жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Астана"
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
А.Иманов атындағы жалпы орта мектебі

Тақырыбы:

Бастауыш сынып мұғалімі: Бекбаева Р
Сабақтың тақырыбы: «АСТАНА»
Сабақтын мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды еліміздің астанасы — Астана қаласымен және тарихымен таныстыру. Еліміздін бұрынғы астаналары Алматы, Орынбор, Қызылорда туралы түсінік бере отырып, білімдерін арттыру.
Дамытушылығы: оқушылардын сездік қорын, тілін және ойлау, көру, сезіну, есте сактау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: елжандылыққа, шапшандыққа, түсінгенінен нәтиже шығара білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, Венн диаграммасы.
Көрнекілігі: компьютер,слайд.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезені.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын сұрау.
— Балалар, бүгін үй тапсырмасын саяхат жасау арқылы сұраймыз. Ол үшін біз өзіміздің Елтай ауылымыздан бастап, бас қаламыз Астанаға саяхат жасау арқылы баруымыз керек.
- Әр қаланың сұрақтарына жауап береміз.«Кімнің мекені жақсы» мәтінінің авторы кім?
Кімнің жақсы мекені, жайлы қонысы бар екенін білу үшін нелер жолға шықты?
Көкқұтанның мекені қандай жер?
Ол жер саяхатшыларға ұнады ма?
Шіркін, жауынды жерге не жетсін!
Жердің ылғал тартып тұрғаны қандай рақат!-деп,мәз болып жатқан не?
Сонымен дүниедегі ең жақсы мекен, жайлы қоныс қай жер екен?
Мәтін кейіпкерлерін ата.
Сергіту сәті.
Жаңа сабақ.Ой қозғау.
— Біздін елордамыз қалай аталады? (Астана)
1- Балалар, бүгінгі біздің такырыбымыздың аты — Астана.
«Астана» өлеңінің авторы — Күләш Ахметова.
Ол 1946 жылдың 4 сәуірінде, Қырғызстан қаласы, Талас ауданы, Киров ауылында дүниеге келген. Күләш Ахметова — қазақтың көрнекті ақыны.
(слайдтан суретін, қысқаша өмірбаянын көрсету.)
а) Өленді мұғалімнің дауыстап оқуы.
ә) Оқушылардын іштей оқуы.
б) Оқушылардың дауыстап әрі тізбектей оқуы
в) Сұрақ-жауап.
— Елордамыз Астанамен таныспас бұрын, Қазақстанымыздың бұрынғы астаналарымен танысып өтейік. (слайдтар астаналар туралы суреттер, мағлұматтар көрсету)
Қазақстанның бұрынғы астаналары
Қазақстанның тұңғыш астанасы — Орынбор (1920-1925жж.)
• 1925 жылы наурыз айында Қазақстаннын астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті.
• 1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді.
Басын қар басқан Алатаудың етегінде орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы Қазақстан Республикасының орталығы болуға лайық еді. Алайда,1997 жылдың 20-шы қазанында Елбасымыз Нұрсұтан Әбішұлы Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы» деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылдың 6-шы мамырында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласы болып аталды. Ал, 20-шы мамырда Қазақстан Республикасы астанасынын мәртебесі туралы Қазақстан Республикасынын Заңы қабылданды.
Еліміздің бас қаласы Астана туралы мәліметтер.
1997 жылы саяси, экономикалық,халықаралық жағдайларға байланысты республиканың бас қаласы - қазақ жерінің кіндік ортасы - Ақмолаға көшірілді. Астана - мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы және елдікті,ұлттық бірлікті білдіретін бас қаласы.

— Астана Есілдін жағасында орналасқан. — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
— Нұр-Астана мешіті.

— Тәуелсіздік монументінің биіктігі 91 метр.
— «Бәйтерек» — Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. Еңсесі биік, көркем. «Бәйтерек» — бас қаламыздын символы. Егемен мемлекетіміздің бойтұмары. Ескерткіштің биіктігі — 97 метр.

Сабақты бекіту. Венн диаграммасы толтырылады.
Астана және Алматы
Медеу мұз айдыны апорт алмасы бар Алатаудың баурайында орналасқан. Қазақстанымыздың бұрынғы астанасы
Бәйтерек, Нұр-Астана мешіті бар Есіл өзенінің жағасында орналасқан, Қазақстанымыздың қазіргі астана
Әсем қала тарихы
Сабақты қорытындылау. "ҚАЗАҚСТАН" сөзжұмбақ шешу.
1.1925-29 жылдардағы Қазақстанның астанасы.
2.Алматы қай таудың баурайында орналасқан?
3. Астана қаласындағы биіктігі 91 метр болатын монумент.
4.Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында?
5.Астананың бұрынғы аты қалай аталады?
б.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
7.Биіктігі 97 метр болатын бас қаламыздың символы.
8.Мемлекетіміздің мәйегі, Дербестігіміздің дәйегі...
9.1920-25 жылдардағы Қазақстанның астанасы.
|
|
|
|
|
|
Қ |
Ы |
З |
Ы |
Л |
О |
Р |
Д |
А |
||||
|
|
|
|
А |
Л |
А |
Т |
А |
У |
|
|
|
|
|||||
|
Т |
Ә |
У |
І |
Л |
С |
І |
З |
Д |
І |
К |
|
|
|
|
|||
|
|
|
А |
Л |
М |
А |
Т |
Ы |
|
|
|
|||||||
|
|
|
|
|
А |
Қ |
М |
О |
Л |
А |
|
|||||||
|
|
|
|
Е |
С |
І |
Л |
|
|
|
||||||||
|
|
|
|
Б |
Ә |
Й |
Т |
Е |
Р |
Е |
К |
|
||||||
|
|
Е |
Л |
О |
Р |
Д |
А |
|
|
|
|
|
||||||
|
|
|
|
О |
Р |
Ы |
Н |
Б |
О |
Р |
|
|
|
|
||||
Үйге тапсырма: Өленді мәнерлеп оқу.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген