жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Ақ бидай"
|
Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі |
|||||||||||||
|
Ұзақ мерзімді жоспар. Бөлім:9. «Төрт түлік мал мен егіншілік –елдің берекесі» Сабақ тақырыбы: Ақ бидай
|
|||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Ханходжаева Ф.А
|
||||||||||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны
|
|||||||||||
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
7.1.2.1. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау. 7.4.2.1.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу. 7.5.1.7.Септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолдану.
|
||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, септеу- лік шылаулардың қызметін біледі және оларды қатыстырып сөйлемдер құрастыра алады. Оқушылардың басым бөлігі: Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтайды.Егіншілік жайлы ауызша мәтіндер құрауда септеу- лік шылауларды орынды қолданады. Кейбір оқушылар: Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады. Септеулік шылауларды қатыстырып, ақ бидай жайлы қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
|
||||||||||||
|
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
- Оқушылар тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, ақпараттың өзектілігін анықтай алады. - Эссе құрылымы мен дамуын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады. - Септеулік шылаулардың қызметін біледі, ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолданады
|
||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: Тыңдалым, жазылым,тілдік бағдар. |
||||||||||||
|
Терминология: Қуаңшылық, нашарлай, мұң-зарына, зая кетпей айырылмас. |
|||||||||||||
|
Сөз тіркестері: Егіншілік, бидай өнімдері, егіс даласы, диқаншы- лық, еңбек, сулы дәнді, тіршілік, жер |
|||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Жалпыға бірдей еңбек қоғамын дарыту:Еңбек өнімділігін арттыру- өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығында, энергетикалық, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі. |
||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Биология.Өсімдіктер әлемі. География. Егін дұрыс өсетін географиялық аймақтар туралы мәлімет. Өзбек тілі.2-тілдік аударма жұмысы. Информатика.АКТ . |
||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Бейнежазба, слайд,аудиожазба.
|
||||||||||||
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Егін шаруашылығы жайлы біледі, бидай астығының пайдасын түсінеді.
|
||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||||||||||
|
Басталуы 12минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру әрі топқа біріктіру. Оқушылар шеңбер құрап тұрады. Ортада «Сиқырлы қобдиша» тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау. Музыка. Қазақтың киелі домбырасы бөлімін пысықтау мақсатында «ПОПС» формуласын толдырады. Бірінші сөйлем. «Менің ойымша...» Екінші сөйлем. «Себебі мен оны...деп түсінемін» Үшінші сөйлем. «Оны мен...деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын.» Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ...деген шешімге келдім. Дескриптор: - Өтілген тақырыптарды біледі. - «ПОПС» формуласын толдырады. - Өтілген тақырыптар бойынша өз пікірлерін дәлелдейді.
Кері байланыс жасаймын. - Қалыптастырушы бағалау. Ауызша бағаланады. Оқушылардың берген жауаптарына қарай (Бәрекелді, жарайсың, бұдан да жақсырақ ) ауызша марапаттаймын.
|
Қобдиша, адамгершілік қасиеттер жазылған қағаздар, бейнеролик.
|
|||||||||||
|
Ортасы 20минут |
Қайдан келдің бауырсақ? өлеңі бойынша «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Дастарханда шашылып, Жатты аппақ бауырсақ. Бауырсаққа қызығып, Қарап тұрды көзін сап: -Қайдан келдің, бауырсақ?-деп сұрады қуыршақ. -Дүкеннен келдім нан сатқан,- деді оған бауырсақ -Дүкенге келдің қай жақтан? Наубайдан келдім нан жапқан. Наубайға келдің қай жақтан? -Диірменнен келдім ұн тартқан. -Диірменге келдің қай жақтан? -Даладан келдім кең жатқан. Жер-анам менің көсілген, Диқандар мені өсірген. Сұрақтар: -Балалар, өлеңде не туралы айтылды? -Бауырсақ қайда жатты? -Қуыршақ не деп сұрады? -Бауырсақ наубайға қайдан келді? -Диірменге ше? -Диқан бидайды қалай өсірді? -Нан дастарханға қалай келеді екен? -Бауырсақ дастарханға келу үшін кімдер еңбек етеді екен? Біз өлең арқылы бауырсақтың дастарханға қалай келгенін білдік. Өлеңді диалогты түрде сахналау. Айтылым. 1-тапсырма. «Кластер» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. Топтық жұмыс. 1.Сен тұратын жерде егіншілікпен айналыса ма? 2. Егіншіліктің қандай пайдасы бар? Дескриптор: -Сұрақтардыт түсініп, дұрыс жауап береді. -Өз ойын нақты, еркін жеткізеді. -Дәлелдер келтіре отырып, ойын түйіндейді. Кері байланыс жасаймын. Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» әдісі. Оқушыларды бас бармақтарын көрсету арқылы олардың ұғу деңгейін тексеремін.
Тыңдалым. Оқылым. 4-тапсырма. Жұптық жұмыс. Ақ бидай Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаңшылық болады. Тіршілік үшін жанталасқан өсімдік атаулы Ақ бидайды жан-жағынан қаумалап, астындағы суды тартып алады. Кейбір бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып алып, жарық түсірмейді. Сөйтіп, Ақ бидайдың жағдайы күннен- күнге нашарлай береді. Ақырында өлер халге жетеді. Содан соң олай-бұлай өткен әртүрлі аңдардан жәрдем сұрайды. Үстінен әрлі-берлі қалықтап ұшып жатқан үлкенді-кішілі құстарға жалбары- нады. Бірақ оның өтінішіне, мұң-зарына ешкім құлақ аспайды. Енді өлдім ғой деген сәтте, Ақ бидайға садақ асынған, қолында найзасы бар, аң аулап жүрген Адам тап болады. Бидай байғұс кө-зінің жасын төгіп тұрып, Адамға мұңын шағады. Адам ойланып тұрып, ақырында оның өтінішін қабыл алады. Садағын жерге қойып,найзасын бұтаға сүйей салады да білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы шөптің бәрін қолымен отап, тып-типыл қылады. Олардың бидайға ауыз салып жатқан тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды. Бұлаққа барып тақиясына толтырып су әкеледі. Әлсіреп қалған Ақ бидай мөлдір суға қанып, бой түзеп, құлпырып сала береді. Адам да жиі-жиі келіп, бидайға қамқор болып жүреді. Қаскөй шөп, тікендерді оның қасына жуытпай, мезгіл-мезгіл суарып тұрады. Күзге салым бидай піседі. Баданадай дәндерінің бір түйірін де шашау шығармастан, Адамға тарту етеді. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды. Көктем шыққанда ол үйшігінің жанындағы тәуірлеу жерді қопсытып, соған әлгі дәнді себеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып, мезгілімен суарып, баптап тұрады. Ақырында еңбегі зая кетпей, Күзде Адам бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап, содан соң он қап, одан соң мың қап, сөйтіп, адамзат бидайды әлденеше миллион қап етіп алатын болды. Адам мен Ақ бидайдың айырылмас достығы ерте заманда осылай басталған екен. Ақ бидайдың өсуіне не кедергі болды? Ақ бидай кімдерден көмек сұрады? Ақ бидайға кім көмектесті? «Мәтінмен жұмыс» әдісі. Дескриптор: -Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді. - Тыңдалған мәтіннің өзектілігін анықтайды. -Жаңа сөздерді түсіндіреді, сұраққа жауап береді. «Мидың суретін сал» әдісі арқылы мәтін ішінен септеулік шылауларды тауып жазады. Дескриптор: - Септеулік шылауларды ажырата алады. - Мәтін ішінен септеулік шылауларды табады. -Септеулік шылауларды қатыстырып, мәтінді өз ойымен түйіндейді. Кері байланыс жасаймын. Қалыптастырушы бағалау. «Шапалақ» әдісі. Орындаған тапсырмаларға сай шапалақпен мадақтаймын. «Үздік»- 3, «Жақсы»-2, «Қанағат»-1.
7-тапсырма. Жазылым. Жеке жұмыс. Екі топқа берілген 5минут уақыт ішінде «Екпей—егін шықпас, үйренбей білім жұқпас», «Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды» тақырыбында эссе құрылымын сақтай отырып, шағын эссе жазу тапсырылады.
Дескриптор: - Мақал-мәтелдің мағынасын ашады. - Мақал-мәтелдің мәтінмен байланысты тұстарына тоқталады. - Септеулік шылауларды, жаңа сөздерді қатыстырып сауатты, ұқыпты жазады. Кері байланыс жасаймын. Қалыптастырушы бағалау. «Ұтымды, сәтті, әлсіз» әдісі арқылы оқушылардың жазған шағын эсселеріне қарай бағалаймын. |
Ө.Тұрманжановтың өлеңдер жинағы.
Слайд1
Слайд2
Слайд3
7-сынып «Қазақ тілі» Көкжиек- Горизонт 2017 1-бөлім 50-бет
7-сынып «Қазақ тілі» 50-51бет Мәтінді диктафон арқылы тыңдау.
7-сынып «Қазақ тілі» 51-бет |
|||||||||||
|
Аяқталуы 8минут |
«Дәліз» әдісі арқылы сабақты қорыту. Топтық жұмыс.
Дескриптор: - Бүгінгі сабақты түсінеді. - Бүгінгі тақырып бойынша өз ойын дәлелдеп жеткізеді. - Тақырып бойынша жүйелі сөйлейді.
Кері байланыс жасаймын. «Бағдаршам» әдісі арқылы топқа қалыптастырушы бағалау жасалады.
Қызыл-нашар Сары-орта Жасыл-өте жақсы
Рефлексия. «Шығу парағы».
Үйге тапсырма: 8-тапсырма. Қажетті сөздерді пайдаланып, ойды аяқта.52-бет. |
7-сынып «Қазақ тілі» 52-бет |
|||||||||||
|
Қосымша ақпарат
|
|||||||||||||
|
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Сабағымдағы саралау әдістерін оқушылардың қабілеттеріне қарай жүргіздім. Сабағымда қолданған «ПОПС» формуласы, «Миға шабуыл», «Кластер», «Мидың суретін сал», «Автор орындығы», «Дәліз» әдіс-тәсілдерін оқушылардың деңгейіне қарай сұрап бағалаймын. |
||||||||||||
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? |
Сараланған тапсырмаларды орындату барысында ауызша бағалау, «Бас бармақ»,«Шапалақ» , «Ұтымды, сәтті, әлсіз», «Бағдаршам» әдістері арқылы қалыптастырушы бағалау жасадым. |
||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Сабақ шынайы мақсатқа құрылған. Оқушылар бүгінгі сабақта егіншілік, бидай өнімдері жайлы және септеулік шылаулар туралы толықтай мәлімет алды, септеулік шылау туралы түсінді. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасты, барлық оқушылар тиімді бағаланды. Сабақ барысында жоспарлаған саралау жұмыстары іске асты. Сабағымда уақыттан үнемді пайдаландым.
|
||||||||||||
|
Қорытынды бағамдау |
|||||||||||||
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1.Әдіс-тәсілдер арқылы тапсырма мазмұнын ашу тиімділігін байқадым. 2. Деңгейлік тапсырмаларды күрделендіру
|
|||||||||||||
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген