Материалдар / Ашық сабақ "Әлеуметтік желі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Әлеуметтік желі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы туралы талқылайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2018
1219
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС «Мейірбике» колледжі

«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»ЦӘК меңгерушісі Директордың ӘЖЖ орынбасары_______ Н.А.Кодарова _______Н.Ж.Мазанова ____ ____2017 ж ____ _______2017 ж.









Ашық сабақ жоспарыТақырыбы: «Әлеуметтік желі»

Дебат сабақ

Пәні:СаясаттануТобы: 259 МІОқытушы: Кодарова Н.А.







Актау – 2017 жыл

І. Сабақтың тақырыбы: «Әлеуметтік желі»ІІ. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Студенттерге әлеуметтік желі туралы білімдерін кеңейту. Әлеуметтік желі – интернетке байланысты студенттердің алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп,қорытындылау;Дамытушылық мақсаты: Студенттердің өз көзқарасын білдіруге, студенттерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылық қасиеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;Тәрбиелік мақсаты: Студенттерді өз ойларын тиянақты айта білуге, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауға ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге баулу;ІІІ.Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, плакаттар, интербелсенді тақта, буклет, үлестірме қағаз, кітапІV. Сабақтың әдісі: баяндау, пікірталас, сұрақ-жауап, «қарлы кесек» ойыны.V. Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі, философия, мәдениетттану, медицина.VІ.Сабақтың түрі: дебат сабақVІІ.Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру, талдау, салыстыру, пікір таластыру, кері байланыс жасау. Сабақтың хронокартасы мен құрылымдық – логикалық сызбасы
  • Ұйымдастыру бөлімі – 2 мин
  • Үйге берілген тапсырманы тексеру – 10 мин
  • Жаңа сабақ – 30 мин
  • Жаңа сабақты бекіту – 3 мин
  • Қорытындылау – 3 мин
  • Үйге тапсырма – 2 мин
Сабақтың жүрісі:І. Ұйымдастыру: амандасу, аудитория тазалығы, сабаққа қатынасты тексеру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Әлеуметтану дегенді қалай түсінесіз?2. Әлеуметтану тарихы3. "Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет қолданған кім? 5. Әлеуметтік қатынастар дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ: Дебат сабақтың тақырыбы: «Әлеуметтік желі» Жоспары:(Дебат сабақтың жүрісі барысында әр студент өзінің іскерлігі мен танымдық белсенділігін көрсетеді.)Оқытушының сөзі: Ақпараттық технология заманның қолдана білу біздің міндетіміз. Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін, сурет, аудио, бейнематериалдар т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады. Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – Бүкіл әлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат және дискуссиялық топтар жатады. Интернет алғаш 1968 жылы ARPANET деген атпен АҚШ-тың әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген желісінен құрылған. 80-жылдың аяғында INTERNET глобалды жүйеге айналды. 1970-ші жылдардың соңында адамдар бір-бірімен әңгімелесе алатын алғашқы электронды хабарландыру тақталары пайда бола бастады. Әрине, сол кезде бүгінгідей ыңғайлы болған жоқ, бірақ адамдарды ғаламторда біріктірудің бұл алғашқы қадамдары еді.Келесі кезең, алғашқы «on-line» сервистердің пайда болуы еді. Интернеттегі әлеуметтік желінің бірінші аналогі 1995 жылы Рэнди Конрадс іске қосқан «Classmates» болып табылады.  Сайттың аудармасы «Сыныптастар». Ал қазіргі уақытта біз өз өмірімізді «Дүниежүзілік өрмексіз» елестете алмаймыз. 2004 жылы Марк Цукерберг «TheFacebook» әлеуметтік желісінің негізін қалады. 2005 жылдан бұл желі «Facebook» деп атала бастады.  2008 жылы «Facebook» әлеуметтік желісі әлемдегі ең танымал әлеуметтік желіге айналды, және де бүгінгі күнге дейін көштің басында. Бүгінгі күні «Facebook» әлем бойынша «Google»-дан кейін ең көп танымалдылыққа ие екінші интернет сайт.2006 жылы Джек Дорси - «Twitter» жобасын іске қосты. Міне, біздің бүгінгі дебат сайысымыз бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, оқушылар арасында кеңінен қанат жайып кеткен  интернет төңірегінде болмақ.Ойын толқын, айналған қатты ағысқаТабылғандай танымда,жат дауыста.Біреу озып келеді қатарынан,Біреу қалып жатады асығыста.Ойын толқын жатқанда асып,тасып,Біреу ығым,біреулер шалыс басып.Бұл жарыстан өтеді ғұлама ойлар,Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.Көрермен жиналған бұл сабаққа,Құр қарап жай отыру жараса ма?Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емесСоқ қолыңды білімді таланттарға дей келе 259 МІ тобы студенттері арасындағы «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны»  атты пікір-таласты ашық деп жариялаймын.Бүгінгі дебатың элементтерін пайдалана отырып пікір-таластың ойын-шарттарымен таныстырып өтейік:

1.Әр топ өздерін таныстырады 2.Пікір-таласу3.Екі топ өзара сұрақ алмасады 4.Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары. Жауап беру.5. Сарапшыларды тыңдаймыз 6. Қорытынды

Бүгінгі жоспарымыз бойынша көрермендерден 2 информатика пәнінің мұғалімдерін сарапшылар тобына алып отырмыз. Бүгінгі іс-шара өз деңгейінде өту мақсатында студенттерге бағасын бересіздер.«Ақиқат» тобының сарапшысы: Домбаева Есенгул Жаңабергенқызы«Парасат» тобының сарапшысы: Мазанова Нұрлыгүл Жарылқаповна мұғалімдерін ортаға шақырамыз.
  • Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік
Таныстыру.«Ақиқат» тобы (Жақтаушы)«Парасат» тобы (Даттаушы)

  • Ендеше екінші бөлімге кезек берейік : Пікір-таласу
«Ақиқат» тобы (Жақтаушы)«Парасат» тобы (Даттаушы)

  • Ендеше үшінші бөлімге кезек берейік : Екі топ өзара сұрақ алмасады


Сергіту сәті: Көрініс «Әлеуметтік желі»

  • Ендеше төртінші бөлімге кезек берейік : Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары.
  • Сарапшыларды тыңдаймыз
ІV. Жаңа сабақты бекіту. «Қарлы кесек» ойыны арқылы жаңа сабақты бекіту. Жаңа сабақтың тақырыбы бойынша студенттер «Әлеуметтік желі» сөйлемді бірінен соң бірін домбалайды.



V. Қорытындылау.Дегенменде «таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет де жаман- жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай  өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпақымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.Мағжан Жұмабаевтың   «Мен  жастарға сенемін» атты өлеңінде осы заман айғағы ретінде  бейнелеген.Тау суындай гүрілдеп,Айбынды алаш елім дерАлтын арқа жерім дерМен жастарға сенемін!Қажу бар ма сұңқарғаТалу бар ма тұлпарғаИман  күшті олардаМен жастарға сенемін!Алаш айбынды  ұраны,Қасиетті  құраны.Алаштың олар құрбаны,Мен жастарға сенемін.Мен сенемін жастарғаАлаш атын аспанғаШығарар олар бір таңдаМен жастарға сенемін дегендей ,ХХІ ғасыржастардың жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл- қыздары көп болғай. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар дейміз.

VІ. Үй тапсырмасын беру: ҚайталауVІІ. Бағалау.

































  • Әлеуметтану дегенді қалай түсінесіз?










  • Әлеуметтану тарихы








  • "Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет қолданған кім?










  • Тұңғыш рет қай курсында әлеуметтану сөзін пайдаланды?








5. Әлеуметтік қатынастар дегеніміз не?







Парасат тобы: 1. Интернеттің пайдасынан зияны зор деген тұжырыммен келісесіз ба? Себебі?2. Қазіргі таңда интернет жастардың басты ермегіне айналды. Кез келген уақытта, кез келген жерде қосылып алып, өз алдына виртуалды әлемде жүреді.3. Қазіргі таңда, яғни 21 ғасырда таңаулары аңқиған, аңдау қыздар көп, жанағы виртуалды әлемде өзі туралы барлық ақпаратты жайып қалды. Бұл алдану, басын айналдырып, мүмкін тонау сияқты ситуацияларға әкеліп соғады. Бұны қалай түсіндіресіз?4. Өзіңіз бір күніңізді интернетсіз өткізіп көрдіңіз бе? Қандай сезімде болдыңыз?5. Интернет бізді шынайы қарым-қатынастан алшақтады дегенге келісесіздер ме?



Ақиқат тобы:
  • Әлеуметтік желіден неге қорқасыз?
  • Бүгінгі тақырыптарға байланысты ақпараттарды қайдан алдыңыз?
  • Әлеуметтік желіні жоюдың жолдарын айтыңыз?


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!