Ашық сабақ «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері 11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері тақырыбындағы ашық сабақ ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім

Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы, Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ойдың эволюциясы

Мектебі

Кәусар-Бұлақ орта мектебі

Педагогтің аты-жөні

Ершора Мадина Нұралықызы



Күні:

12.02.2025ж

Пәннің атауы: Қазақстан тарихы

Сынып: 11 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері

Оқу бағдарлама-сына сәйкес оқыту мақсаттары

  • Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау


Сабақтың

мақсаты

Қоғамдық-саяси ойды дамыту үшін орта ғасыр ғұламаларының идеяларының мәнін бағалайды, қазіргі заманмен салыстырады


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Сабақтың басы


5 мин.



5мин.

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Үйге берілген тапсырманы кездейсоқ генратормен сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрап, оқушыларды диалогқа түсіру;

3. Оқушыларды берілген суреттер арқылы топқа бөлу

4.Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру


  1. Мұғаліммен амандасады.

  2. Үйтапсырмасын айтады

  3. Берңлген суреттер негізінде екі топқа бөлінеді


Ауызша бағалау



1-2 слайд


Сабақтың ортасы

3 мин

7 мин.

5 мин



1.Слайдпен таныстыру;

2,Бейне сабақпен танысу

3.Тақырыпты түсіндіру 4.Тапсырма беру;

1.Слайдтағы өзіне қажетті мағлұматты дәптерге түртіп алады.

2.Оқулықтан шолу жасау.

3.Мәтінмен жұмыс

4 Жи арқылы берңлдген сұрақтарға GREAT. SWOT формуласы негізінде топпен жауап беру.

.


Формативті бағалау


3 -12 слайд

https://www.youtube.com/watch? v=wXfCZ-6spoY

13-16 слайд


Сабақтың аяғы

10 мин

Қорытындылау сұрақтарын беру, жауап алу


Ауызша жауап беру, оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Қысқаша конспект




















































Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

Кестемен жұмыс





«Алаш» ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау

Алаш қозғалысының тарихи негіздері.

XIX ғасырдың аяқ кезі – XX ғасырдың басында халықтың жағдайы күрт нашарлап, кедейшілік кең етек жая бастады. Отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар бой көтерді. Салықтар мен міндеткерліктердің көбеюі, шұрайлы жерлерінің тартып алынуы қазақ ауылында ішкі шиеліністердің өршуіне жеткізді. Патшаның 1905 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шегара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, бір ғана Семей облысының өзінде 100 мыңнан астам қазақ жерсіз қалып, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, Сібір казактарының жерлерін жалға алып, пайдалануға мәжбүр болды.

1905–1907 жылдары елде социал-демократтар ұйымдары құрыла бастады. Қоғамда петициялық қозғалыс етек алды. Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы жәрмеңкесінде жазылған петиция болды. Ұлттық күресте қалыптасып келе жатқан ұлт зиялылары қазақ халқының көшбасшыларына айналды. Жалпыұлттық демократиялық қозғалыстың басында Ә. Бөкейхан тұрды. Қазақ депутаттары Ресейдің Мемлекеттік Думасында қазақ қоғамындағы ең маңызды проблемаларды батыл көтере білді.

А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы

Петициялар – Алаш зиялыларының ұстанымдары мен озық идеяларының көрінісі.


1902-1907 жылдары жазылып, жоғары билік орындарына жолдана бастаған еді. Оларда қазақ халқын христиан дініне енгізу саясатын тоқтату, мұсылман оқу орындарын құруға қажетті жағдайлар жасау, молдалардың қызметіне кең жол ашу жөнінде нақты талаптар қойылды. Ондай алғашқы петициялар жолдаудың бастамашылары алғашқы кезде дін қызметкерлері болды. Уақыт өте келе жағдай өзгере түсті. Бірінші орыс революциясы жылдарында петициялар жазуды қазақ қоғамының сауатты, зиялы өкілдері өз қолдарына алды.

Петициялар уезд бастықтарына, әскери губернияларға, генералгубернаторлардың, Ішкі істер министріне, тіпті Ресей императоры II Николайдың атына да жолданды.

1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.

Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: «Мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналысушылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоқ қой!»

Мемлекеттік шенеуніктер жоғары билік орындарына талап-тілектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрді. Мұны Семей облысы әскери губернаторынын Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады: «Кырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды».

Петицияның бір нұсқасын Темірғали Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петиция қазақ қоғамының ХХ ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі мәселелерін: сайлауды ұйымдастыру, жер, дін, сот ісін жүргізу, білім т.б. толық қамтыды.

Петицияның бір нұсқасын Темірғали Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петиция қазақ қоғамының ХХ ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі мәселелерін: сайлауды ұйымдастыру, жер, дін, сот ісін жүргізу, білім т.б. толық қамтыды.

Жоғары билік органдарына жолданған петицияларда болыстарды, ауыл старшындарын және олардың хатшыларын тек сауатты қазақтардан ғана тағайындау

1867–1868 жылдардағы әкімшілік реформалар барысында енгізілген Орынбор діни басқармасының қарамағына беруді талап етті. Сондай-ақ мешіттер мен медреселер салуға еркіндік берілуін, газеттер пен кітаптар, діни әдебиеттер басып шығару үшін баспаханалар ашылуын ұсынды

Петицияда медреселерде араб, парсы, түркі тілдерін оқыту қажеттілігі айтылды

Петицияларда мектеп қабырғасында ислам діні негіздерінің міндетті түрде оқытылуы, «орысша сауат ашуды» содан кейін қолға алу талабы қойылды.

Тергеулер мен сот ісін аудармашыларсыз қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту талаптары қойылды

петицияларда бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінді. Шегара шебіндегі ені 10 шақырымдық алқаптың және соңғы 20 жыл ішінде тартып алынған жерлердің бұрынғы заңды иелеріне қайтарып берілуі талап етілді.

Петицияларда қазақтардың орман байлығын еркін пайдалану құқығына байланысты талаптар да қойылды. Сондай-ақ қазақтарға олардың көші-қон аймағындағы тұзды және балық аулайтын көлдерді қайтарып беру жөніндегі өтініштер де айтылды. Жергілікті халықтың атынан өзен-көлдерді жалға беру мүмкіндіктері ұсынылды. Түскен қаржы халыққа азық-түлік қорын жинақтауға тиіс деп көрсетілді.

Патша үкіметі қазақ халқының пікірімен санасуға мәжбүр болды. Петициялардың мәтінін жазғандар батылдық пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты. Бірақ патша үкіметі петицияларда қойылған талаптарды орындауға құлық таныта қойған жоқ. Ол талаптар Ресей империясының отаршылдық саясатына сай келмейтін еді. Солай болғанымен, петициялық қозғалыс жағымды рөл атқарды – қазақтар Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік Думаларына депутат болып сайланды.

  Халық бұқарасына басшылық етуде, отаршыл билік орындарына ұйымдасқан түрде петициялар жолдауда қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері Ә. Бөкейхан жетекшілігімен ерекше белсенділік көрсетті.

  Қарқаралы петициясының негізгі тармақтары Алаш партиясының бағдарламасына енгізілді және Алашорда үкіметінің қызметінен көрініс тапты.


Сабақты қорытындылау:

5 мин






4 мин

1тапсырма

Жинақтау «Ара ұяшығы» әдісі. Кім? Не? --Қайда? Қашан?- Себебі? Неге?

Дескриптор:

  • Алаш қайраткерлерінің Қарқара жәрмеңкесі петициясында қозғалған мәселені жинақтайды

  • Қалаған тұлғаны таңдап алады

  • Қалаған мәселені таңдап алады

  • Өз пікірін ұсынады

Өзін-өзі бағалау: Киіз үй бағалау парағы

Кері байланыс.Білім сандығына алған білімін жинақтау

Үйге тапсырма:

1 мин

Оқу. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау,

Эссе жазыңыз








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.00.2025
86
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі