400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық сабақ Ә.Нұрпейісов "Қан мен тер" романы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге сабақта әдіс- тәсілдерді дұрыс құрауға көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып:8 «В»

Мусаева П.А.

Күні:

Қатыспаған оқушылар саны: Қатысқан оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» (үзінді)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1 - Тыңдалым материалдарының тақырыбын, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжай отырып, жауап беру;

Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы:

Тыңдалым ақпаратты түсінеді,көтерілген мәселені тірек сөздер,

иллюстрациялар арқылы болжайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп,қолдана алады.

Оқушылардың кейбірі:

Алынған ақпараттарды еркіне қолданып,дербес ой айтады.

Бағалау критерийлері

Мәтіндердегі оқиғалар желісін өмірмен байланыстыра отырып талдау жасайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

алай-дүлей, қақ жарып, түтігіп кетті, ығып кету, дауыл, сең, быт-шыт, жарылды, сергелдең, үсік шалған, жұлынған, жаны ашитын.

Құндылықтар ға баулу

Оқушыларды батылдыққа, жанашырлыққа, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

АКТ-ны қолдану дағдылары

«Қан мен тер» романынан сурет галереясы (презентация), бейнежазба.

Бастапқы білім

Прозалық шығармалардың композициялық құрылымын анықтайды және кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға бере алады

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы


2-минут







5 минут





















2 минут








2 минут


















6 минут
















1.Психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.

«Бір сұрақ,үш жауап» әдісі бойынша оқушылардың көңіл күйін білу.

-Көңіл-күйлерің қалай?

-Жақсы!Керемет!Тамаша!

-Бүгін ерекше күн.Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

2.Өткен тақырыпқа шолу. «Терезе,перде» әдісі арқылы алдыңғы сабақта берілген тақырыпты пысықтау.

Оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар жазылған парақша таратылады.Берілген сұрақтарға дұрыс жауаптар тауып,желімдейді.

Дескриптор:

^Дұрыс жауабын табады;

Сұрақтар:

•Балықшылар әңгімесі қандай трилогиядан алынған?

•Ә.Нұрпейісовтың ең ірі туындысы неше кітаптан тұрады?

• Негізгі тақырыбы не?
• Қандай теңіздің балықшылары туралы айтылады?
• Бұл қай кездегі уақиға?
• Басты кейіпкерлер кімдер?

•Еламан Федоровқа не үшін барды?

•Еламан не себепті балықшыларға: «Теңізге шығуды өздерің шешіңдер!» -деді.

•Балықшылар не себепті Шодырдың айтқанына көнді?

Ең толық әрі дұрыс жауабын берген оқушылар «Бас бармақ» әдісімен бағаланады.


3. «Алақан соғу» әдісі бойынша оқушыларды топқа бөлу.

-Балалар, «Балықшылар» әңгімесі тақырыбына қатысты 3 сөз (тірек сөздер) айтыңдаршы.

Балық.Балықшы.Теңіз.

-Олай болса,шеңберге тұрып,алақанымызды жайып, осы тірек сөздерді әрқайсысымыз кезекпен қайталап айтып шықсақ.

Балық - сөзін айтқан оқушылар 1-топқа отырсын,балықшы- сөзін айтқан оқушылар 2-ші топқа отырсын,теңіз сөзін айтқан оқушылар 3-ші топқа отырсын.

4.Қызығушылықты ояту. «Төрт сурет, бір сөз» әдісі бойынша оқулықта берілген суреттерді ретіне қарай тақырыпқа сәйкес тақырыпты болжап айтады, сұрақтарға жауап береді:

-Суреттен не байқадыңыздар?

Оқушылар мынандай жауаптар айтуы мүмкін: «Балықшылардың балық аулауға теңіз бетіне шығуы»,«Ауа райының күрт өзгеруі балықшыларға қиын болатыны», «Өмір мен өліммен арпалысу», «Балықшылардың апатқа ұшырауы», «Балықшылардың қиналуы»

Дескриптор:

^Суретке қарап,сабақтың тақырыбын анықтайды;

Мұғалімнің мадақтау сөздері арқылы бағалау.

Жарайсыңдар!

- Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты тыңдалым материалдарының тақырыбын, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжай отырып, жауап беру;

Дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күнтізбені жазайық.

Сабақтың тақырыбы:Балықшылардың қасіретті өмірі. 4.Мәтіналды жұмыс.

Сөздікпен жұмыс:Мәтін үш топқа бөлініп беріледі.

«Сканерлеп оқу» стратегиясы әдісі арқылы жаңа сөздермен жұмыс жасайды:алай-дүлей, қақ жарып, түтігіп кетті, ығып кету, дауыл, сең, быт-шыт, жарылды, сергелдең, үсік шалған, жұлынған, жаны ашитын.

-Балалар, мәтіндегі таныс емес сөздер сынып ішіндегі қабырғаларда ілініп тұр. Өздеріңе берілген мәтіннен таныс емес сөздерді тауып жинап әкеліп, әр топ өзі тауып әкелген сөздерді кезекпен оқып отырып,аудармасын тауып, сөздермен күшейтпелі үстеулерді қатыстырып сөйлем құрайсыңдар.

Дескриптор:

^Мәтінді окиды;

^Жаңа сөздерді түсінеді;

^Аудармасын айтады;

^Сөздермен күшейтпелі үстеулерді қатыстырып сөйлем құрай алады;

Мұғалімнің мадақтау сөздері арқылы бағалау.

Жарайсың! Тамаша! Бәрекелді! Өте жақсы!

1.Мәтінмен жұмыс.

Қолдау көрсету бойынша саралау.

«Кейіпкерді таны» әдісі бойынша аудиотаспадан естіген кейіпкерлердің сөздерін анықтайсыңдар,мұқият тыңдаңдар.

1-топ:Иван Курностың сөздерін анықтап,кестеге жазады;

2-топ:Федоровтың сөздерін анықтап,кестеге жазады;

3-топ:Еламанның сөздерін анықтап,кестеге жазады;

Дескриптор:

^Кейіпкерлердің сөзін анықтайды;


Кейіпкерлер

Кейіпкердің сөзі

1.Курнос Иван

Сен неге адамдарды сұрамайсың?

2.Федоров

Бүгін балыққа шықпасаңдар бәріңді жұмыстан қуады.

3.Еламан

Ау- құралдар қайда?

-Балалар,енді сендерге бейнежазбаны көрсетемін, берілген кейіпкерлердің сөздерін дұрыс таптыңдар ма,жоқ па,соны анықтайық.

Тақырыпты жалғастыру үшін оқушыларға bilimland.kz сайтынан Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының қысқаша мазмұны қамтылған бейнежазба ұсынылады.

Бейнежазбадан қандай ой түйдіңіздер?

Оқушылардың жауабы:Балықшылардың өмірінің қиындауы.

Топтар бір-бірін жұлдыздар арқылы бағалайды.


2.Оқулықпен жұмыс.

Мәтін үш топқа кесте арқылы бөлініп беріледі.

Оқиды,топта берілген сұрақты талқылып,кестені толтырып,жауап береді.

«Болжау кестесі» әдісі арқылы алда жасалған болжам мен ұсынылған іс-әрекет сәйкес келді ме?/ болжам дұрыс па? талдана отырып қорытынды айтылады.

Кестені толтырып, әр топ берілген мәтіннің абзацтарында баяндалған оқиғаға өз көзқарасын білдіреді

Сұрақтар


Мәтіннен үзінділер

Қандай мәселелер көтеріледі?

(не болды?)

1-топ:1 үзінді


2-топ:2 үзінді


3-топ:3 үзінді


Дескриптор:

^1.Мәтінге байланысты өз пікірлерін топта талқылайды;

^2.Мәтін бойынша өз пікірін дәлелмен айтады;

3.Мәтін соңы.Жинақтау-топтық жұмыс.

І– топ:

Кейіпкерлерді топтастырыңдар.

Жағымды Жағымсыз

Shape3 Shape2 Shape1


Кейіпкерлер

Shape6 Shape5 Shape4


ІІ – топ:

«Балықшылар » әңгімесін «ПОПС» формуласы бойынша талдау: Менің ойымша, ...

Себебі,мен оны былай түсіндіремін ...

Оны мен мына фактілермен дәлелдей аламын...

Осыған байланысты мен мынандай қорытынды шешімге келдім...

ІІІ – топ:

Еламан мен Феодоровқа мінездеме беріңдер.

Еламан Федоров

Дескриптор:

^Мәтінде берілген кейіпкерлерді топтастырады.

^ «ПОПС» формуласы бойынша өз ойын сипаттайды;

^Романдағы негізгі кейіпкерлерге мінездеме береді;


Бағалау: "Қол шапалақтау"

Интерак тивті тақта, слайдтар
































































Аудио-

таспа











Бейне- жазба











кесте








«Болжау кестесі»





























Сабақтың ортасы




5 минут
























10 минут
























5 минут

Сабақтың соңы



2 минут










1 минут

Кері байланыс.

НЖК (нәтижеге жеттім,менің жетістігім,... туралы білмегенім кедергі етті) әдісі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.


Нәтиже

Жетістік

Кедергі

Мен ......... нәтижеге жеттім.


Менің жетістігім ..... болды


..... туралы білмегенім кедергі етті










Бүгінгі сабақта белсенділік танытқан оқушыларға рақмет,мақсаттарыңа жете беріңдер деп тілеймін.

Үйге тапсырма. Оқулықтағы 5-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындау қажет екені түсіндіріледі.








Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы







АШЫҚ САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ:Әбдіжәміл Нұрпейісов.

«Қан мен тер» үзінді.



Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Мусаева П.А.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
7430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі