жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ (Асқорыту мүшелері) 8 сынып
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелері
Мақсаты: 1) Ас қоыту жүйесі құрылысының ерекшелігін көрсеу, астың ауыз қуысында қорытылу процесін, асты қорытудағы ферменттердің рөлін түсіндіру.
2) Оқушылардың талдау, синтездеу, салыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
3) Тамақ ішу, оның сапасын және сақталу мерзімін, санитарлық – гигиеналық дағдыға үйрету. Салауатты өмір сүру салтына үйрету.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, тест, тірек-сызба, практикалық тапсырма т.б.
Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта, ас қорыту көрнекті суреттер
Пән аралық байланыс: Медицина, валеология, химия, өсімдіктану, әдеп, халық педагогикасы
Сабақтың формасы: Жеке, жұптық
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
Жоспар
1.
« Кім шапшан?»
3мин
2.
Биологиялық
есеп 3 мин
3. Бейнекөрініс 4 мин
4.
Мәтінмен танысу 3 мин
5. Ойлан тап 3
мин
6. Мылқау сурет 3 мин
7. Сандық
лабиринт 4 мин
8. Биологиялық диктант
4 мин
9. Сәйкестендіру тесті 5 мин
10.
“Бәрін білгім келеді” 4 мин
11.
Рефлексия 3 мин
12.Үйге тапсырма. Бағалау 1 мин
3.Үй тапсырмасын сұрау “Кім шапшаң?” 3мин
1.Қоректік заттар дегеніміз не? (нәруыздар,көмірсулар,майлар,минералды тұздар,су т.б)
2.Гемоглобин нәруызы қандай қызмет атқапрады? (ұлпалар мен мүшелерге оттек тасымалдайды)
3.Адам күнделікті пайдаланатын нәруыздар? (крахмал және қант)
4.Ас қорыту дегеніміз не? (тағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуі)
5.Адам ағзасындағы нәруыздың тәуліктік мөлшері қандай? ( 80-120гр)
6.Қорғаныш қызметін атқаратын нәруыздар? ( антиденелер)
7.Майлардың тәуліктік мөлшері қандай? 80-90гр
8.Дәрумендер не үшін қажет? ағзаның өсуі мен дамуы үшін)
9.Ұлттық тағамдарды ата? (айран,қатық,құрт,ірімшік,ет,қымыз,шұбат т.б)
2) “Биологиялық есеп” 3 мин
Есеп №1.
Егер бір адамға тәулігіне 6 грамм тұз жеткілікті болса, әр отбасыға бір аптада, бір айда қандай мөлшерде тұз жұмсалады? (Егер отбасында 3 немесе 5 адам болса).
Жауабы:
(6 г 3 отбасы саны) = 18 х 7 = 126 г
(6 г 3 отбасы саны) = 18х 30 = 540 г
6 г 5 отбасы саны) = 30 х 7 = 210 г
(6 г 5 отбасы саны) = 30х 30 = 900 г
ІІІ.
Жаңа сабақ
Эпиграф
Апыл-ғұпыл ішкен ас
Асқазанға түскен тас М.Әлімбаев
3.Бейне көрініс 4 мин
4. Мәтінмен танысу 3 мин
Жұптық жұмыс
5.Ойлан тап 3 мин 6. Мылқау сурет 3 мин
1-бауыр; 2- өңеш ; 3-асқазан; 4-ұйқы безі; 5-ұйқы безі өзегі; 6-ұлтабар ; 7-өт өзегі; 8-өт қабы;
1
6
8-10
7
8-9
2
11-13
5
3
3
25
8
5-6
4
25-30
1,3
Асқорыту жолының жалпы ұзындығы
Ауыз қуысындағы сілекей бездерінің саны
Ашішектің ұзындығы
Тоқүішектің ұзыңдығы
Өңештің ұзындығы
Соқырішек ұзындығы
Жұтқыншақтың ұзындығы
Ұлтабардың ұзындығы
8. Биологиялық диктант 4 мин
1.Ас қорыту ...................... басталады.
2...........................ас қорыту және тыныс алу жолдарымен қиылысады.
3.Қарынның пішіні ................... немесе қапшық тәрізді
4.Ас қорыту жолының ұзын бөлігі ..................
5.Тоқ ішектің тұйықталған бөлігі .................деп аталады.
Керекті сөздер: алмұрт, ауыз қуысынан, аш ішек, бүйен, жұтқыншақ
9.
Сәйкестендіру тесті 5 мин
1.Бауыр
б а) қорытылмаған заттар өтеді
2. Соқырішек в ә) астың сіңуі өтеді
3. Ұлтабар д б) ең үлкен без
4. Аш ішек ә в) құрт тәрізді өсінді
5. Тоқ ішек а г) жұтқыншақтан кейін орналасқан мүше
6. Өңеш г д) аш ішектің жуан бөлімі
11“Бәрін білгім келеді” 3 мин
Адамда ас қорыту жолының ұзындығы? 8-9м
Эпителий ұлпасынан тұратын ас қорыту жолының қабырғасы? Ішкі
Бірыңғай салалы бұлшықет қабаты? Ортаңғы
Дәнекер ұлпасы орналасқан қабаты? Сырқы
Тіл түбірі? Ащыны
Тіл ұшы? Тәттіні
Тіл бүйірі? Қышқыл мен тұзды
Ауамен енетін микробтарды фагоцитоздайтын лейкоциттер орналасқан ауыз қуысының бөлігі? Бадамша бездер
Ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады? Жұтқыншақ
Алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді ас қорыту мүшесі? Асқазан
Тоқ ішектің өсіндісі? Соқырішек
Ең ірі без? Бауыр
12. Рефлексия 3 мин
Үйге тапсырма: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы. Ас туралы 5 мақал-мәтел жазу 1 мин
Бағалау “Бейнет түбі - зейнет”
Сергіту сәті. Жұмбақтар шешейік. 3 мин.
1. Ти десем тимейді
Тиме десем тиеді. (Ерін)
1.Әрі жүрер қараша ат,
Бері жүрер қараша ат.
Су бойында тұнық су,
Таңдап ішер қараша ат. (Көз)
1.Күмбір-күмбір жарғағым,
Қартайғанша жарадың. (Құлақ)
1. Жағалай – жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (Тіс,тіл)
1. Тілалмасқа сөз айтсаң,
Адам таппас жауап айтар.
Бір тауды мекен еткен отыз бөрі,
Он кісі отызының жұмыскері.
Сол таудың ортасында бағлан қозы,
Масайрап секіреді ары бері.
(Отыз бөрі – отыз тіс, он жұмысшы- он саусақ, қозы - тіл)
Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің құрылысы
Сабақтың
мақсаты:
Асқорытудың маңызы, асқорыту мүшелерінің
құрылысы мен қызметі туралы білім
беру.
Міндеттері:
1. Ас қорыту процесінің мәнімен, адам ағзасында энергия мен зат алмасудағы маңызымен таныстыру: қызметіне байланысты асқорыту мүшелерінің құрылысы, атқаратын қызметі туралы білім алу.
2. Өзінің денсаулығы туралы жинақылыққа тәрбиелеу. Санитарлық –гигиеналық әдетке тәрбиелеу.Салауатты өмір сүру әдетін тәрбиелеу.
3. Оқушыларды талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал –жабдықтар: Асқорыту мүшелерінің құрылысы, кесте, тест, электронды көрсетілім.
Сабақтың
типі: Аралас
сипатта
Қолданылатын
модульдер:
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Жас
ерекшеліктеріне қарай оқыту
Стратегиялық
іс әрекет:
«Блум таксономиясы», «Биологиялық
есеп», «Топтық жұмыс», «Жұптас – ойлан
- бөліс», «Кlaster» әдісі, «Топтық
бағалау».
Ұйымдастыру: -
Қайырлы таң, оқушылар!
Сабақтың бағалау критериімен таныстырып, парақшалар тарату.
Сабақтың жоспары |
Үй тапсырмасы |
Жаңа сабақ |
Суреттер арқылы оқушылардың түсіндірілуі |
Суреттік тапсырма |
Жаңа сабақты бекіту |
Оқушының білімі |
Оқушы аты-жөні |
Білу |
Түсіну |
Қолдану |
Талдау |
Жинақтау |
Бағалау |
|
|
|
|
|
|
|
«5» 5-6 ұпай
«4» 4 ұпай
«3» 3 ұпай
Үй тапсырмасы.
Білу: алған білімді еске түсіру. 7 мин
1) « Таңғажайып тоғыздық» тапсырмасын орындау
1.
Қоректік заттар дегеніміз не?
(Нәруыздар,
көмірсулар, майлар, минералды тұздар,
су мен витаминдер)
2. Ферменттер
деген не? (нәруыз текті заттар)
3. Тамақ
өнімдері деген не?
(адам рационының
құрамына кіретін өсімдіктекті және
жануартекті өнім)
4. Адам организміндегі
нәруыздың тәуліктік мөлшері (100гр)
5.
Көмірсулар қандай қызмет атқарады?
(энергия көзі)
6. Майлардың тәуліктік
мөлшері қандай? (80 - 90 гр)
7. Витаминдер
не үшін қажет? (организмнің өсуі мен
дамуы)
8. Ұлттық тағамдар мен сусындарды
ата (ет, қуырдақ, қазы - қарты құрт, шұбат,
айран т. б.)
9. Адам ағзасына тәулігіне
қажетті су мөлшері? (1, 5 - 2, 5 л)
2)
“Биологиялық есеп” 3 мин
Есеп
№1.
Егер бір адамға тәулігіне 6 грамм
тұз жеткілікті болса, әр отбасыға бір
аптада, бір айда қандай мөлшерде тұз
жұмсалады? Әр оқушы өз отбасына
есептеп шығаруға болады.
Жауабы:
(6
г х отбасы саны) х 7 = 6 х 5 х 7 = 210 г
(6 г х
отбасы саны) х 30 = 6 х 5 х 30 = 900 г
Есеп
№2.
Тамақтанған кезде әр адам 1 грамм
нанды шығындайды. 50 000 халқы бар елді
мекенде бір жылда қанша нан
шығындалады?
Жауабы:
А) (1 г • 4
мезгіл) • 50 000 = 4 х 50 000 = 200 000 г = 200 кг.
Ә)
200 кг • 365 күн = 73 000 кг = 73 т
Жаңа сабақ ( жаңа сабақтың сурет арқылы тақырыбын, мақсатын шығару)
Түсіну: «Жұптасып - ойлан - бөліс» . 5 мин «Асқорыту мүшелерінің құрылысы» тақырыбы бойынша мәтін мен жұмыс. Алдын- ала іздену тапсырмасы бойынша топ болып талқылау.
Адамда асқорыту жолының ұзындығы шамамен 8 - 10 м.
А
сқорыту
жолының қабырғасы
С
ыртқы
қабаты Ортаңғы қабат Ішкі қабат
Дәнекер ұлпадан Бұлшықет қабаты Эпителий ұлпасынан
тұратын сірқабат түзілген
Ішкі қабаты эпителий ұлпасынан тұратын сілемейлі қабықша болып табылады. Сілемейлі қабықшаның жасушалары ішек арнасына сілекей бөледі, ал оның астындағы төменірек орналасқан ұсақ бездер асқорыту сөлін бөліп шығарады. Ішкі қабатта қан тамырлары мен лимфа тамырлары көп.
Ортаңғы қабат тамақтың асқорыту жолымен қозғалысын қамтамасыз ететін бірыңғай салалы бұлшық еттен тұрады.
Қолдану: Суреттер арқылы оқушылар түсіндіреді. 10 мин
Ауыз қуысы - ерін, ұрт, қатты және жұмсақ таңдай тіл.
Ұрттың сыртын бұлшық етпен ерін жауып тұрады. Ішкі жағында қызыл иекпен тістер орналасқан. Ауыз қуысының алдыңғы жағында жақсүйек тістер, артқы жағында аңқа мен көмкерілген. Қатты таңдай ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Жұмсақ таңдай артқы бөлімі жіңішкеріп ұзарып бөбешікпен аяқталады.
Ауыз қуысына сілекей бездерінің өзектері ашылады.
Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып, сілекеймен араласып жұтылады. Ауыз қуысында тіл орналасқан.Ол көлденең жолақты, бұлшық ет ортасынан тұрады.
Тілдің түбі дөңес кілегейлі шырышты қабықшамен қапталған үстіңгі бетінде түрлі пішінді дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің үшы тәттіні, екі бүйірі қышқылмен тұзды, түбі ащыны сезеді. Сонымен бірге тіл сөйлеуге және жұтуға қатысады.
Жұтқыншақ - түтік пішінді іші қуыс бұлшықетті мүше. Жұтқыншақ мойын омыртқасының алдыңғы жағында орналасқан ұзындығы 11-13см. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі.
Өңеш - ұзындығы 25см іші қуыс бұлшық етті мүше. Жоғарғы бөлігі жұтқыншақтың төменгі бөлігі асқазанмен жалғанған. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі көп қабатты эпителиймен қапталған. Өңештің ортаңғы бұлшық еті бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшық ет оқтын-оқтын жиырылу нәтижесінде тағам асқазанға түседі. Өңеш көк еттің ортасындағы тесіктен өтіп құрсақ қуысындағы асқазанмен (қарынмен жалғасады).
Асқазан (қарын) - іші қуыс қалың бұлшық ет мүше. Жоғарғы жағы өңештен, төменгі жағы аш ішектен басталады. Асқазанның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы кілегейлі шырышты қабық оның көлемін үлкейтеді. Асқазанның қабырғасында бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтары 3 түрлі бағытта орналасқан. Ішкі қабаты қиғаш, ортаңғысы сақина тәрізді, сыртқысы ұзынан орналасқан.Асқазанның қатпарлы кілегейлі өте ұсақ бездер бар. Бұл бездерден қарын сөлі бөлінеді.Асқазанның өңешпен және ұлтабармен байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер бар.
Аш ішек - ұзындығы 5-6м асқазан мен тоқ ішекті жалғастырады.Аш ішектің асқазаннан басталған жері 25-30см дей ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабар бауырдан келетін өт қабынан өзегі және ұйқы безінің өзегіне ашылады.
Аш ішектің кілегейлі қабырғасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп болады. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүр ішектің сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішекті бұлшық ет талшықтары оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып, босаңсып тұрады. Жеген тамақ ішектің ішімен алға жылжиды.
Тоқ ішек - ұзындығы 1,5-2м ашіктен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері соқырішек деп аталады. Ол оң жақ мықымда орналасқан. Құрт пішінді тұйық өскін ол лимфа жүйесіне жатады. Оның қабынуынан болатын ауру соқырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі – тік ішек. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңірледі де нәжіс қалыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактерилар (әсіресе ішек таяқшалары) болады. Бұл бактериялар өсімдік жасұнықтарын ыдыратады. Кейбір витамендерді синтездейді. Зиянды микробтардан қорғап тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді. Дәріні қалай болса солай пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды әсер етеді. Сондықтан дәрі-дәрмекті тек дәрігердің кеңесі бойынша пайдалану керек.
Ұйқы безі – ұзындығы 10-12 см, асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан. Салмағы 60-80 г. Сілтілік реакция көрсететін ұйқы безі сөлі асқорытуда маңызды рөл атқарады. Бездің негізгі сөл шығару өзегі ұлтабарға ашылады. Асқорыту қызметінен басқа ұйқы безі ішкі секрециялық қызметін де атқарады. Онда безді жасушалардың ерекше шоғырлары – аралшықтар болады. Олардан бөлінетін секрет (гормон) алдымен ұлпа сұйықтығына, содан кейін қанға өтеді.
Бауыр – қоңырқай түсті ең ірі без, массасы, шамамен, 1500 г. Оның үлкендеу келген оң жақ бөлігі құрсақ қуысының оң жағында көкеттің астында, қабырғаға жақын орналасады. Бауыр – күрделі түтікшелі без. Ол көптеген қызмет атқарады. Бауырдың негізгі қызметі – өт бөліп шығару. Бауырда үздіксіз түзілетін өттің біразы өт қабына жиналады. Алмұрт тәрізді өт қабы бауырдың астыңғы бетінде орналасқан. Асқорыту кезінде өт қабының және бауырдың өзектерінің бойымен өт жалпы өт өзегіне, одан ұлтабарға құйылады. Ішектегі әлсіз сілтілі ортада өт майлы тағамдардың жылдам қорытылуына жағдай туғызады. Бауыр қан тамырларымен жақсы жабдықталған. Оған артерия қанымен бірге барлық асқорыту мүшелерінен веналық қан да келеді.
Бауырдың келесі қызметі организмдегі 95%-ға жуық улы заттарды тұтып, зиянсыздандырады. Сонымен қатар бауыр зат алмасуға қатынасады. Көмірсулар бауырда гликоген – жануар крахмалына айналып, қорға жинақталады.
Бауыр жасушаларында А витамині және қанның ұюына қатысатын протромбин және қан плазмасының басқа да нәруыздары түзіледі; гемоглобиннің синтезінен қажетті темір жинақталады; денедегі қанның біраз бөлігі айналымға түспей, бауырда қор түрінде сақталады.
Талдау. Суреттік тапсырма. 5мин
Оқулықтағы 159 –беттегі 106 –сурет бойынша асқорыту мүшелерінің құрылысын түсіндір.
Асқорыту мүшелері құрылысының сызбанұсқасы
Сергіту сәті. Жұмбақтар шешейік. 3 мин.
Ти десем тимейді
Тиме десем тиеді. (Ерін)
Әрі жүрер қараша ат,
Бері жүрер қараша ат.
Су бойында тұнық су,
Таңдап ішер қараша ат. (Көз)
Күмбір-күмбір жарғағым,
Қартайғанша жарадың. (Құлақ)
Жағалай – жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (Тіс,тіл)
Тілалмасқа сөз айтсаң,
Адам таппас жауап айтар.
Бір тауды мекен еткен отыз бөрі,
Он кісі отызының жұмыскері.
Сол таудың ортасында бағлан қозы,
Масайрап секіреді ары бері.
(Отыз бөрі – отыз тіс, он жұмысшы- он саусақ, қозы - тіл)
Жинақтау 8 мин
1 тапсырма логикалық сұрақтар: 1. Көне Үнді елінде адамның кінәлілігін анықтау үшін құрғақ күріш жегізген. Айыпталушы құрғақ күріш жей алмаса кінәлі деп танылған. Бұл сынақ неге негізделген?
Жауабы: Күрішпен сынау адам қорыққан кезде сілекей бөліну тоқтап, ауыздың құрғайтынына, ал құрғақ күрішті жеу мүмкін еместігіне негізделген. Әрине, бұл кезде жазықсыз адам да кінәлі деп танылуы мүмкін еді.
Неліктен тәтті сорпа дайындау үшін кесілген етті салқын суға, ал пісірілген ет дайындау үшін ірі кесектерді ыстық суға салу керек?
Жауабы: Суды баяу қыздырғанда еттің құрамындағы экстрактивті заттар сорпаға өтеді. Сондықтан сорпа етке қарағанда тәттілеу болады. Ал етті бірден ыстық суға салса, ет бетіндегі ақуыз жоғары температураның кесірінен ұйып, көптеген саңылауларды бітеп тастайды. Нәтижесінде экстрактивті заттар етте қалып, ет сорпаға қарағанда тәттілеу болады.
2 тапсырма Дәптерлеріңе кестені толтырыңдар. Асқорыту жүйесі.
Асқорыту жолы |
Ас қорыту бездері |
Ауыз қуысы |
Сілекей бездері |
Жұтқыншақ |
Ұйқы безі |
Өңеш |
Бауыр |
Асқазан |
|
Аш ішек |
|
Тоқ ішек |
|
3
тапсырма. Тест жұмысы
1.
Адамда ас қорыту жолының ұзындығы
А)
3 - 5 м
Ә) 8 - 10 м
Б) 15 - 18 м
2. Дәм сезу
рецепторлары қайда орналасқан?
А)
жұмсақ таңдайда
Ә) ұрттың сілекейлі
қабығында
Б) тілде
3. Ас қорыту және
тыныс жолдары қай жерде қиылысады?
А)
Ауыз қуысында
Ә) жұтқыншақта
Б)
өңеште
4. Асқорыту жолында асқазаннан
кейін не орналасады?
А) аш ішек
Ә)
тоқ ішек
Б) ұлтабар
5. Тоқ ішектің
бөлімдері
А) аш ішек, жиек ішек, тік
ішек
Ә) соқыр ішек, тік ішек, ұлтабар
Б)
соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек
6. Аш
ішек бөлімдері
А) ұлтабар, тік ішек,
аш ішек
Ә) ұлтабар, аш ішек, мықын
ішек
Б) соқыр ішек, жиек ішек, тік
ішек
Тест жауабы:
Ә 2. Б 3. Ә 4. А 5. Б 6. Ә
Сабақтың жоспары |
Үй тапсырмасы |
Жаңа сабақ |
Суреттер арқылы оқушылардың түсіндірілуі |
Суреттік тапсырма |
Жаңа сабақты бекіту |
Оқушының білімі |
Оқушы аты-жөні |
Білу |
Түсіну |
Қолдану |
Талдау |
Жинақтау |
Бағалау |
|
|
|
|
|
|
|
7.
Үйге тапсырма . Ас
қорыту мүшелерінің құрылысы, ас
туралы 5 мақал - мәтел жазу. 1мин
8. Рефлексия 1мин

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген