жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Алтын сақа балабақшасы
Білім беру саласы: Қатынас,Шығармашылық.
ҰАОҚ: Сөйлеуді дамыту,Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Үй құстары » (Тауық,әтеш,балапан)
Мақсаты: Балаларға үй құстары туралы түсінік беріп,білімдерін жетілдіру,құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Білімділігі: Тауық,әтеш,балапан туралы түсініктерін кеңейту.Қойылған сұраққа түсініп жауап беру машықтарын жетілдіру. Ермексазды ұсақ бөлшектерге бөліп, саусақтармен әрлі берлі есіп жем жасауды үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың ойлауын, зейінін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын толықтыру.Қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды үй құстарына қамқорлық жасау сезімдерін ояту, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: сөздік,көрнекілік,ойын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайд, Лунтиктің шығуы,тауық,әтеш,балапан суреті.
|
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты. Қайырлы таң ұстазым, Қайырлы таң достарым |
Балалар тәрбиешімен бірге айтып қайталайды |
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде Үй құстары Тауық,Әтеш,Балапандармен танысатын боламыз Балалар бүгін бізге қонаққа Лунтик келіпті тақтаға назар аударайық Лунтик: Саламатсыңдарма балалар! Балалар мен сендерге тамаша сурет әкелдім. Егер осы сурет бойынша әңгімелеп айтып берсеңдер, апайларыңның сұрағына дұрыс,толық жауап берсеңдер,мен сендерге суретті көрсетемін. Тақтағы суретке қараймыз суретте нелер бар екен танысайық Бірінші суретте тұрған не Екінші суретте тұрған не Үшінші суретте тұрған не Тауықтың адамға пайдасы ол бізге жұмыртқа,ет береді.Жұмыртқалардан кішкентай балапандар пайда болады Әтеш бізді таңертең ку ка ре ку деп оятады Келесі балалар балапан қандай үлкенба,кішкентай ма? Балапанның түсі қанда? Лунтик:Жарайсыңдар,балалар. Ал,тауық әтеш,балапан қалай дыбыстайды? Білесіңдерме? Ендеше кеттік Д/о: Ненің дыбысы Шарты: Үй құстарының дыбысы жүреді,балалар дыбыстарды мұқият тыңда, анықтап құстың атын айтады Балалар ендеше ортаға сергіту сәтіне шығайық Ән: Бала,бала балапан Ал,балапандар не жейді Ендеше балалар бүгін біздер балапандарға және оның достарына жем жасап берейік Қолымызға ермексызды қойып,жібітеміз. Содан соң кішкене ғана үзіп аламызда,алдымызда сурет тұрған балапандардың алдына қоятын боламыз.Ендеше балалар жұмысымызға кірісейік Жарайсыңдар,балалар. Бәрін біледі екенсіңдер. Балалар балапандарға жем дайындап бергендеріңе рахмет. Мен кетейін. Сау болыңдар.
|
Балалар сұраққа толық жауап береді
Балалар тақтаға қарап қызығушылықпен тыңдайды
Балалар суреттерге қарап жауап береді. Тауық Әтеш Балапан
Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.
Кішкентай Сары
Балалар Лүнтиктің тапсырмасын орындайды
Балалар тақтаға қарап қимылдарын бірге қайталайды Сұраққа жауап береді: Жем жейді
Балалар тәрбиешімен бірге қайталап жасайды
Балалар Лунтикпен қоштасады |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде не туралы өттік? Қонаққа бізге кім келді? Балапандарға не жасап бердік? Балалар,жарайсыңдар бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар сендерге мен бүгін балапандарды беремін үйге апарып ата аналарымызға береміз Сау болыңыздар |
Үй құстары туралы Бізге қонаққа Лунтик келді Балапандарға жем жасап бердік |
Біледі:Үй құстарының атауларын дұрыс атауды,олардың пайдасын
Меңгереді:Үй құстарын дауыстарынан ажыратуды,қойылған сұрақтарға жауап беру
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген