Материалдар / Ашық сабақ Әлемнің жаңа жеті кереметі Қазақ тілі 6 сынып

Ашық сабақ Әлемнің жаңа жеті кереметі Қазақ тілі 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне қажетті материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
592
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Әлемнің жеті кереметі

Мектеп: №34 көп салалы мектеп-гимназия

Күні:23.10.20 жыл

Мұғалім: Досанова Г.Н.

Сынып: 6 Ә

Қатысқандар: 25

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

Әлемнің жаңа жеті кереметі

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары

6.1.5.1. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру;

6.4.1.1. Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаты

- Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады;

- Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.


Бағалау критерийлері


  • Мәтін мазмұнын түсінеді;

  • Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді

  • Ақпараттарды өмірмен байланыстырады

  • Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді ажыратады;

  • Орфографиялық нормаға сай жазады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: біріккен сөздер, тіркесті сөздер, қос сөздер, орфографиялық норма

Жазылым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша...

Менің пайымдауым бойынша...

Мен бұл мәселеге қатысты мынадай пікірдемін...

Өз сөзіме дәлел ретінде, негізінен, әсіресе.... және т.б.

Құндылықтар

Өмір бойы оқу, құрмет, ашықтық

Пәнаралық байланыс

Тарих, география

Осыған дейін меңгерілген білім

Әлемнің жеті кереметі. Қазақстанның жеті кереметі

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту.

«Орны ауысқан әріптер»

Мұғалім әлемнің жаңа жеті кереметінің атауын әріптердің орнын ауыстырып тақтаға іліп қояды. Оқушылар осы атауларды табуы керек. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар өткен сабақты еске түсіреді.

  1. РАЕМСИДАМИ (Семирамида, Вавилонның аспалы бағы)

  2. ВСЕЗ (Зевс мүсіні)

  3. ПСОХЕ (Хеопс, Мысыр пирамидалары)

  4. СКЕЛАЯИРДАН (Александрия шамшырағы)

  5. РАКСАНГИЛА (Галикарнас кесенесі)

  6. ТАРЕМАДИ (Артемида ғибадатханасы)

  7. ДОСОР (Родос алыбы, Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні)


  • Одан кейін Қазақстанның жеті кереметімен танысқан болатынбыз. Ал қане атап жіберелік.

  • Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Маңғыстау жерасты мешіті, «Бәйтерек» монументі, «Алтын киімді адам», домбыра, киіз үй, таңбалы тас.

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге бетілген тапсырма бойынша қазақтың жеті кереметінің бірі – домбыра туралы жаздыңыздар. Бір оқушыға оқыту. Қалғанына тексерту.

Сабақ тақырыбын анықтау

  • Оқушылар, біз әлемнің және қазақтың жеті кереметін білдік. Енді бүгінгі сабағымызда әлемнің жаңа жеті кереметімен танысатын боламыз.

Сабақтың тақырыбын анықтағаннан соң, оқу мақсаттары және бағалау критерийлерін мұғалім оқушылармен бірге талқылайды.


Таныстырылым






Суреттер









Суреттер

Сабақтың ортасы



30 минут




































Тыңдалым алдындағы тапсырма.

  • Әлемнің жаңа жеті кереметі туралы не білесіз?

  • Бүгін осы жаңа жеті кереметпен танысу үшін саяхатқа шығамыз.


Тыңдалым тапсырмасы.

Мәтінді мұқият тыңдап, тақырыбын анықта. Мәтінді тыңдау кезінде бейнебаян жүріп отырады.

Әлемнің жаңа жеті кереметі

  1. Ұлы Қытай қорғаны

  2. Мачу-Пикчу

  3. Тәж-Махал

  4. Петра

  5. Колизей

  6. Чичен-Ица

  7. Христос мүсіні


Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

1-тапсырма. «Ашық микрофон» әдісі арқылы бір оқушы тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарды қояды, оқушылар өз ойларын ортаға салып жауап береді, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады.


Талқылау сұрақтары:

  • Мәтін не туралы?

  • Бұл жәдігерлер неліктен жаңа жеті керемет деп аталады?

  • Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы қанша километр екенін білесің бе?


  • Еуропада орналасқан жалғыз керемет қайсы?


  • Көне қала Петра саяхатшыларды несімен таңғалдыруда?


  • Әйгілі Тәж-Махал кесенесі қайда орналасқан?


  • Чичен-Ица қаласының басты нышаны не?

  • Әлемнің жеті кереметіне тағы нені қосуға болады деп ойлайсыз?

  • Әлемнің жеті кереметімен бір қатарға қоюға болатын еліміздегі ғажайып не деп ойлайсыз? Неліктен?


Дескриптор.

  • тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • тақырыпқа қатысты жеке пікірін білдіреді;

  • шынайы өмірден мысалдар келтіреді.

ҚБ «Бір пікір»


2-тапсырма. «Сөз-Бәйге!» Сынып үш топқа бөлініп орындайды. 1 минут ішінде тапсырма орындалуы тиіс. Бірінші атайды, сосын дәптерге жазады, фотоға түсіріп, чатқа салады.


1-топ. Еліміздегі бірге жазылатын қала, елді мекен атауларын айтыңдар

2-топ. Дефис арқылы жазылатын жеті керемет атауларын атаңдар.

3-топ. Бөлек жазылатын кереметтерді атаңдар.


ҚБ. Смайлик арқылы оқушылар өзара бірін-бірі бағалайды.

3-тапсырма. Жеке жұмыс. Графикалық диктант.

Егер берілген пікірмен келіссең, жылдам қол көтереміз. Белгілерді жылдам әрі дұрыс қойған сыныптастарыңды анықта.


  1. Адам – табиғаттың баласы, өйткені ол – табиғаттың бір бөлігі.

  2. Адам – табиғатты билеп-төстеуші, бағындырушы.


3. Ежелгі адамдар табиғат құбылыстарынан қорқып, соларға  табынған.


  1. Тұрмыс заттары, құрылыстар, қолжазбалар, кітаптар, тиындар – тарихи ескерткіштер.


  1. Тарих – адамдардың өткен өмірі туралы ғылым.


4-тапсырма.

Жоғарыда сөз болған табиғаттың жеті кереметінің біріне саяхаттап бардыңыз. Саяхатыңның бір күні туралы күнделік жазыңыз. Жазылымда бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздерді орынды қолданыңыз.


Дескриптор:

  • Саяхаты туралы күнделік жазады;

  • Мәтіндегі ақпараттарды қолданады;

  • Б ірге,бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздерді орынды қолданып жазады.

ҚБ. «Бас бармақ»


«Quizizz.com» бағдарламасы арқылы жаңа сабақты қорытындылау.


https://www.youtube.com/watch?v=iKoR7rv-doI&t=178s






Оқу жоспары













Үлестірме материал

http://asyldin.kz/article/view/id/29.html











































https://quizizz.com/join?class=Q613151


Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.


Рефлексия.

  • Бүгінгі сабақтан қандай ақпарат алдыңыз?

  • Бүгінгі сабақта алған ақпараттың алдағы өміріңізде пайдасы бар ма?

  • Сабақта қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?

  • Сізге қиындықты жеңу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?


Үйге тапсырма 8-тапсырма, 53-бет. Сөзжұмбақты шеш.



Рефлексия парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)














Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




































8- тапсырма. Жұптық жұмыс. Сөзжұмбақты шешеді

Жауаптары

  1. Таж-Махал

  2. Зевс

  3. Таңбалы тас

  4. Киіз үй

  5. Александрия

  6. Бәйтерек

  7. Галикарнас

  8. Петра

  9. Домбыра

  10. Кализей

  11. Астана


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ