Ашық сабақ Асық терапия МАД тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Асық терапия МАД тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру және денсаулығын нығайту.Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойының жаңғырту.Асық ойнату арқылы балаларды мергендікке, ептілікке баулу, ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге дәріптеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 20.10.2022ж

Тобы: МАД «Күн -шуақ»

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Асық терапиясы

Мақсаты:Балалардың ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру және денсаулығын нығайту.Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойының жаңғырту.Асық ойнату арқылы балаларды мергендікке, ептілікке баулу, ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге дәріптеу.

Әдіс – тәсілі: Көрсету, түсіндіру, ойын

Көрнекілігі: Асық, нүктелі массаж, қамшы.



  1. Кіріспе бөлім

Әсем марш әуенімен кіру.

-Сәлеметсіздер ме балалар!

Әдемі әуенмен жаттығуымызды бастаймыз.

-Екі қол белде тізені жоғары көтеріп жүру.

-Аяқтын ұшымен қолды жайып жүру.

-Қол желкеде өкшемен жүру.

-Жартылай отырып жүреміз қол тіземізде

-Қолымыз тіземізде үйрекше жүреміз

Жүгіру түрлері:

Жәй жылдамдықпен жүгіру.

Ирелендеп жүгіру.

Екі қолды жоғары көтеріп жүгіру.

Ішке қарап жүгіру.

  1. Негізгі бөлім.

Жалпы дамытушы жаттығулар ( қамшымен )

3 топқа бөліну.

Әуен ырғағымен жасалады.

  1. Б.қ. Аяқ сәл ашық қолымыз алдыға созып басымызды оңға солға бұрамыз 7-8 рет қайталау.

  2. Б.қ. Аяқ сәл ашық оңға солға иілеміз. 7-8 рет қайталау.

  3. Б. қ. Аяқ иық көлеміңде ашық қолымызды алдыға созамыз 7-8рет қайталау.

  4. Б.қ. Аяқ сәл ашық қамшыны тіземізге тигіземіз 7-8 рет қайталау.

5 . Б.қ. Аяқ сәл ашық тізені бүкпей қамшыны аяғымыздың ұшына тигізу 7-8 рет қайталау.

6. Б. қ. Аяқ сәл ашық қамшыны желкемізге ұстп отырып тұру 7-8рет қайталау.

7. Б.қ. Аяқ сәл ашық бір орында тұрып шабу. 7-8 рет қайталау.

Экранға назар аудару

  1. Ойын: Қос аяқпен жүру

Шарты: Тепе-теңдік сақтап жүріп өтіп, шеңберді айналдыру арқылы реттілікпен асық жинау.

  1. Ұлттық ойыны « Ханталапай »

Шарты: Ойынға барлық бала қатысады . Қоржындағы асықты балалар алдына шашып тастаймын «талапай- ау , талапай , табылды ойын алақай» балалар жарыса асықтарды «ханталапай» деп таласып жинап алады. Үш асықтан көп жинаған бала жеңімпаз болады. асықтар ішінде ерекше асық «Хан» асық деп аталады. Хан асығын және үш асықтан көп жинаған бала жеңімпаз болады. Балалар жинаған асықтарын бір сызық бойымен тізіп шығады.

  1. Ұлттық ойын: Дәлдікті көздеу

Шарты: Жүгіріп келіп тізіліп тұрған асықты хан асығы арқылы көздеу. Көзбен дәлдеуді үйрету.

  1. Ұлттық ойын: Асық жинамақ

Шарты: Әр бала жеке жеке атқа мінеді. Шеңбер болып тұрады әуен ойнағанда шабады, әуен тоқтағанда шеңбер ішінде жатқан асықты қай бала жылдам көтеріп алады сол бала жеңіске жетеді.

Тыныс алу жаттығуы

  1. Қорытынды

Өтілген ойындарды қорытындылау.

Балаларды мадақтау,

Қоштасу, саппен топқа жіберу.





Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Музыка ырғағына сәйкес түрлі қимылдарды қайталай алады.

Түсінеді: Негізгі жаттығуларды орындай білді шарттарын түсінеді.

Қолданады: Дәлдеп көздеуді.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2022
1487
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі