400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ақбілек" романы 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романына негізделген ашық сабақ жоспары. Жоспарда сыни тұрғысына ойлау модулін қамтыған тапсырмалар бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні: 27.02.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Ноярбеков Н.К

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Прозадағы көркем ой

Оқу мақсаты

10.1.3.1. көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау

Сабақ мақсаты

көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтап, даралайды

Бағалау критерийі

кейіпкерлерді анықтап, бойындағы қасиетін даралайды

Құндылықтар

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

Пәнаралық байланыс:

Өзін-өзі тану

Тілдік мақсаттар

Менің ойымша.... Себебі, мен оны былай түсіндіре-мін.....Оны мен мына фактілер-мен, мысалдар-мен дәлелдей аламын.....Осыған байланыс-ты мен мынадай қорытын-ды шешімге келдім....

Алдыңғы білім

Прозадағы көркем ой.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут





Психологиялық ахуал. «Сезім мүшелері» әдісі 3мин

Оқушылар алдымен «Сезім мүшелері» әдісі бойынша шеңберге тұрады. Барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Мұғалім хош иісті балауыз шамын жағады. Сынып бөлмесіндегі балауыз шамнан шыққан хош иіс пен жылы лептің оларға қалай әсер еткенін, бүгінгі сабақтан не күтетінін сұрайды. Оқушылар өз ойларын айтады, бір-біріне жылулық пен жақсы көңіл- күй тілейді. Барлығы бүгінгі сабақ барысында бір сөзбен әрқайсысына сәттілік тілеп орындарына отырады. Оқушылар пікір алмасып болғаннан кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды.Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.














Дескриптор





Сабақтың ортасы

23 минут








































































«Сауал доп» әдісі. 5мин. Оқушылар допты бір-біріне лақтырып, роман мазмұнына қатысты сұрақтар қояды.

жұптық тапсырма.
2-тапсырма. Сипатталған кейіпкерлерді анықтап,бойындағы қасиетін даралаңыз 7мин

1. … - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.

2. … - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.

3. … - романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады.

4. … - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.

5. … - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.

6.… - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.

Дескриптор

1.Сипатталған кейіпкерлерді анықтайды

2.Бойындағы қасиетін даралайды
3.Кейіпкер образын ашады

3-тапсырма. «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі. 6мин жеке жұмыс.

1.Ақ қалпақ. Роман туралы не айтасыз?

2.Қызыл қалпақ. Ашу,шиеленіс,сезім.Осыған байланысты сенде қандай сезімдер туындады?

3.Сары қалпақ.Автор ойының артықшылығы қандай?

4.Қара қалпақ. Қандай жағымсыз жақтарын көрдің?

5.Жасыл қалпақ. Сен автор болсаң қандай сюжет қосар едің?

6.Көкқалпақ. Болашақта нені ескеруіміз керек?

Кері байланыс беру.
Топтық тапсырма.(7мин)

4-тапсырма «Әдеби - диагностикалық консилиум»

1-топ.
Ақбілек қандай сынақтардан өтті? Тағдырының тәлкекке түсуіне кінәлі қоғам ба, адам ба? Сынақтан өту кезінде Ақбілек бойында қандай психологиялық өзгерістер болды?

2-топ.

Бұл шығарманы өмір мен өлім күресі деп айта аламыз ба? Бекболаттың іс-әрекетіне қай заңдылыққа жатқызасыз? Қоғам заңдылығы ма,табиғат заңдылығы ма?

Дескриптор:

- Сыни пікір білдіреді

- Нақты, дәлелді жауап бере береді

Ортаға шығарма кейіпкері Ақбілекті шақырсам деймін.

4-тапсырма. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Оқушылар топпен «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы шығарманың композициялық ретін сақтай отырып, сөйлемдерді жалғастырып, тұжырымды ойларын айтады.

  • Сюжеттің басталуы ...

  • Сюжеттің байланысы...

  • Сюжеттің дамуы...

  • Сюжеттің шиеленісуі...

  • Сюжеттің шарықтау шегі...

  • Сюжеттің шешімі...


• Сіз өмір сүрген кезеңнің көрінісі қазіргі уақытта кездесе ме?

Кері байланыс.

Не жақсы болды?

Нені жетілдіру керек?

Кім белсенді болды?

Кімге белсенділікті арттыру керек?

Кім көп ақпарат берді?

Кімге қосымша көмек керек?






Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия «Менің сөзім» (2мин)
Сипаттамасы:
сыныптан бір оқушы тұрып сабақта не болғанын қорытындылап айтады. Айтып болған соң басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып сабақ бойынша рефлексия жасайды. Сөйтіп барлық оқушы сөйлеп болғанша жалғасады.

Үйге тапсырма:

«Ақбілек» романының желісі бойынша, қазіргі замандағы қыз балалардың тағдыры туралы эссе жазып келу.




Қосымша мағлұматтар

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында құндылықтарды дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз.

Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1177
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі