Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Әлемде талай қызық бар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту бойынша В1-орта деңгейіне арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқытушы: Перизат Елеуліқызы

Жұмыс орны, лауазымы: Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығы, оқытушысы



Сабақтың тақырыбы: ӘЛЕМДЕ ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ БАР

Күшейтпелі шырай

Сабақтың мақсаты: Тіл үйренушілердің тілдік дағдыларын қалыптастыру,

сөйлеу, сөз саптау, сауатты жазу деңгейлерін дамыту. Өз бетінше жұмыс

жасату арқылы игерген мәліметтерді қайтарып алу.

Сабатың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгіме, мәтінмен жұмыс, сәйкестендіру, талдау, «Кір жайғыш», «Қарлы доп», «Суретті сөйлетіңіз», «Ең, ең, ең...» әдістері, Quizizz, Google Forms.

Сабақтың көрнекілігі: prezi.com интербелсенді бағдарлама, оқулықтар, әдістемелік құралдар,сөздіктер.


Сабақтың барысы

  1. Дәрісхананы сабаққа дайындау

  2. Тыңдаушылармен амандасу

«Кір жайғыш» әдісі арқылы тыңдаушылар көңіл-күйін білдіреді

(жіпке тізілген қағаздарға бір қолдарын артына қойып, қаламның көмегімен көңіл-күйді білдіретін суреттер салады.)


ТАҚЫРЫПТЫ БОЛЖАУ:

ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМ: Жаңа сөздермен таныс болыңыз

ғұмыр, қауіп, куә, құбылыс, үндеу, өмір, мән, ұстану.

1-тапсырма: Берілген сөздерге синоним табыңыз:




ҚАУІП



КУӘ





ҚҰБЫЛЫС

ҒҰМЫР



ҮНДЕУ





ӨМІР



МӘН





2-тапсырма: Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

Ұстану, өмір, құбылыс, куә, мән





  1. .........................................................................................................................

  2. .........................................................................................................................

  3. .........................................................................................................................

  4. .........................................................................................................................

  5. .........................................................................................................................

ОҚЫЛЫМ

3-тапсырма: Мәтінді оқыңыз

АЛЫП ЖЕМІСТЕР

Біз, көбіне, жерде өсетін көкөніс-жемістің ең үлкені деп қауын-қарбызды

ойлаймыз. Негізінде салмағы мен көлемі жағынан үлкен жеміс Сейшель

аралында өсетін пальманың жаңғағы екен. Оның диаметрі жарты метрге,

салмағы 25 кг-ға дейін жетеді екен. Бір пальма осындай отыз жемістен бере

алады. Олардың қабығы өте қатты болады және баяу жетіледі.

Гүлденгеннен кейін төртінші жылы ғана көлемі өсіп, пісуіне тағы екі жыл

керек екен. Ұзындығы 90 см, ені 50 см-ге жуық. Бұл ағаш жемісінен

жергілікті тұрғындар қамыр илеп, нан пісіреді. Дегенмен, ең ірі жемістер

ағаш басында өспейді деген пікір дұрыс. Көкөністің ішіндегі ең ірісі-

асқабақ.


КӨП СҮТ БЕРЕТІН АҒАШ

Бразилияда сүт беретін ағаш бар, ол Амазонка өзенінің жағасында өседі.

Жергілікті халық оны «сорвейра» деп атайды. Сол сорвейра ағашының бір

жерін кертіп қалса, одан сүт тәрізді ақ шырын саулап қоя береді. Өзі сүттен

сәл қышқылдау. Сондықтан оны алғаш тағам ретінде пайдалана қоймаған.

Кейіннен ботаниктер зерттеп, оның сиыр сүтінен ешбір кем еместігін

анықтаған. Халықтың айтуынша, ақ шырынға аздап су қосып пісірсе, сүттен

дәмі айнымай қалады екен. Ағашты бір сауғанда 2-4 литрге дейін сүт алуға

болады.

АЛЫП АРА

Индонезияның қалың ормандарында алып ара тұқымы табылды.

Америкалық бір газеттің жазуына қарағанда, араның ұзындығы 5 см. Бір

қызығы ол термиттермен бейбіт өмір сүретін көрінеді.


4-тапсырма: Quizizz арқылы тест тапсырмасын орындаңыз.

https://quizizz.com/join?gc=3347759 сілтеме арқылы тестке өтіңіз.

  1. Әлемдегі алып жеміс

А) асқабақ

В) қарбыз

С) пальма жаңғақ

Д) пальма бананы


  1. Пальма ағашы қайда өседі?

А) Сейшель аралдарында

В) Мальдив аралдарында

С) Үнді аралдарында

Д) Тайландта


  1. Палма жаңғағының салмағы:

А) 20 кг

В) 25 кг

С) 22 кг

Д) 30 кг


  1. Пальма жаңғағынан тұрғылықты халық не дайындайды?

А) сүт алады

В) емдік қасиеті бар сусын дайындайды

С) Жазуға арналған қағаз

Д) қамыр илеп, нан пісіреді


  1. «Сорвейра» дегеніміз не?

А) көп сүт беретін ағаш

В) жер атауы

С) ең үлкен жеміс

Д) Амазонка халқы


  1. Ең көп сүт беретін ағаш қайда өседі?

А) Тайландта

В) Австралияда

С) Бразилияда

Д) Сейшель аралыында


  1. Ағашты бір сауғанда қанша мөлшерде сүт береді?

А) 7-8 л

В) 2-3 л

С) 5-6 л

Д) 3-4 л


  1. Ағаш сүті кәдімгі сүтке қарағанда....

А) тәтті

В) сұйық

С) қою

Д) қышқыл


  1. Алып араны қайдант кездестіруге болады?

А) Индонезия аралдарынан

В) Сейшель аралдарынан

С) Бразилиядан

Д) Амазонкадан


  1. Алып араның көлемі:

А) 15 см

В) 5 см

С) 4 см

Д) 10 см


5-тапсырма: Суреттерді сөйлетіңіз.






































ТЫҢДАЛЫМ

6-тапсырма: Бейнежазбаны көріңіз.

https://youtu.be/_yXm2GGwfWU

7 -тапсырма: Аталған елдерді жазып шығыңыз.



































8 -тапсырма: Сәйкестендіріңіз:

Самали

Тұманға оранған үй





Британия

Тасты толқын







Англия

Туристтер мүлдем бармайтын ел







Нидерланды

Үй жихаздарынан жасалған аялдама







Германия

Жел соқса әндететін тау



Австралия

Адам бет әлпетіне ұқсас ағаш









ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКА

9-тапсырма. Ережемен таныс болыңыз

Күшейтпелі шырай

Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен не өте артық, не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады. Мысалы: үлкен — үп-үлкен,— тым үлкен, тамаша — тап-тамаша — өте тамаша,

Күшейтпелі шырай екі түрлі жолмен жасалады.

1. Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: биік — біп-биік, ұзын — ұп-ұзын, т. б.

2. Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан, ыңгай, кілең, сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: өте күшті, тым биік, т. б. Бұл сияқты күшейткіш үстеулер сын есімдердің алдында келеді де, бөлек жазылады.

10-тапсырма: Ережеге сүйене отырып, сызбаны аяқтаңыз.

Күшейтпелі шырай






















11-тапсырма: Сын есімдерді күшейтпелі шырайға ауыстырыңыз.

Қамқор-

Қауіпті-

Ұзын-

Ауыр-

Әдемі-

Үлкен-

Ащы-

Биік-



ЖАЗЫЛЫМ

12-тапсырма: Өзіңіз білетін 5 түрлі әлемдегі қызықты дерекпен бөлісіңіз.

Күшейтпелі шырайды пайдаланыңыз.


Кім? Қайда? Қашан?

...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



СЕРГІТУ СӘТІ

«Қарлы доп» әдісі арқылы жаңылтпашты қайталаңыз

Шалғы саптап шөп шап,

Шөп шапсаң, көп шап,

Көп шапсаң, шапшаң шап,

Шапшаң шапсаң, шаршап жат.


АЙТЫЛЫМ

13-тапсырма: Әңгімелесу

«Ең, ең, ең...» айдары бойынша өзіңіз білетін мәліметпен досыңызға әңгімелеңіз. Мысалы: әлемдегі ең ұзын өзен......


САБАҚТЫ БЕКІТУ

Сын есімнің шырайлары арқылы сабаққа баға беріңіз


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Рақмет? Сау болыңызда!










Ескерту : Сабақтың слайды prezi.com интербелсенді бағдарлама арқылы дайындалған.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
2262
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12