жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Аспан денелері. 5 сынып
|
Пән: Қазақ тілі мен әдебиет |
Мектеп: «Зырян қаласының №6 орта мектебі»КММ |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Конопьянова Алия Серекпаевна |
||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: 18 Қатыспағандар саны: 0 |
|
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Аспан денелері |
||||
|
Оқу мақсаты |
Ж5. Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу Т6. Тыңдалым материалдары негізінде сұрақтарға жауап беру |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Мәтінді түсініп оқиды Көбі: Сұрақтарға жауап беріп, сұрақ құрастыра алады Кейбірі: Тақырыптың мазмұнын меңгеріп, негізгі идеясын түсінеді, талдау жасай алады, өздігінен тапсырмаларды орындай алады Қазақ тіліндегі түрлі тілдік құрылымдар арқылы оқушыларға аспан әлемі жайлы ақпарат беру. |
||||
|
Бағалау критерийлері |
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілерін пайдалану арқылы аспан денелері жайлы ақпарат береді. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлемдер арқылы аспан денелерін сипаттайды. Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды |
||||
|
Тілдік мақсат |
Аспан әлемі, жұлдыз, құпия, қозғалыс, бақылау, аспан денесі, шексіз, көлденең жатқан, шашырап төгілген, ақшыл жолақ |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Өз Отанының тарихын құрметтеуге, оны дәріптеуге баулу. |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
География, физика мен астрономия |
||||
|
Алдыңғы білімдер |
Аспан денелері, жұлдыздар туралы не білетіндерін анықтау. |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал. Сәттілік біздер
тілейік, «Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді. Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
|
|
|||
|
Сабақтың ортасы |
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан «Ғарыш әлемі» видеоролигін көрсетемін. Ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендер аспан денелері жайында қандай аңыздарды білесіңдер? видеороликті көреді,мәтіналды жұмыс жасайды, сұрақтарға жауап береді. Сөздік жұмыс: Аспан әлемі, жұлдыз, құпия, қозғалыс, бақылау, аспан денесі, шексіз, көлденең жатқан, төгілген, ақшыл жолақ. А) Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатамын. 1. Мәтіналды жұмыс. 1- тапсырма. Суретке қарап, сұрақтарға жауап береді. 2-тапсырманы орындау. Венн диаграммасын толтыру. Күндізгі аспан мен түнгі аспанды салыстыра отырып толтыру
2. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқу «Сұрақ сенен, жауап менен» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді
Келесі 5 - тапсырманы «Сәйкестендіру» әдісі бойынша сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын сәйкестендіру Аспан әлемінің сүтке ұқсас Жұлдызды құпиясы Жұлдыздар қозғалысын шексіз Күн мен жұлдыздар бақылайды Галактика аспан денесі Көлденең жатқан Құс жолы Шашырап төгілген аспан Ақшыл жолақ жұлдыздар шоғыры 8 – тапсырма. Берілген сөздерді пайдаланып, сыр, зерттейді, ұшы – қиыры жоқ, шашылған сөздерінің синонимдерін тауып жаз. Синоним: Құпия, бақылайды, шексіз, шашырап төгілген 3. Сергіту сәті. «Мен не сыйлаймын?» Мен бір әріпті көрсетемін,оқушылар сол әріптен келетін сыйлық ойлап табу керек. М: А – әрпі. Мен досыма айна сыйлаймын. Әріптер: А,С,Т,Д,Е,Қ,М,Б,Р,Ә 5. Мәтінсоңы жұмыс А - Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау. В – аспан денелері бойынша сөзжұмбақ құру С – аспан денелері туралы қосымша ақпарат |
Интерактивті тақта, слайдтар, түсіндіру, кеспе қағаз,салыстыру, сұрақ – жауап, сөздікпен жұмыс, ПОПС формуласы |
|||
|
Сабақтың соңы |
ПОПС формуласы бойынша оқушыларға өз ойын айтқызу Менің ойымша, .......
Кері байланыс. Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Өздеріңе қандай ақпарат алдыңдар? Сендерге не қиын болды? «Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану. • Мен түсіндім – жасыл • Мен сенімді емеспін – қызыл • Мен толық түсінбедім – сары |
|
|||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
|
Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету. |
Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау. |
Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. Осы сабақта 10 минут қолдануды жоспарлаймын. |
|||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген