400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ақселеу Сейдімбек "Әйел-Ана" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарияланған материал Ақселеу Сейдімбектің Әйел-Ана тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналаған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тіл-халықтың алтын діңгегі.»

Мақсаты: Балаларды туған тілімізді құрметтей білугебаулу.

Міндеттері: Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-қрісін кеңейту. Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Журналдар, үнтаспа, нақыл сөздер.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, балалар. Бүгінгі «Тіл-халықтың алтын діңгегі» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

ІІ. Кіріспе:

Шаттық шеңбері: (Әнұран орындалады).

Тәрбиеші: -Балалар біздің мемлекетіміз ҚР деп аталады, ҚР-ның жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбас, туы, бар. ҚР-ның мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Қазақтан –көптеген ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. ҚР-ның президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасы өз жолдауында «Ұлттық тіл-қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал»деп көрсеткен болатын. 22-қыркүйек- ҚР халықтарының тілдер мерекесі. Ана тілі-әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы. 1997 жылы 11 шілде ҚР Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жылы «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.

ҚР Перзиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауынан слайд көрсету.

Балалар тақпақтары:

1-бала: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім.

Туған тілім- анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім.

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

2-бала Туған тілде сыры терең жаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

3-бала. Ана тілі, дана тілі, бақ тілім.

Сенсің менің қасіретті шаттығым.

Сенсің менің тазалықты пәктігім,

Сенсіз бақыт дүние тапты кім?

4-бала. Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Осы тілмен менде бірге өсемін.

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Мемлекеттік рәміздері туралы балаларға мағлұмат беру.

Сергіту сәті.

Мақал жалғастыру.(Тәрбиеші басын бастайды, балалар жалғастырады)

Тіл туралы мақал-мәтелдер.

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса,.....(бас жарады)

  2. Бал тамған тілден........( у тамады)

  3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ........... (сөз бұзар)

  4. Жақсы сөз-......(жарым ырыс)

  5. Қаһарлы сөз........ (қамал бұзар)

  6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің .......(тілі ортақ)

  7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ....... (шайқап сөйлер)

  8. Бас кеспек болса да, ........... (тіл кеспек жоқ)

Тәрбиеші: «Тіл-халықтың алтын діңгегі» атты ашық тәрбие сағатымызды мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Осы тілмен менде бірге өсемін.

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздерде әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.

Қорытындылау.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
762
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі