жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Алтын күз балабақша
«Берекелі, мерекелі алтын күз»
Диханбаева Жаксыгул Аскарбековна
Жүргізуші:Армысыздар, құрметті ата-аналар, әріптестер, қонақтар! Бүгінгі «Құлыншақ» тобының «Берекелі, мерекелі алтын күз» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!
Радионың дауысы шығады: дың-дың-дың... Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Бүгін орман ішіне Алтын күз ханшайымы келеді! Алтын күз ханшайымы бәріңізді орман ішінде күтеді.
Жүргізуші: Хабарландыруды еситіген ешкі лақтарын ертіп орманға беттеді. (Балалар әсем киініп залға кіреді)
Ешкі: Лақтарым, шырақтарым шаршаған боларсыңдар осы жерде отырып демалып алайық (балаларды отырғызады).
Ешкі: Лақтарым міне орман ішіне де жеттік. Осы жерде отырып Алтын күз ханшайымын күтейік. Алтын күз ханшайымы келгенше бекер отырмай ән айтып, би билеп шаршағанымызды басып алайық.
Би: Крокодильчик (ұлдар)
Ешкі: Лақтарым орман ішінде абайлап ойнайық. Бұл жерде жабайы аңдар көп, сендерді алып кетуі мүмкін.Сенде жабайы аңдардан қорқасыңдар ма?
Лақтар: ЖОООООҚ!!!
Ешкі: Лақтарым жабайы аңдар келгенде шаршап қалмас үшін орнымыздан тұрып, сергіту жасттығуын жасап бір серпіліп алайық.
Сергіту жаттығуы: Бала бала балапан
(Осы кезде есіктен қасқыр сығалап жүреді. Оны көріп қалған ешкі лақтарын қорғаштап, орындарынан тұрғызады.
Ешкі: Лақтарым, Алтын күз тезірек келу үшін дауысымызды шығарып, бір ән шырқасақ қайтеді.
Ән: Кап кап тук тук
Ешкі: Сен кімді іздеп жүрсің? Менің лақтарымды іздеп жүрсің бе?
Қасқыр: Ж-ж-ж-жооқ... Мен көктем аруын қарсы алуға келдім.
Ешкі: Көктем аруы? Ой,қасекем-ау, көктем келіп кеткелі қай уақыт?! Қазір қай жыл мезгілі айтыңдаршы, лақтарым?
Лақтар: Күз.
Қасқыр: Ой, қайдағы күз? Күз болса қар жауып, боран соғар еді ғой. Қар бар ма? Қайсы қар? (ары-бері жүреді)
Ешкі: Лақтарым, күзде не жауады?
Лақтар: Жауын жауады.
Қасқыр: Жо-жоқ қар жауады. Күз болса себетке толы ханшайымдарың қайда?
Ешкі: Қасеке, сәл шыдаңыз қазір келеді. Келген кезде сіз күз екенін білесіз. Алтын күз келгенше бізге қосыл, ән айтып, би билеп шаршағанымызды басайық.
Қасқыр: Мына кішкентай лақтарың мәңіреп басымды ауыртар. Бұлар билей де алмайтын шығар.
Ешкі: Лақтарым, қасқырға өздеріңнің өнерлі екендеріңді дәлелдеп беріңдерші. Жаңа досымыздың қосылуына тағы бір өнерімізді ортаға салып жіберіңдерші.
Сергіту «Көңіл күй».
(Табиғат құбылыстарының дауысы шығады)
Қасқыр: Ойбаааай, не болып кетті? Мен билегенде тау қозғалып, ағаштар тербеліп, жапырақтар шашылып кетті ма? Даланың барлығы сарғайып кетті ғой. (Отыра қалады)
Ешкі: Қасеке, тұр, тұр. Лақтарым, тұрыңдар, тұрыңдар күз ханшайымы келе жатыр, күз ханшайымы келе жатыр. (Бәрі орындарынан тұрады).
Әуен ойнайды Алтын күз ханшайымы кіреді.,
Алтын күз: ----------------------------------------------
Ешкі: Армысыз, Алтын күз! Қош келдіңіз!
Алтын күз: Рақмет! Ешкі лақтарың қандай әдемі, сүп-сүйкімді болып өсіп келеді.
Ешкі: Сізді көруге бүгін латарым ерте тұрып, асыға келіп жеттік. (қасқыр алтын күзді ары айналады, бері айналады)
Қасқыр: С-с-с-сәлеметсіз бе! Сіз алтын күз екенсіз ғой.
Алтын күз: Иә, мен алтын күзбін. Сіз кімді күтіп жүрсіз?
Қасқыр: Мен алма, алмұрты күтіп жүрмін. Қарным қатты ашып кетті.
Алтын күз: Қасқыр уайымдама, мен өзіммен бірге қамба толы астық, бақша толы жеміс-жидекпен келдім.Орман ішін аралап қарныңды бір тойдырып ал.
Ешкі: Лақтарым, Алтын күз ханшайымына дайындаған тағы бір өнерлеріңді ортаға салыңдар!
Би: Жау жау жаңбыр (қыздар)
Айгөлек тобы БИ
Ата анамен ойын Көңілді би
Балабақша меңгерушісі
«Құлыншақ» тобының бүлдіршіедерінің 2019жылғы күз мезгіліне арнаған сән үлгісін тамашалаңыздар.
(Балалар біртіндеп шығады Аттарын айтып орнына отырғызамыз)
Осымен «Берекел, мерекелі алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды көңіл бөліп келгендеріңізге Рахмет!
Келісілді: Бекітемін:
ЖШС ЦДО «Еламан-2020» ЖШС ЦДО «Еламан-2020»
әдіскер Қуатжанова А.Б. директоры Сансызова А.С.
«Берекелі, мерекелі алтын күз»
Тәрбиеші: Диханбаева Ж.А
Музака жетекшісі: Алимжанова Г.М
Алмыты2019жыл
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген