400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "А.Құнанбаев . Қыс" 3сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Амансыздар ма? Бұл сабақ жоспарым бастауыш сынып мұғалімдеріне керекті дүние деп ойлаймын.Себебі,әдіс-тәсілдер жас ерешеліктеріне арналған. Әрине әр мұғалімнің ой өрісі әр түрлі болып келеді.Басқаша етіп өткізер едім деген мұғалімдерде болар.Кәделеріңізге жарап жатса құба - құп. Жұмыстарыңызға сәттілік!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар. Әдебиеттік оқу. 3 сынып Бастауыш сынып мұғалімі: Сагинова Г.

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев. Қыс.

Сабақ мақсаты:

а) Абай Құнанбаевтың өмірі , оның шығармалары туралы білімін кеңейту. ”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
ә) Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу. Өз ойларын жинақтай білуге үйрету,топпен,жеке жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақта қолданатын әдіс – тәсілдер: «Семантикалық карта», «Жылдам жауап» әдісі ,миға шабуыл.

Күтілетін нәтиже : Оқушылар талдауды, тапсырмаларға өздігінен ой қосып орындауды, топтастырып дәлелдеп, еркін сөйлеуді үйренеді. Өз беттерімен жұмыс жасай алады.

Қолданылатын модульдер: СТО,оқытудың жаңа әдіс –тәсілдері,оқыту үшін бағалау,АКТ.

Ресурстар: Абай туралы бейне таспа, слайд, қыс мезгілі туралы бейне таспа.
Сабақ әдістері:сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топпен жұмыс, ой қозғау.
Сабақ барысы:
I
. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Уақ.

Блум таксон. бойынша жіктеу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дереккөздер,

көрнекі

құралдар

3 мин


Ұйымдастыру,оқушыларды түгелдеу.

Оқушыларды қыс айлары бойынша топқа бөлу:желтоқсан, қаңтар, ақпан, қыс.

Оқушылар құрал-жабдықтарын реттеп,топқа бөлінеді.Оқушылар 4 топқа бөлінеді: «Қыс», «Желтоқсан»,«Қаңтар», «Ақпан».

кеспе қағаздар.

10 мин

Білу

Өткен сабақты еске түсіру,үй тапсырмасын сұрау.Оқушыларға тапсырмалар беру.

«Семантикалық карта» әдісі арқылы үй жұмысы бойынша көптеген сұрақтар жазылады.Әр оқушы тестті белгілеп,көршісі тексеріп бағасын қояды.


Оқушылар «Семантикалық карта» арқылы белгілейді.

1.Махамбет пен Жақия әңгімесінің авторы кім?

2.Күләш әңгімесінің авторы кім?

3.Нұркен Әбдіров кім?

4.Бауыржан Момышұлы кім?

5.Әлия Молдағұлова кім?

6.Рейхстакқа ту тіккен кім?

7.Ол ақын болар ма еді ..? әңгімесінің авторы кім?



Сұрақтар топтамасы.

Семантикалық карта

5 мин


5 мин










Түсіну



Қолдану











Миға шабуыл арқылы бейне ролик-таныстырылым бойынша жаңа сабақты ашып алу.Алдын –ала берілген тапсырмаларды оқушылыр түсіндіру,әңгімелеу.



Оқулықпен жұмыс.Оқулық мәтіні бойынша әр топқа жеке тапсырма беру.



Сөздікпен жұмыс.

Шидем- жұқа тоқылған сырт киім.

Слайд-таныстырылымды тыңдайды,авторы туралы мәліметтер алады.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып,жаңа тақырыпты талдайды.

Әр топ өлеңнің шумақтарын оқиды.

«Қыс»тобы өлеңді көрініс арқылы көрсетеді.

«Желтоқсан»тобы өлеңді бейнелейді.

«Қаңтар»тобы өлеңнен мәтін құрастырады.

«Ақпан»тобы өлеңді бір әуенге салып шырқап береді.


Интерактивті тақта, слайдтар.








Оқулық.











10 мин

Талдау

Мұғалім берілген тапсырмалардың өз деңгейінде орындалуын бақылайды,тексереді.

Берілген тапсырмалар бойынша әр топ өз тақырыпшаларын түсіндіреді,негізгі сөздерді талдайды, жазады.

Оқулық, дәптер.

8 мин.

Жинақтау

Сабақты қорытындылау. Өлеңнің ішкі мәнін түсінгенін сұрақ – жауап арқылы білу.

Оқушылар тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Оқулық.

2 мин

Бағалау

Бағалау бетшесін толтыру.

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.

Бағалау парағы.

2 мин.

Кері байланыс, үйге тапсырма беру.

Мұғалім кері байланыс парақтарын таратады,үйге тапсырма береді.

Үйге: «Қыс»өлеңін жаттап келу.

«Туған жерге қыс келді»тақырыбына әңгіме құрастырып келу.



Оқушылар стикерлерге өз пікірлерін жазып,жапсырады.

-Мен сабақты түсіндім

-Сабақты түсіндім,бірақ қоятын сұрақтарым бар

-Сабақты түсінбедім.

Кері байланыс парақтары,

стикерлер.

Сабақтан көріністер










































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі