Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Әжетайым менің" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әдіс алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Әжетайым менің.

Фариза Оңғарсынова. Әже.Сүйікті әжем.

Мектеп:72

Күні:

Мұғалімнің есімі:Сактаганова Г.


СЫНЫП: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін

мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.2.1.1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;

2.3.3.1 - шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу 2 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.


Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.













(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.


Оқулықпен жұмыс;

Мақалдың мағынасын ашу;

Күннің шуағы жылы,

Ананың құшағы – жылы.

Венн диаграммасы бойынша жұмыс.

Күн Ана

Күн жер бетін жылытады, ал ана үйді жылытады.

Ал анадан кейін, сендерді күтетін, еркеліктеріңе көнетін тағы кім қымбат? Оны білу үшін мына сөз жұмбақты шешіп көрейік.

Батыр, алғыр баламыз,

оқып білім аламыз.

Сөзжұмбақтар шешеміз,

Жетілсін деп санамыз.

Сөзжұмбақ шешіледі.

- Балалар, бүгінгі сабақта Әже атты өлеңмен танысамыз. Бұл өлеңді де жазған Фариза Оңғарсынова апамыз екен.

Өмірі мен шығармашылығы туралы

Фариза Оңғарсынова - Халық жазушысы. 1939 жылдың 5 - желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл - әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.

1966 - 1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері. 1968 - 1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.

Замандастар көзімен

«Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады»

Нұрсұлтан Назарбаев.

«Фаризада халықтық рух бар, ол — елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын. Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын»

Әбділда Тәжібаев.

«Фариза - поэзияның іші мен тысын ойлай алатын ақын»

Ғабит Мүсірепов

Балалар, әже деген сөзді естігенде сендердің ойларыңа не келеді?

- Әже қандай адам?

- Әжеңнің есімі кім?

- Нағашы әжеңнің есімі кім?

- Ол қайда тұрады?

- Әжеңді соңғы рет қашан көрдің?

- Сен көргенде әжең қандай көңіл күйде еді?

- Әжең саған қандай ақыл айтты?

- Әжең сені еркелеткенде қалай атайды?


«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.


Постер жасату.

Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді.

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»

Видео

жазбадағы би

Аяқталуы 20 минут

Синтез

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.



«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Үйге тапсырма: ұнаған өлеңді жаттау. 5 тапсырма.дәптермен жұмыс.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Бағдаршам» әдісі

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2020
675
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12