Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық тәрбиешілерге арналған,күзге байланысты материалдар бар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алтын күз

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Күз жәрмеңкесі, яғни - жемістер мен көкөністер салынған себеттер.


Тәрбиеші:

Құрметті ата-аналар, балалар, ұстаздар « Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз.

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне алтын күз.


Хор: «Берекелі алтын күз »

Тәрбиеші: Балалар сендер білесіңдер ме? Күз мезгілінде неше ай барын?

Балалар:Қыркүйек, қазан, қараша айлары

Ой жарайсыңдар балалар, ал енді күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім біледі?

Балалар: Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын-шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Күз – жылдың берекелі мезгілі.

Тәрбиеші:Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіңдер ме ол кім?

Балалар: Алтын күз.

Тәрбиеші:

Онда ортамызға мерекеміздің сәнін келтіретін Күз ханшайымын шақырайық.





Балалар хормен:

Келші, келші алтын күз

Келші, келші, жарқын күз.

Алтын күз:Сәлеметсіңдер ме балалар !

Балалар:Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Алтын күз : Береке бақ дарыған,

          Жомарт көңіл жарқын жаз.

         Сары алтынға малынған,

Алтын күздеген мен болам.

       Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жоқ.

Алтын күз:Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

                      Ешкім де жемейді,

Тәтті екен демейді.

Сарғайып піседі,

Үзіліп түседі.

Балалар:Жапырақ.

Алтын күз:Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Тәрбиеші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі.  Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Қияр: Айбар

Көптен ерте шымырлап,

Өсемін мен бүр жарып.

Атым – қияр, теріп ал,

Жиі-жиі суғарып.


Шұғыла

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған ,алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап қап қауын алдық біз.

Ислана
Күншуаққа маужырап
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.

Картоп:Алихан

Картоп біздің атамыз,

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.


Шабдалы: Айнара

Пісетін кезі дәл күзде,

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі,

Оның аты – шабдалы.


Қауын: Данияр

Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған,

Балдай тәтті қауынмын.


Қызылша: Нұртас

Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ біліп қой,

Қызылшамын пайдам бар.



Құлпынай: Ақлебіз

Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты – құлпынай.

Жандәулет
Алтын-сары, қызыл-көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.





Айару А
Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып

Қырыққабат:Елдар

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп,

Қырыққабат атандым.



Көрініс: «Көкөністер дауы» көрініс.


Бағбан жер тырмалап жүреді. Оқушылардың қасына келіп, оларға қарап.

Мұғалмаған жігері,

Атай әлі күшінде.

Қашан көрсең жүреді,

Алма бақтың ішінде.

Ізгі еңбегі әр талға,

Жеміс болып тұрғандай.

Жеміс нәрі атайға,

Қуат беріп тұрғандай

Қолы неткен епті еді,

Бәрін өзі істейді.

Ертелі кеш кетпені,

Иығынан түспейді.

Бағбан (күнбағыстың жанына келеді)

Күнбағыс-ау, күнбағыс,

Күнді сүйген сен нағыз.

Күн ауғанда сен ауып,

Құйқылжисың құт алып.

Төбеңнен күн өтпейді?

Таңдайың кеуіп кетпейме?

Жуа, Сәбіз, Баклажан, Қияр ұйықтап жатады. Күнбағыс түрегеліп қалғып тұрады. Кенет күнбағыс жерден басын жұлып алады.

Күнбағыс:

-Күнді, күнді қараңдар! Шуағын сеуіп, дүниені нұрға бөлеп келеді. Тұрыңдар, қане, тұрыңдар, Күнді көріңдер!

(Әр қайсысын жұлқылап оятып шығады)

Қияр :

-сонша айқайлап не болды саған?

Қызанақ:

-соны айтсаңшы! Ұйқымызды бұздың ғой. (есінейді)

Күнбағыс:-Әй, сендер –ақ мүлги бересіңдер. Мен сияқты жан –жаққа көз салсаңдар болмай ма? Ғажап қой, ғажап! Күннің шығып келе жатқаны қандай керемет! Ештеңе көрмейсіңдер. Ештеңе білмей өтесіңдер ғой! Сендер тіпті ешкімге керек емессіңдер.

Баклажан мен қызанақ жылайды.

Қызанақ :Біздің пайдамыз көп.

Қияр:қызанақ, бауырым сәл сабыр етші. Мен айтайын.

Сол кезде Жуа, Сәбіз, Картап оянып кетеді.

Жуа: Не болды?

Сәбіз:Бұл не айқай?

Картоп: сендерге не жетпейді?

Қияр:Әуелі біліп алмайсыңдар ма, менің не айтайын деп тұрғанымды? Менде калий тұздары, кальци тұздары, фосфор тұздары бар . Онымен кейбір ауруларды емдейді. Міне менің пайдам.Міне, менің пайдам!

Қызанақ: Мен, менде айтайыншы. Мен с витамині бар. Басқасын былай қойғанда темір, фосфор, калий тұздары бар.

Пияз:Ә,ә білдім! Не айтып тұрғаныңды. Мен тұрғанда сендерге не жоқ? Менде С, В витаминдері өте көп. Басқа тұздар да көп кездеседі. Сондықтан жөтелге, тұмауға, күйген жерге, тағы да басқа ауруларға еммін. Осылайша адамға көбірек пайдалымын.

Картоп:Әй, әй, пиязжан, қалай ұялмайсың? Сен адамды жылатасың ғой. Адамға пайдалы деп мына мені айтады. Менде глюкоза, крахмал, сахароза деген заттар бар. Амин қышқылы да кездеседі. Минералды тұздар бар. Менде өте көп заттар бар.

Сәбіз: ( Бетін шымшып)Ұят-ай! Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой. Мақтансам мен мақтанайын. Адам мені әуелі дәрі дәрмек ретінде өсірді. Содан кейін тамақ ретінде өсірді. Мені қан азайғанда, басқа да ауруларға қолданады. Мен пайдалымын!

Күнбағыс: Уа,Адам! Біздің дауымызды шешіп беріңіз. Біз таң атпай дауласып жатырмыз. Қайсымыз адамға пайдалымыз?

Адам:Ә, солай ма? Маған бәрің де керексіңдер. Бәрің де пайдалысыңдар. Мен күнбағыстан алған майға пиязды, картопты, сәбізді қуырып тамақ пісіремін. Оған қызанақ пен баклажанды қосып жіберсеңдер тіпті дәмдә болады.Сондықтан бәрің де пайдалысыңдар. Дәрілік қасиет бәріңде бар. Сендер жақсы өссін деп кетпенді қолдан тастамаймыз. Енді дауды қойыңдар! Күннің нұрын, ауаның тазасын жұтып, алаңсыз өсе беріңдер.

Би: «Жапырақтар» биі.

Пияз:Ақнұр

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық-барлық тағамға.

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.


Әмина Б
Әй алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап.

Мансұр

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.


Сәбіз:Ясмина

Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген.

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күлгенде.


Нұрәлі

Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Сапырды дән алтын күз, 
Сабан тойы салтымыз


Жүзім:Інжу

Іші толған шәрбат,

Дәмі сондай әйбат.

Үзесің бірден үзіп,

Оның аты – жүзім.

Бұршақ:Медет

Кішкене түймедеймін мен,

Ұяламын мен бәрінен

Дәмді тағамдарыммен,

Сый жасаймын бәріңе!


Алма:Айша

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмін,

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.

Тамила

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.

Мұхамедали

Сап - сары маңай,

Сап - сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып


Шие:Айару Қ

Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде.

Санап қара қанша,

Оның аты – шие.


Өрік:Еңілік

Дөп-дөңгелек сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасың көріп,

Оның аты – өрік.


Қызанақ:Нұрдос

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен – қызанақ,

Күнге қарап ұялып.


Ән: «Мен қазақтың қызымын»


Би: «Теңізшілер»


Хор: «Осень в лесу»



Алтын күз: Ой балалар менің көңіл-күйімді көтергендеріңе сендерге көп-көп рахмет. Өнерлерің үстем болсын өте талантты балалар екенсіңдер, келесі күз келгенше білімдеріңді де өнерлеріңді де өрістете беріңдер.

Мерекелік құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Тлеукенов Оралхан Рақымжанұлына беріледі.

Оқу ісінің меңгерушісі: Капашева Айнұр Қабидолдақызына беріледі.


Ата-аналарға беріледі.

Тәрбиеші: «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Күз әрқашан да, өзінің молшылығымен келсін, әр отбасына амандық тілейміз.
























































































Қойылым: «Көкеністер айтысы»

Бағбан жер тырмалап жүреді. Оқушылардың қасына келіп, оларға қарап.

Мұғалмаған жігері,

Атай әлі күшінде.

Қашан көрсең жүреді,

Алма бақтың ішінде.

Ізгі еңбегі әр талға,

Жеміс болып тұрғандай.

Жеміс нәрі атайға,

Қуат беріп тұрғандай

Қолы неткен епті еді,

Бәрін өзі істейді.

Ертелі кеш кетпені,

Иығынан түспейді.

Кетеді

Бағбан (күнбағыстың жанына келеді)

Күнбағыс-ау, күнбағыс,

Күнді сүйген сен нағыз.

Күн ауғанда сен ауып,

Құйқылжисың құт алып.

Төбеңнен күн өтпейді?

Таңдайың кеуіп кетпейме?

Жуа, Сәбіз, Баклажан, Қияр ұйықтап жатады. Күнбағыс түрегеліп қалғып тұрады. Кенет күнбағыс жерден басын жұлып алады.

Күнбағыс:

-Күнді, күнді қараңдар! Шуа,ын сеуіп, дүниені нұрға бөлеп келеді. Тұрыңдар, қане, тұрыңдар, Күндң көріңдер!

(Әр қайсысын жұлқылап оятып шығады)



Қияр :

-сонша айқайлап не болды саған?

Қызанақ:

-соны айтсаңшы! Ұйқымызды бұзды ғой. (есінейді)

Күнбағыс:-Әй, сендер –ақ мүлги бересіңдер. Мен сияқты жан –жаққа көз салсаңдар болмай ма? Ғажап қой, ғажап! Күннің шығып келе жатқаны қандай керемет! Ештеңе көрмейсіңдер. Ештеңе білмей өтесіңдер ғой! Сендер тіпті ешкімге керек емессіңдер.

Баклажан мен қызанақ жылайды.

Қызанақ :Біздің пайдамыз көп.

Қияр:қызанақ, бауырым сәл сабыр етші. Мен айтайын.

Сол кезде Жуа, Сәбіз, Кртап оянып кетеді.

Жуа: Не болды?

Сәбіз:Бұл не айқай?

Картап: сендерге не жетпейді?

Қияр:Әуелі біліп алмайсыңдар ма, менің не айтайын деп тұрғанымды? Менде калий тұздары, кальци тұздары, фосфор тұздары бар . Онымен кейбір ауруларды емдейді. Міне менің пайдам.Міне, менің пайдам!

Қызанақ: Мен, менде айтайыншы. Мен с витамині бар. Басқасын былай қойғанда темір, фосфор, калий тұздары бар.

Пияз:Ә,ә білдім! Не айтып тұрғаныңды. Мен тұрғанда сендерге не жоқ? Менде С, В витаминдері өте көп. Басқа тұздар да көп кездеседі. Сондықтан жөтелге, тұмауға, күйген жерге, тағы да басқа ауруларға еммін. Осылайша адамға көбірек пайдалымын.

Картоп:Әй, әй, пиязжан, қалай ұялмайсың? Сен адамды жылатасың ғой. Адамға пайдалы деп мына мені айтады. Менде глюкоза, крахмал, сахароза деген заттар бар. Амин қышқылы да кездеседі. Минералды тұздар бар. Менде өте көп заттар бар.

Сәбіз: ( Бетін шымшып)Ұят-ай! Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой. Мақтансам мен мақтанайын. Адам мені әуелі дәрі дәрмек ретінде өсірді. Содан кейін тамақ ретінде өсірді. Мені қан азайғанда, демңкпе болғанда, асқазан ауруына, басқа да ауруларға қолданады. Қатерлі ісіктерге қарсы жұмсайды. Мен пайдалымын!

Күнбағыс: Уа,Адам! Біздің дауымызды шешіп беріңіз. Біз таң атпай дауласып жатырмыз. Қайсымыз адамға пайдалымыз?

Адам:Ә, солай ма? Маған бәрің де керексіңдер. Бәрің де пайдалысыңдар. Мен күнбағыстан алған майға пиязды, картопты, сәбізді қуырып тамақ пісіремін. Оған қызанақ пен баклажанды қосып жіберсеңдер тіпті дәмдә болады.Сондықтан бәрің де пайдалысыңдар. Дәрілік қасиет бәріңде бар. Сендер жақсы өссін деп кетпенді қолдан тастамаймыз. Енді дауды қойыңдар! Күннің нұрын, ауаның тазасын жұтып, алаңсыз өсе беріңдер.












Алтын күз: Ой жарайсыңдар балалар, ал енді күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім біледі?


Балалар: Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын-шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Күз – жылдың берекелі мезгілі.


Шегіртке: Ой, балалар сендер дұрыс айтасыңдар. Сендердің тақпақтарыңды естіп ойланып қалдым. Секіріп, ән салып жүре бермей қысқы азығымды дайындайын. Сау болыңдар балалар. Рахмет сендерге. Көңілімді көтердіңдер. Құмырсқаны қуып жетіп алайын.


Ән: «Мен қазақтың қызымын»

«Көкөністер дауы» көрініс.


Тәрбиеші:

Бұршақ:Медет

Кішкене түймедеймін мен,

Ұяламын мен бәрінен

Дәмді тағамдарыммен,

Сый жасаймын бәріңе!



Қызылша: Нұртас

Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ біліп қой,

Қызылшамын пайдам бар.


Қырыққабат:Елдар

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп,

Қырыққабат атандым.


Сәбіз:Ясмина

Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген.

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күлгенде.


Қызанақ:Нұрдос

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен – қызанақ,

Күнге қарап ұялып.


Қияр: Айбар

Көптен ерте шымырлап,

Өсемін мен бүр жарып.

Атым – қияр, теріп ал,

Жиі-жиі суғарып.


Картоп:Алихан

Картоп біздің атамыз,

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.


Қауын: Данияр

Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған,

Балдай тәтті қауынмын.


Пияз:Ақнұр

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық-барлық тағамға.

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.


Ән: «Ақ тілек»



Жүзім:Інжу

Іші толған шәрбат,

Дәмі сондай әйбат.

Үзесің бірден үзіп,

Оның аты – жүзім.


Өрік:Еңілік

Дөп-дөңгелек сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасың көріп,

Оның аты – өрік.


Шабдалы: Айнара

Пісетін кезі дәл күзде,

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі,

Оның аты – шабдалы.


Шие:Айару Қ

Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде.

Санап қара қанша,

Оның аты – шие.


Құлпынай: Ақлебіз

Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты – құлпынай.


Алма:Айша

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмін,

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.


Би: «Теңізшілер»


Хор: «Осень в лесу»



Алтын күз: Ой балалар менің көңіл-күйімді көтергендеріңе сендерге көп-көп рахмет. Өнерлерің үстем болсын өте талантты балалар екенсіңдер, келесі күз келгенше білімдеріңді де өнерлеріңді де өрістете беріңдер.

Тәрбиеші: «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Күз әрқашан да, өзінің молшылығымен келсін, әр отбасына амандық тілейміз.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
465
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12