|
ҚМЖ тарауы: ХХ ғасыр басындағы Қазақстан Сабақтың тақырыбы: Әлихан Бөкейханов XX ғасыр ұлт көшбасшысы |
Бейнеу ауданы Атамекен орта мектебі КММ Мұғалімнің аты-жөні: Абдиганиева Гулнар Күні: |
||||||
|
СЫНЫП: 8 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
|||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
8.2.2.1. Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру |
||||||
|
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы Әлихан Бөкейхановтың Алаш қайраткері екенін біледі. Оқушылардың көбісі Әлихан Бөкейхановтың Алашорда үкіметін құрушы тұлга екеніне сипаттама береді. Оқушылардың кейбіреуі Әлихан Бөкейхановтың және Алаш зиялыларының еңбектеріне талдау жасайды. Дәлелдер келтіре алады. |
||||||
|
Бағалау критерийі |
1. XX ғасырдың 20-30 жылдарында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының тарихын зерттейді. 2. Ә . Бөкейхановтың және Алаш зиялыларының қазақ тарихындағы орнына баға береді, саяси портретін жасайды. 3. Ә . Бөкейхановтың публицист және ғылымдағы жолына талдау жасайды . |
||||||
|
Тілдік мақсаттары |
Жазылым: Алаш қайраткерлерінің еңбектерімен танысады, дәптерлеріне түртіп отырады. Оқылым: Алаш қайраткерлерінің еңбектерінен үзінді оқиды. Картамен жұмыс жасайды. Айтылым: Тақырыпты оқып түсінгендерін айтады, сұрақтар қояды. Тыңдалым: Алаш зиялыларының шығармашылық мұралары туралы видеоролик көреді. Өз ойларын ортаға салады. |
||||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, видеоролик, АКТ |
||||||
|
Құндылықтарға баулу |
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Алаш қайраткерлерінің мұраларының маңызын ашамыз. |
||||||
|
Ойлау дағдысы |
Қолдану, талдау, жинақтау |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
қазақ тілі, география, дүниежүзі тарихы |
||||||
|
Сабақтың жоспары |
|||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Ресурстар |
|||||
|
Басталуы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары» Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиындыларды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Аялы алақан» тренингі (3 минут) Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. |
1-топ: Жазушылар 2-топ: Тарихшылар 3-топ: Суретшілер «Аялы алақан» тренинг, қағаздар, қалам |
|||||
|
Алдыңғы оқу |
Өткен тақырыпты пысықтау. «Кім жылдам» тесті (3 минут) |
Карта, стикер |
|||||
|
Жаңа білім 10 минут |
Білу және түсіну. Алаш зиялылары және Ә. Бөкейхан туралы қысқаша баяндаймын, осы тақырып бойынша оқушылардың не білетінін не білгісі келетінін айқындаймын. Осы негізде топқа жеке тапсырма беремін. 1 тапсырма. «Постер қорғау» Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. Сол арқылы әр топ постер қорғайды. 1. «Жазушылар» тобына «Ақпан төңкерісінен кейін құрылған саяси партиялар мен ағымдар» 2. «Тарихшылар» тобына «XX ғасыр басындағы ұлттық баспасөз» (Қазақ, Үш Жүз газеті, Айқап журналы) 3. Суретшілер тобына «Алаш зиялыларының рухани мұрасы» ҚБ; «Өзара бағалау» XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі мекемелерде, өкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды. Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше, қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді. Ал XIX ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын- аулақ мектептер мен гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің «зиянды әсерінен» сақтау және далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін Санкт-Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә. Бөкейханов (Орман шаруашылығы институты), Мұхамеджан Тынышпаев (Темір жол көлігі институты), Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров(Дәрігерлік академиясы), Б.Қаратаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай (Санкт-Петербург университеті) сияқты ұлт-азаттық қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлер білім алды. Қазақ жастары, сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды.
Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында Алаш партиясының құрылуы Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды». 1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...». «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12—20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды. |
Оқулық, мәтіндер. Әр топ берілген тапсырмалар-ды «постер әдісімен» қорғайды Карта, слайд, сурет e-history//http Таблица, суреттер |
|||||
|
Ортасы 10 минут |
Қолдану. «Брейн-ринг» әдісі. Әр топ тақырыпқа сай жабық немесе сәйкестендіру тестісін дайындайды. Топ басшылары ретімен құраған тестілерін келесі топтарға қояды. 1. Алаш партиясы қашан құрылды? (1917 жылы) 2. Алаш партиясының үнқағазы болған қандай газет? («Қазақ газеті») 3. Алашорда үкіметінің төрағасы кім? (Ә. Бөкейханов) 4. «Маса» атты өлеңдер жинағының авторы кім? (А. Байтұрсынов) 5. Алаш партиясының бағдарламасы неше бөлімнен тұрады? (10 бөлім) 6. «Оян, қазақ» өлеңдер жинағының авторы кім? (М. Дулатов) 7. Алашорда үкіметінің күншығыс орталығы қай жерде орналасқан? (Семей қаласында) 8. Алашорда үкіметінің күнбатыс орталығы қай жерде орналасқан? (Орал қаласы, Жымпиты ауданында) 9. «Қазақ» газетінің редакторы кім? (А. Байтұрсынов) 10. 1930-40 жылдары репрессияға ұшыраған зиялылырымызға қандай жала жабылды? (Халық жауы) 11. Қазақстандағы Сталиндік лагерлерді атаңдар? (Карлаг, Алжир, Степлаг) 12. 1937-38 жылдары қанша қазақстандықтар репрессияға ұшырады? (101 мың) 13. Алаш қозғалысы қай жылдан қалыптаса басталды? (1905 жылы) 14. Түркістан автономиясының төрағасы кім? (Ә. Бөкейханов) 15. Күншығыс алашорда үкіметінің төрағасы кім? (Ә. Бөкейханов) 16. Күнбатыс алашорда үкіметінің төрағасы кім? (Ж. Досмұхамедов) 17. Алаш зиялылырының ішінен кім тұңғыш әліппені жазды? (А. Байтұрсынов) 18. Алаш зиялылырының ішінен қызыл террордан аман қалғаны кім? (М. Әуезов) ҚБ; «Ауызша марапаттау» Талдау «SWOT» әдісі арқылы талдау. Алаш зиялыларының қызметі туралы видеоролик көрсетіледі. Әр топ Алаш қозғалысының және Алаш зиялаларының мұраларына талдау жасайды.
ҚБ; «Алақан соғу» |
Қазақстан тарихы тест тапсырмала-ры «Келешек-2016» Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
https://youtu.be/ewvcDkI77Qo
https://youtu.be/jyD0odmE80k Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер ««SWOT»» әдісі, сұрақтар. |
|||||
|
Аяқталуы. Сабақты бекіту 7 минут |
Синтез. «Фишбоун» әдісі. «Тарихшылар» тобы тақырыптың себебіне үңілсе, «Суретшілер» тобы себепке дәлел келтіреді. Ал «Жазушылар» тобы тақырыпты қорытындылайды.
ҚБ; «Сыныптастарды бағалау» |
Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы |
|||||
|
Бағалау 3 минут Кері байланыс (рефлексия) 2 минут |
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады |
|||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері байланыс
|
|||||
|
Дарынды және талантты оқушыларға «Брейн-ринг» әдісі арқылы жылдамдыққа сұрақтар қойып жауап аламын және «Алаш партиясын құру заман талабынан туды ма?», « Алаш мұраларының бүгінгі таңдағы өзектілігі неде?» деген сұрақ беру арқылы оқушыларды сыни ойлауға, өздігінен шешім қабылдай алу дағдысын дамыту мақсатында сыни тапсырмалар беремін. «SWOT» әдісінің өзі оқушыларды жан-жақты ойлауға жетелейді. Қабылдауы төмен деңгейдегі оқушыларға жеңіл сұрақ-жауаптар мен терминмен жұмыс берілді. |
Формативті бағалау әдістері, «Бас бармақ» әдісі, «Алақан соғу» арқылы бағаланды.
Үйге тапсырма: «Әлихан Бөкейхан XX ғасыр ұлт көшбасшысы» атты эссе жазу, Алаш зиялылар қызметі туралы 10 тест құрау. |
Сабақ әдебиет, география, сурет пәнімен тығыз байланыста құрылды. Оқушылардың топтық жұмыс жасау арқылы бірлескен қарым-қатынас орнады. АКТ-ны қолдануда қауіпсіздік ережесін сақтау ескертілді. Алаш идеясын бүгінгі таңдағы «Мәңгілік -Ел» доктринасының негізі етіп қарастырамын. . |
|||||
|
Дескриптор |
1. Алаш зиялыларының мұраларымен танысты. 2. Ә. Бөкейхановтың тарихтағы орнына баға берді. 3. Ә. Бөкейхановтың ғылымдағы жолына талдау жасады. 4. Алаш зиялыларының саяси қызметімен, өмір жолымен танысты. |
||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: оқушылар тарихи фактілерді жылдам есте сақтауды үйренді. 2: оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы өз нәтижесін көрсетті. Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: оқушылар өз ойын анық және ашық жеткізе білуі. 2: топтық жұмыста белсенділік танытуы. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекеленген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? |
|||||||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Әлихан Бөкейханов ХХ ғасыр ұлт көшбасшысы 8-сынып

шағым қалдыра аласыз