400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Аққулар ұйықтағанда" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Аққулар ұйықтағанда материалы 8 кластың оқулығы бойынша құрылған.Бұл материалды қазақ тілі мен əдебиеті пәндерінің мұғалімдері пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушылардың поэманы оқыған-оқымағандарын тексеру; поэмадағы аққу сұлулыған ашу; көркемдік ерекшелігіне тоқталу;

дамытушылық: оқушылардан мәтін мазмұнын көркемдеп өз сөздерімен жеткізуге, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға, тіл байлығын дамытуға көңіл бөлу:

тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу, табиғат пен адам арасындағы заңдылықтарды сақтай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: семантикалық карта, сөзжұмбақ, төрт жолды өлең

Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, «Қош махаббат» кітабы, бүктемелер, Жетімкөл келбеті, аққу суреті, алтын ереже, көңіл-күй экраны, жұлдызшалар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, кластың тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздердің бүгінгі сабаққка қандай көңіл –күймен келгендеріңізді байқағым келіп тұр. Ендеше тақтада көңіл-күй экраны ілулі тұр сол экранға алдарыңыздағы смайликтерді ілу арқылы байқаймын.

Олай болса бүгінгі сабағымызды үш топқа бөліп өткіземіз.Яғни, «Ана», «Аққу», «Табиғат»

Сабағымызды бастамас бұрын сабақтың «Алтын ережесімен» таныс болайық.

Біздің бүгінгі сабағымыз 7 бөлімнен тұрады.

1-бөлім.«Жыр шашу»

2-бөлім.«Сұрақ бізден, жауап сізден»

3-бөлім.«Ой қозғау»

4-бөлім.«Біліміңді байқап көр»

5-бөлім.«Мағынаны тану»

6-бөлім.«Сергіту сәті»

7-бөлім. «Төрт жолды өлең»

Оқушылар сіздер өздеріңізді-өздеріңіз бағалайсыздар.Сіздердің алдарыңызға жұлдызшалар берем бір топта қанша оқушы қатысады сонша жұлдызша аласыздар.Ендеше сабағымызды бастайық.

1-бөлім «Жыр шашу»

Әр топ өздерінің тобына байланысты «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан жаттаған үзінділерін айтады.

Үй тапсырмасын бекіту.

Семантикалық картамен жұмыс.

2-бөлім.«Сұрақ бізден, жауап сізден»

Бұл тапсырмада әр топқа бес сұрақтан қойылады.Оқушылар Мұқағали туралы мәліметтерден берілген сұрақтарға жауап беру керек.
1 «Ана» тобына:
2 «Табиғат» тобына:

3. «Аққу» тобына:
3-бөлім«Ой қозғау»

Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру. Оқушылар қане «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының кейіпкерлерін атайық шы./Ана, Тәуіп шал, Бақташы қарт/

4-бөлім.«Біліміңді байқап көр»

Сөзжұмбақ шешу.(Мұқағали, Мақатаев,Табиғат)  

5-бөлім. «Мағынаны тану»

Шығармашылық тапсырмалар:
1.«Аққу» тобына:
а)Аққудың әсемдігін білдіретін сөздер айтыңдар.
2.«Табиғат» тобына:
а) Поэмада Жетімкөлдің сұлулығы қалай суреттелген?

3.«Ана» тобына:

а)Ананың аққуды атқаннан кейінгі халі қалай суреттеледі?

6-бөлім.«Сергіту сәті»

/Ана туралы, бала туралы, аққу туралы мақалдар айту.

7-бөлім.«Төрт жолды өлең»

Ендеше, сабағымыздың барлық бөлімі аяқталды.Алдарыңыздағы жұлдызшаларды санай қойыңыздар.

Үйге тапсырма: «Аққу – көлдің еркесі» деген тақырыпта шағын шығарма жазып келу.

Бағалау:Сабаққа ынталы, өте жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалаймын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
952
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі