ашық сабақ Әкімілік құқық бұзушылықты алдын алу 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ Әкімілік құқық бұзушылықты алдын алу 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 1

Күні:

Тақырыбы: Кіріспе

Сабақтың мақсаты: Жаңа пәнмен оқушыларды таныстыру, маңыздылығын атап өту.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Оқушыларды «Адам.Қоғам.Құқық» оқулығымен таныстырып, қазіргі Қазақстанда және дүниежүзілік адамзат қауымдастығында болып жатқан үдерістер мен жеке адам өмірінің мәні туралы түсіндіру

Дамытушылық: Адамзат тарихы басынан өткерген өркениеттерге шолу жасалып, соңғы ғасырларда олардың кейбіреулерінің суырылып алға шығуының, енді біреулерінің ілгерілеушілік қарқынына ілесе алмай, артта қалып қоюының сырларын ашу.

Тәрбиелік: Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: кіріспе.

Сабақты ұйымдастыру әдісі: баяндау, әңгімелеу

Көрнекілігі: оқулық

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Адам және қоғам туралы төменгі сынып материалдарын қайталау

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ «Адам.Қоғам.Құқық» оқулығының авторлары К.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбеков 2013 жылы «Мектеп» баспасынан шыққан.

2.​ Оқулық ІІІ тараудан, 32 тақырыптан тұрады.

1.​ Әлемдегі адам

o​ Адам мәселесі, өмірінің ерекшеліктері, мәдениетпен және табиғатпен байланысы, өзара қарым-қатынасы, ұжым түріндегі айрықшылығы туралы.

2.​ Қоғам: оның қызмет етуінің негізгі салалары мен заңдылықтары

o​ Қоғам жайлы жалпы түсінік, негізгі салалары: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани; мемлекет және оның қоғамдағы рөлі, азаматтық қоғам, діннің қоғамда алатын орны.

3.​ Адамның өміріндегі құқық

o​ Құқық ұғымы, құқықбұзушылық пен жауапкершілік, конституция, мемлекеттік биліктің конституциялық органдары, құқық салалары: азаматтық, әкімшілік, қылмыстық.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ «Қоғам» дегенде ойымызға не оралады?

2.​ Адамның қоғамда алатын орны қандай?

3.​ Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

4.​ Құқық адамдарға не үшін қажет?

V. Үй тапсырмасын беру: кіріспе

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 2

Күні:

Тақырыбы: Адам мәселесі

Сабақтың мақсаты: Адам үғымы, табиғи жаратылсы, тірі жандардан ерекшелігі жайлы мағлұмат беру, түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Оқушыларға Адамның проблемасы, адамның сипаты туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру; біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау.

Сабақты ұйымдастыру әдісі: сыныптық

Көрнекілігі: оқулық

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Адам мәселесі

2.​ Адам ұғымы

3.​ Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар

Аданың даму сатысы

Өмір сүрген уақыты

Табылған жері

Епті адам

1 млн 750 мың жыл бұрын

Африка Кения жеріндегі Олдувайда

Питекантроп адам

1 млн жыл бұрын

Ява аралы

Синантроп адам

500-200 мың жыл бұрын

Қытайда

Неандерталь адам

100-35 мың жыл бұрын

Германияда

Саналы адам

40-35 мың жыл бұрын

Европада

Адам мәселесі. Ғалымдардың жорамалдауынша, бұдан 40 мың жыл бұрын Жер бетінде алғашқы адамзат өкілі Homo sapiens ("Саналы адам") пайда болған. Сол дәуірден қазірге дейінгі аралықта адамның Адам туралы, оның тегі, қызметі, өмірінің мәні, келешегі туралы ойланбаған кезі болмаған шығар. Кез келген саналы, зиялы қауым өкілінің де адам, қоғам және қоршаған орта туралы ой сараламайтыны кемде-кем. Сонау ежелгі дәуірден бергі ғүламалардың арасында да адам мен қоғам хақында азды-көпті өз тұжырымын айтпай кеткені жоқ деуге болады.

Адам мәселесімен: антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия,физиология, психология ғылымдары айналысады. Соның нәтижесінде адам мәселесі қазіргі ғылымда жан-жақты, біршама толық зерттелген тақырып деуге болады. Өйтсе де адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысы мәселелері — қанша зерттесе де таусылмайтын, бір қырынан кейін екінші кыры көрініс беретін, бір құпиясын ашсаң, екіншісі алдыңнан көлденең тартылатын, сырлы да ғажап дүние. Осы бір тылсым дүниеге сапарымызды адамның табиғаты туралы бүгінгі ғылымның қол жеткізген тұжырымдарын саралаудан бастайық.

Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды. Олардың қатарында адамның табиғаты, адамның өмірі, адамды өзге жануарлар дүниесінен өзгешелейтін факторлар, адамның тәні, жаны, рухани дүниесі және олардың арасындагы байланыстар, адамның шығу тегі, қазіргі күйі, болашағы сияқты толып жатқан саралаулар мен түсініктер бар.

"Адам" үғымы. Материалистік бағытты ұстанатын зерттеушілер адамды өзге тіршілік иелерімен — жануарлармен (соның ішінде, маймылмен) генетикалық байланыста қарастырады. Адам жануарлардан еңбек құралдарын жасай алатындығымен, сөйлеу және ойлау қабілетімен жөне саналылығымен ерекшеленеді.

Адам—Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған тірі, қоғамдық-тарихи қызмет пен мәдениет субъектісі, биоәлеуметтік мәнділік.

Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар. Адам ғасырлар бойы адамзаттың жинақтаган ілімінің бәрін өз бойына дарыта алады. Бұл дарыту мәдени дәстүрлермен қауышу және биологиялық тегіне тарту тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бала генетикалық ақпарат қорларын ми құрылымы, жүйке жүйесі және ата тегінен берілген қасиеттер арқылы иеленеді.

Адами сипаттарды меңгере отырып, сәби мәдениеттің болмысымен қауышады. Бұл қауышуда адамдардың сезімдері мен дүниеге қатынастары — көру, есту, иіскеу, сезіну, түйсіну, ойлау, елестету, толқу, тілек, қызмет, махаббат, бір сөзбен айтқанда, оның даралығының барлық тетіктері қатысады.

Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Ол — әлеуметтік жаратылыс. Адамды адам ететін бірден-бір күш — қоғам ғана.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Адамның және жануарлардың бойындағы биологиялық нышандарды салыстырыңдар.

2.​ Адамның бойындағы әлеуметтік нышандарға сипаттама беріңдер.

V. Үй тапсырмасын беру: § 1. Адам

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 3

Күні:

Тақырыбы: Адам өмірінің ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірдің құндылығы туралы көзқарастарын жетілдіру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:  Өмір және оның мәні туралы оқушыға жалпы түсініктер беру арқылы білім көлемін кеңейту

Дамытушылық:    Оқушының танымдық процестерін дамыту, өзін-өзі еркін ұстауға баулу, бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту.

Тәрбиелік:   Оқушыларды кездескен проблемаларды дұрыс түсіне білуге, әр жеке оқушы үнемі өз-өзіне психологиялық саулықты тілей отырып, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   Түсіндірмелі, баяндау, талдау, сұрақ-жауап.

Сабақты ұйымдастыру әдісі: сыныптық

Көрнекілігі:  оқулық, суреттер 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Қабілет дарын және зият ұғымдарының арасындағы айырмашылықтарды атап көрсетіңдер

2.  Баланың бойындағы қабілетін ашуда мектептің атқаратын рөлі қандай?

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1. Өмір, өмірдің мәні туралы түсінік

2.  Бақыт және махаббат туралы әртүрлі ұғымдар

Өмірдің мәні «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын,толғанбайтын,мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», – деп жауап беретін болар.Олай болса,біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

Ұлы Абайдың  жас ұрпаққа: «Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырғаны белгілі. Әрине,бұл жерде өз атынан лайық, ізгі, мейірімді өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын,өмірден кеткен соң артына жақсы сөзімен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.

Өмір: 1. Алланың ең қымбат сыйы

             2. Көк аспан мен жарық күн                                                   

             3. Ұзақ жол

             4.  Қуаныш пен қайғы                                                     

             5. Ащы мен тәтті 

Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп,артына игілікті мұра қалдыра ала ма?     Ондайға тырысу қатардағы адамдар үшін қиял,орындалмайтын арман емеспе? Менің өмірлік тұрғым басқа,- дейді біреулер ,- өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында  сайран салу керек. Аузың барда асап қал. Киін. Сауық құр. Қайсысы дұрыс?

 Қандай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиын емес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе – ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайын рецепт беруден оңды нәтиже шыға қояр ма екен? Дүниежүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікірі алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық.

Өмірдің мәні туралы айтқанда,біз тоқталмай өте алмайтын бір ұғым бар. Ол-бақыт ұғымы. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.

    Адамның өзінің болмысының шарттарымен кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығының көрсеткіші болатын, адамдық мұратына жету күйін көрсететін моралдық сана-бақыт болып табылады.

Бақыт    1. Балалық

 2.  Кәсіби деңгейінің щыңына шығуы                                                       

  3.  Еңбектің жемісі

  4.  Қызықты еңбек жолынан өту                                             

5.  Бейбіт өмір

Бақыт мұраттың сезімдік – эмоциалық формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты обьективті жағдайда немесе адамның субьективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті – бағалық сипат алады.  Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуге байланысты. Бақыт сондай-ақ тарихи және ұлттық шарттылық сипатта көрініс береді. Моралдьдық сана тарихында бақыт адамның тумысынан иілік ететін құқығы есептелінген мезеттер болса да, іс жүзінде қоғамда езілген елдердің бақытты өмір сүруге тырысу әрекеттері аяусыз жанышталып тасталатын жағдайлар, жеке адамның бақытына тосқауыл болатын тарихи оқиғалар да аз болмайды.

 Қазір бүкіл прогрессшіл адамзат қауымы қабылдаған демократиялық ұстанымдар біздің өмірімізге де мықтап ене бастады. Тұлғаның мүддесі қоғам мүддесінің астында тапталып қалмайтын болды. Бірақ бұл жағдай жекенің мүддесі үшін қоғам зардап шеге берсін дегенге апарып саймаса керек. Ол екеуінің арасындағы байланыстар табиғи, бірін-бірі толықтырып отыратыны болуы керек .Қоғам бақытты болса ғана адам бақытты. Ал қоғамның бақыты оның әр мүшесі бақытынан құралады.

Қатардағы адамның түсінігіне салсақ, бақыттың белгісі жаныңа жайлылық, тәніңе ләззат беру болып шығар еді. Бұл да өмірлік тәжірибеден алынған, сонысымен көпшіліктің санасына белгілі деңгейде орныққан. Солай болғанның өзінде оған жетер жол біреу-ақ. Ол – табиғи жол,еңбек жолы. Бұл жолмен көңілдің қошын табу – әр адамның өмірлік нысанасы болуға тиіс. 

        Бақыт деген – адамға оның өзінен жоғары тұрған, белгісіз бір күштердің сыйы емес. Бақыт болу немесе бола алмау – адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын ала жазылып қойылған бағдарлама да емес. Бақытты болу – әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында.

 IV. Жаттығу жұмыстары.

Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Өмірдің мәні неде?

2.​ «Бақыт» дегенді қалай түсінеміз?

V. Үй тапсырмасын беру: § 2. Адам өмірінің ерекшеліктері

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 4

Күні:

Тақырыбы: Адам – жеке тұлға ретінде

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жеке тұлға туралы жалпылама мәлімет беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Жеке адам, даралық, тұлға ұғымдарына анықтама бере отырып, білімді қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, жалпы тақырыптар бойынша білімін дамыту.

Тәрбиелік: Танымдылық қабілеті дамыған азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру; лекция; талқылау

Сабақты ұйымдастыру әдісі: сыныптық

Көрнекілігі: тірек сызбалар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Адам мәселесі

2.​ Адам ұғымы

3.​ Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Даралықтың сипаты

2.​ Жеке адам ұғымы

3.​ Тұлға

Даралықтың сиапаты. Даралық (лат. Individuum - бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңістіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге «даралықта» мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз.

Психологияда даралық проблемасы, ең алдымен, жеке адамның тұтас мінездемесімен – оның барлық қасиеттерінің, ойларының, сезімдерінің, еркінің, қажеттіліктерінің, қабілеттерінің т.б. ерекшеліктерінің төлтума көптүрлілігімен байланысты қойылады. Осыған байланысты даралық қарастырылып отырған адамға тән белгілердің жиынтығы ретінде сипатталады.

Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша даралық, сонша тұлға, сонша тағдыр бар. Адамдардың тағдырлары ұқсас болуы мүмкін, бірақ бірдей болуы мүмкін емес. Даралық – адамның бірегей және әмбебап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе. Бұл жүйе адамның жалпы, тұрпатты және ерекше қасиеттерінің өзара әрекеттесу үрдісінде қалыптасады. Тарихи даму барысына орай, адамның даралануы барған сайын айшықтана береді.

Жеке адам үғымы. Жеке адам деп белгілі бір әлеуметтік ортаның өкілін, қоғам мүшесін айтамыз. Жеке адам өзгелермен салыстырмалы нақты антропологиялық және әлеуметтік ұқсастықтарына қарамастан, адамзаттың дара өкілі ретінде қарастырылады.

Сәби – жеке адам. Дегенмен, ол – әзірше дара тұлға емес. Жеке адам қоғамда өз болмысында біршама дербестік алғаннан кейін ғана дара тұлғаға айналады. Жеке адам қашанда қоғаммен тығыз байланыста болады. Оларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Қоғамда тіршілік еткендіктен, жеке адамның өмірі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады.

Әр жеке адам – қайталанбас даралық, сонымен бірге ол өзімен белгілі бір тектік мәнін ала жүреді. Өзіндік санасы кемелденгенде, өзінің әлеуметтік міндеттерін түсінгенде, өзін тарихи үрдіс субъектісі ретінде сезінгенде, ол тұлға ретінде алға шығады.

Тұлға (лат.personalitas) ұғымы жеке адамды белгілі бір қоғамның немесе қауымдастықтың мүшесі ретіндесипаттайты, оның әлеуметтік маңызды нышандарының орнықты жүйесі мағынасында қолданылады. «Тұлға» ұғымын «жеке адам» және «жеке тұлғалық»қғымдарымен шатастыруға болмайды. Тұлғаның бірегейлішіне, қарапайым тілмен айтқанда, даралығына ешкім шек келтіре алмайды.

Тұлға негізі отбасында қаланады. Одан әрі тұлғаның қалыптасуы отбасы-балабақша, отбасы-мектеп одақтарының ықпалымен өтеді. Тұлғаның қалыптасуына адамның (баланың) бос уақытын өткізетін ортасының, ол жүрген ұжымның әсері мол. Тұлғаның қалыптасу шегін айқындау мүмкін емес. Ол үрдіс өмір бойы жүріп жатады.

IV. Жаттығу жұмыстары.

Мына әңгімені талқылаңдар.

Бір ағашта өсіп тұрған миллион жапырақтың ішінен бірінен-бірі айнымайтын екі жапырақты табуға бола ма? «Жоқ», - дейді өсімдіктанушылар. Ол жапырақтың бірі екіншісінен әйтеуір ерекшеленіп тұрады. Қарапайым, құралсыз көз көре алмағанымен, олардың ұқсамай тұрғанын микроскоп ажыратып береді. Жағажайдағы құмның ішінен де бірдей екі түйіршікті таба алмайсың. Судың екі тамшысы да қайткенде бірі екіншісіне әйтеуір бір белгісімен ұқсамай тұрады. Қарапайым көзге бірдей болып көрініп тұрған нәрселердің, құбылыстардың, үрдістердің ешқайсысында бір-бірінен айнымайтын ұқсастық кездеспейді.

Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Даралыққа сипаттама беріңдер.

2.​ Жеке адамның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

V. Үй тапсырмасын беру: § 3. Адам – жеке тұлға ретінде

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 5

Күні:

Тақырыбы: Адам және мәдениет. Адам іс-әрекеті

Сабақтың мақсаты: Адам іс-әрекетсіз өмір сүре алмайтындығын түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:  Іс-әрекет адамның өмірінде маңызды орын алатындығын ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың талдау, салыстыра білу қабілеттерін, танымдық процестерін дамыту.

Тәрбиелік:  Танымдылық қабілеті дамыған азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі:   Жаңа сабақты түсіндіру, әңгіме

Сабақты ұйымдастыру әдісі: сыныптық

Көрнекілігі:  оқулық, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Даралықтың сипаты

2.​ Жеке адам ұғымы

3.​ Тұлға

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Іс-әрекеттің сипаты

2.​ Адамның іс-әрекетінің мақсаты.

3.​ Мотив

1) Адам өмірі тұтастай әрекетпен, белгілі бір іспен шұғылданумен өтеді. Әрекетсіз адам болмайды, өмір бар жерде – әрекет бар. Өйткені әрекет – адамның өмір сүруінің формасы. Адамның кез келген іс-әрекетінің мақсаты, құралы, нәтижесі, және атқарылу үрдісі болады. Осылардан іс-әрекеттің сипаттамасы жасалады. Іс-әрекет қоғамның қозғаушы күшіне, прогресс факторына, қоғамның өзінің өмір сүру шартына айналады. Адамның іс-әрекетінің жануарлардың әрекеттерінен мәнді айырмашылығы – оның мақсаттылығында және құралмен орындалатындығында.

Іс-әрекет деп қоршаған ортаны мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған, онымен белсенді қатынас жасаудың тек адамға тән формасын айтамыз. Іс-әрекеттің көптеген типтері мен түрлері бар. Іс-әрекет – рухани, материалдық, өндірістік, еңбекті және еңбексіз болып бөлінеді. Зерттеушілер көпшілік жағдайда адам еңбегі, адамның рухани, шығармашылық және психикалық әрекеттері мәселелерін адамның іс-әрекетінің құрамдас элементтері ретінде қарастырады.

2) Мақсат – іс-әрекеттің көздеген нәтижесін алдын ала барлау және белгілі бір құралдарды пайдалана отырып, оған жету жолдары сипатталатын адамның тәртібі мен саналы қызметінің бір элементі болып табылады.

Мақсат адамның түрлі әрекеттерін белгілі бір сабақтастық пен жүйеге келтіре кіріктіру (интеграциялау) әдісі ретінде көрініс береді. Белгілі бір мақсатқа бағытталған қызметті саралау барысында көз алдында өтіп жатқан өмірлік ахуал мен алға қойылған мақсат арасындағы қайшылықтар ашылады. Сонда мақсатқа жету дегеніміз – осы қайшылықтарды шешу болып шығады. Мақсат – құрал – нәтиже жүйесіндегі түрлі әрекеттерді интеграциялаудың белгілі бір тетігі ретінде көрініс береді. Мақсат – түрлі актілер мен операциялардың сипатын, жүйелік тәртіптерін айқындайтын әрекеттің жобасы. Мақсат айқын болғанда – іс-әрекеттің нәтижесі де белгілі.

3) Адамды белгілі бір әрекетке құлшындыратын факторлар сипаты мен мәні жағынан түрліше болады. Психологияда адамды қызметтің белгілі бір түріне итермелейтін қозғаушы күшті мотив деп атайды.

Мотив (франц. мotif – себеп, себепке итермелеу) дегеніміз – субъектінің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекетке қосылуы; субъектіні белсенділікке келтіретін және оның бағыттылығын айқындайтын сыртқы немесе ішкі жағдайлардың жиынтығы; тұлғаның саналы әрекетінің негізі және себебі. Қазіргі заманғы психологияда мотивтің қозғаушы тетіктері сапасында ізденімпаздық белсенділіктің негізінде адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің өтелуә қарастырылады.

Адамды әрекеттің белгілі бір түрімен өз еркімен айналысуға итермелейтін мотивтер мақсаты мен сипаты жағынан әр түрлі болады. Көпшілік жағдайларды ол материалдық мүдделермен айқындалады. Бұл адамның әлеуметтік болмысымен түсіндіріледі.

мотив мақсат іс-әрекет нәтиже

IV. Жаттығу жұмыстары.

Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Іс-әрекеттің тұрпаттары мен түрлері қандай?

2.​ Адамның іс-әрекетіне себепші болатын факторларды атаңыздар.

V. Үй тапсырмасын беру: § 4. Адам және мәдениет. Адам іс-әрекеті

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 6

Күні:

Тақырыбы: Мәдениет және табиғат. Мәдениеттердің ұқсастығы мен көптүрлілігі

Сабақтың мақсаты: Мәдениет пен табиғаттың адам өмірінде маңыздылығын көрсету.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Мәдениет ұғымы, түрлері жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Тақырып бойынша теориялық білімдерін шыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту

Тәрбиелік: Өзара көмек қасиеттерін, бірліктерін арттыру

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: баяндау, әңгімелеу

Көрнекілігі: оқулық

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Іс-әрекеттің сипаты

2.​ Адамның іс-әрекетінің мақсаты.

3.​ Мотив

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Мәдениеттің адам өмірінде алатын орны

2.​ Табиғат пен мәдениеттің арақатынасы

3.​ Мәдениеттің түрлері

1.​ Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді):

1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.);

3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.);

4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).

Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.

Мәдениет – философиялық ой – толғамның аса маңазды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет негізі – еңбек. Еңбек неғүрлым күрделі болған сайын, мәдениетте жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінісінен қазіргі кезеңге дейін еңбек материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Мәдениат адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелдікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады.

2.​ Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.

Табиғат пен мәдениет барлық уақытта бірдей пара – пар болмайды. Олардың терең мәңгі айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам керкіне, санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет – адамдар қызметінің жемісі, олардың қажеттерін өтеуге негізделген.

Табиғат пен мәдениеттің – адамның табиғатқа қатысы, табиғат пен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі. Адамның табиғанқа қатысы оның қоғамдық тіршілік әдісіне негізделеді. Осыдан келіп адамның мәдени деңгейін анықтау керек. Табиғаттағы бары молая түсіп, азды аялай білу адам мәдениенінің даму денгейін көрсетеді.

3.​ 

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Мәдениетті жасаушы – адам деген тұжырымдамаға сенесеің бе?

2.​ Табиғат пен мәдениеттің қандай байланысы бар?

3.​ Мәдениеттің дамуы әр заманға байланысты болды ма?

4.​ Қазіргі қандай мәдениет түрлерін білесіңдер?

V. Үй тапсырмасын беру: мәдениет және табиғат.

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 7

Күні:

Тақырыбы: Адам және адамдардың өзара әрекеттестігі

Сабақтың мақсаты: Адам қабілеттіліктерінің қажеттілігін ашып көрсету.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:  Қабілеттілік, дарын, зият, жад категорияларына анықтама беру.

Дамытушылық: Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу

Тәрбиелік Әдептілік ережелерін бойына сіңіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   Жаңа сабақты түсіндіру, әңгіме, лекция

Сабақты ұйымдастыру әдісі: сыныптық

Көрнекілігі:  оқулық, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Мәдениеттің адам өмірінде алатын орны

2.​ Табиғат пен мәдениеттің арақатынасы

3.​ Мәдениеттің түрлері

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Қабілет пен қабілеттілік

2.​ Дарынның сипаттамасы

3.​ Адамның зияттық ресурстары

4.​ Жад және оның мүмкіндігі

1) Қабілет – тұлғаның қызмет түрлерін атқаруамалдары мен тәсілдерін тез, терең және орнықты меңгеруінен көрініс табатын, адамның оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын ішкі психологиялық, реттеуші қызметін атқару мүмкіндіктерін көрсететін дара-психологиялық ерекшелігі.

Қабілет жеке адамның өзгелермен арақатынастарының күрделі жүйесінде, түрлі қызметтер атқару үрдісінде қалыптасады. Іс-әрекеттің кейбір нақты түрін атқару кезінде байқалатын қабілеттің түрлі құрауыштардан тұратын кешенді құрылымы болады. Бұл кең таралған есе қайтару (компенсация) құбылысымен байланысты: іс-әрекеттің кейбір түрлерін атқаруға қажетті жоғары қабілеттілікке кейбір құрауыштардың салыстырмалы әлсіз немесе мүлдем болмауы жағдайында өзге құрауыштарды дамыту арқылы қол жеткізуге болады.

Адамның қабілетін дамытудың түрлі бағыттарына арналып жасалған арнайы бағдарламалармен жұмыс жүргізіп, елеулі жетістіктерге жетіп жүргендер де аз емес. Мысалы, сазды есту қабілеті жоқтарға оны дамыту әдістемесі жасалған. Осы әдістеме бойынша бұрын сазды, әуенді түсіне бермейтін балалардың өздері аспаптарда едәуір шебер ойнай алатын болады. Ешқашан сурет салып көрмеген адамның өзінен әжептәуір суретші шығуы мүмкін.

2) Дарын деп жаңалығымен, жоғары жетістігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін іс-әрекеттің өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығын айтамыз.

Көптеген зерттеушілер дарынның балаға ата тегі арқылы берілетінін қуаттайды. Олардың тұжырымдауынша, белгісіз бір тылсым күш жоғалмай, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын сияқты. Мұны куәландыратын айғақтар да аз емес.

Иоганн Себастьян Бахтың генеалогиялық өзегінде 56 музыкант, олардың ішінде 20-сы жоғары деңгейдегі шеберлер болған екен.

3) Канадылық патофизиолог Г.Селье ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру туралы кітабында атом ядросында қаншалықты физикалық энергия болса, адамның миында соншалықты ойлау энергиясы бар деген тұжырымға келген екен.

Физиологтардың жорамалдауынша, адамның миы 15 млрд жүйке клеткаларынан – нейрондардан тұрады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, қарапайым адамдар өз миында бар жүйке клеткаларының 4%-ның ғана қуатын жұмсап, қызмет етеді, ал қалған 96%-ы резервте тұрады. Қазіргі заманғы психологтар: «Асқан ұлы ғалымдардың өздері бойындағы бар рухани мүмкіндіктің әрі кетсе 7-8%-ын ғана пайдаланып жұмыс істейді» - дегенді айтады.

4) Жад – іс-әрекет барысында қайтадан пайдалану мүмкіндігін тудыратын немесе оны сана аясында қайта жаңғыртатын бұрынғы тәжірибені ұйымдастыру және сақтау үрдісі.

Жад субъектінің өткенін қазіргісімен және келешегімен байланыстырады, дамыту және оқытуға негіз болатын аса маңызды танымдық функция атқарады. Жад ұзақ мерзімдік, қысқа мерзімдік жүйешелерге және сенсорлық (лат. Sensus – сезім, сезіну) деп аталатын гипотетикалық жүйешеге бөлінеді.

Юлий Цезарь, Александр Македонский, парсы патшасы Кир 30 000 жауынгерлерін атымен және түстеп білген екен. Әйгілі Фемистокл грек астанасында тұратын 20 000 адамның аттарын атап, түстерінен тани білген. А.Сенека байланыссыз 2000 сөзді бір естігеннен қайтадан сол ретпен айтып бере алған. Математик Леонид Эйлер жүзге дейінгі барлық санның алғашқы алты дәрежесін жатқа білген.

Зият – (интеллект, лат. Intellectus – тану, түсіну, талқы) – адамның ойлауға, тануға рационалды қабілеттілігі. Жалпылама алғанда, бұл ұғым тұлғаның ақылы мен ойын дамытуға қатысты қолданылады. Зияттың табиғаты сезім, түйсік, ерік, елестету сияқты рухани қабілеттерден өзгеше болады.

Қазіргі заманғы психологияда зият ұғымы көбінесе тұлғаның жеке-типологиялық даму ерекшеліктерін зерттейтін теорияда қолданылады. Адамның зияттылығын анықтайтын ұғым бар. Ол зияттылық коэффициенті (ағылш. Intellectual quotent, қысқаша – IQ) делінеді. IQ жеке адамның өзі жинақтаған білім деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

IV. Жаттығу жұмыстары.

Анықтама, термин сөздермен жұмыс.

Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Қабілет, дарын және зият ұғымдарының арасындағы айырмашықтарды атаңдар.

2.​ Мектеп баланың бойындағы бар қабілетті аша ала ма?

V. Үй тапсырмасын беру: § 6. Адам және адамдардың өзара әрекеттестігі. Терминдерді жаттап келу.

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 8

Күні:

Тақырыбы: Жеке тұлға және ұжым

Сабақтың мақсаты: Тұлға ұғымының мәні, түсінігі, ұжыммен арақатынасын түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:  Тұлға, адам, индивид, ұжым ұғымдарына анықтама беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша тұжырым жасай алу, іскерлік белсенділіктерін дағдыландыру.

Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа, танымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: баяндау

Көрнекілігі:  оқулық, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Қабілет пен қабілеттілік

2.​ Дарынның сипаттамасы

3.​ Адамның зияттық ресурстары

4.​ Жад және оның мүмкіндігі

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Тұлға – әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде

2.​ Тұлға ұғымынң мәні мен түсінігі

3.​ Ұжым мен жеке тұлғаның арақатынасы

1.​ Тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.

Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет) өзінің зерттеу пәніне жатқызады. Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді.

2.​ Жеке тұлға – әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;

белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады.

Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:

​ Биологиялық,

​ генетикалық дамудың алғы шарттары.

3.​ Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс — тәрбиені демократияландыру жағдайындағы, адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар, даму-дың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған:

​ Тұлға ұжымға бағынады (конформизм);

​ Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста (гармония) болады;

​ Тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік).

IV. Жаттығу жұмыстары.

Анықтама, термин сөздермен жұмыс.

Жаңа сабақты бекіту.

Кестедегі «Адам», «Тұлға» және «Индивид» ұғымдарының айырмашылықтарын көрсете отырып, мысалдар келтір.

Адам

Тұлға

Индивид




V. Үй тапсырмасын беру: Жеке тұлға және ұжым

VI. Бағалау.

9-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 9. Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

І тарау бойынша пысықтау.

Сабақтың міндеттері:

​ Адам және дүние, қоғам және оның дамуы, өркениеттер тақырыптары туралы яғни І тоқсан материалдарын қайталату, пысықтау.

​ Оқушылардың ойлау қбілеттерін дамыту.

​ Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: интерактивті, әңгіме, пікіраламасу

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

​ Оқу құралын тексеріп түгелдеу

​ Әнұран орындау, «Хабар»

​ Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

​ Экологиялық мәселелердің адамзаттың жаһандық мәселелерінің ішінде ерекше маңызға ие болуын немен түсіндіруге болады?

​ Қоршаған ортаны қорғауға қатысты өскелең ұрпақтың міндеттері не?

​ Фотосинтез деп нені айтамыз?

​ Тірі организмдердің биогендік айналысы дегеніміз не?

​  Антропогендік айналыс деп нені айтамыз?

​ Табиғи ресурстарға сипаттама беріңдер

Жаңа сабақтың жоспары:

1.​ Адам мәселесі

2.​ Адам- жеке тұлға ретінде

3.​ Ұжым

4.​ Қоғам түсінігі

Сабақты бекіту:

​ Иә-жоқ»

​ Пресс конференция

​ Ой қозғау.

​ Венн диаграммасы

​ БҮҮ

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді




Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: І тоқсан материалдарын қайталау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 10

Күні:

Тақырыбы: Қоғам түсінігі

Сабақтың мақсаты: Қоғамды құрайтын адамдардың мәнін түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:  Адамдар қарым-қатынастардың арқасында қоғам құрайтынын түсіндіру.

Дамытушылық:    Оқушының танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу, өзін-өзі еркін ұстауға баулу, психологиялық үдерісін дамыту.

Тәрбиелік:   Оқушыларды кездескен проблемаларды дұрыс түсіне білуге, әр жеке оқушы үнемі өз-өзіне психологиялық саулықты тілей отырып, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау

Сабақты ұйымдастыру әдісі: сыныптық

Көрнекілігі:  оқулық, суреттер 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Өмір, өмірдің мәні туралы түсінік

2.  Бақыт және махаббат туралы әртүрлі ұғымдар

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Қоғам ұғымы

2.​ Әлеуметтік топтар, қатынастар

3.​ Қоғам және саясат

1.​ Қоғам - жалпы мағынасындамәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.

2.​ Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.

Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:

1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;

2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;

3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.

Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар

3.​ Қоғам және Саясат - саяси ғылым мен басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің өзара диалектикалық байланысын білдіретін үғымдар. Қоғам - қатынастардың және адамдар арасындағы өзара байланыстардың тұтас жүйесі. Оның қүрамдас бөліктері болып күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелер немесе қоғамдық өмірдің мына салалары болып табылады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани. Саясат жалпы қоғам шеңберінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларында адамдар¬дың өзара әрекеттесуін реттеуді жүзеге асырады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Қоғам ұғымы

2.​ Әлеуметтік топтар, қатынастар

3.​ Қоғам және саясат

V. Үй тапсырмасын беру: § 9. Қоғам түсінігі

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 11

Күні:

Тақырыбы: Қоғамдық өмірді ұйымдастыру, әлеуметтік институттар

Сабақтың мақсаты: Қоғамдық өмірдің маңыздылығы, әлеуметтік институттарды құрайтын элементтерді атап көрсету.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:  Адамдар қарым-қатынастардың арқасында қоғам құрай.

Дамытушылық:    Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, жалпы тақырыптар бойынша білімін дамыту.

Тәрбиелік: Танымдылық қабілеті дамыған азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі:   Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау

Сабақты ұйымдастыру әдісі: сыныптық

Көрнекілігі:  оқулық, схема 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Қоғам ұғымы

2.​ Әлеуметтік топтар, қатынастар

3.​ Қоғам және саясат

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Әлеуметтік институттар ұғымы

2.​ Әлеуеметтік институттардың негізгі құрылымы

1.​ Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.

Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:

1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;

2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;

3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.

Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар

2.​ Қоғам - қатынастардың және адамдар арасындағы өзара байланыстардың тұтас жүйесі. Оның қүрамдас бөліктері болып күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелер немесе қоғамдық өмірдің мына салалары болып табылады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани. Саясат жалпы қоғам шеңберінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларында адамдар¬дың өзара әрекеттесуін реттеуді жүзеге асырады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Әлеуметтік институттар ұғымы

2.​ Әлеуеметтік институттардың негізгі құрылымы

V. Үй тапсырмасын беру: § 10

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 12

Күні:

Тақырыбы: Қоғамның экономикалық өмірі

Сабақтың мақсаты: Экономика саласының қоғамда алатын орнын түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:  Экономикалық процесте қоғамдық өмірдің маңыздылығын көрсету.

Дамытушылық:    Оқушылардың логикалық ой-қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Экономикалық жағдайда іскерлікке, шаруашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі:  оқулық, суреттер, кесте 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Әлеуметтік институттар ұғымы

2.​ Әлеуеметтік институттардың негізгі құрылымы

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Қажеттілік – қоғамның қозғаушы күші

2.​ Қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – өндіріс

3.​ Ресурстар

1.​ Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар — бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады (мысалы, ауа), ал екіншісі - шектеулі (мұнай, көмір, т. с. с). Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады.

Қажеттердің түрлері

Қажеттерді бөлу белгілері

Қажеттердің түрлері

Тарихи орнына қарай

1)Бұрынғы; 2)Қазіргі; 3)Болашақ

Қанағаттандыру деңгейіне сәйкес

1)Түгел; 2)Жартылай; 3)Қанағаттандырылмаған

Қалыптасу қарқынына қарай

1)Сирек; 2)Тұрақты; 3)Өте жиі кездесетін

Қажетті қанағаттандыру жолына қарай

1)Күрделі; 2)Оңай

Қалыптасу түріне қарай

1)Ашық; 2)Бүркемелі

А.Маслоудың қажеттіліктер

пирамидасы

2.​ 

2. Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.

3.​ Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Олар:

​ Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.

​ Материалдық ресурстар — дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.

​ Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Қоғам қажеттіліксіз экономикалық салада дамымаушы еді – тұжырымдамасына келісесіңдер ме?

2.​ А.Маслоу қажеттілік пирамидасын түсіндіріп бер.

3.​ Қоғамдық өндіріс процесінің маңыздылығын айтып бер.

4.​ Ресурстардың қандай түрлері бар?

V. Үй тапсырмасын беру: Қоғамның экономикалық өмірі

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 13

Күні:

Тақырыбы: Экономика және жеке меншік

Сабақтың мақсаты: Экономика жайлы мағлұмат беру, түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Экономикаға анықтама бере отырып, түрлеріне тоқталу.

Дамытушылық: Экономикалық білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Нарықтық экономикаға бейімдеп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру, дәріс

Сабақты ұйымдастыру әдісі: сыныптық

Көрнекілігі: схемалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Қажеттілік – қоғамның қозғаушы күші

2.​ Қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – өндіріс

3.​ Ресурстар

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Экономика ұғымы

2.​ Экономиканың екі үлкен саласы

3.​ Жеке меншік түсінігі

1) Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. "Экономия" терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос – үй, шаруашылық; номос – заң) деген ұғымды білдіреді. Термин Аристотель еңбектерінде де кездеседі, ол шаруашылықты еш түрге бөледі: экономия және хрематистика (баю, пайда таба білу шеберлігі). Оның түсіндіруі бойынша әкономикадан хрематистика пайда болады.

Көп ғасырлар бойы "экономия (ойкономия)" сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар феодалдық бытыраңқылыңты жеңу, орталықтандырылған мемлекеттердің бірлесуі үй шаруашылығьш жүргізу ережелері емес, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті.

Экономика – адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым. Экономика зерттейтін құбылыстардың мәні экономикалық категория мен экономикалық заңдарда көрсетіледі. Экономикалық категория дегеніміз – экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар. Экономикалық заңдар – бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланыс. Табиғи заңдарға қарағанда экономикалық заңдар тек қана жақындаса келе әрекет етеді; түрлі тенденция мен заңдылықтардың күресі арқылы көрінеді. Қолданылу мерзімі бойынша барлық заңдар жалпы және арнайы болып бөлінеді.

2) Экономикалық ғылым шеңберінде талдаудың екі деңгейін бөледі, бұл оның екі дербес бөлімге: микроэкономика мен макроэкономикаға бөлінуін қамтамасыз етеді.

Макроэкономика экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеужұмыспен қамтылуинфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді.

Микроэкономика (грек. mіkro – шағын және оіkonomіke – үй шаруашылығын жүргізу өнері) кәсіпкерлердіңкәсіпорындардыңтұтынушылардың мінез - құлқын бағалау мен зерттеуге негізделетін экономикалық талдау әдісі.Классикалық мектептің экономистері іргелі зерттеулер арқылы экономика ғылымының тармағы ретінде микроэкономикалық талдау жүргізді. Микроэкономиканың негізгі бөлімдері: тұтынушы теориясы; фирма және нарықтық құрылым теориясы; монополия мен бәсеке мәселелері; мемлекет пен жекеше сектордың өзара іс-қимылы мәселелері;еңбек рыногін талдау, табысты бөлу мәселелері.

3) Жеке меншік - жерге, жылжымайтын мүлікке, өндіріс құрал-жабдығына, ақшаға, бағалы қағаздарға, жұмыс күшіне, т.б. активтерге меншіктің негізгі нысандарының бірі; жеке адамның, фирмалардың оларды сатып алу, иелену, бақылау, мұраға қалдыру құқығы. Мұнда меншік объектілері жеке адамға, отбасыларына, адамдар тобына тиесілі болады. Корпоративтік, акционерлік, беймемлекеттік меншіктерді де жеке меншікке жатқызу дәстүрге айналған.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Экономика дегеніміз не?

2.​ Экономиканың қандай түрлері бар, айырмашылығын түсіндір?

3.​ Мемлекет арасындағы сауда-саттық қарым-қатынастарды экономиканың қай саласы реттейді?

4.​ Жеке меншікке не жатады?

V. Үй тапсырмасын беру: Экономика және жеке меншік

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 14

Күні:

Тақырыбы: Нарықтық экономика және ақша

Сабақтың мақсаты: Нарықтық экономиканың ең басты ажырамас, құрамдас бөлігі – ақшаның ерекшелегі туралы ақпарат беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Нарықтық экономика, ақша туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың іскерлік белсенділіктерін дамыту

Тәрбиелік: Экономикалық әрекетте пайда болатын қатынаста қоғамдық белсенділікке баулу.

Сабақтың түрі: топтық жұмыс, жаңа сабақ меңгеру

Сабақты ұйымдастыру әдісі: топтық

Көрнекілігі: тірек сызбалар, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Экономика ұғымы

2.​ Экономиканың екі үлкен саласы

3.​ Жеке меншік түсінігі

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Нарықтық экономиканың ерекшелігі

2.​ Нарықтық экономикада ақшаның маңызы

3.​ Ақша қызметтері

1.​ Нарықтық экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды.

2.​ Ақша (ағылш. money; cashнем. Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды.

Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т.б.) мал, ертедегі РусьтеСкандинавияда – аң терісіҚытайда – шайАбиссинияда – тұзатқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды.

3.​ Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін. Егер тауар мен ақшаның қарама–қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді. Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.

Оқушыларды 2 топқа бөліп, әр топ ақшаға өзіндік сипаттама берулері керек.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Қазіргі нарықтық экономикаға сипаттама бер.

2.​ Ақша мәнін қалай түсінесің?

3.​ Ақша не үшін қажет?

4.​ Ақшаның қызметі жайлы не білесің?

V. Үй тапсырмасын беру: Нарықтық экономика және ақша

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 15

Күні:

Тақырыбы: Қоғамның әлеуметтік құрылымы

Сабақтың мақсаты: Әлеуметтік құрылым туралы ақпарат беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Қоғамда әлеуметтік құрылымның қалыптасуы, дамуы туралы ақпарат беру.

Дамытушылық: Тұлғаның әлеуметтік мәнді сапасын қалыптастыру

Тәрбиелік: Әлеуметтік мәселені қозғай отырып, дамыту мақсатында оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция

Көрнекілігі: кесте, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Нарықтық экономиканың ерекшелігі

2.​ Нарықтық экономикада ақшаның маңызы

3.​ Ақша қызметтері

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.Әлеуметтік құрылымның басты элементтері

2. Әлеуметтік қауымдастықтар (топтар)

3. Әлеуметтік институттар

Қоғамның құрылымы өте күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.

Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтікқоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.

Бұл айтылғандарды сызбанұсқа түрінде былайша бейнелеуге болады.

Әлеуметтік құрылымның басты элементтері

Әлеуметтік қоғадастықтар деп, белгілі бір отақ белгілері бар, яғнм мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.

Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.

Әлеуметтік инстиуттар қоғамның, адасдардың қажеттілігінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігін полиция (милиция) институты пайда болды.

Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:

1) Экономикалық инстиуттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.

2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.

3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.

4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Әлеуметтік құрылым дегеніміз не?

2.​ Әлеуметтік қоғамдастықтың қандай түрлері бар?

3.​ Әлеуметттік институттарды қалай жіктейді?

V. Үй тапсырмасын беру: Қоғамның әлеуметтік құрылымы

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 16

Күні:

Тақырыбы: Қоғам және отбасы

Сабақтың мақсаты: Отбасының қоғамда алатын орны ерекше екендігін түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Қоғамның дамуына отбасының әсері жайлы жаңа мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың әлеуметтік санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту.

Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: жаңа сабақ меңгеру, баяндау

Көрнекілігі: оқулық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Әлеуметтік құрылымның басты элементтері

2. Әлеуметтік қауымдастықтар (топтар)

3. Әлеуметтік институттар

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1. Отбасы құрудың басты мақсаты.

2. Некеден тыс қалу және оның себептері мен салдары.

3. Отбасының тұрпаты.

4. Ерлі - зайыптылар арасындағы қарым - қатынас.

Отбасы - ерлі - зайыптылардың, ата - аналардың, балалардың және басқа туыстардың арақатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерінің жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік институт.

Отбасының бірнеше түрі болады.

Неке – отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің ерікті және тең одағы. Некеге отырған ерлі-зайыптылар бірі - бірінің алдында белгілі бір құқықтарға ие болады және міндеттер орындайды. Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың әрекеттері заңды болады.

Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы бойынша неке жасы ерлермен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленген.

Отбасын құру ұстанымдары.

o Ер мен әйелдің некелік одағының еріктілігі;

o Отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;

o Бөгде адамдардың отбасы ісіне араласуын болдырмау;

o Отбасының ішкі мәселелерін келісіп шешу;

o Балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына көңіл бөлу;

o Кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына көңіл бөлу;

o Отбасы мүшелері құқықтарының сот арқылы қорғалуының қамтамасыз етілуі;

o Отбасындағы салауатты өмір салтын қолдау;

o Отбасы мүшелерінің бір - бірінің қамын ойлауы;

Моногамды отбасы

Полигамды отбасы

Отбасы мынадай функция атқарады:

Бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету.

Баланы әлеуметтенуге, қоғамда өмір сүруге дайындау.

Отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, оқуға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен, тағы да басқа материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.

Көптеген адамдар «отбасы құрудың негізі - махаббат» деп есептейді. Дегенмен ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастарда жауапкершілік пен сенімнің де атқаратын рөлі аз болмаса керек.

Сенім – отбасы шеңберінде әрекет ететін азаматтық құндылықтардың маңыздылардың бірі. Сенім болған отбасының шаңырағы биік, босағасы берік болады.

Әмеңгерлік дегеніміз – дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі; күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі.

Атастыру - қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, қыз бен жігіт ата - аналарының өз балаларын бір - біріне үйлендіру жайында ақ ниет, жарқын үмітпен күні бұрын уәделесуі, жігіт атын қызға, қыз атын жігітке естіртуі.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Сөзжұмбақ

т о л ы қ

к е ң е й т і л г е н

м а х а б б а т

б а л а

с е н і м

м о н о г а м д ы

Сөзжұмбақ сұрақтары.

1. Ата - анасы және балалары бар отбасы.

2. Ата - анасы балаларынан басқа туыстары қосылып өмір сүріп жатқан отбасы.

3. Отбасын құрудың негізі.

4. 18 жасқа толмаған адам.

5. Отбасы шеңберінде әрекет ететін азаматтық құндылықтардың маңыздыларының бірі.

6. Бір әйел мен бір ердің некелік одағы.

V. Үй тапсырмасын беру: Қоғам және отбасы

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 17

Күні:

Тақырыбы: Ұлттар мен ұлтаралық қатынастар

Сабақтың мақсаты: Ұлттар түсінігі, олардың өзара қарым-қатынастарын атап өту.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Қоғамның дамуына отбасының әсері жайлы жаңа мәлімет беру.

Дамытушылық: Өзіндік ізденіске бағыттай отырып, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жат жерде жүрсе де өзінің тілін, дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытпай, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілікке, елдің біртұтастығын сақтап қалу үшін күресе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: дәріс, әңгіме

Көрнекілігі: тірек сызбалар, кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Отбасы құрудың басты мақсаты.

2. Некеден тыс қалу және оның себептері мен салдары.

3. Отбасының тұрпаты.

4.Ерлі - зайыптылар арасындағы қарым - қатынас.

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Этнос, этникалық қауымдастық және олардың формалары

2.​ Этностардың даму процестері.

3.Ұлтшылыдық және оның түрлері.

1.​ Этносэтникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).

Этникалық қауымдастықтардың негізгі формалары.

Қауымдастық түрі

Негізгі белгілері

Өмір сүру кезеңі

Ру

Қандас туысқандар тобы

Алғашқы қауымдық кезең.

Тайпа

Территориялық, шаруашылық, тіл бірлігіне байланысты біріккен рулардың жиынтығы.

Халық

Ортақ территориясына, шаруашылығына, тіліне, мәдениетіне қарай біріккен тайпалар жиынтығы.

Құлиеленушілік және феодалдық кезең.

Ұлт

Ортақ территориясына, экономикасына, ті-ліне , мәдениетіне, ұлттық танымына және белгілі бір мемлекетке бірігуіне байланыс-ты біріккен адамдар қауымдастығы.

Капиталистік кезең

2.​ Адамзаттың этникалық даму процеі өте күрделі және әрдайым жүріп отыратын процесс болып табылады. Яғни этностар пайда болады, бөлінеді, бірігеді, өркендейді және кейде жойылады да. Мысалы, финикийлер, скифтер және т.б сол сияқты ірі қауымдастықтар бір уақыттарда жойылып кетті. Ал қазіргі этностардың көбісі ерте заманнан ақ пайда болған. (мыс,армяндар б.э.д VI-IV ғ.ғ; грузиндер-б.э.д І-мыңжылдықта) Ал ағылшын (XVIғ.), орыс(XVII-XVIII ғ.ғ), неміс (ХІХ ғ.) және т.б ұлттар кейіннен пайда болды. Ал ХХ ғ. І-жартысында түрік, ХХғ. Ортасында австралиялық, ХХ ғ. ІІ-жартысында куба сияқты ұлттық қауымдастықтар пайда болды.

Этностардың бірігуіне мысал ретінде галлдардың, франктердің және т.б халықтардың француз ұлтына бірігуін айтуға болады.

Ал этникалық бөлінуге ежелгі русьтердің (XIV-XV ғ.ғ.) белорустарға, украиндарға және орыс ұлтына бөлінуін жатқызамыз.

Қазіргі кезде ұлттар мен халықтардың 2000-ға жуық түрлері бар. Әлемнің көптеген елдері көпұлтты болып келеді. Мыс, Қазақстанда 130-ға тарта, Қытайда 55, Индияда бірнеше жүздеген, Ресей федерациясында да жүзден аса ұлттар мен халықтар бар. Әлемдегі адамдардың ұлтаралық некелері, көшіп-қону миграциясы, мемлекеттердің көпұлттылығын көтере түседі.

3.​ Қазіргі қоғамдағы ұлттардың көптүрлілігі адамдардан, басқа ұлттармен қарым-қатынаста шыдамдылықты, мейірімділікті, ашықтықты талап етеді. Өйткені көпұлтты пәтерде бейбіт өмір сүру үшін өзіміздің көршілерімізбен тату-тәтті тұруымыз керек. Бірақ адамдардың кейбір бөліктері жалпыға ортақ бұл талаптармен санаспай, ұлтшылдыұ идеясын жоғары ұстайды.

Жаулаушы ұлтшылдық

Колониализм

Едәуір күшті мемлекеттердің басқа елдер мен халықтардың үстінен үстемдік жүргізуі. (территориясын басып алуы, ресурстарын пайдалануы)

Расизм

Адамдарды нәсіліне және ұлтына қарай “ жоғарғы нәсіл” және “төменгі нәсіл”-дерге бөлуі мен адамдардың құқықтарын олардың категорияларына қарай шектеуі.

Апартеид

Оңтүстік Африкадағы 1990 ж. дейін созылған нәсілдік сегрегация .(тұрғындарды нәсіліне,ұлтына,тіліне,т.б белгілеріне қарай төмендету)және дискриминация саясаты.(азаматтардың жынысына, нәсіліне,дініне қарай құқықтарын шектеу)

Антисемитизм

Еврейлерге қарсы бағытталған жаулық қарым-қатынас.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топ «жаулаушы ұлтшылдықтың» 1 түрін таңдап, талқылауы керек.

V. Үй тапсырмасын беру: Ұлттар мен ұлтаралық қатынастар

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 18

Күні:

Тақырыбы: Қоғамның саяси өмірі

Сабақтың мақсаты: Қоғамның саясат аясындағы тірщілгі жайлы мәлімет беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: саясат саласындағы адамның атқаратын қызметін оқып білу.

Дамытушылық: табиғи және қоғамдық үрдістерді алдын ала жорамалдау мүмкіндігін

арттыру.

Тәрбиелік:   Танымдылық қабілеті дамыған азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: баяндау

Көрнекілігі: оқулық, схема

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Этнос, этникалық қауымдастық және олардың формалары

2.​ Этностардың даму процестері.

3.​ Ұлтшылыдық және оның түрлері

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Қоғамның саяси жүйесі, түрлері

2.​ Саяси партияның қоғамдағы рөлі

3.​ Саяси режим

Қоғамның саяси жүйесі–бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған және қызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:

​ Еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады; өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде

o​ мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады;

o​ мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басып-жаншылып отырады;

o​ мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір саяси партия болады.

​ Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық-ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжірибесі мен идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау кампанияларына қатысу арқылы жаулап алуға тырысады; құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.

​ Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі–аралас түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді.

Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға

бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.

Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.

Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жиынтығы.

•​ Тоталитарлық Жалпы бақылау және күштеу

•​ Авторитарлық Қоғамдық өмір аясында

бақыланбайтын биліктің пайда болуы

•​ Либералды Билік тәуелсіз топтармен сұхбат

жүргізеді, оның нәтижесін анықтайды

•​ Демократиялық Билік заңды түрде сайланған

азаматтардың өкілдері

арқылы жүзеге асырылады

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Саяси партияның қоғамда алатын орны қандай?

2.​ Қоғамның саяси жүйесінің ерекшелігі

3.​ Саяси режимнің қандай түрлері бар?

4.​ Либералды режимның демократиялық режимнен айырмашылығы?

V. Үй тапсырмасын беру: Қоғамның саяси өмірі

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 19

Күні:

Тақырыбы: Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттің шығу тарихы, оның қоғаммен арақатынасы туралы ақпарат беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: мемлекет дегеніміз не, тарихы жайлы оқушыларға бірлім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция

Көрнекілігі: оқулық, схема

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Қоғамның саяси жүйесі, түрлері

2.​ Саяси партияның қоғамдағы рөлі

3.​ Саяси режим

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Мемлекет ұғымы мен белгілері

2.​ Мемлекеттік органдар

3.​ Мемлекет нысанының түсінігі

4.​ Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы

1.​ Мемлекет–бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы. Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады:

​ Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік–бұл шенеуніктер, әскер, полиция, түрме мен басқа да мекемелер.

​ Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.

​ Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.

​ Егемендік. Бұл мемлекетке тән  өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.

​ Құқықтың болуы.  Мемлекет  құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.

2.​ Мемлекеттік орган– бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме.Мемлекеттік органдардың түрлері:

​ Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысанына қарай мемлекет органдары өкілдік, атқарушылық, сот, прокурорлық және басқа да бақылаушы-қадағалаушы органдар болып бөлінеді.

​ Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы бойынша– заң шығарушы, атқарушы және сот органдары.

​ Қызметінің құқықтық нысандары бойынша– құқықшығарушы, құқыққолданушы және құқыққорғаушы органдар.

​ Бағыныстылық деңгейіне байланысты–республикалық және жергілікті органдар.

​ Өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты–тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады).

​ Құзіретінің сипатына қарай–жалпы (мысалы, Үкімет) және арнайы(мысалы, министрлік) құзіретті органдар.

3.​ Мемлекет нысаны–бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан  құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.

Басқару нысаны

Мемлекеттік құрылым нысаны

1.​ Монархия

a.​ Абсолюттік

b.​ Өкілдік

2.​ Республика

a.​ Президенттік

b.​ Парламенттік

1.​ Унитарлы

2.​ Федерация

3.​ Конфедерация

4.​ Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ мемлекет ұғымына анықтама бер

2.​ мемлекеттік органдарың қандай түрлері бар?

3.​ Мемлекеттің басқару нысанына не жатады?

4.​ Мемлекеттік құрылым нысанының түрлерін анықта.

5.​ Мемлекет пе, әлде қоғам ерте пайда болды ма?

V. Үй тапсырмасын беру: Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 20

Күні:

Тақырыбы: Азаматтық қоғам

Сабақтың мақсаты: Азаматтық қоғам түсінігі, құрылымы, белгілеріне тоқтала отырып, түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Азаматтық қоғам туралы жалпылама жаңа мәлімет беру.

Дамытушылық: Тұлғаның қоғамдық мәнді сапасын қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушыны қазіргі заманға сай бейімдеп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция, семинар

Көрнекілігі: оқулық, схема

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Мемлекет ұғымы мен белгілері

2.​ Мемлекеттік органдар

3.​ Мемлекет нысанының түсінігі

4.​ Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Азаматтық қоғамның түсінігі

2.​ Азаматтық қоғам құрылымы

3.​ Азаматтық қоғамның негізгі белгілері

1.​ Азаматтық қоғамң түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам–бұл олардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы институттары мен қатынастарының жиынтығы.

2. Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:

1) мемлекеттік емес, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);

2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);

3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;

4) саяси партиялар мен қозғалыстар;

5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;

6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;

7) отбасы;

8) шіркеу және т.б.

3. Азаматтық қоғамның белгілері:

​ адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;

​ өзін-өзі басқару;

​ оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;

​ еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;

​ жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;

​ өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);

​ экономиканың көпжақтылығы;

​ биліктің заңды және демократиялық сипаты;

​ құқықтық мемлекет;

​ адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ азаматтық қоғам құрылу маңыздылығын түсіндір.

2.​ Құқық азаматтық қоғамда басты орын ала ма?

3.​ Қай ғалымдар азаматтық қоғам туралы пікір айтқан?

V. Үй тапсырмасын беру: Азаматтық қоғам

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 21

Күні:

Тақырыбы: Қоғамның рухани өмірі

Сабақтың мақсаты: Қоғамды рухани жағынан қарастыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Адамзаттың руханилық қасиеті жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту.

Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: әңгіме

Көрнекілігі: оқулық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Азаматтық қоғамның түсінігі

2.​ Азаматтық қоғам құрылымы

3.​ Азаматтық қоғамның негізгі белгілері

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Қоғамның рухани өмірінің ерекшелігі

2.​ Рухани қызмет

3.​ Қоғамның рухани қажеттіліктері мен тұтыну

1.​ Қоғамның рухани өмірі – қоғамның өмір сүруі мен қызмет етуінің маңызды жағы болып табылады. Егер де, ол бай мазмұнға ие болатын болса, онда адамдардың өміріне қолайлы рухани жағдай, тиісті моральдық-психологиялық климат қалыптасады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнына оның нақты адамилық мәні айқындалады. Өйткені руханилық тек қана адамға тән және оны басқа тіршілік иелерінен ажырататын, табиғаттан жоғары қоятын қасиет.

Қоғамның рухани өмірі өте күрделі ұйымдасқан. Ол адам санасының әр түрлі көріністерімен, олардың ойлары мен сезімдерімен шектелмейді, бірақ, олардың санасы рухани өмірдің өзегі, тірегі деуге толық негіз бар. Қоғамның рухани өміріне келесі негізгі элементтерді жатқызуға болады:

​ а) тиісті рухани құндылықтарды өндіру мен тұтынуға бағытталған адамдардың рухани қажеттіліктері;

​ б) рухани құндылықтар;

​ в) рухани қызмет;

​ г) тұтас рухани өндіріс жүйесі;

​ д) рухани тұтыну;

​ е) рухани қатынастар.

2.​ Рухани қызмет рухани өмірдің негізін құрайды. Оны сананың қызметі ретінде қарастыруға болады, оның барысында адамдардың табиғи және әлеуметтік құбылыстар жөнінде бір ойлары мен сезімдері, ұғымдары мен түсініктері қалыптасады. Мұндай қызметтің нәтижесі ретінде адамдардың дүние туралы белгілі бір

​ көзқарастарын,

​ ғылыми идеялары мен теорияларын,

​ моральдық,

​ эстетикалық және діни ой-пікірлерді қарастыруға болады.

Бұлардың бәрі тиісті моральдық принциптер мен мінез-құлық номаларында, халықтық және кәсіби өнер туындыларында, діни жол-жора, салт-дәтүрлерде және т.б. көрініс табады. Рухани қызметтің нәтижесінде тиісті рухани игіліктер немесе құндылықтар қалыптасады. Рухани құндылықтарға адамдардың кез келген көзқарастарын, ғылыми идеяларды, гипотезалар мен теорияларды, көркем туындыларын, моральдық және діни сананы, адамдардың рухани қарым-қатынасын дәне сананың негізінде қалыптасатын моральдық-психологиялық жағдайды жатқызамыз. Рухани құндылықтарды тарату, тұтынушыға дейін жеткізу рухани қызметтің ерекше бір түрі болып саналады. Бұл, олардың сауаттылығы мен рухани мәдениетін арттырудағы өте маңызды әрекет. Осыған байланысты қоғамдағы білім беру мен тәрбие мәселесі, ғылым және мәдениет мекемелерінің қызмет етуі дұрыс жолға қойылу керек.

3.​ Адамдарды рухани қызметпен айналысуға итермелейтін негізгі күш – рухани қажеттіліктер. Соңғылар, адамды рухани шығармашылықпен айналысуға, рухани қүндылықтарды жасау мен тұтынуға, рухани қарым-қатынасқа бағыттайды, соған жол ашады. Рухани құндылықтар мазмұны жағынан объективті болып табылады. Өйткені олар өмірдің өзінен туындайды және адамдардың қоршаған дүниені рухани тұрғыдан игерудегі объективтік қажеттілігін айқындайды. Сонымен бірге, рухани қажеттіліктер формасы жағынан субъективті болып келеді, өйткені, олар адамдардың ішкі дүниесінің, қоғамдық және жекедаралық санасы мен өзіндік санасының көріністері ретінде байқалады.

Қоғамның рухани өмірінің келесі маңызды элементі – рухани тұтыну. Сөз рухани игіліктерді тұтыну туралы болмақ. Рухани игіліктерді тұтыну арқылы адамдар өздерінің рухани қажеттілктерін қанағаттандырады. Рухани тұтынудың нәрселері (өнер туындылары, моральдық, діни және т.б. құндылықтар) тиісті қажеттіліктерді туғызады. Сондықтан қоғамның рухани мәдениетінің нәрселері мен көріністерінің көп болуы адамның әр түрлі рухани қажеттіліктерінің қалыптасуының маңызыды алғышарты болып табылады. Рухани тұтыну процессі әр қилы жүзеге асады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Қоғамның рухани құндылықтары жайлы әңгімелесу.

V. Үй тапсырмасын беру: Қоғамның рухани өмірі

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 22

Күні:

Тақырыбы: Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі

Сабақтың мақсаты: Қоғамда маңызды орын алатын білім мен ғылымға анықтама беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Білім мен ғылым адамның өміріндегі маңызды элементтер екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Қоғамдық мәселелерді негізге ала отырып, бірлестікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: дәріс

Көрнекілігі: оқулық, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Қоғамның рухани өмірінің ерекшелігі

2.​ Рухани қызмет

3.​ Қоғамның рухани қажеттіліктері мен тұтыну

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Білім мазмұны, құрылымы

2.​ Ғылым түсінігі, функциялары

3.​ Ғылыми-білімнің маңыздылығы

1.​ Білім - өлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.

Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді. И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".

Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.

Білім мазмұнының түрлері:

​ күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;

​ көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;

​ болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;

​ белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;

​ ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;

​ әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.

2.​ Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.

Ғылым - жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бул түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді.

Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:

1) түсіндіру - табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;

2) жүйелеу - жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу;

3) суреттеу - қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету;

4) болжам жасау - дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;

5) қорытынды жасау - табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;

6) жаңалық ашу - табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;

7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру - алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;

8) дүниетанымдық - алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Білім ұғымын қалай түсінесің?

2.​ Білім мен ғылым қоғамға не үшін қажет?

3.​ Ғылыми-білімнің маңыздылығы неде?

V. Үй тапсырмасын беру: Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 23

Күні:

Тақырыбы: Діннің қоғамдағы рөлі

Сабақтың мақсаты: Діннің адамзат өмірінде алатын орны, құрамдас бөлігі ретінде қарастыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Дін түсінігі, түрлері туралы ақпарат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша тұжырым жасай алу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Діннің принциптерімен таныстыра отырып, тәртіптілікке баулу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: дәріс

Көрнекілігі: оқулық, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Білім мазмұны, құрылымы

2.​ Ғылым түсінігі, функциялары

3.​ Ғылыми-білімнің маңыздылығы

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Дін ұғымы

2.​ Дін және мәдениеттің арақатынасы

3.​ Діннің басты мақсаты

1.​ Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Дін — дүниегекөзқарастың шындық дүниені бұрмалап бейнелендіруші формасы. Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі де дүниегекөзқарастың қоғамдық тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда олардың бір – бірінен айырмашылықтары да орасан зор. Мыңдаған жылдар бойы терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың саны болмашы ғана болды. Философиялық пайымдауға ақыл – ой бостандығы тән. Діни көзқарас үстем болған ол жылдарда өздігінше еркін пайымдау жасауға тек тиісті білімі бар, ақыл – ойы жетік, рухани жағынан табанды адамдар ғана адамдар қабілетті болды. Ал адамдардың басым көпшілігінің дүниеге көзқарасы дін мен мешіт, шіркеу тағайындаған түсініктерден, адмгершілік мінез – құлық талаптарынан тыс шыға алмады. Тек білім мен мәдениет өскен , ғылыми прогресс іске асқан соңғы екі – үш ғасырда ғана философиялық көзқарас, зерттеулур кеңінен тарай бастады.

2.​ Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.

3.​ Діннің басты мақсаты — адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және кінәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім — оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді (қ. Ислам). Діни тұрғыдан, дін — бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ дін адамға не үшін қажет?

2.​ Діннің қандай әлемдік түрлері бар?

3.​ Діннің басты мақсаты қандай?

V. Үй тапсырмасын беру: Діннің қоғамдағы рөлі

VI. Бағалау.

9-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: №24. Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

ІІ тарау тақырыптарын қорытындылау.

Сабақтың міндеттері:

​ Қоғам және оның әртүрлі салалармен арақатынасы туралы тақырыптарын қайталау.

​ Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту

​ Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: әңгіме, пікіраламасу

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

​ Оқу құралын тексеріп түгелдеу

​ Әнұран орындау, «Хабар»

​ Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.​ Дін ұғымы

2.​ Дін және мәдениеттің арақатынасы

3.​ Діннің басты мақсаты

Жаңа сабақтың жоспары:

1.​ Қазіргі нарықтық экономикаға сипаттама бер.

2.​ Ақша мәнін қалай түсінесің?

3.​ Қоғам қажеттіліксіз экономикалық салада дамымаушы еді – тұжырымдамасына келісесіңдер ме?

4.​ А.Маслоу қажеттілік пирамидасын түсіндіріп бер.

5.​ Экономика дегеніміз не?

6.​ Әлеуметтік құрылым дегеніміз не?

7.​ Саяси партияның қоғамда алатын орны қандай?

8.​ Қоғамның саяси жүйесінің ерекшелігі

Сабақты бекіту:

​ Иә-жоқ

​ Пресс конференция

​ Ой қозғау.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді




Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: ІІ тарау материалдарын қайталау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 25

Күні:

Тақырыбы: Құқық түсінігі. Құқықтың қайнар көздері

Сабақтың мақсаты: Құқықтың қоғамда алатын орны жайлы ақпарат беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру арқылы оқушылардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру..

Дамытушылық: Қылмыстың қоғамға қауіпті салдарын ұғындыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: презентация

Көрнекілігі: оқулық, слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІ тарауды қайталау

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

5.​ Құқық түсінігі

6.​ Құқық жүйесі

7.​ Құқықтың қайнар көздері

1.​ Құқық–бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен  кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Әлеуметтік нормалар дегеніміз не?

2.​ Құқық дегеніміз не?

3.​ Құқық саяси өмірде қандай рөл атқарады?

4.​ Құқық пен заң арасында қандай байланыс бар?

V. Үй тапсырмасын беру: Құқық түсінігі. Құқықтың қайнар көздері

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 26

Күні:

Тақырыбы: Құқық және заң

Сабақтың мақсаты: Құқық пен заңға түсінік беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Құқық, заң терминдері туралы жаңа мәлімет беру.

Дамытушылық: Құқықтық тәртіпке бейімдеп, ұқыпты тұлға қалыптастыру.

Тәрбиелік: заңдылық негізде іс-әрекеттеріне жауап бере алатын азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: топтық жұмыс

Көрнекілігі: оқулық, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Құқық түсінігі

2.​ Құқық жүйесі

3.​ Құқықтың қайнар көздері

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Құқық мәні, қағидалары

2.​ Құқық саласы

3.​ Заңдардың түсінігі, белгілері және түрлері

1.​ Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден, нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.

Құқықтың мәнің қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:

1) формадьдық кез-келген құкықтың ең алдымен реттеуші екендігі;

2) мазмұндық - осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:

​ таптық-бұныңшегінде құқық экономикалық үстемдікқұрушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады..

​ жалпы әлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.

2.​ Құқық саласы – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтің заң нормаларының жиынтығы. Құқық субъектілерін құқықтық жағдайын реттейтін , құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру тәсілдері және құқықтық нормалары жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік – құқықтық шараларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады.

Құқық салаларының түрлері:

1) негізгі салалар: - бұлар басты құқықтық режимдері қамтиды, жалпы алғанда, құқық салалары жүйесінің ең басында конституциялық құқық, одан кейін материалдық құқықта азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқықтар және лоарға сәйкес іс жүргізушілік салалар – азаматтық іс жүргізушілік, қылмыстық іс жүргізушілік және әкімшілік іс жургізушілік қүқықтары орналасқан;

2) арнайы салалар; бұларда құқықтық режимдер қоғамның ерекше сфераларына бағытталған: еңбек құқығы, жер құқығы, қаржылық құқық, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, обасы құқығы түсу – еңбек құқығы;

3) кешеңді салалар; бұларға негізгі және арнайы олардың әртүрлі институттарының бірігуі тән: шаруашылық құқық экологиялық құқық, прокурорлық қадағалау теңіз құқығы.

3. Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртәпте қабылданған халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.

Заңға сәйкес актілер – бұл заң нормаларынан құралған, заңдарын негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады:

​ Президентің құзіреті шегіне қабылданған жарлықтар мен өкімдер,

​ Парламенттің құзіреті шегінде қабылданған қаулылар мен өкімдер:

​ мемлекеттік аумақтық және жергілікті органдарын (өкілдік органдар мен әкімшілік оргадар) актілері – мемлекеттік билік пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайды және осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады;

​ ведомстволық актілер – белгілі бір органның күзіреті шегінде қабылданады және осы ұжымның мүшелеріне таралады.

Заңның түрлері

Конституция – бұл басқарудың және мемлекеттік құрылымның нысаның сот әділдігі жұйесін анықтайтын, конституциялық құрылымы, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт

Конституциялық заңдар – Конституциямен көзделген және онымен байланысты мәселелерге қатысты қабылданады

Жай заңдар – бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси әлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

«Жалғасын тап» деп аталатын топтық ойын.

•​ Тура биде туған жоқ,

(Туғанды биде иман жоқ)

•​ Дау мұраты

(біту)

•​ Жігіттің құны- жүз жылқы,

(Ары- мың жылқы)

•​ Қылмыскер кісіден қорықпайды,

(ісінен қорқады)

•​ Заңның құрығы

(бәрінен ұзын)

•​ Әділ істің

(арты игі)

•​ Сөз шынына тоқтайды,

(Пышақ қынына тоқтайды)

•​ Атаның баласы болма,

(Адамның баласы бол)

V. Үй тапсырмасын беру: Құқық және заң

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 27

Күні:

Тақырыбы: Құқықбұзушылық және заң алдындағы жауапкершілік

Сабақтың мақсаты: Құқықбұзушылық салдары мен оған жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіру

Сабақтың міндеті:

Білімділік: құқықбұзушылық, заңды жауапкершіліктің мәнін ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың құқықтық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту.

Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: дәріс

Көрнекілігі: оқулық, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Құқық мәні, қағидалары

2.​ Құқық саласы

3.​ Заңдардың түсінігі, белгілері және түрлері

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1. Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері.

2. Құқықбұзушылықтың заңды құрамы.

3. Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және қағидалары.

4. Заңды жауапкершіліктің түрлері.

Құқықбұзушылық–бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Құқықбұзушылықтың белгілері:

​ әрекет немесе әрекетсіздік;

​ кінә;

​ құқыққа қайшылығы;

​ зиянды нәтиже;

​ әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс;

​ заңды жауапкершілік.

Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар

Қылмыстар. Бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар. Құқықбұзушылықтардың басқа түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңмен аталған қылмыстық әрекеттердің тізімі нақты анықталған және олар кеңейтілген  түсінуге жатпайды. Қылмысты жасау жазалауды көздейді.

Теріс қылықтар. Әлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген.

Заңды жауапкершілік–бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін:

​ а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру);

​ ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл);

​ б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ құқықбұзушылықтың негізгі белгілерін ата.

2.​ Құқықбұзушылықтардың қандай түрлері бар?

3.​ Құқықбұзушылықтың заңды белгілерін атап бер

4.​ Заңды жауапкершілік ретінде қандай шаралар қолданылады?

5.​ Қандай заңды жауапкершілік түрлері бар?

V. Үй тапсырмасын беру: Құқықбұзушылық және заң алдындағы жауапкершілік

VI. Бағалау.

Пән: Адам.Қоғам.Құқық.

Сынып: 9А

Сабақ: 28

Күні:

Тақырыбы: Конституция – мемлекеттің негізгі заңы

Сабақтың мақсаты: ҚР Конституциясы - ата заң болып табылатын ең басты заңнама екендігін түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Қоғамдық заңдар мен нормаларын орындауға құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Көрнекілігі: слайдтар, ҚР Конституциясы 1995ж 30тамыз
Сабақты ұйымдастыру әдісі: презентация

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу;

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері.

2. Құқықбұзушылықтың заңды құрамы.

3. Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және қағидалары.

4. Заңды жауапкершіліктің түрлері.

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1. Конституция - мемлекеттің Негізгі заңы.

2. 1993жылғы Конституция
3. 1995жылғы Конституция
4. Құрылымы мен мазмұны

1. Конституция –қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндетін айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы
1991жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі”Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы “Конституциялық заң қабылдады
2.1993жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі –заңы –Конституциясы қабылданды. 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы жаңа Koнcтитуцияға ие болды. Бірінші Конституция экономикалық және саяси реформа құрылымының негізін қалап, жеке меншік институтының заңдылығын жариялады, қысқасы, ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздік құрылысының құқықтық негіздерін белгіледі. Дегенмен аталмыш Конституцияда қазақстандық қоғамның біркелкі еместігі жөніндегі талас тудыратын тұжырымдар көрініс тапты.

«Еліміздің алғашқы Конституциясы 1993 жылдың қаңтар айында күшіне енген бойда-ақ, кемшіліктерін, әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістің шын ахуалынан аулақ жатқандығын көрсетті. Желпіністің желі тез ыдырады. 1993 жылғы Конституция егемен Қазақстанды құрудың күнбе-күнгі қарапайым да ауыр қызметіне Құқықтық негіз бола алмайтындығын аңғартты».
3.1995 жылдың 30 тамызындағы республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Оған азамат және адамның азаттығы мен құқығы — ең бірінші негіз етіп алынды. Жаңа қабылданған Негізгі заңда атқарушы, заң шығарушы және сот өкіметінің функциялары нақты атап көрсетіліп, олардың өзара қарым- қатынасы белгіленді.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 тарау 98 баптан тұрады:

​ 1) Жалпы ережелер (1-9 баптар)

​ 2) Адам және азамат (10-39 баптар)

​ 3) Президент (40-48 баптар)

​ 4) Парламент (49-63 баптар)

​ 5) Үкімет (64-70 баптар)

​ 6) Конституциялық кеңес (71-74 баптар)

​ 7) Соттар және сот төрелігі (75-84 баптар)

​ 8) Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару (85-89 баптар)

​ 9) Қорытынды және өтпелі ережелер (90-98 баптар)

IV. Жаттығу жұмыстары.

Жаңа сабақты бекіту.

1 тапсырма Сөйлемді толықтырыңыз
Қазақстан Республикасы өзін .........., ......., ........, ........, мемлекет ретінде орнықтырады, және оның ең қымбат қазынасы -........, 
......................, ............. мен ..........
2 тапсырма Сызбаны толтыр
Конституция тараулары

3 тапсырма Тарихқа саяхат
1“Қасым ханның қасқа” жолы неше бөлімнен тұрды?
2.Қасым ханнан кейін құқықтық жүйені дамытуға үлес қосқан хан.
3.Тәуке ханның “Жеті жарғысында”қандай жаңа құқықтық ережелер болды?

4 тапсырма
Мәліметтерді сәйкестендіріңіз
1995жыл Қазақстан Республикасының Конституциясы
қабылданды

2007жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі
туралы заңы қабылданды

1991 жыл Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар
Енгізілді

V. Үй тапсырмасын беру: Қазақстан Республикасының құрылымы
мен мазмұны (түсінік айту, конституцияның қандай бөлімдерден
тұратынын дәптерге жазу).

VI. Бағалау.

Пән: Адам .Қоғам. Құқық.

Сынып: 9А

Сабақ: 29

Күні:

Тақырыбы: Мемлекеттік биліктің конституциялық органдары. Президент. Парламент. Үкімет.

Сабақтың мақсаты: ҚР-ның мемлекеттік биліктің конституциялық органдарымен оқушыларға таныстыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік. Мемлекеттік биліктің конституциялық органдары жүйесін анықтай отырып, оқушыларға білім беру.
Дамытушылық: Құқықтық болжам жасай алу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Қоғамның құқықтық белсенді мүшесі болуға баулу.
Сабақ түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, түсіндіру.
Көрнекіліктер: тірек сызба, Конституция құжаты.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу;

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Конституция - мемлекеттің Негізгі заңы.

2. 1993жылғы Конституция
3. 1995жылғы Конституция
4. Құрылымы мен мазмұны

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ ҚР мемлекеттік билік органдарының конституциялық жүйесі

2.​ Президенттің мемлекеттегі ерекшелігі

3.​ Парламент, Үкіметтің мәні

1.​ 

2.​ Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді. ҚР-сы Президенті:

​ халық пен мемлекеттік биліктің,

​ Конституцияның мызғымастығының,

​ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президентіне қойылатын талаптар:

​ Қазақстанда соңғы 15 жыл бойы тұру қажеттігі

​ мемлекеттік тілді еркін меңгерген азамат

​ 40 жасқа толған азамат және т.б.

Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды.

Бұл шеткеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.

Президенттің кезекті сайлауы заңға сәйкес желтоқсанның бірінші сәрсенбісінде өткізіледі.

3.​ Қазақстан Республикасы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады

Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланады.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғаз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.



Қазақстан Республикасы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы болып табылады. Ол сонымен бірге еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын, жалпы құзыреттерге ие алқалы орган болып есептеледі.

IV. Жаттығу жұмыстары.

Жаңа сабақты бекіту.

«Блиц-турнир» сұрақтары:

1.​ Азаматтың Конституциялық міндеті дегеніміз не?

2.​ Президенттің негізгі міндеті қандай?

3.​ Парламент неше палатадан тұрады?

4.​ ҚР-да қанша министрліктер бар?

5.​ Республикалық салық төлеу мөлшерін және оны жинауды кім жүргізеді?

6.​ Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз не?

7.​ Кім жылдам азаматтардың негізгі міндеттерін атап шығады.

8.​ Конституциялық кеңес мемлекетте қандай рөл атқарады?

V. Үй тапсырмасын беру: Мемлекеттік биліктің конституциялық органдары. Президент. Парламент. Үкімет.

VI. Бағалау.

Пән: Адам .Қоғам. Құқық.

Сынып: 9А

Сабақ: 30

Күні:

Тақырыбы: Қазақстандық құқық салалары. Азаматтық құқық..

Сабақтың мақсаты: ҚР құқықтық салаларының түрлерін анықтау, азаматтық құқық саласына түсінік беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама беру.
Дамытушылық: Ойын көмегімен өз білгендерін ортаға сала білу, саяси құқықтар жөнінде білімдерін, қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Конституция міндеттерін құрметтеуге және орындауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: баяндау
Көрнекіліктер: схема

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу;

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ ҚР мемлекеттік билік органдарының конституциялық жүйесі

2.​ Президенттің мемлекеттегі ерекшелігі

3.​ Парламент, Үкіметтің мәні

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Азаматтық құқық: жалпы сипаттама, жүйесі, қатынастары.

2.​ Заңды тұлғалар

3.​ Меншік құқығы ұғымы, түрлерi және нысандары

1.​ Азаматтық құқық – құқықтың тауарлық-ақшалай қатынастарды жеке қатысушылардың мүлiктiк қатынастарының теңдiгiне негiзделген, сондай-ақ байланысты, жеке мүлiктiк емес басқа да қатынастарды реттейтiн саласы, нормалардың жиынтығы.

2.​  Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

3.​ Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заңдылықтар арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған иелiк ету құқығы. Иелену құқығы дегенiмiз мүлктi iс жүзiне иеленудi жүзiге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету. Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.

Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде танылады. Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.

IV. Жаттығу жұмыстары.

Жаңа сабақты бекіту.

Оқушыларды «Тобыңды тап» ойын көмегімен топтарға бөлу. Оқушылар, біздің тарихымызда, өз заманында заңдар жинақтарын шығарған хан бабаларымыз өткен. Қазір сендер кезек – кезек сол хандар есімін оқып, есте ұстап отырасыздар.

Шыңғыс хан Ең соңында Шыңғысхандар «А» сілтемесі тұрған столға,

Қасым хан Қасымхандар «Б» сілтемесі тұрған столға,

Есім хан Есімхандар «В» сілтемесі тұрған столға,

Хақназар хан Хақназар аталғандар «Т» столына,

Тәуке Тәуке хан ұрпақтары «Д» столына,

Назарбаев Назарбаев министрлері «Е» столына отырады.

«Брейн-ринг» ойыны

Әр столда 5 оқушыдан отырады.

Бір оқушы – жүргізуші

Қалған оқушыларға 2 сұрақтан беріледі.

Жүргізуші тексеріп отырады.

І-деңгей сұрақтары:

1) Біріккен Ұлттар Ұйымы қашан құрылды? Қабылдаған маңызыд құжаты?

2) Өмір сүру құқығы нешінші бап? Қалай жазылған?

3) Саяси құқықтарды ата.

4) Дауыс беруге қандай жағдайда қатыса алмайды?

ІІ-деңгей сұрақтары:

1.​ Мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығы қай бапта айтылған және түсіндір.

2.​ Бейбіт жиналыстарға қатысу, митингілерге, ереуілдерге қатысу бостандығы дегеніміз не?

3.​ Қоғамдық бірлестіктер құру құқығын түсіндір.

4.​ Сөзге, сенімге, ойды еркін айтуға бостандық құқығын түсіндір.

V. Үй тапсырмасын беру: Қазақстандық құқық салалары. Азаматтық құқық..

VI. Бағалау.

Пән: Адам .Қоғам. Құқық.

Сынып: 9А

Сабақ: 31

Күні:

Тақырыбы: Әкімшілік құқық түсінігі. Әкімшілік жауапкершілік

Сабақтың мақсаты: Қоғамда тәртіп сақтау негізінде әкімшілік құқықтың алатын орнын сипаттау.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Әкімшілік құқық ұғымы, реттеу әдістері, әкімшілік жауапкершілік туралы ақпарат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың бойында құқықтық ойлау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Нарықтық заманға сай бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: әңгіме, ойын
Көрнекіліктер: тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу;

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Азаматтық құқық: жалпы сипаттама, жүйесі, қатынастары.

2.​ Заңды тұлғалар

3.​ Меншік құқығы ұғымы, түрлерi және нысандары

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Әкімшілік құқық: түсінігі, пәні мен жүйесі

2.​ Әкімшілік құқықтың реттеу әдістері

3.​ Әкімшіліқ құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік

1.​ Әкімшілік құқық Қазақстан құқығының іргелі саласы болып табылып, конситуциялық және азаматтық құқықтармен қатар қоғамдық қатынасты реттеуде жетекші орын алады. Әкімшілік құқық дегеніміз - мемлекеттің мүддесі қорғалатын және танылатын көпшілік құқықтың нормалары. Әкімшілік-құқық қатынас қатысушыларының бірі болып әрқашан мемлекеттік –билік өкілеттілігіне бөліп берілген мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) кіреді (қатысады ). Сол себепті әкімшілік-құқық қатынас ереже бойынша әрқашан теңсіздік субординация қатынасы, оның бір жағы- мемлекеттік –билік өкілеттілігіне бөліп берілген орган басқарушы(басқару субъектісі) ретінде, ал басқасы басқарылушы (басқару объектісі) ретінде кіреді (қатысады).

2.​ 

3.​ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар(теріс қылық) деп мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіп, меншік, азаматтардың бостандығы мен құқығы, құқыққа қайшы басқарудың белгіленген тәртіптері , айыпты (қасақана немесе абайсыз) әрекеттілік немесе әрекетсіздіктертанылып, осылардың бәріне заң тұрғысынан әкімшілік жазаға тарту қарастырылған.

Әкімшілік жауапкершілік- бұл заңды жауапкершілік түрі, ол жасаған әкіммшілік құқық бұзушылығы үшін мемлекеттік-биліктік сипатынан белгілі бір айыру претерпевать тұлғаның міндетін анықтайды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

әр сұрақ бойынша жасырын сөздерді табу.

•​ Двакато- азаматтар мен ұйымдарға заң мәселелері бойынша консультациялар мен түсініктемелер, заңдар жөнінде анықтама береді.

•​ Иваз- әр мемлекеттің аймағына кіруге және шығуға немесе өтуге берілетін рұқсат.

•​ Инзцялеи-мемлекет құзырлы органның экспорттық не импорттық тауарларды әкелуге немесе әкетуге, сондай- ақ патентке өнертапқыштыққа тауар белгісін пайдалануға беретін арнайы рұқсатнама.

•​ Енцрауз- бұқаралық ақпарат құралдарының және оларда жарияланатын кейбір материалды немесе мәліметтермен деректі шектеу не тыйым салу.

•​ Цакия- бағалы қағаз.

•​ Аңзегр- арнайы заң оқу- орындарының құқықтану немесе заңтану саласын бітірген маман.

Дұрыс жауаптары:

•​ Двакато- адвокат

•​ Иваз- виза

•​ Инзцялеи- лицензия

•​ Енцурауз- цензура

•​ Цакия- акция

•​ Азңегр-заңгер

V. Үй тапсырмасын беру: Әкімшілік құқық түсінігі. Әкімшілік жауапкершілік

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық.

Сынып: 9А

Сабақ: 32

Күні:

Тақырыбы: Еңбек құқығының негізгі түсініктері

Сабақтың мақсаты: Еңбек құқығының мәні мен түсінігі туралы жалпылама анықтама беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Еңбек құқығының түсінігі, қағидаттары, жүйесі жайлы мәлімет беру.
Дамытушылық: Экономикалық білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Құқықтық мәселелерді негізге ала отырып, бірлестікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция
Көрнекіліктер: тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу;

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Әкімшілік құқық: түсінігі, пәні мен жүйесі

2.​ Әкімшілік құқықтың реттеу әдістері

3.​ Әкімшіліқ құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Еңбек құқығы ұғымы, әдістері

2.​ Еңбек құқығының қағидаттары

3.​ Еңбек құқығы қайнар көздері

1.​ Жалпылама алғанда еңбек құқық дегеніміздің өзі – меншгі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық категориясының жалдамалы еңбекке байланысты қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін құқықтың жеке саласы.

Қазіргі кезенде Қазақстан Республикасында еңбектік-құқықтық қатынастарды реттеудің 4 негізгі әдісі пайдаланылады:

​ еңбек жағдайларын орталықтан мемлекеттік реттеу мен жергілікті жерде , яғни сол кәспорын , мекеме , ұйымның ішіндегі ережелрмен реттеуді үйлестіру әдісі .

​ еңбектік-құқықтық қатынастырдың шарттық түрде ғана пайда болуы , өзгеруі және жойылуы .

​ еңбек қатынастарын реттеуде еңбек ұжымдарын және кәсіподақ ұйымдарын қатыстару .

​ өзара міндеттемелерді орындау мен еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етудің ерекше тәртібі

2.​ Еңбек құқығы қағидалары дегеніміз-қазіргі заңдылықта бекітілген , еңбек құқығының нормаларының мәнін және еңбек саласын құқықтық реттеуде мемлекеттің негізгі бағыттарын білдіретін негізгі бастамалар .

Еңбектік-құқықтық қатынастарды реттеуде басшылыққа алатын қағидалар өзге құқық салаларына тән екі топқа бөлінеді

​ біріншісі –салааралық, яғни басқа құқық салаларына да қатысты қағидалар

​ екіншісі –салалық, яғни нақты еңбек құқығының қатынастарын ғана реттейтін қағидалар

Қазіргі кезендегі еңбек құқығы саласының қағидалары мынадай үш топқа бөлінеді

​ Еңбек нарығын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттің саясатын білдіретін қағидалар. Бұларға еңбек ету бостандығы мен еңбек шартына кіру бостандығы жатады .

​ Жұмысшылардың, қызметкерлердің еңбек жағдайларын бекітуде басшылыққа алынатын қағидалар. Бұларға еңбек жағдайларының барлық жұмысшыларға ортақтығы қағидасы, яғни еңбек жағдайлары азаматтардың әлеуметтік топтарына байланыссыз барлығына бірдей болуы керек дегенді білдіреді, сонымен қатар еңбек құқығында еңбек жағдайларын салыстыра бекіту дифференцияциялау деген де қағида бар, бұл – еңібек жағдайларының ондірістің түрі мен ерекшеліктеріне қарай (салалық дифференцияция) немесе косіпорын, мекеме, ұйымның тұрған жеріне қарай (аумақтық дифференцияция және т.б. жатады)

​ Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдалануды құқықтық реттейтін қағидалар. Бұларға еңбек міндеттерінің анықтылығы , мысалы, мамандығына, қызметіне қарай еңбек қатынастарының тұрақтылығы қалыпты еңбек тәртібін қамтамасыз ету еңбек үшін мемлекет бекіткен жалақының ең аз молшерінен кем емес сыйақы алу қағидалары жатады.

3.​ Еңбек қатынастары саласындағы құзыретті органдардың барлық жағдайларда қолдануға есептелеген нормативтік нұсқаулардан тұратын құқықтық әктілері еңбек құқығының көздері болып табылды. Әдебиетте бұл көздер еңбек тұралы нормативтік актілерің , еңбек туралы заң актілері және т.б. деп аталады.

Еңбек туралы нормативтік – құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңына сәйкес болуы қажет. Олар мыналардан тұрады:

​ Заңдар және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан

​ Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан

​ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан

​ Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құқықтық актілерінен тұрады

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Еңбек құқығының мәнін ашып бер.

2.​ Еңбек құқығының қайнар көздеріне не жатады?

3.​ Еңбек құқығындағы басты қағидалар қандай?

V. Үй тапсырмасын беру: Еңбек құқығының негізгі түсініктері

VI. Бағалау.

Пән: Адам .Қоғам. Құқық.

Сынып: 9А

Сабақ: 33

Күні:

Тақырыбы: Қылмыстық құқықтың негізгі түсінігі. Қылмыстық жауапкершілік

Сабақтың мақсаты: Қылмыстық құқық – құқық саласының көпшілік құқығы реінде қарастыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Қылмыстық құқық түсінігі, жүйесі, міндеттері жайлы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау , тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту,.

Тәрбиелік: Айналасына құрметпен қарауға баулу, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция
Көрнекіліктер: тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу;

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.​ Еңбек құқығы ұғымы, әдістері

2.​ Еңбек құқығының қағидаттары

3.​ Еңбек құқығы қайнар көздері

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1.​ Қылмыстық құқық түсінігі

2.​ Қылмыстық құқық жүйесі, міндеттері

3.​ Қылмыс ұғымы

1.​ Құқық жүйесiнiң құрамдас бөлiгi бола тұра қылмыстық құқық жалпы құқыққа тəн барлық белгiлердi (нормативтiлiк, орындау мiндеттiлiгi жəне т.б.) қамтитын құқық саласы болып табылады. Қылмыстық құқық- бұл қандай əрекеттердiң қылмыс болып табылатынын жəне қандай жазалар мен басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары осы қылмыс жасаған адамға тағайындалатынын, сонымен бiрге қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негiздерiн белгiлейтiн құқық нормаларын бiрiктiрген құқықтың бiр ерекше саласы.

2.​ 

Жалпы бөлiмде қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсiнiгi мен мiндеттерi, қылмыстық жауаптылықтың негiздерi мен одан босату негiздерi, қылмыс құрамының түсiнiгi, қылмыстық заңның кеңiстiктегi жəне мезгiлдегi күшi, қылмыс жасау сатылары туралы ұғым мен қылмысты қатысып жасау, жаза жəне оның мақсаты мен жүйелерi, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жазадан босатудың басты мəселелерi зерттеледi.

Ерекше бөлiмде нақты қылмыс құрамдары жəне оларды жасағаны үшiн белгiленген жаза түрлерi көрсетiледi. Жалпы жəне Ерекше бөлiм өзара тығыз байланысты сондықтан осы екi бөлiмнiң жиынтығы қылмысты құқықты құрайды

3.​ Қылмыс– бұл адам iс-əрекетiнiң бiр түрi. Осы тұрғыдан алғанда, қылмыстық құқықта қылмыс ұғымына екi анықтама беру қалыптасқан. Қылмыстың формальды анықтамасы бойынша, қылмыс дегенiмiз- қылмыстық заң арқылы жазалау қатерiмен тыйым салынған адамның белгiлi бiр əрекетi. Алайда, мұндай анықтама қылмыстық əрекеттiң мəнiн ашпайды, не үшiн заң шығарушы қандай да бiр əрекеттi жасауға тыйым салады, неге бұл əрекеттер қылмыс деп табылады деген сұрақтарға толығымен жауап бермейдi. Сондықтан қылмыстың материалдық анықтамасын енгiзу арқылы осы сұрақтарға жауап беру мүмкiндiгi қарастырылды.

Қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi бойынша қылмыстарды мұндай санаттарға бөлу кiнəнiң нысаны мен бас бостандығынан айырудың жоғарғы мерзiмi түрiндегi санкция арқылы нақтыланады. ҚР ҚК10-бабына сəйкес ауырлығы онша емес қылмыстарға мына қылмыстар жатады:

​ а) жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған əрекет(мысалы, ҚК112-бабы ″Қорқыту″ қылмысы);

​ б) жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған əрекет(ҚК101-бабы ″Абайсызда адамға қаза келтiру″).

Ауырлығы орташа қылмыстарға мына қылмыстар жатады:

​ а) жасалғаны үшiн қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған əрекет(ҚК126-бабы ″Бас бостандығынан заңсыз айыру″);

​ б) жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған əрекет(ҚК296-бабының3-бөлiгi ″Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы жəне көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы″).

Ауыр қылмыстарға жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза қарастырылған қасақана əрекеттер жатады. (ҚК125-бабы ″Адамды ұрлау″);

Аса ауыр қылмыстарға жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана əрекеттер жатады(ҚК161-бабы ″Экоцид″)

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Қылмыстық құқық ұғымын түсіндір

2.​ Қылмыстық жүйенің ерекшелігін айт.

3.​ Қылмыс дегеніміз не?

4.​ Қылмыстың қандай түрлері бар?

V. Үй тапсырмасын беру: Қылмыстық құқықтың негізгі түсінігі. Қылмыстық жауапкершілік

VI. Бағалау.

9-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: №34. Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

ІІІ тарау тақырыптарын қорытындылау.

Сабақтың міндеттері:

​ Қоғам және оның әртүрлі салалармен арақатынасы туралы тақырыптарын қайталау.

​ Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту

​ Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: әңгіме, пікіраламасу

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

​ Оқу құралын тексеріп түгелдеу

​ Әнұран орындау, «Хабар»

​ Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.​ Қылмыстық құқық түсінігі

2.​ Қылмыстық құқық жүйесі, міндеттері

3.​ Қылмыс ұғымы

Жаңа сабақтың жоспары:

8.​ Құқық түсінігі. Құқықтың қайнар көздері

9.​ Құқық және заң

10.​ Құқықбұзушылық және заң алдындағы жауапкершілік

11.​ Конституция-Қазақстан Республикасының негізгі заңы

12.​ Мемлекеттік биліктің конституциялық органдары

13.​ Қазақстандық құқық салалары. Азаматтық құқық

14.​ Әкімшілік құқық түсінігі. Әкімшілік жауапкершілік

15.​ Еңбек құқығының негізгі түсініктері

16.​ Қылмыстық құқықтың негізгі түсінігі. Қылмыстық жауапкершілік

Сабақты бекіту:

1. Қазіргі құқық бұзушылық түрлеріне жататыны:

А) мемлекеттік;

Б) әкімшілік;

В) жеке;

Г) моральдық.

2. Тәртіптік жазаға жатпайтыны:

А) ескерту;

Б) сөгіс;

В) бостандығынан айыру;

Г) жұмыстан шығару

3.Азаматтық – құқықтық құқық бұзушылыққа жатпайтыны:

А) сапасыз тауарларды сату;

Б) ұрып, соғу;

В) қарызды уақытылы төлемеу

4. Қауіпті құқық бұзушылықты айқындайтын заңды акт:

А) еңбек кодексі;

Б) қылмыстық кодекс;

В) конституция;

Г) әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс

5. Тәртіптік құқық бұзушылық туралы жаза қайда жазылмайды?

А) мектеп жарғысы;

Б) қылмыстық кодекс;

В) ішкі тәртіп ережелері;

Г) еңбек кодексі.

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: қайталау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
2475
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі