400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ә.Кекілбаев "Шыңырау" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар Әбіш Кекілбаевтың "Шыңырау" хикаятынан берілген үзіндінің идеясы мен мазмұнын ашады, әңгіменің мазмұнын оқушыларға өз бетінше меңгерту арқылы құдық қазу кәсібі туралы тың мағлұматтар беруге болады. "Шыңырау" сөзінің мағынасын түсіндіре отырып, өз пікірін айта білуге үйрету, танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында өткізілген сабақ. Сауапты іс жасауға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеуде және салт-дәстүрін құрметтей білуге үйретуде әр түрлі тәсілдер қолдандым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Мүсілім,

Жаңашаруа қазақ орта мектебі.

Атырау облысы,

Қызылқоға ауданы,

Қоныстану ауылы


Тақырыбы: Әбіш Кекілбаев "Шыңырау "

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Әбіш Кекілбаевтың "Шыңырау" хикаятынан берілген үзіндінің идеясы мен мазмұнын ашу, әңгіменің мазмұнын оқушыларға өз бетінше меңгерту, құдық қазу кәсібі туралы тың мағлұматтар беру.

ә)Дамытушылық: "Шыңырау" сөзінің мағынасын түсіндіре отырып, өз пікірін айта білуге үйрету, танымдық белсенділіктерін арттыру.

б)Тәрбиелік: Сауапты іс жасауға және  еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Салт-дәстүрін құрметтей білуге үйрету.

Сабақтың түрі: көркемдік:иллюстрациялы, проблемалық

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Ойталқы», іздену ,сұрақ-жауап,шығармашылық.

Сабақта қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлау  жүйесінің элементтері, сатылай кешенді талдау, Блум таксономиясы.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер(слайд).

Пәнаралық байланыс: география, этнопедагогика, тарих.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Оқушыларды сабаққа дайындау, өтілу барысын таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасы:

1.Әбіш Кекілбаевтың өмірі, шығармашылығы

2.Қызығушылықты ояту. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

4-слайд.

1.Шыңырау деген деген не? Қандай мағына береді?
2.Оқиға қай өлкеде өткен деп ойлайсың?
3.Ата кәсіп дегенді қалай түсінесің?

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

2,3-слайд Білу. Қазақстан халық жазушысы Ә.Кекілбаевтың  «Шыңырау» повесі – Маңғыстаудағы әйгілі құдықшылар өмірінен жазылған шығармасы.Повесть 1982 жылы жарыққа шықты.Жазушы Маңғыстаудағы құдықтардың тереңдігіне байланысты түрліше аталатынына тоқталған: «Ұйқыдағы арудың оянуы» еңбегінде екі құлаштан асқанды құдық,ал бес құлаштан асқан құдықтарды шыңырау дейді.Құдық суын қолдап,ал шыңырау суын тек шығырмен ғана тартатынын ескерген.

Хикаятқа басты негіз болған-ел  аузындағы «Ақотты - нар» аңызы (таныстыру,5-слайд). Қашаннан халқымыздың материалдық игілік көзі – тіршілік тұтқасы – су көздері болған. Шөл даладағы бірден-бір су көзі құдық, құдықшылық кәсіпке байланысты жазылған «Шыңырау» повесіне арқау болған аңыздар және «Аңыздың ақыры» романдағы кейбір аңыз ел аузынан жиналып, көркемдік шешімі тұрғысынан сөз етілген. Аңыздың бірнеше нұсқасы ел аузынан жиналып,екшеле салыстырылып, жазушының көркемдік шешімімен қорытылған.


6-слайд Дерек пен дәйек

Шыңырау”хикаятындағы жиынтық бейнеге басты негіз болған әйгілі құдықшы-Қараш Бейнеубай Құлшарыұлы. 1864 жылы туған. Жиырмаға жуық құдық қазған.Құдықтардың тереңдігі шамамен -200 метр.

1941 жылы Иранда қайтыс болды.Ұрпақтары тегіс құдықшылықты кәсіп еткен.( Іңірбай,Әлпейіс,Арқарбай ) Іңірбайдан туған Есберген атты немересі Ақтау қаласында тұрады.

1982 жылы атақты құдықшының ұлы Арқарбай Сенек деген жерден құдық қазып,су шығарады.Бұл Бейнеубай әулетінің ең соңғы құдығы екен.

Әке аманаты

-Дәулет қалдырмады деп,әкелеріңе өкпелемеңдер.Қара жер орнында тұрса,тышқан мен Қараш аштан өлмес,тіпті болмаса, жер шұқырсыңдар...

(оқушы пікірін тыңдау)

  1. Берілген жоспар бойынша мәтінді баяндап шығу.

8-слайд. Түсіну.Байсал бай Еңсепке құдық қазып бер деп қолқа салған-ды.

9-слайд. 15, 7-7-ден кезек..., 8-ін бір жіберсе...

10-слайд. Теңсел таудан тас кесіп, түйемен тасуда.

11-слайд. Ана бейшара да шөп үзсін... Беліне қыл арқан байлап, құдыққа беттеді.

12-слайд. Шыжыған шілде,тамыз. Үскіріп тұрған ақ боран.

13-слайд. Қос құлақты емен күбі, ішінде...

14-слайд. "Еңсеп қазған" емес, "Еңсеп өлген" атанып кетті.

15,16,17-слайдтар. Аңызға арқау болған шыңырауларды слайд арқылы көрсету.

19-слайд. Қолдану.

1-топ. Шығармадағы тас атауларын тап. Бір сөйлем құра.

шеген тас,сұр-қара тас,сандық тас,сар кемік тас,тоқаш тас, көк тас,қиыршық тас,шығыр тас.

2-топ. Шығармадағы еліктеу сөздерді тап. Бір сөйлем құра.

гу-гу,кеу-кеу,ыс-ыс,күрт-күрт,шақ-шұқ,тақ-тұқ,дүрс-дүрс,шып-шып, тарс-тұрс,су-су.

3-топ.

    Топтастыру стратегиясы бойынша Еңсепке мінездеме.


ЕShape1 Shape2 ңбексүйгіш                Ата кәсіпті дамытушы

 Shape4 Shape3 Еңсеп

 

Құдықшы                                              Төзімді

21-слайд. Талдау. Сатылай кешенді талдау.

Авторы - Ә.Кекілбаев 1939 жылы дүниеге келген.

Тақырыбы - Құдықшылық кәсіптің қыры мен сыры.

Идеясы - ата кәсіпті дәріптеу, белгілі бір кәсіп иесі болуға үндеу.

Жанр түрі -проза (хикаят)

Шығармадағы жер атаулары - Ернек шың, Жем, Үстірт,

Кейіпкерлері - Еңсеп, Байсал бай, Теңсел, көмекші жігіттер

23-слайд. Әңгіме құрылысына талдау

Басталуы - Байсал байдың өтініші. Еңсептің жер таңдауы.

Оқиғаның дамуы - Құдық қазу, тас тасу.

Шиеленісуі - Құдыққа қайта түсу, суылдың естілуі, тақтай тасты сындыру.

Шарықтау шегі - Сүймені тайып, Еңсептің тасқа соғылуы. Аялы қос алақанның қағып алуы.

Шешімі- Құдықтың "Еңсеп өлген" атануы.

26-слайд. Жинақтау.

Құдық қазу кәсібі қазір бар ма? (шағын ойтолғау жазу)

Оқушыларды тыңдау, бейнеролик көрсету.

28-слайд.Бағалау.

Құдықтың суын ішіп отырып,

Оны кім қазғанын ұмытпа!

Н.Ә Назарбаев.

Бағалау(өзін-өзі,қалыптастырушы және жиынтық)

Үйге тапсырма:1. “Кім болам?” (шағын шығарма)

2. Диалект сөздерді теріп жазып келу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1299
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі