу. Әр топқа 2 композияциялық құрылымнан таратылады. Оқушылар оқиғаның композициясын кезекпен ауызша талдап, түсіндіреді

Композициясы

Осы кезеңде танылған идея

Шығарманың басы


Шығарманың байланысы


Шығарманың дамуы


Шығарманың шиеленісі


Шарықтау шегі


Шығарманың шешімі



Дескриптор:

1. Композициялық құрылымын ажыратады;

2. Берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіреді;

  1. Креативті ойларымен талқылауға белсенді қатысады;

Қалыптастырушы бағалау: «Смайликтер» әдісі







Қима қағаздар, фломастер, қаламсап.













Плакат,

Түрлі-түсті қима қағаздар, фломастер







Табличка

лар









А 4 қағаздар,

смайликтер

Сабақтың ортасы

3 минут





























15 минут











6 минут






Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу

Мұғалім әдеби териялық ұғымдар туралы мәлімет береді

Теңеу- затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай.

Суреттеу — әдебиетте әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл.

Жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиғаның болған жерімен, оқиғаға қатысушы кейіпкерлермен, олардың жеке басына тән өзгешеліктерімен, оларды қоршаған ортамен таныстырып өтеді. Бұл көбіне суреттеу(сипаттау) жолымен жүзеге асады.

Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды.


Пейзаж (фр. paysage – мекен, өлке) – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Тақырыпты толығырақ ашу үшін Пейзаж кескіндеме жанрының басқа түрлерінде де (портрет, баталия жанры, т.б.) қолданылады. Пейзажда суретшінің сезімі, көңіл-күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы аңғарылады.


Топтық жұмыс:

(3 топқа шығармадан үзінді таратылады. Топ мүшелері үзіндіні оқи отырып, көркемдегіш құралдарды табады. Тапқан көркемдегіш құралдардың астын сызып, тақтаға шығып қорғайды)

Дескриптор:

  1. Үзіндіні оқи отырып, 2 не одан да көп көркемдегіш құралдарды табады

  2. Тапқан көркемдегіш құралдарын дәлелдермен жеткізеді

Қалыптастырушы бағалау: ауызша мадақтау


Ойлау дағдыларының деңгейі: Жинақтау. Жұптық жұмыс

«Таза тақта» стратегиясы.

(Оқушылар бүгінгі және өткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар немесе ережелер жазып тақтаны толтырады, содан кейін әр сұраққа жауап беріп, өшіріп отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады)

Дескриптор:

  1. Ашық сұрақтар қоя біледі

  2. Сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: ауызша мадақтау

РРТ






















Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс: «Ойды аяқта» әдісі



Саралау – «1 минуттағы ой» стратегиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін саралаймын. Шығарманы толық меңгерген бала тақырыпқа сәйкес өз ойын жазып, жеке жұмыс жасайды

Бағалау – смайликтер мен ауызша марапаттап отырамын

Пəнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы.

АКТ-мен байланыс: РРТ Құндылықтармен байланыс: білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты

Рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары қолжетімді ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сабақтағы ахуал қандай болды?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқу болды ма?

Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?

Өткізген сабақ туралы ойлану үшін төмендегі орынды пайдаланыңыз.

Сол жақтағы Сіздің сабағыңызға қатысты сұрақтарға жауап беріңіз




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
2547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі