Ашық сабақ "Айлар" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Айлар" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ орыс тілінде оқитын 4 сынып оқушыларына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән аты: Қазақ тілі

Сынып: 4 «Б»

Күні: 6.04.18

Сабақтың тақырыбы: Айлар

Сабақтың мақсаты: Ай аттарымен және олардың орналасу тәртібімен таныстыру арқылы оқушылардың сөздік қорын, ауызша, жазбаша сауаттылықтарын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: Жаңа сөздерді меңгерту, жуан, жіңішке дыбыстарды ажырата білуге, тіл үйренуге қызығушылығын арттыру.

Тұлғалық: Айлар туралы түсініктерін молайту, шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сөздік жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, «Екі дұрыс, бір бұрыс», «Сәлемдеме жіберіңіз».

Сабақтың көрнекілігі: слайд, тақырыптық суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

II.Үй тапсырмасын тексеру: қайталау

ІІІ. Жаңа сабақ: Айлар

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Бір – бірлерімен амандасып, жақсы қасиеттерін айтады.

- Сәлем, Виктория, сен сүйкімдісің.

- Сәлем, Елизавета, сен қайырымдысың.

- Сәлем, Октябрина, сен ақылдысың.

- Сәлем, Карина, сен мейірімдісің.

Топқа бөлу. Сағат пен күннің суреттері арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар сағат және күн суреттері бойынша отырады. Тақтадағы ай аттарын көрсетеді.

 Сөздік жұмыс

Күз айлары – осенние месяцы

жаз айлары – летние месяцы

қыс айлары – зимние месяцы

көктем айлары – весенние месяцы

1 – тапсырма. «Кім жылдам» ойыны. Бүгін нешесі? деген сұраққа жауап береді. Үлестірмелі парақшалардағы сандар арқылы берілген күндерді жазбаша жазады.

22, 6, 10

наурыз

9, 14, 11

мамыр

27, 8, 5

қараша

17, 4, 18

қыркүйек

25, 3, 15

қазан

31, 24, 13

желтоқсан

12, 2, 20

қаңтар

28, 21, 19

ақпан

13, 23, 1

маусым

19, 9, 16

шілде

26, 24, 7

тамыз

15, 12, 30

сәуір

2 – тапсырма. Мәтінді оқып, аударады. Мәтіндегі айлар туралы мәлімет береді.

Жеке жұмыс: әр оқушы мәтінді жеке оқып шығады.

Топтық жұмыс: жоба қорғайды. І топ. Күз мезгілі туралы жазады. ІІ топ. Көктем мезгілі туралы жазады.

Критерий:

1. Аудиторияда өзін – өзі ұстай білу.

2. Жұмыстың көркемдігі.

3. Сөз саптауы.

Сергіту сәті

Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

3 – тапсырма. Жұптық жұмыс. «Екі дұрыс, бір бұрыс» әдісі. Мәтін бойынша екі дұрыс, бір бұрыс жауабы бар тест беріледі. Оқушылар шапшаңдықпен, алғырлықпен орындайды.

4-тапсырма. «Кім тапқыр?». Оқушылар гүлдердегі берілген сөздерді орындайды. Сөздерді буынға бөліп тақтаға жазады, жіңішке, жуан буындарды атайды, қанша буыннан тұратынын айтады.

IV. Жаңа сабақты бекіту. «Сәлемдеме жіберіңіз» әдісі. Оқушылар әуен ойнап жатқан кезде, сандықшаны сынып ішінде бір – біріне береді. Оқушылар сұраққа жауап беріп, одан кейін сандықшаны әрі қарай беріп, жалғастыруы керек.

Рефлексия. «Алма ағашы». Жасыл алма – мен бәрін түсіндім, көңіл – күйім тамаша. Сары алма – мен көп нәрсені түсіндім, көңіл – күйім жақсы. Қызыл алма – мен түсінбедім, көңіл-күйім жоқ. Алма ағашындағы сөздерге стикерлерін жапсырады.

V. Үйге тапсырма: 135 бет, 4-тапсырма.

VІ. Бағалау: Оқушыларға әр тапсырманы орындау барысында жұлдызшалар беріледі. Оқушылар жұлдызшалар арқылы бағаланады.













































Күз

Күз тамаша уақыт. Күз айлары – қыркүйек. қазан, қараша. Құстар жылы жаққа ұшуға даярланды. Жапырақтар сарғайды. Гүлдер солды. Адамдар жылы киiм кидi. Жиi-жиi жаңбыр жауды.





Көктемде

Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Жылғалардан су ақты. Бәйшешек гүлдеді. Ағаштар бүр жарды. Жылы жақтан құстар ұшып келді. Шөп шықты. Далада өте көңілді.



сағат сағат сағат

күн күн күн

22, 6, 10

наурыз

9, 14, 11

мамыр

27, 8, 5

қараша

17, 4, 18

қыркүйек

25, 3, 15

қазан

31, 24, 13

желтоқсан

12, 2, 20

қаңтар

28, 21, 19

ақпан

13, 23, 1

маусым

19, 9, 16

шілде

26, 24, 7

тамыз

15, 12, 30

сәуір









Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

















Жылы себеле жарқылдайды күркіре салқын көктем

орман күндіз ұзын бүгін көбелек





















































1. Қыс айларын тап

А) наурыз, сәуір, мамыр

Ә) желтоқсан, қаңтар, ақпан

Б) маусым, шілде, тамыз

2. Көктемде ауа райы қандай болады?

А) суық

Ә) жылы

Б) ыстық

3. Жуан буынды сөзді тап

А) үлкен

Ә) кең

Б) көше

4. Жіңішке буынды сөзді тап

А) құмырсқа

Ә) дала

Б) көбелек

5. Жарқылдайды деген сөзде неше буын бар?

А) 5

Ә) 3

Б)4

6. Бір аптада 10 күн бар?

А) дұрыс

Ә) иә

Б) жауабы жоқ









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.04.2018
824
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі