Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ақшақар"

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: сурет салу

Тақырыбы:Ақшақар

Мақсаты: Жағынды, нүкте, сақина, дөңгелекше салуды үйрету.

Міндеттері: - сызықтарды тура сызуды,геометриялық пішіндерді дұрыс орналастыруды,кеңістікті бағдарлауды үйрету;

- тазалыққа,шыдамдылыққа,достыққа тәрбиелеу;

- «биік ,аласа» деген ұғымдарды қалыптастыру ,қиялдарын дамыту

балаларды әсемдікке,тазалыққа тәрбиелеу;

- ойлау,көру қабілеттерін және ұсақ қол қимылдарын дамыту


Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық –

қозғаушылық

Балалар, бүгін далада қар жауып тұрғанын байқадыңдар ма?

-Сендердің ойыншықтарың да қардың жауып тұрғанын көргілері келеді, не істесек екен?

-Ендеше, балалар, біз ойыншықтарға жауып тұрған ақ үлпілдек қардың суретін қылқаламның кемегімен салып берейік.



Ұйымдастыру-

шылық-ізденістік

Терезеден жан-жақтарыңа, үйлердің төбесіне, ағаштарға, жолдарға қарасаңдар, барлығы ақ ұлпа қар жамылған.

-Қардың түсі қандай?

-Қарды тағы қандай деп айтуға болады?

Балалардың алдында бұлттың суреті салынған парақ қағаздардың тұрғанын ескерте отырып, ақшақарды қалай салуға болатынын педагог көрсете отырып түсіндіреді.

-Жіңішке қылқаламды ақ гуашьқа батырып, қысқа түзу сызық сызамыз, оның үстінен тағы көлденең қысқа сызықтар сызу арқылы суретті толықтырып, ақ ұлпа қарды бейнелейміз.

Бұл ұлпа қар қиыршықтары екенін біліп алыңдар.

Педагог өзі тағы қайталап көрсетеді. Балалардың қағаздың бетін толық пайдалануларын қадағалайды.

Жұмыс соңынан қылқаламдарын тазалауды ұсынады.

Сергіту сәті:

Аппақ, аппақ дала,

Аппақ ауыл, қала.

Жапалақтап ақша қар,

Жауа берсін, жауа.

Педагог көлденең және түзу сызықтар салуға қиналған балаларға көмектесіп, бағыт-бағдар береді.

Жұмыстарын аяқтаған соң, көрме ұйымдастырады.


Балалар педагогтің көмегімен түзу, көлденең, қиғаш бірнеше сызықтар жүргізу арқылы қардың бейнесін салады.


Рефлексиялық -түзетушілік

Кепкен, дайын суреттерді ортаға салады. Көрме

ұйымдастырады.

- Жақында кімнің мерекесі болады?

- Аналарыңа не сыйлайсыңдар?

Балалардың жасаған еңбектерін бағалап, жақсы

жақтарын мадақтайды


Салған суреттерін тамашалайды.

Сүрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже

Біледі: қардың аппақ, мамықтай ұлпа екенін, жапалақтап жауатынын.

Игереді: қыс мезгілінде қардың түрлі қалыпта жауа­тынын.

Меңгереді: қысқа түзу, көлденең, қиғаш сызықтарды сызу арқылы қардың бейнесін салуды.

Есеп:





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
699
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12