Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ .Апта күндері МАД сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің бұл ашық сабағымдағы мақсатым:балалардың сан туралы ұғымын Қазақ ертегілері,салт-дәстүрлермен біріктіріп білімдерін кеңейту мақсатында үш оқу қызметі кіріктірілген .ҰОҚ балалардың жыл мезгілі,апта күндері бойынша ұлттық салт-дәстүрді білу,үйрену,сөздік қорын байыту,тілдік-дыбыстық мәдениетін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



34 орта мектеп





Shape1



Тақырыбы: «Апта күндері»

ҰОҚ: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру





Тәрбиеші:Темирбаева К.У.

МАД «Ә»сыныбы





2018-2019 о/ж

«Ашық сабақ "Апта күндері" математика пәні»

ҰОҚ. ҚМҰҚ Сабақ тақырыбы:

Мен айналаны танып білемін. Апта күндері

Мектеп: 34

Күні: 6.12.2018 ж.


Педагогтың аты-жөні: Темирбаева К.У.

СЫНЫП: МАД «Ә» сыныбы

Қатысқандар: 14

Қатыспағандар:

Оқыту мақсаттары

0.2.4.2.Аптадағы күндердің/жылдағы айлардың санын білу.

Күтілетін нəтижелер



Барлық тəрбиеленушілер: -апта күндерін, жыл мезгілдерін атайды.

Көптеген тəрбиеленушілер: -апта күндері мен жыл мезгілдерінің бірізділігін анықтайды.

Кейбір тəрбиеленушілер:-апта күндері мен жыл мезгілдерін білдіретін сөздерді пайдалана отырып, өз бетінше əңгіме құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту: -жыл мезгілдері мен маусымдары туралы сөйлемдер құрастыра алады. Пəндік лексика жəне терминология: -бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік бөліктері, күн, апта, ай, жыл. Пікір алмасуға арналған сұрақтар: – Қыста (көктемде, жазда, күзде) қандай мерекелер атап өтіледі? – Алдымен не болды, содан кейін не болды? Жазу: -жалғастыру, бояу.

Алдыңғы білім

Уақыт түсініктері: бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік бөліктері, күн, апта, ай, жыл.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар


Басталуы 0–5 минут



Амандасу.Шаттық шеңбері: Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. Ынталандыру. Балаларды апта күндері туралы əңгімеге тарту. – Балалар, бір жылда неше мезгіл болады? Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс айларын кім айтады? – Ал бүгін аптаның қай күні?

Мектепке, үйірмелерге қай күндері барасыңдар? – Сендер қай күндері демаласыңдар? Өзектендіру. Балаларға апта күндері туралы тақпақтар, жұмбақтар оқып береді. Балаларға осы білетінін жəне оны жалғастыруды ұсынады.


Ортасы 6-15 минут













«Ой қозғау» стратегиясы.




































Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Тақтадағы тірек сызбаға назар аударайық Апта  туралы ертегі арқылы түсінік беру. Алыс-алыс орманда Жыл деген ата турады екен. Оның төрт балалары бар екен.(Көктем,Жаз,Күз,Қыс) Он екі немерері бар екен.(12 айлар) Бір шөбересі (Апта)

Және жеті шөпшегі бар екен. Әр шөпшегінің әдемі есімі бар. Жыл атаның шөберелерімен танысайық: Дүйсенбі,Сейсенбі,Сәрсенбі,Бейсенбі,Жұма, Сенбі, Жексенбі. Бірақ Ата шөберелерінің аттарын шатастырып алыпты.Енді Жыл атаның шөберелеріеің аттарын табуға көмектесеміз. Оны мына тақпақ арқылы тауып аламыз. 1.Дүйсенбіде доп ойнады алаңда,
2.Сейсенбіде серуен құрды далада,
3.Сәрсенбіде сурет салды сәндетіп,
4.Бейсенбіде би биледі әндетіп,
5.Жұма күні жидек терді ағаштан,
6.Сенбі күні кино көрді театрдан,
7.Жексенбіде үйде болды,демалды.
Осылайша өте шықты бір апта. (балалар өлеңнің шұмағымен сәкес апта күндерін табады және рет-ретімен 1ден 7 дейінгі сандарды қойып шығады.)

1 2 3 4 5



6 7

Ертегі арқылы берілген тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға ұсыну. Оқушылар 1 аптада 7 күн бар деген тұжырым бойынша есептеу дағдысын бекітеді.

Қазақ халқы үшін 7 қасиетті «киелі сан» сан болғандықтан топтаймыз: 1. Жеті ата 2. Жеті қазына 3.Жеті күн 4.Жеті ырыс 5.Жеті дәм.(Наурыз көже) 6. Жеті нан (7 шелпек ) 7. Жеті жұт

Және «жеті қарақшы» жұлдыз атауы. Ал ертегілерден Жеті лақ ,Ақшақар мен жеті ергежелі.

Апта — 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Апта күндері – Дни недели

Дүйсенбі – Понедельник

Сейсенбі – Вторник

Сәрсенбі – Среда

Бейсенбі – Четверг

Жұма – Пятница

Сенбі – Суббота

Жексенбі – Воскресенье (Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. – Кейіпкерлеріміз əр күні не істейтініне қара? – Аптада неше күн бар? (Жеті.)


Жаңалық ашу.

(Ұ) Кемпірқосақта қанша түс бар болса, аптада сонша күн бар.Балалар түстермен сəйкестендіріп апта күндерін айтады. – Бір апта бойы не болғанын айтыңдар? – Сендер апта күндерінің атауын білесіңдер ме? – Сурет бойынша аптаның əр күні балалардың не істегенін айтыңдар.



Суреттер

































Суреттер



















Суреттер















Апта күндерінің атаулары жазылған парақшалар















Əліппе- дəптер.








16-25 минут







Ойын












Сергіту сәті

Апам үшін күнде мен, Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлдерге,

Дүкенге де барамын.

Сыпырымын үй-ішін,

Жуамын ыдыс-табақты.

Жылай қалса бөпешім,

Жұбатамын ойнатып!

Жаңаны қолдану.

(Ж) 2-тапсырманы орналасу заңдылығын сақтай отырып жалғастырады жəне бояйды.


«Апта күндерi» дидактикалық ойыны.

Ойын мақсаты: Апта күндердi есте сақтау. Апта күндерін рет-ретімен айта білуге дағдыландыру.

Қажетті құралдар: Апта күндерiн шартты түрде белгiлейтiн 1-7-ге дейiн фигуралардың немесе ұлттық таңбалардың суретi салынған 1ден 7дейін сандардың суреті бар тәж.


Ойын барысы: Тәрбиешi балалардың мынаған келiсiп алуын өтiнедi. Бiр таңба бар тәж аптаның бiрiншi күнi-дүйсенбi, екi таңба бар тәж аптаның екiншi күнi-сейсенбi және т.б. бiлдiредi. Балалар апта күндерiнiң атын хормен қайталайды.

Тәрбиешi 7 баланы шақырып оларға тәждердi таратып бередi. Шақырылған балалардың әрқайсысы тәжбен таңбаның санына қарап: “Сабыр – сәрсенбi”, “Мен – жұмамын” және т.с.с. дейдi.

Осыдан кейiн әуеннің ырғағымен балалар араласы бибилейді.Әуен тоқтап қалғанда балалар өз орындарын тауып сапқа тұзеліп трет-ретімен тұрады. Кейін тәрбиешi аптаның кез-келген күнiнiң атын дауыстап атайды. Бiлетiн бала алдына шығып тұрады.

1 2 3 4 5 6 7

(Ө) Өткен тапсырманы бекіту үшін 3-тапсырманы орындау ұсынады. 3-тапсырма












Əліппе- дəптер.



























Əліппе- дəптер.


Рефлексия

20-30 минут


Мадақтау. Қорытынды жасап, балаларды мадақтау. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынылады. Егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.






Əліппе- дəптер.
































Сабақ  тақырыбы: Апта күндері 

Мектеп: № 34

Күні:  6.12.2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні:   Темирбаева Канигул Уразбаевна

СЫНЫП: МАД «Ә» сыныбы

Қатысқандар: 14

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Апта — уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік қалыптастыру; практикалық тапсырмалардың көмегімен аптаның ұзақтығын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

циферблат бойынша сағаттағы уақытты анықтайды;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай) ажырата алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Апта атауларын айта алады

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

апта; дүйсенбі; сейсенбі;

сәрсенбі; бейсенбі; жұма;

сенбі;  жексенбі.

Сыныптағы диалог/   жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар: Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?

Не себепті …. деп ойлайсыз?

ишара:

Алдыңғы оқу:

*******

Жоспар

Сабақтың  жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 

Ынтымақтастық  атмосферасын қалыптастыру

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

Ортасы

«Ой қозғау»   стратегиясы.

«Миға  шабуыл» стратегиясы.

1 - ден 10 – ға  дейін тура және  кері   санау (үш тілінде)

Тақтаға  назар  аудару:

- Балалар, бір жылда неше мезгіл болады?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс. Суретін көрсету

- Қыс айларын кім айтады?

- Қыстан кейін қай мезгіл келеді?

-  Көктем. Көктем айларын кім айтады? /сурет/

- Көктемнен кейін қай мезгіл келеді?

Көктем  айларын  кім  атап  шығады? /сурет/

- Көктемнен кейін қай жыл мезгілі келеді?

- Жаз. Жаз айларын  кім  айтады? /сурет/

Тақтадағы  тірек  сызбаға назар аударайық.

Жыл   Маусым   Ай  Апта   Күн

Апта апай туралы түсінік беру.  Арқалық қаласында Апта деген апай турады екен. Оның жеті баласы бар екен. Барлығы № 2 орта мектебінде оқиды. Әр баланың өз қызметі бар. Әр баланың әдемі есімі бар. Апта апайдың балаларымен танысайық. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Апта күндері» (дни недели)                   Апта апайдың  Ең салмақты, ақылды үлкен ұлы Дүйсенбі, Парасатты және байыпты екінші ұлы Сейсенбі, Ақылды әрі көмекші үлкен қызы Сәрсенбі, Жауапты да ұқыпты ортаншы ұлы Бейсенбі, Бәрінен де кішкене Жұма қызы сүйікті, Сауықшыл да көңілді кіші ұлы Сенбі, Демалғанды сүйетін кенже ұлы Жексенбі.

Апта — 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. “Апта” сөзі парсы тілінен аударғанда “жеті” деген мағына береді. Апта уақыттың негізгі өлшем бірлігіне жатпайды. Оны күнделікті өмірде қолданады.

1. — Жеті саны қандай сан?

Жеті саны — «киелі сан»

2. — Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?

Жеті қазына (7 сокровищ)

Жеті ата (7 поколений)

Жеті ырыс (7 изобилий)

Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.

Кемпірқосақтың жеті түсі бар.

Апта  күндері – Дни  недели

Дүйсенбі – Понедельник

Сейсенбі – Вторник

Сәрсенбі – Среда

Бейсенбі – Четверг

Жұма – Пятница

Сенбі – Суббота

Жексенбі – Воскресенье

Дәптермен  жұмыс: пазл  құрастыру

Отбасылық демалыс. Бұл тапсырманы жұппен орындауды­ ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы талдау және орындау барысында 1 аптада 7 күн бар деген қорытынды жасайды.

Жауабы:14 күн.

Орындап көр. Тапсырмада оқушылар дүкенге бару кестесін құрады. Шарты: дүкенге күнара бару керек. Жұмысты 4 оқушыдан тұратын топпен ұйымдастыру. Оқушылар еш қиындықсыз кесте құра алады. Бірақ тапсырманы орындау барысында апта күндерінің саны тақ екенін түсінуі, сондықтан  бір аптаның кестесі келесі аптаға сәйкес келмейді деген тұжырымға келуі тиіс. Егер сынып дайын болса, онда оларға 3-4 аптаға дейін жалғастыруды ұсыну. Осылайша оқушылардың дүкенге бару кестесі бір аптадан кейін қайталанады деген тұжырымға келу мүмкіндігі пайда болады, яғни бірінші аптаның кестесі үшінші, бесінші және т. б. аптаға сәйкес келеді. Екінші аптаның кестесі төртінші, алтыншы және т.б. аптаға сәйкес келеді. Неге бұлай болып жатқанын түсіндіріп беруді сұрау. Оқушылар екі аптада 14 күн барын ойлап табуы мүмкін, ал бұл — жұп сан.

Ертегілер оқу. Берілген тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға ұсыну. Оқушылар 1 аптада 7 күн бар деген тұжырым бойынша есептеу дағдысын бекітеді.

Ойлан. Бұл тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындатуыңызға болады. Бұл апта күндерінің ретін, атауын еске сақтауға және 1 апта ішіндегі уақытты тәулікпен санау дағдысын бекітеді.

Жауабы:жексенбі.

Сағаттың  моделі

Слайд  суреттер

Тірек сызба

Суреттер

апта күндерінің атаулары жазылған парақшалар

апта күндерінің атаулары жазылған қабырға күнтізбесі;

Соңы                           “Үндемес” ойыны

«Топтастыру  стратегиясы»

Ойынды бастамас бұрын 1-ден 7-ге дейінгі аралық- тағы сандар жазылған парақшаларды тақтаға  іліп қою.Әрбір сан апта күндерінің ретін білдіретінін айту.  Мысалы: 1 — аптаның бірінші күні, яғни дүйсенбі. 2 — аптаның екінші күні, яғни сейсенбі. 3 — аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбі. 4 — аптаның төртінші күні, яғни бейсенбі. 5 — аптаның бесінші күні, яғни жұма. 6 — аптаның алтыншы күні, яғни сенбі. 7 — аптаның жетінші күні, яғни жексенбі. Кез келген 1-ден 7-ге дейінгі санның біреуін көрсету. Олар сол санға сәйкес келетін күн атауын атайды.

Қазақ  халқы  үшін 7қасиетті сан болғандықтан:7 күн апта, 7 шелпек, 7 қазына, 7 ата, 7 дәм  наурыз  көжеде, 7 тәулік. Ең  киелі, қасиетті  заттарын жеті санының маңына топтастырып  отырған   7 ата. Бірнеше оқушыдан 7 атаны  сұрау.

Қосымша мəліметтер

Дәптермен жұмыс

Мозаика құрастыр. Бұл тапсырма қалыптастырушы бағалау мен жаңа сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін анықтауға арналған.Оқушылар пазлдарда апта күнде- рінің атауын жазып, күндердің ретін жалғастыру керек: жексенбіден кейін — бір бағытта; дүйсенбіге дейін — басқа бағытта.

- Сен қай күні қандай үйірмеге қатысасың?

Оқушылар кестеге өздері апта ішінде қатысатын үйірме аттарын жазып толтырады. Берілген тапсыр- маны саралау бағытында дамыту үшін тек қана үйірме аттарын жазып қоймай, басталатын уақытын да жазуды сұрау. Толтырылған үйірме кестесін жұмыс дәптерінен кесіп алып, өз бөлмесіне іліп қоюына болады. Бәйге. Бұл тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы сабақтың басында жалпылама түрде немесе сабақтың соңында оқушыларды жұптастырып орындатуыңызға болады.

Жауабы:

            7 күн.

            Сабақ кестесіне байланысты.

            Бейсенбі.

            Жеті күн, яғни 1 апта.

            Үш күн өткен соң.

Шығарып көр. Тапсырманы жұппен оқи отырып, апта күндерінің ретін еске түсіреді. Күндерді қоса отырып, өзіне қажетті апта күнін тауып үйренеді. Әркімнің сабақтан тыс қандай үйірмелерге қатысатыны туралы сұрау.

Жауабы:

домбыра үйірмесі бейсенбі күні болады.

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға

тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Оқушылар сабақ соңында:апта 7 тәуліктен тұратын уақыт аралығы екенін түсінеді;апта күндерінің ретін біледі.

Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру үшін сұрақтар қоюыңызға болады:

бір аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның қай күні?

Сендер аптаның қай күнінде сабаққа келесіңдер?

Сейсенбі аптаның нешінші күні?

Дүйсенбіден кейін қай күн келеді?

Жексенбінің алдында қай күн?

Арғы күн қай күн болады?

Сендер қалай ойлайсыңдар, қандай іс-әрекеттердің ұзақтығын тәулікпен емес, аптамен өлшеуге болады? Неге?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалату.

Пəнаралық байланыс –

Денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).

Рефлексия

Жексенбі —демалыс күні. Демалып, мына сұрақтарға жауап береміз.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Апта күндері.
Сәрсенбі қандай күн? Сәрсенбі-сәтті күн.
Жұма қандай күн? Жұма қасиетті күн.
Саған аптаның қай күні ұнайды? Неге?

Балалар, сендер бүгінгі күнге ризасыңдар ма?
Ризамыз, ризамыз
Бүгін күнге ризамыз!

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес келеді ма?

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім жəне неге?

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
11968
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12