Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ар намыс керек адамға

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Адами қарым-қатынас жасау ізгіліктері»

Сынып: 9 «а»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары 
Мектеп: №2 Аманқарағай орта мектебі Мерзімі:25.01.2017

Тақырып: Адами қарым – қатынас жасау ізгіліктері Мұғалімі:Мұхтарова: Д.Д

Сынып: 9 «Ә» Оқушы саны:16

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер: кішіпейілдік, ізгілік, жомарттық 


Сабақтың мақсаты:Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейте отырып сүйіспеншілік құндылығына баулу. 

Міндеттері:

Кішіпейілділік қасиетінің адамдармен қарым-қатынаста маңызы зор екенін түсіндіру;

Адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін дамыту;

Оқушыларды кішіпейілдікке, ізгілікке, жомарттыққа тәрбиелеу:



Ресурстар:


Сабақ барысы: 

Ұйымдастыру кезеңі. 3 топқа бөлу.5Т ережесін еске түсіру.Құрал-жабдықтарды түгендеп, тыныштық сәтін өткізуге дайындалу. 

Тыныштық сәті.  Нұрға бөлену. 

Үй тапсырмасын тексеру : 

Оқушыларға әр ұлттың амандасу түрлерін айту тапсырылды.




Ойын-жаттығу.  Оқушылар үш топқа бөлінеді. «Қайырлы таң!» сөзін эмоциямен көрсетіп, айту керек(көңілді,көңілсіз,ашулы). Оқушылардан қандай әсер алғандары туралы сұралып, талданады. 
Әр топқа араласқан сөздер беріледі.Оқушылар берілген сөздерден бүгінгі тақырыпты құрастырып табу керек. 

Жаңа тықырып: Адами қарым – қатынас жасау ізгіліктері. 

Дәйексөз.

«Түсінудің өзі де-адамның үлкен еңбегі»

Б.Момышұлының сөзі

Дәйксөзді қайталап оқу. Мағынасын түсіндіру.Дәптерге жазып алу.




Әңгімелесу.Мұғалім сыйы.

Қарым-қатынас кезіндегі эмоция (бейнежазба көрсету)

Сұрақтар қою:

1.Екі жағдайдың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

2. Қарым-қатынастың бұзылуына көбінінде не кедергі жасайды?

3. Басқаларға қолдау беру үшін сендер көбінде қандай сөздер айтып жұбатасыңдар?




Шығармашылық жұмыс: 

1-топ. Бірінші топқа жағдаят беріледі. Сол жағдаят бойынша сахналау көрсетеді. Қалған топтар талқылайды.

Бүгін Айжанның туылған күні еді. Оны сыныптастары құттықтап,сыйлық беріп жатты. Бір-ақ Асыл бүгін Айжанның туылған күні екенін ұмытып кетіпті. Оған дайындаған сыйлығы да болмады. Ол дер кезінде өзі қолдан сыйлық жасауды ұйғарды. Досының көңілі үшін құр қол қалғаннан бір нәрсе сыйлаған дұрыс қой деп шешті.Ол өзінің істеген ісін жөн көрді. Қолдан жасаған сыйлығын Айжанға шын жүрегімен сыйға берді.

-Айжан «Үлкен рахмет! Маған өте ұнады»- деп қабыл алды.

Бір-ақ Асыл кетіп қалғаннан кейін Айжан басқа құрбыларына оның сыйлығы ұнамағанын айтып ренжиді. Шынын айтқанда оның сыйлығын менсінбейді. Оған қосылып құрбылары да қостап жатты.


2-топ. Оқушыларға Дөрекі сөздерді (дисфемизм) сөздер беріледі. Осы сөздерді (эвфемизммен) ауыстыру керек.Мысалға: 

Көзің көрмейді ме? 

Тамақ ішпедің бе қатты сөйлеш! 

Жолдан әрі тұршы қыстырылыспай! 

Қолым бос емес,кедергі келтірмеші маған! 

Сенікі дұрыс емес!Мен не үшін сенен кешірім сұраймын?! 

Тамақ 
сондай дәмсіз,тұзы аз, үйде тұз жоқ па не? 
3-топ. 

Бір ауыз сөз өлеңін құрастырып,мағынасын түсіндіреді.

Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,

Бір ауыз сөз айықпас дертті жияды.

Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,

Бір ауыз сөз жамандыққа қияды. 
2.Мұғалімге сұрақ және жауап. Кестені толтырады.


Мен нені білгім келеді?


Мен нені білдім?












Топпен ән орындау.

«Әсем ән» әнін орындау

Орындаушы: Серік Ибрагимов пен Лашын тобы





Үйге тапсырма

Кешірімді қалай сұрау керек? Сен кешірмді дұрыс сұрау үшін қандай кеңес берер едің?






Сонғы қорытынды тыныштық сәті.

Көзімізді жұмамыз. Денемізді түзу ұстаймыз.Терң тыныс аламыз.

Енді балалар бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер, өздеріңе не алдыңдар соны естеріңе түсіріңдер!

Ақырын көзімізді ашамыз.Рахмет!Сау болыңыздар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
538
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12