Оңтүстік Қазақстан
облысы
Шымкент қаласы
№38 Н.Д.Оңдасынов атындағы мектеп –
гимназиясы
Қазақ тілі және әдебиеті
мұғалімі
Абуова Гульжахон
Ермагамбетовна
Қазақ тілінен сабақ жоспары 8 -
сынып
Сабақтың
тақырыбы: Алакөл
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтін мазмұнын
еркін әңгімелеуге, ойын ашық, толық жеткізе білуге
үйрету.
Тапсырмалар орындату арқылы
оқушылардың білімін тиянақтау.
Етістіктің
жасалу жолдарын меңгерту
Дамытушылық: Тақырып бойынша
оқушылардың танымын арттыру, ой-өрісін
дамыту,
тілін
байыту.
Тәрбиелік: Мәтін бойынша
әңгімелете отырып, оқушыларды өзен-көлдерге
қамқор
болуға, ізгілікке, көркем
сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
сұрақ-жауап, тапсырмалар
орындау, жұптық жұмыс, топтық
жұмыс,
жазба жұмысы. Сабақтың
көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, тіректі сызба,
кесте.
Сабақтың барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сұрау.
Ережелерді еске түсіріп,
өтілген тақырыптар бойынша жалпы қайталау
жасау.
III. Жаңа сабақ
Етістік - заттың қимылын,
іс-әрекетін білдіретін сөз табы.
Сұрақттары: Не істеді? Не қылды?
Кайтті?
Етістіктер сөйлемде атқаратын қызметі мен
мағынасына қарай екіге бөлінеді.
Етістік

Негізгі етістік Көмекші
етістік
1.Негізгі
етістік дегеніміз – жеке тұрып,
сұраққа жауап бере алатын және өз алдына сөйлем мүшесі бола алатын
толық мағыналы етістік.
Мысалы: Оқушылар биік тауға шықты.
(шығу мағынасы)
Оқушылар бүгін Алматыға жүріп
кетті. (жүру мағынасы)
2.Көмекші
етістік – толық мағынасы жоқ, тек
негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қана қолданылатын
етістіктер.
Мысалы: Ол бүгін келген
еді.
Ол мәселені кеше айтқан
екен.
Қазақ тілінде тек төрт етістік
қана көмекші етістік мәнінде қолданылады.Көмекші етістіктер: е, де,
жазда,ет. М: Билер дауды шешуге сөз бастаған
екен.
Асан қуанып, жұмыртқаны алайын деп
еді.
1-тапсырма
1.Мәтінді
оқыту.
2.Мәтін бойынша кітапта
берілген сұрақтарға жауап алу.
3.Мәтіннің мазмұнын
әңгімелету.
4.Сұрақтар бойынша жазба
жұмысын орындату.

«Алакөл»
Алакөл – Қазақстандағы Алматы
және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл.
Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі. Алакөл – Жетісудың
Балқаштан кейінгі үлкен көлі. Ол Алакөл ауданының солтүстік-шығыс
бөлігін алып жатыр. Көл ағынсыз солтүстік - батыстан, оңтүстік -
батысқа қарай созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 247,3 м абсолюттік
биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы 104 км, ең шығыңқы ені -
52км, жағалауларының ұзындығы - 384 км, орташа тереңдігі 22,1 м, ең
терең жері -54 м. Алакөлдің ең ірі шығанағы – Алакөл шығанағы. Ол
көлдің оңтүстік-шығысындығы тау аралық ойыста
орналасқан.
Топтық жұмыс
1.Алакөл қайда орналасқан?
2.Алакөл қандай көл?
3.Теңіз деңгейінен қанша биіктікте
оргаласқан?
4.Көлдің аумағы, ұзындығы
қандай?
2-тапсырма
1.Кітапта берілген тірек сызба бойынша бірнеше
оқушыға Алакөлді сипаттатып айтқызу.
Алакөл

Оналасқан жері

Аумағы

Тереңдігі
3-тапсырма
Жұптық жұмыс
Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен диалог
құрату.
Алакөл, Қазақстандағы,
аумағында, орналасқан, тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып,
көлдердің бірі, Жетісудың, үлкен,
көлі.
Қосымша
тапсырма
Бос орындарға тиісті сөздерді қойып
жазу
1.Алакөл – Қазақстандағы ... және ... облысының
аумағында орналасқан ... көл.
2.Алакөл – Жетісудың ... кейінгі үлкен
көлі.
3.Көл ағынсыз, ... солтүстік батыстан ... қарай
созылып жатыр.
4.Алакөлдің ең ірі шығанағы - ...
.
5.Ол көлдің оңтүстік - шығысындағы тау аралық ...
орналасқан.
«Алакөл» кластер құру
тұйық
көл Теңіз деңгейінен 247,3
м
ең
ірі шығанағы
Алакөл
шығанағы Көлдің ұзындығы 104
км
ІҮ.Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін
бағалау
Y.
Үйге тапсырма беру
3-4 б. 1,3-тапсырма ауызша,
3-тапсырма жазбаша.