жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Асан қайғы шығармалары. 9 - сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
Пәні: Қазақ әдебиеті |
Мектеп: № 8 |
||||||
|
Күні:28.11.2017 |
Мұғалімнің аты-жөні: Муканова Шарипа Кулинтаевна |
||||||
|
Сынып: 9 «ә» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||
|
Сабақтың тақырбы |
Асан қайғы шығармалары |
||||||
|
Мақсаты |
Асан қайғының өмірі мен шығармаларынан мағлұмат ала отырып, жыраудың толғауларының өмірлік ұстанымын және дүниетанымын өз көзқарастарымен жеткізу |
||||||
|
Күтілетін нәтиже |
Асан қайғы өмірінен мәлімет алады, толғауларының тақырыбы мен идеясын, көркемдігін ашады. Шығармашылық ізденіспен жұмыстану арқылы толғауларының мәнін бүгінгі көзқараспен ашу. |
||||||
|
Түйінді идея |
Таза мінсіз асыл
тас, |
||||||
|
Әдіс - тәсілдер |
Проблемалық оқыту, жоба құрастыру, диалогтік әңгіме, картамен жұмыс |
||||||
|
Қолданылатын ресурстар |
АКТ материалдары |
||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
||||||
|
Дескрипторлар |
-Жырау өмірін, толғау мазмұнын түсініп баяндайды; - Өлеңдеріндегі басты мәселені анықтайды; -Әдеби-теориялық ұғымдарға талдау жасайды; - Өлең үлгісінің жаңашылдығы мен заманауилығына баға береді. |
||||||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
Жыраулық өнер. |
||||||
|
Жоспар |
|||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
|
Дереккөздер |
|||||
|
Сабақтың басы Мотивациялық кезең |
1.Сәлемдесу, түгендеу. 2.Оқушыларды топқа бөлу. 4 топ жұмыс жасайды. 3.Тренинг. Видео көрсету. 4.Үй тапсырмасы. Жыраулық өнер./сұрақтар арқылы/ |
МЖ = Мұғалім жасаған |
|||||
|
Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын сұрау және қорыту |
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:
|
|
|||||
|
Жаңа сабаққа келу |
Жыраулар:
|
|
|||||
|
Сабақтың ортасы Операциялық кезең |
|
Оқулық материалы, Үнтаспа |
|||||
|
|
САУАЛНАМА Аты-жөні: Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы) Өмір сүрген кезеңі: ХІҮ- ХҮ ғғ. (шамамен 1330 – 1450 жж.) Мекендеген жері: Арал өңірінің Сырдария жағасы Қаратау мен Сырдың арасына көз сала отырып, Асанқайғы бабамыз: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен», – деген екен. Қызметі: Асанның біраз өмірі Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхамед тұсында өтеді, кейін қазақ ханы Жәнібек Жәнібектің ақылшысы болған. Толғаулары: Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері: 1) дидактикалық сарындағы
толғаулар (насихат, өнеге сөз, гибрат айтылуы): «Еділ бол да, Жайық
бол». Күйлері: «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар», т.б. Арманы: Асан Қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Жыраудың «Жерұйықты» (кейде «Жиделібайсын» делінеді) іздеуі атақты Томас Мор «Утопиясы» (1516 ж.) мен Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы» шығармасындағы (1602 ж.) қиял-армандарымен ұштасып жатыр. Кесенесі орналасқан жері: Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымы. Ғалымдар бағасы: Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш.Уәлиханов) «Асан Ата – ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» (Әлкей Марғұлан).«Тарихта болған адамдардың ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі – осы Асан қайғы»(Мұхтар Әуезов). |
|
|||||
|
Өмір жолын түсіндіру 1.Анкета арқылы түсіндіру; 2.Картадан көрсету. Талдауға түскен толғаулар 1.Мазмұнын түсіндіру; 2.Идеясын ашу; 3.Әдеби-теориялық ұғымдарға талдау жасау; 4.Проблемасын сұрақ арқылы жеткізу. |
Көлде жүрген қоңыр қаз
Көлде жүрген қоңыр
қаз, Еділ бол да, Жайық бол Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа. Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа. Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа. Ақың болса біреуде, Айыбын тап та ала бер, Ерегесіп ұрыспа. Сенікі жөн болса да, Атың шықпас дұрысқа. Мінезі жаман адамға Енді қайтып жуыспа. Тәуір көрер кісіңмен Жалған айтып суыспа. Өлетұғын тай үшін, Көшетұғын сай үшін, Желке терің құрысып, Әркімменен ұрыспа. Ашу – дұспан, артынан Түсіп кетсең қайтесің Түбі терең қуысқа!.. Бұл заманда не ғарып Бұл заманда не ғарып? Ақ қалалы боз ғарып, Жақсыларға айтпаған Асыл шырын сөз ғаріп, Замандасы болмаса, Қариялар болар тез ғаріп; Қадірін жеңе білмесе, Бойға жеткен қыз ғаріп. Ел жағалай қонбаса, Бетегелі бел ғаріп, Қаз-үйрегі болмаса, Айдын-шалқар көл ғаріп, Мүритін тауып алмаса, Азғын болса пір ғаріп, Атажұрты бұқара Өз қолында болмаса, Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғаріп. |
|
|||||
|
Шығармаларының түйіні |
Асан шығармалары адамдық негізі имандылықпен сабақтасатындығын дәлелдейді. Ел бірлігі арқылы мұратқа жету - Асан толғауларының асыл діңгегі. «Бұл заманда не ғаріп» атты толғауында өз пайымдауын тіршіліктің берекелі болуы жаратылыс гармониясының сақталуымен байланысты екендігін әрқашан еске салып отырады. Жырау танымында адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті бұзбай, ғаріптікке жеткізбеген елдің болашағы зор. Бұл терең тұжырым жыраудың «Есті көрсең, кем деме» атты толғауында да жалғастық табады. Имандылық, нәпсі жетегінде барға тасымау, жоққа жасымау - алаш баласының кісілік келбеті. Жыраудың толғауда көрінетін ұлы арманы - ағайынның татулығы, ел мүддесі. |
|
|||||
|
Сабақтың соңы Рефлексиялық кезең |
|
|
|||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||
|
Дифференциация –Бір-біріне қошемет көрсету, қолдау сөздер арқылы өз күшіне сендіру, тапсырманы жеңілден ауырға біртіндеп көшіру Қабілеті жоғары оқушыларға: Талданған мәселеге қатысты түйінді пікір білдіреді, шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады |
Бағалау – 1.Топтың бағасы «Шахмат» арқылы; 2.Жеке бағалау «Бағалау» парағы 3.Кері байланыс. Өзге топқа қатысты ойлары мен бағалауларын жеткізу.
|
Пәнаралық байланыс : Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері пәндерімен және театр, кино өнерімен т.б. байланыс АКТ-мен байланыс:
Видеоматериалдар «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру, жеткізу, насихаттау |
|||||
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
|
|
|||||||
|
Жалпы баға: Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
|||||||
Бағалау парағы
Сабақ тақырыбы: Асан қайғы шығармалары
|
№ |
Оқушының аты-жөні |
Д е с к р и п т о р л а р |
||||
|
Жырау өмірін, толғау мазмұнын түсініп баяндайды |
Өлеңдеріндегі басты мәселені анықтайды |
Әдеби-теориялық ұғымдарға талдау жасайды |
Өлең үлгісінің жаңашылдығы мен заманауилығына баға береді |
Қорытынды |
||
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту |
|
||||
|
Бағалау |
Жоғары балл – 3 Орташа балл – 2 Төмен балл - 1 |
|||||
|
|
Ұсыныстар |
|
||||
Топ басшысы: --------------------------------------------------------------------------------------------------------

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген