400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ақсақ Темір мен ақын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасының поэтикалық тілін аша отырып, ақынның Ақсақ Темір мен ақынды қалай суреттегенін талдап, Темірді жеңген алып күш турасында әңгімелеу. Кейіпкерге талдау, балладаның поэтикалық тілін ашу, баллададағы жер-су атаулары мен ғұлама, батырларды тауып талдау, мәселе сұрақ беру, ұйқас табу ойыны арқылы өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру, топпен еңбектенуге, білімділікке, отансүйгіштікке, әдебиетті сүюге, ақындыққа, өнерге, батылдыққа, тарихты бағалауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Атмосфера және климат


Күні: 14-19.11.2017ж

География пәні мұғалімі: Абдраимова З.Т.


Сынып: 7


Сабақ тақырыбы

Метеорологиялық элементтерді өлшеу

Кәсіби мақсат

Сабақта қолданылатын интербелсенді әдіс - тәсілдің түрлері арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Метеорологиялық элементтерді өлшеу

Сабақтың мақсаты

Жекелеген элементтердің өлшеу құралдарын біледі, өз жұмыстарына талдау жасай алады.

Дескрипторлар

1.Метеорологиялық элементтерді біледі

2.Әр элементтің маңыздылығын сипаттай алады. 3.Метеорологиялық құрал-жабдықтарды атайды.

4.Жекелеген элементтердің өлшеу жолдарын құралдарын қолдану мақсатын түсінеді, талдау жасай алады.

Тілдік мақсаттар


Мәтінді оқи отырып метеорологиялық элементтерді (қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын- шашын, ылғалдылық) сипаттайды және маңыздылығын түсіндіреді, қолдану аясын атайды

Суреттерді қоладана отырып, метеорологиялық құрал-жабдықтарды атайды, ажырата алады.

атомосфералық қысым,

бұлттылық,

температура,

жел,

жауын-шашын,

ылғалдылық,

құрал жабдықтар: термометр, гигорометр, барометр, анероид, анемометр, флюгер

Несімен ерекшеленеді..?

Терминді түсіндіріңіз...

ауа-райы дегеніміз - ….

термометр, гигорометр, барометр, анероид, анемометр, флюгер ... өлшейді

Құндылықтарды дарыту




«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяға сай құндылығы:

Оқушылардың еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Зияткерлік мектептердің құндылығы:

Оқушылар бойындағы жауапкершілік, коллаборативті орта құру

Пәнаралық байланыстар

Математика, физика

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны, ноутбукті пайдалан отырып керекті мәліметтерді талдай отырып, картадағы сандық деректерді жасайды. Бейнебаян көреді.

Бастапқы білім

Атмосфераның құрамы мен құрылысы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

1 сабақ
































Сабақ басында: (5 мин)

Ұйымдастыру кезеңі. Атмосфералық құралдардың суреттері арқылы оқушыларды топқа біріктіру, құрал жайында ақпарат жасау. (флюгер, термометр, барометр, гигрометр )

Мұғалім сабақтың тақырыбын,оқу мақсатын, дескрипторламен сыныпты таныстырады.

Жаңа сабақ:

Тапсырма 1.Жұптық жұмыс. (5 мин)

Ауа райын анықтайтын элементтері мен құбылыстары

Климатты қалыптастырушы факторлар








Тапсырма2.Топтық жұмыс (15мин). Мәтінді пайдаланып төмендегі ауа райының элементтеріне сипаттама жасаңдар:

1 топ: Жел

2 топ: Қысым

3 топ: Жауын-шашын

4 топ: Ылғалдану

Деректерге 2 сұрақтан құрастырыңдар. Сұрақтар келесі сөздерден болуы тиіс: «Неліктен?», «Не?», «Қашан?», «Неге?», «Не үшін?», «Қандай мақсатпен?».

Оқушылардың жұмыстарын қорғауы. (10мин).

Топтық және мұғалімнің бағалауы. (5мин).





Суреттер





https://www.youtube.com/watch?v=OfTg_As7BZ4- ауа райының қалыптасуы.







2 сабақ



Тапсырма1. Жеке жұмыс: Берілген кестені толықтырыңдар. (5 мин)


Ауа райының элементтері

Өлшейтін құралдар

Өлшем бірліктері

Ауа температурасы




анемометр




Солтүстік-шығыс

Барометр




гигрометр



Тапсырма2. Жеке жұмыс. Дифференциациялық тапсырма. (15 мин) Температура, қысымға байланысты есептер шығару.

1.Бір тәулік ішінде әр 3 сағат сайын ауа температурасы 8 рет өлшенді. Онда мынадай көрсеткіштер көрсетілді:

-3,-5,-8,-10,-4,+4,+7,+2. Осы көрсеткіштерді ескере отырып тәуліктің орташа температурасын анықта?

2.Теңіз деңгейіндегі атмосферадағы температура +19 °С болса, 4700 метр биіктіктегі нүкте температура қанша?

3. Үлкен Боқтыбай шыңының биіктігі - 657м болса, атм.қысым нешеге тең?

4. 3280 м биіктіктегі атмосфералық қысымды анықта .

5. Берілген деректерді пайдаланып " Жел өрнегін" сызыңдар.


С

О

Ш

Б

СШ

СБ

ОШ

ОБ

4

3

6

1

2

4

2

5




Тапсырма 3. Топпен жұмыс: Картамен жұмыс. Оқушыларға әртүрлі климаттың элементтеріне байланысты жасалынған карталар беріледі. (15мин).

A. Бұл карта неге жасалған деп ойлайсыңдар?

В. Оның жасалған себебін көрсететін картадағы қандай белгілер дәлел бола алады?

С. Бұл карта тақырыпқа қандай ақпарат қосады?

Д. Бұл картадағы ақпарат сендердің білетіндеріңе сай ма, әлде қарама-қайшы келе ме? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.

Е. Өз бақылауларыңның негізінде маңызды деп санайтын үш нәрсені көрсете отырып, карта бойынша қорытынды жасаңдар.

1.____________________________________

2._____________________________________

3._____________________________________

Мәтін

Карталар


Бейнесюжет

Твиг білім (видео)












Таратпа материал




Кесте





карталар

Сабақтың соңы

Кері байланыс: (3 мин) " Қағып алу" - допты лақтыра отырып жаңа сабаққа байланысты сұрақ-жауап алу.



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақтақолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Мәтіндер

Атмосфералық қысым — атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, сынап бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.)өлшенеді. Теңіз деңгейінде атмосфералық қысым орташа алғанда (760 мм сын. бағ.) тең. Жоғарылаған сайын ауа тығыздығы кеміп, атмосфералық қысым азаяды. Әр 10 метр биікте қысым 1 мм-ге төмендейді. Жер бетіндегі қысыммен салыстырғанда 5 км биіктікте атмосфералық қысым 2 есе, 10 км биіктікте 4 есе, 15 км биіктікте 8 есе кемиді. Астана қаласының атмосфералық қысымы Алматыға қарағанда жоғары. Жер шарын коршап тұрған атмосфера өзінің салмақ күші арқылы жер бетіне қысым түсіреді, оны атмосфералық қысым деп атайды. Қазіргі кезде атмосфералық қысымды гектопаскальмен (гПа) көрсетеді. Қалыптағы атмосфералық қысым ретінде оның теңіз деңгейіндегі орташа көрсеткіші (1013 гПа) алынады. Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар деп атайды. Атмосфералық қысымды металдан жасалған барометр — анероидпен өлшейді.Атмосфералық қысым Жер шарының кез келген бөліктерінде үздіксіз өзгеріп отырады. Атмосфералық қысым биіктікке қарай да өзгереді, бұл, ең алдымен, ауа температурасының биіктікке қарай таралуына байланысты. Жалпы Жер шарында географиялық ендіктерге байланысты 3 төмен қысым белдеуі және 4 жоғары қысым басым белдеу ажыратылады.Қысымы төмен аймақтарды циклон деп атайды. Қысым жоғары болатын аймақтар антициклон дейді . Изобара - картадағы қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық.



Температура. Ауа райы дегеніміз-белгілі бір жердегі белгілі бір уақыттағы тропосфераның күйі. Ауа райын зерттейтін ғылым-метеорология Климат-ауа райының белгілі бір жерге тән көпжылдық режимі. Климаттың элементтеріне температура, жауын-шашын, қысым, жел т.б Алисов күн сәулесінің түсуіне байланысты жер бетін 13 климаттық белдеуге бөлді. 1. Негізгі климаттық белдеулер-7 2. Өтпелі климаттық белдеулер- 6 Суб-таяу, маңы дегенді білдіреді. Экваторлық климаттық белдеу-температура мен жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралатын жыл мезгілінің ауытқуы байқалмайтын климаттық белдеу. Температура-25 градус, жауын-шашын-2000-3000мм. Қоңыржай климаттық белдеу-жылдың 4 мезгілі айқын байқалады. Жылу белдеулерінің саны-5 Атмосфералық фронт-әр түрлі ауа массасының арасындағы өтпелі аймақ:2-ге бөлінеді:жылы және суық фронт. Атмосфералық радиация-күннің жылу мен жарығы.5-ке бөлінеді: 1.Тура 2.Шашыранды 3.Жиынтық. 4. Жұтылған. 5. Шағылысқан . Температураны термометрмен өлшейді. Изотерма сызығы- температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық. Әр 1000 метр биіктікте температура -6 ⁰ С -ға төмендейді.Жер шарындағы ең төмен температура Антарктида материгінде тіркелген - 89,2⁰ С.





Ылғалдылық. Жауын-шашын. атмосферадан әртүрлі дәрежеде түсетін ылғал түрлері атмосфералық жауын-шашын деп аталады. Оған: қар, бұршақ, жаңбыр, шықғ қырау, қылау т.б.жатады. Ауадағы су буы 2-ге бөлінеді: 1.Абсолюттік ылғалдылық-1м куб ауадағы су буының нақты граммен алынған мөлшері. 2.Салыстырмалы ылғалдылық-1м куб ауадағы су буының сол температураға қатынасы. Ылғалдылықты өлшейтін құрал-гигрометр. Изогиета-жауын-шашынның бірдей нүктелерін қосатын сызық. Ылғалдану коэфициенті-жауын-шашынның булануға қатынасы. Ы=Ж\Б 1-ге тең болса жеткілікті, 1-ге жетпесе жеткіліксіз Бұлт дегеніміз-ауадағы су тамшыларының шоғырлануы. Будақ бұлт-аппақ мақтаға ұқсас нөсер жауын жауады. Шарбы бұлт-майда тұз кристалдарынан тұрады, жауын-шашын әкеледі. Қатпарлы бұлт-ақ жауын жауады. Шық-атмосфераның жоғарғы қабатынан жер бетіне түсетін ылғал. Изогиета- картада жауын-шашыны бірдей нүктелерді қосатын сызық. Жауын- шашынды мм-мен көрсетеді.


Жел және оның түрлері.

Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік бағыттағы қозғалыстарын жел деп атайтынын білесіңдер. Жел жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны өлшейтін құралды анемометр деп атайды. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы Бофорт шкаласымен де аныктайды. Мұндағы 0 балл желсіз тымықты білдірсе, 12 балмен жылдамдығы 30 м/с-тан жоғары болатын апатты дауылдарды белгілейді.Жел жылдамдығымен қатар, оның бағытын да білудің маңызы зор. Жел бағытын оның соғып тұрған жағының бағытымен атайды, флюгермен анықтайды. Осыған сәйкес, көкжиектің 8 негізгі бағытын (румб) ажыратады: солтүстік (С), солтүстік-шығыс (СШ), шығыс (Ш), оңтүстік-шығыс (ОШ), оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс (СБ). Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары мен қайталануын жел өрнегі деп аталатын сызба күйінде көрсетуге болады. Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 – 45 м/с) және көктем мен күзге (20 – 35 м/с) келеді. Өте күшті желдер Каспий жағалауы және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады. Жел арзан электр энергиясын өндіру, құдықтан су тарту, диірмен айналдыру, егін суару, т.б. үшін пайдаланылады. Бриз-французша-жеңіл жел, тәулік ішінде соғатын жел, күндіз құрлықтан теңізге, түнде теңізден құрлыққа қарай соғады. Муссон-арабша-маусым, қыста құрлықтан теңізге қарай, жазда теңізден құрлыққа қарай соғады. Тұрақты желдер-Пассат, Батыс желдер. Пассат дегеніміз-тропиктік ендіктен экваторға қарай соғатын жел. Батыс желдері-оңтүстік тропиктен қоңыржай ендіктерге қарай соғады. Көгілдір отын-желдің энергиясы.



Тапсырмалар

1. Ұйымдастыру кезеңі. Атмосфералық құралдардың суреттері арқылы оқушыларды топқа біріктіру, құрал жайында ақпарат жасау.





Тапсырма 1.Жұптық жұмыс. (5 мин)

Ауа райын анықтайтын элементтері мен құбылыстары

Климатты қалыптастырушы факторлар








Тапсырма2.Топтық жұмыс (15мин). Мәтінді пайдаланып төмендегі ауа райының элементтеріне сипаттама жасаңдар:

1 топ: Жел

2 топ: Қысым

3 топ: Жауын-шашын

4 топ: Ылғалдану

Деректерге 2 сұрақтан құрастырыңдар. Сұрақтар келесі сөздерден болуы тиіс: «Неліктен?», «Не?», «Қашан?», «Неге?», «Не үшін?», «Қандай мақсатпен?».

Оқушылардың жұмыстарын қорғауы. (10мин).

Топтық және мұғалімнің бағалауы. (5мин).





Тапсырма3. Жеке жұмыс: Берілген кестені толықтырыңдар. (5 мин)


Ауа райының элементтері

Өлшейтін құралдар

Өлшем бірліктері

Ауа температурасы




анемометр




Солтүстік-шығыс

Барометр




гигрометр



Тапсырма4. Жеке жұмыс. Дифференциациялық тапсырма. (15 мин) Температура, қысымға байланысты есептер шығару.

1.Бір тәулік ішінде әр 3 сағат сайын ауа температурасы 8 рет өлшенді. Онда мынадай көрсеткіштер көрсетілді:

-3,-5,-8,-10,-4,+4,+7,+2. Осы көрсеткіштерді ескере отырып тәуліктің орташа температурасын анықта?

Жауабы: Жеке қосып алып, 30-12= -17 -17 : 8 = - 2.125⁰C

2.Теңіз деңгейіндегі атмосферадағы температура +19 °С болса, 4700 метр биіктіктегі нүкте температура қанша?

Жауабы: 4,7км х 6= 28.2 19-28.2= - 9.2⁰ C

3. Үлкен Боқтыбай шыңының биіктігі - 657м болса, атм.қысым нешеге тең? Жауабы: 657м :10 = 65.7 760 - 65.7 = 694.3мм сын. б.

4. 3280 м биіктіктегі атмосфералық қысымды анықта .

Жауабы: 3280 : 10 = 328 760- 328= 432 мм. сын. б.

5. Берілген деректерді пайдаланып " Жел өрнегін" сызыңдар.


С

О

Ш

Б

СШ

СБ

ОШ

ОБ

4

3

6

1

2

4

2

5


Тапсырма 5. Топпен жұмыс: Картамен жұмыс. Оқушыларға әртүрлі климаттың элементтеріне байланысты жасалынған карталар беріледі. (15мин).

A. Бұл карта неге жасалған деп ойлайсыңдар?

В. Оның жасалған себебін көрсететін картадағы қандай белгілер дәлел бола алады?

С. Бұл карта тақырыпқа қандай ақпарат қосады?

Д. Бұл картадағы ақпарат сендердің білетіндеріңе сай ма, әлде қарама-қайшы келе ме? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.

Е. Өз бақылауларыңның негізінде маңызды деп санайтын үш нәрсені көрсете отырып, карта бойынша қорытынды жасаңдар.

1.____________________________________

2._____________________________________

3._____________________________________





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі