Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ас қорыту мүшелерінің құрлысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ биология пәні мұғалімдерге таптырмас үлгі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Биология сабағының жоспары


Сынып 8 «А»

Мерзiмі

Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшесінің құрылысы

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Сыни тұрғыдан ойлау сабағы

Сабақтың әдісі: иллюстративті, АКТ, СТО

Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызбалар, оқушыға көмекші материалдар топтамасы.

Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау (Блум жүйесі)

Пәнаралық байланыс:

Тарих (тоқшіктің өсіндісі аппендикстің ашылу тарихымен таныстыру )

Медицина ( ас қорыту мүшелерінің құрылысын медицинамен байланыстыра талдау)

Сабақтың формасы: Жеке, жұптық, топтық.

Сілтеме: оқулық: Е. Очкур, Л. Аманжолова, Р. Жұмабаева,биология 8 -сынып Алматы Атамұра, 2010, оқыту әдістемелік нұсқау

Күтілетін нәтиже:

- Тағамның маңызы, құрамы, қызметі туралы білу.

- Асқорыту жүйесіне жататын мүшелерді;

- асқорыту бездерінің түрлері, асқорыту ферменттері;

- Асқорыту мүшелерінде астың қорытылуы мен сіңуі;

- Асқорыту мүшелерінің аурулары туралы толық меңгеріп, атқаратын қызметтерін толықтай білу.

Табыс критерийлері:
- Асқорыту мүшелері туралы мағлұмат аламын;
- асқорыту мүшелеріне жатпайтын қосымшаларды білемін;
- асқорыту ауруларының түрлері, асқорыту мүшелерінің атқаратын қызметтері туралы білімімді дамытамын;
- іскерлік дағдымды қалыптастырамын.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылар ас қорыту мүшелерінің құрылысымен танысады, ас қорыту мүшелерінің маңызы, құрылысы мен қызметі туралы түсінік қалыптастырады;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамытады;
Тәрбиелік: оқушыларды дұрыс және ағзаға пайдалы тағамдармен қоректену арқылы салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелейді.

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Мотивациялық кезең

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушыларды түгелдеу, назарларын сабаққа аударту, топқа бөлу.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Шаттық шеңбері: «Жылы алақан»

Сабақ барысын талдау:


2 мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: оқушылар бір – біріне сұрақ қояды.

1. Тыныс алу мүшелерін атаңыздар? (ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек)
2. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады? (жұтқыншақ)
3. Ас қорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады? (аш ішек)
4. Аш ішек бөлімдерін ата? (ұлтабар (12 ішек), аш ішек, мықын ішек)
5. Тоқ ішектің құрылысы қандай? (соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек)

«Білім» жүйесі


2 мин

Операциялық кезең


  1. Жаңа сабақ: Сурет арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау.

  1. Ас қорыту мүшеренің құрылысы және қызметі



  1. Аппендикстің ашылу тарихы, ас қорыту аурулары

І. «Білім» жүйесі.




5 мин

  1. Асқорыту ауруларының түрлері, атқаратын қызметтері

Picture 2 Shape2 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape1



2. кестені толтыр Асқорыту бездері

Асқорыту бездерінің атауы

Орналасуы

Атқаратын қызметі














ІІ. «Түсіну» жүйесі (жаңа материалдарда берілген білімді түсіну, өзінше түсіндіру, болжам жасау). топтық жұмыс түрлері



10 мин

  1. Асқорыту мүшелерінің орналасуы

ІІІ.«талдау» жүйесі.(жаңа білімді нақты жағдайда пайдалану) топтық жұмыс
«Мылқау» сурет: (берілген суреттен ас қорыту мүшелерінің құрылысын ата)
5 мин

  1. «Ой қозғау» (Оқушының өз бетінше ізденіп, әрекет жасауға

дағдыландыру, ойлау қабілетін арттыру барысында проблемалық сұрақтар қойылады.)
Адам күнделікті өсімдіктекті және жануартекті тағамды пайдаланады
1. күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында қандай күрделі органикалық заттар бар.?
2. Тағамдық заттардың құрылыстық қызметі дегеніміз не?
3. Тағамдық заттардың энергетикалық қызметін түсіндіріңіз?
4. Тағамдық заттардың құрамында қандай қосылыстар болады?
5. Бұл заттар ұлпалар мен жасушаларға қалай өтеді?

ІҮ. «қолдану»жүйесі. жеке жұмыс:


  1. мин


  1. Сергіту сәті.

3 мин

Бақылау, бағалау кезеңі

  1. Сызықтық диктант арқылы алған білімді жинақтап, жүйелеу.

1 топ

а. Адам денесінде күрделі физиологиялық процестердің бәрі

тікелей ................................................... жүреді.

ә. Тағамдық заттар ағзадағы..................................................... бірден

бір көзі болып табылады.

б. Ағзаның өсуі, дамуы, тіршілігі үшін ..................................... аз

мөлшерде болса да өте қажет.

в. ....................................................... адам ағзасы жеген тағам мен

ішкен су арқылы қабылдайды.

г. Адам күнделікті пайдаланатын ................................ негізінен

крахмал және қант.

ғ. Басқа органикалық заттар мен салыстырғанда .......................

............. кезде энергия екі еседей көп бөлінеді.

д. .................................. адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек

тағаммен бірге қабылданады.

2 топ

а. Асқорыту бездері .................... секреция бездеріне жатады.

ә. .......................белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37+38 С.

б. Күрделі органикалық заттарды қарапайым

заттарға дейін ыдырататын ерекше заттарды

................................ деп атайды.

в. ............................... жасушада жүретін реакцияларды арттырады.

г. ............. ................. белгілі бір органикалық заттарды ғана ыдырата алады.

ғ. ............................. тұтқыр түссіз сұйықтық.

д. шықшық бездері абынған кезде ісініп, .......... тұтасып айқын байқалады.

Ү.«Жинақтау» жүйесі.


5 мин


Сабақты қорытындылау үшін әр топқа тест тапсырмалары таратылады. (1 тапсырма 1 балмен есептеледі)

1 - топ

Асқазаннан кейін қандай мүше орналасады?
А) аш ішек; ә) тоқ ішек; б) ұлтабар
2. Ас қорыту мүшелерін белгілеңіз?
А) ауыз қуысы, өкпе, асқазан; ә) жұтқыншақ, өңеш, жүрек; б) тоқ ішек, өңеш, асқазан.
3. Ас қорыту және тыныс алу мүшелері қай жерде қиылысады?
А) жұтқыншақ; ә) ауыз қуысында; б) өңеште.
4. Адамда ас қорыту мүшелерінің ұзындығы:
А) 3 - 5м; ә) 8 - 10м; б) 15 - 18 м.
Асқазаннан кейін қандай мүше орналасады?
А) аш ішек; ә) тоқ ішек; б) ұлтабар.
5. Тоқ ішектің бөлімдері:
А) аш ішек, жиек ішек, тік ішек;
Ә) соқырішек, тік ішек, ұлтабар;
Б) соқырішек, жиек ішек, тік ішек.

2 – топ

6. Ас қорыту мүшесінің бұл бөлімінде нәжіс қалыптасады:
А) аш ішекте; ә) тоқ ішекте; б) асқазанда.
7. Ол мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан ас қорыту мүшесі:
А) өңеш; ә) жұтқыншақ; б) асқазан
8. Аш ішектің бөлімдері:
А) ұлтабар, тік ішек, аш ішек;
Ә) ұлтабар, аш ішек, мықын ішек;
Б) соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек.
9. Ас қорыту мүшелерін ретімен орналастырыңыз:
а) ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, жұтқыншақ, өңеш;

ә) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек;
б) жұтқыншақ, өңеш, ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек.
10. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
А) жұмсақ таңдайда; ә) ұрттың сілекейлі қабығында; б) тілде.

Білімдерін бекіту:



5 мин


  1. Бағалау (2 мин)

Нәтижелерді жинақтап, сабақты қорытындылау.

Оқушылар тақырып бойынша сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салады, сабақты қорытындылайды.

Бағалау:

2 мин


  1. Үйге тапсырма беру: деңгейлік тапсырмалар, кітаппен жұмыс.

1 мин













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
741
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі