|
Жаңа сабақ
ІІ. Қызығушылықты
ояту. «Ой шақыру»
Үнтаспадан Ақан серінің
«Маңмаңгер» әнін тыңдау.
Сұрақ-жауап.
- Балалар, қазір
біз не тыңдадық?
-
Ән
- Әнді
кімдер орындайды?
-Әншілер.
- Әннің
сөзін кімдершығарады?
-
Ақындар.
- Шығарылған өлеңге ән
шығаратын адамды кім дейді?
- Сазгер.
- Демек,
біздің сабағымыздың тақырыбы қандай
болмақ?
- Әнші –
сазгер, ақындар. Тума талант, табиғат дарын
иелері
.- Әрине,
балалар, біз бүгін сабақта ХІХ ғасырдағы әнші-сазгер
ақындар өмірі мен шығармашылығы туралы
айтамыз.
ІІ.Мұғалімнің кіріспе
сөзі:Сіздер жалпы
қазақтың әнші - сазгер ақындарын білесіздер ме?Сіздердің
жауаптарыңыз толық болу үшін мен есімдерін атап өтейін:Призентация
арқылы әнші – сазгер, ақындарды таныстыру: Біржан
Қожағұлов, Жаяу Мұса Байжанов, Ақан Қорамсаұлы, Балуан Шолақ
Баймырзин, Естай Беркімбайұлы, Мұхит Мералыұлы, Сегіз сері
(Мұхамедханапия) Баһрам Шақшақов, ИманжүсіпҚұтпанұлы, Мәди Бәпиұлы,
Әсет Найманбайұлы, Үкілі Ыбырай
Сандыбайұлы
Сабақтың
эпиграфы:Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай
болып өрінеді. Т.Потанин.
ІҮ.Мұғалімнің әнші – сазгер, ақындар туралы қысқа
әнгімесі.
Қазақ халқы
— әнге бай, өнерлі халық. Халық өнерін,
мәдениетін зерттеушілер бұл туралы көп пікірлер
айтқан.
Әнші - сазгер ақындар -
ақындықпен қатар композиторлықты да,
әншілікті де машықтаған өнерпаздар. Әнші-сазгер
ақындардың шығармаларының ерекшелігі: әннің мәтінін де,
әуендерін де өздері шығарады және ол әндерді өздері айтып
береді, музыкалық аспапты өздері тартып, өздері сүйемелдейді.
Бірақ бұл ерекшеліктердің бәрі бір дәрежеде бола
бермейді. Кейбір әнші – сазгер ақындардың ақындығы басым
болса, екінші бірелерінің композиторлығы, яғни сазгерлік
қабілеті немесе орындаушылық қабілеті асып
жатады.
Әнші-сазгер ақындар тек
ән шығарумен ғана тынбаған, кейбіреулері айтысқа
түскен, енді біреулері ойын-тойларда өлең-жыр айтқан.
Әнші-сазгер ақындар жанына бір топ өнерпаздарды ертіп, топтанып
жүретін болған. Тұрақты театры жоқ кезде, көшпелі
халық театрының ролін атқарған.
Қазір әнші-сазгер
ақындардың шығармашылығы тұрақтанып, дәстүрге айналды,
идея-мазмұны жағынан қалың бұқара мүддесін
көксеп, халықтық сипат алды, ал көркемдік түр
стильдік жағынан дамып, толысып жетіле береді.
Кейбір әнші-сазгер ақындар ( Ақан сері, Жаяу Мұса,
Біржан сал )жазба әдебиет саласында
белгілі орын алады. Балуан Шолақ, Жарылғапберді,
Құлтума, Әсет, Сәтмағамбет, Иманжүсіп, Естай, Шашубай т.б.
бірнеше әнші-сазгер ақындардың аты халыққа
әйгілі.
Ү. «Біржан сал» фильімінен үзінді
көрсету.
- Балалар біз қандай фильмнен үзінді көрдік?- Үзіндіде
кімдер туралы айтылды?- Дұрыс айтасыздар «Сал -
серілер»
Әнші-сазгер ақындарға
халық «сал», «сері» деген атақ беріп, құрмет
көрсеткен.Жалпы, сал-сері дегеніміз кімдер? Сал мен серінің
бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
– Сал-сері – сегіз қырлы,
бір сырлы, яғни, ақын, әнші, күйші, композитор, ойыншы, күлдіргіш,
би, спортқа бейімі ерекше өнерпаз. Олар – халық мәдениетінің
көрнекті қайраткерлері. «Сал» және «сері» – тектес, төркіндес,
кіндіктес ұғымдар. Е.Ысмайылов «сері» сөзі араб халқының «сейір»
немесе «серуен», «сайран салу» дегенінен туындады десе, «сал»
ұғымын «салдырту», «салтанат» сөздерінен іздейді. Е.Тұрсыновтың
пікірінше, «сері» – көне түрік тіліндегі «черік» сөзінен алынып,
«әскер», «қол» деген мағынаны береді. Демек, «сері» сөзінің негізгі
мағынасы «жасақ құрамындағы жауынгер», «жасақшы», «жорықтағы серік»
дегенді танытады.
Әлбетте, «ақындық,
әншілік, өнерпаздық дәстүр жағынан сал мен серілердің арасында
айырма аз болмағанымен, сыртқы жүріс-тұрысында, киіну, сыпайылық
әдетінде бірқыдыру айырма барлығы байқалады»
(Е.Ысмайылов).
Алдымен, сал туралы
баяндасақ, салдың қылығы қызық. Ауыл не үй сыртында аттан түсіп,
жер бауырлап жатып алады. Оған қыз-қырқындар келіп, басын көтеріп,
шаңыраққа кіргізеді. Тамақты өзі ішпейді, қыздар ішіп-жегізуді
міндетіне алады. Бір сөзбен түйіндегеңде, сал не істесе де, қандай
еркелік көрсетсе де, ел төзімділік танытатын салт, дәстүр болған.
Бұлардың киім киісіне келер болсақ, «салдар жұрттың ортақ салтында
жоқ, ерекше, күлкілі, көз тартарлық әлемішті киімдер киініп,
жарқылдақ моншақтарды тағынған. Бас киімінің, шапан, шалбар,
байпақтардың шүберегі ала-құла, қырық құрау болады екен. Бөрік,
тымаққа үкі, неше түрлі моншақ қадаған. Сырт киімді кейде бірыңғай
ақ, қызыл-жасылдан, кейде қым-қиғаш әр шүберектен араластырып
тіктірген, оған тоқыған шекпен де, құрым киіз де қоса тігілген
болады» (Е.Ысмайылов). Біржан салды көрген Ілияс Мейірбанұлы: «Кең
жағалы ақ көйлек, дөңгелек етекті оқалы қамзол, сыртында көк ала
қаптал шапан, басында үкілі құндыз бөрік, үкісі бұлғақ-бұлғақ
етеді. Қалтасында күрең шұға тақиясы бар екен», – деп
жазады.
Салдардан серілердің
өзгешелігі мынау: серілерде өрескел мінез, оғаш қылық болмайды.
Мейлінше сыпайы, орнықты, ибалы, сәнді киімге, бекзаттыққа
үйір.
Сал-серілер –
ойын-сауықтың, той-думанның гүлі. Елдің жуан ортасында, халық
арасында қаздай қалқып, үйректей жүзіп, қасына жыршыларын,
ақындарын, әншілерін, күйшілерін, өлеңшілерін, ойыншыларын,
домбырашыларын, палуандарын ертіп, топ құрып
жүреді.
ҮІ. Енді бүгінгі жаңа тақырыбымызды меңгеру барысыда іс
әрекетке көшейік.
«Шашу шаш»
ойыны. Табақта кәмпиттер
жатады, балалар кәмпиттерді алады, алған кәмпиттердің қағазының
суретіне қарап топтарға бөлінеді
1.
Негізгі бөлім.«Мағынаны тану».
оқушыларды
4-ауылға бөлу. Блум таксономиясы
бойынша. Әр ауылға
жоба тақырыбы беріледі.
1- ауыл: Жаяу Мұса аулы. Жоба тақырыбы: «Жаяу Мұса –
әнші-ақындар тобының
көрнектіөкілі»
2- ауыл:
Балуан Шолақ аулы «Балуан Шолақ – ақын, әнші,
сазгер»
3- ауыл:Ақан сері аулы. Жоба тақырыбы: «Ақан сері
— адамзаттың сұңқары»
4- ауыл:Сегіз сері аулы.Жоба тақырыбы: «Сегіз сері -
атақтының атақтысы»
Әр ауыл өз
жобалары бойынша мынадай жұмыс түрлерін
орындайды:
1.Жобаның
тақырыбын хабарлайды.
2.Жобаның
эпиграфын таңдайды
3.Жобаның
мақсат-міндеттерін айқындайды.
4.Тақырыптың
мазмұнын ашады.
5. Бір өлеңін
талдайды
6. Қорытынды
жасайды.
Ауыл ішінде а)
ғалы ә) сазге б) әнші в) ақын
г) ауыл басшысы
д) ақпараттанушы –
болып қызмет жасайды.
Ауылдардың
дайындаған жобаларынтыңдау. Соңында ауыл басшысы
қызметкерлеріне баға береді. Жақсы жұмыс жасаған қызметкерлеріне
ақ, күрең, қара ат береді.
Әр топ өз
жұмыстарын таныстырғаннан кейін сергіту сәті ретінде ән
тыңдату.
VІІ.
«Ой толғау».
1. «Алты
қалпақ» ойыны.
Сұрақ:«Сал-серілер»дегендер
кімдер?
1-ауылға ақ
қалпақ пен сары қалпақ беріледі.
«Ақ қалпақ»
тапсырманы хабарлап, анықтама
береді.
«Сары қалпақ»
сал-серілерді жақтайды.
2-ауылға қара қалпақ
пен қызыл қалпақберіледі
.«Қара қалпақ»
сал-серілерді даттайды.
«Қызыл қалпақ»
эмоцияларын білдіреді.
3-ауылға
көк қалпақ пен жасыл қалпақ
беріледі.
«Жасыл қалпақ»
сал-серілер туралы өз идеяларын
айтады.
«Көк қалпақ»
топтардың жұмысын сараптайды.
4 - ауыл. Қазақи қалпақ
беріледі.
Сал-серілердің бір әнін айтады.
|