Ашық сабақ Астана – елдің мерейі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Астана – елдің мерейі.

Материал туралы қысқаша түсінік
1. ҚР – ның астанасы – елорданыз Астана қаласының ертегі әлеміндегідей ғажап қала екендігін, балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана – елдің мерейі.


Ажар Елубаевна Беримова,

мамандандырылған «Жанұя» кешені.

Дефектолог тәрбиеші.

Алматы қаласы


Мақсаттары:

  1. ҚР – ның астанасы – елорданыз Астана қаласының ертегі әлеміндегідей ғажап қала екендігін, балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.

  2. Астана туралы деректермен білімін дамыту, балалардың ой – өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

  3. Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, топтық, сезімнен туған өлеңдер, эссе жазу.

Түрі: сын тұрғысынан ойлау.


Ұйымдастыру кезеңі.

Еліміздің мемлекеттік Гимні орындалады.

Тәрбиеші:

  • Балалар, бүгін сабақта елордамыз Астана қаласына сырттай саяхат жасаймыз. Интерактивті тақтадан Астана көріністері тақырыбындағы бейне көріністі тамашалайық.

Астана қаласы кең байтақ Отанымыздың жүрегінде халқымыздың қасиет тұтып қастерлеген әйгілі Сарыарқаның төрінде, Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.

Астана қаласының рәмізінің жобасын Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған. Рәміздің іші мен сырты сақинадан құралған шеңбер түрінде. Бір – бірімен өзара үйлесім тапқан қос шеңбер – өміршең даму мен мәңгіліктің белгісі. Негізгі элемент – Бәйтерек тамырын кең жайған тіршілік бейнесі. Шаңырақ – әлем кеңістігінің бір нүктеге тоғысуы. Бәйтеректе «құсқанаты» оюы бейнеленген, ол Самұрық құсына ұқсастықты білдіреді. Бәйтеректің шаңырақпен астасқан бейнесі – Қазақстанның арғы – бергі тарихының куәсі. Ал сыртқы сақина Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астананың асқақтығын паш етеді. «Астана» деген жазуы бар тұста симметриялық сызықтар – шаңырыққа шашылған уықты білдіреді.

1-оқушы: Қаланың қалыптасу кезеңдері. Қаланың негізі 1830 жылы қаланған. 1961 жылға дейін Ақмола қаласы. 1961-1992 жылға дейін Целиноград қаласы. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды. (Ақмола)

Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы тәуелсіз Қазақ мемлекетінің астанасына айналды. Елбасының 1998 жылғы 6-мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгерді.

2-оқушы: Бүгінде Астана – тәуелсіз әрі егемен мемлекеттің бүгінгі және болашақтағы саяси, экономикалық һәм мәдени орталығы ретінде қанат жайып барады.

Ерке Есіл жағасында бой көтерген ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп дінді халқы бар әсем де, мейірлі астанамыз, міне, осындай қала.

3-оқушы: Ал «Думан» ойын – сауық орталығы әлемде теңдесі жоқ, ішінде акула, сегізаяқ, жайын, скат, қылыш балық, бекіре сияқты неше түрлі балақтар жүзіп жүрген мұхиттық аквариум. Кешенде «Джунгли» аттракционы, интерактивті ойындар зонасы, аквапарк бар. Қалада Ұлттық академиялық кітапхана, оқу орындары, Елбасы отыратын Ақ Орда, Тәуелсіздік сарайы бар. Сүйікті Елордамыз Астана қаласы болашақтың қаласы көз алдымызда өсіп келеді.

4-оқушы: Астана – үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала.

Бізде Астана – бар қазақтың алтын бесігі, әлемнің қызыға көз тіккен бекзат қаласы болса деген арман бар.

Бізде Астана дегенде бар қазақ елеңдеп, қазақ дегенде Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы бір тілек бар.

Ән: «Астана»















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2021
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі