Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Атам төрде отырады" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
 Мемлекеттік тілге деген құрмет;  Үлкенге құрмет, кішіге ізет жасау;  Қазақтың салт-дәстүрін қадірлеу. Аталған құндылықтар, сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында кіріктіріледі, жүзеге асады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ: қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:№Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектеп

Күні:л.

Мұғалімнің аты-жөні: Махаметова Лола

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

5-тақырып. Сабақтың тақырыбы: «Атам төрде отырады»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.3.1. Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну. 5.Т3.

5.2.2.1.Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану. 5.А2

5.5.1.1.Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білуТБ1.1

Сабақ мақсаттары







Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіндегі жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді, біледі..Қазақша амандасу мәнерін пайдаланады. Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Мәтінді оқиды,өз пікірлерін білдіреді.Мұғалімнің жетелеуші сұрақтарына жауап береді. Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалануда жалпы және жалқы есімдерді ажыратады.

Кейбір оқушылар орындай алады:Тақырып аясында өзіндік көзқарасын білдіріп, ойын жинақтап айтады,жалпы және жалқы есімдерді ажырата отырып тапсырма орындайды.


Бағалау критерийлері:


1. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді.

2. Жалпы және жалқы есімдердің анықтамасын біледі, ажыратады.

3. Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын біледі.

Тілдік мақсат


Тілдік дағдылар: Айтылым, оқылым, жазылым.

Терминология: Төр, босаға, тарту,қарт, ақсақал,ортақ,зат есім, жалпы, жалқы есімдер.

Сөз тіркестері:Амандасу,сәлемдесу,...Кішіпейілділік, ізеттілік..., алыс – жақын, үлкен – кіші, Сәлем.Сәлеметсіз бе? Ассалаумағалейкум, Уағаләйкүмассалам

Құндылықтар:

  • Мемлекеттік тілге деген құрмет;

  • Үлкенге құрмет, кішіге ізет жасау;

  • Қазақтың салт-дәстүрін қадірлеу.

Аталған құндылықтар, сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында кіріктіріледі, жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, тарих, жаратылыстану, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері.

АКТ

Интербелсенді тақта, ұялы телефон,ноутбук

Алдыңғы оқу: Қазақ отбасының, өз ұлтының,отбасының дәстүрлерін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(12 мин.)

Ұйымдастыру сәті.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

2. Жұппен жұмыс. «Өзге ұлттар қалай амандасады?» деген жаттығу арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру.


3.Қима суреттерді қиыстыру (мозайка) арқылы 3 топқа бөлу.

4.Үй тапсырмасын жаңа сабақпен ұштастыра отырып, «Дара диаграмма» әдісін жүргіземін.


ӘКЕ ӘЖЕ АТА

Shape4 Shape2 Shape3 Shape1

ЖАНҰЯ



Shape7 Shape6 Shape5 ІНІ АҒА

Shape8

ҚАРЫНДАС ӘПКЕ



Интербел

сенді тақта.

Сабақтың ортасы (20мин.)














1-тапсырма.«Микрофон» әдісімен, суретке қарап, жауап бер!

  1. Үйлеріңе қонақ келгенде қалай қарсы аласыңдар?

  2. Дастарханға қандай тағамдар қоясыңдар?

  3. Қонақтар қайда отырады?

  4. Үй иелері қайда отырады?

  5. Сен қайда отырасың?

Дескриптор:

-алдынғы оқуды еске түсіреді

-мәтіндегі жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді.

- сұрақтарға жауап береді.
Кері байланыс беру.

ҚБ
3-тапсырма. «Джигсо» әдісі. Мәтінді оқы.
Төр- сыйлы орын
Төр- қонақ бөлменің жоғарғы жағы.Ол- жасы үлкен адамдар , қонақтар отыратын орын.Қазақ үйге келген қонақты «Төрлетіңіз!» , «Төрге шығыңыз!» деп қарсы алады.Көрпе төсеп, жастық қойып, төрге отырғызады, құрмет көрсетеді.
Қазақ халқында дастарханға үлкендерден бұрын отыру ұят саналады.Себебі алдымен ақ сақалды ата мен ақ шашты әжені сыйлап, төрден орын береді.Үлкен кісілер- көпті көрген сыйлы кісілер.Қазақта «төріңнен қарт кетпесін» деген сөз бар.Себебі қарт тілегін айтып батасын береді.Төрде қарттар, одан төмен жастар отырады.
Тамаққа да үлкендерден бұрын қол созуға болмайды.Ол-әдепсіздіктің белгісі.Дастарқанда үлкендермен жарысып сөйлеу де ұят саналады.Қазақ дастарқаны дос, бауыр, туыс қана емес, кез-келген адамға ашық.Қазақтар бір-бірінің үйіне барып жиі араласқанды ұнатады.

Дескриптор:

- мәтінді түсініп оқиды, түсінгенін айтады.

- күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді - қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс дыбыстайды және түсінгенін айтады.

4-тапсырма. «Серпілген сауал» әдісі. Сөздікпен жұмыс.

  1. Төр қандай орын?

  2. Қонаққа қандай құрмет көрсеткен?

  3. Төрге кімді отырғызған?

  4. Дастарханға кім бата береді?

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұнын түсінеді

  • Сұраққа жауапты мәтіннен табады

  • Ойын жүйелей жеткізеді.

Кері байланыс.

ҚБ Қошемет

Тілдік бағдар. Жалпы және жалқы есімдердің анықтамасын оқы, түсін, талқыла!

5-тапсырма. «Карусель» әдісі.

Әр топқа 3 түрлі стикерде тапсырма таратылады.

1-стикерге –жалпы есім ;

2-стикерге – жалқы есім;

3-стикерге – зат есімдерге мысал сөздер жазады.

Дескриптор:

- жалпы және жалқы есімдердің анықтамасын біледі, ажыратады.

- ойын жүйелейді.

- зат есімнің анықтамасын біледі, жүйелі қолданады.

Кері байланыс.

ҚБ «Басбармақ»әдісі


микрофон


















Сөздік кітап















АКТ, Плакат







Сабақтың соңы

(8 мин.)








Кері байланыс: Picture 5

ҚБ

Мараппаттау сөздермен.
Үйге тапсырма: «Атам төрде отырады»тақырыбында шағын мәтін жазу.

Қоржындар




Қосымша ақпарат


Саралау-оқушыға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

Оқушыларға тапсырмаларды деңгей бойынша беремін.
«С» деңгейлі оқушылар
тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды түсінеді,сөз тіркесін құрастырады.

«В» деңгейлі оқушылар - тапсырма бойынша жалпы және жалқы есімдерді ажыратады, сұрақтарға ұтымды жауаптар береді.

«А» деңгейлі оқушылар тірек сөздерді үш тілде қолданады,

ерекше идея ұсынады.

Сабақ кезінде оқушылардың білім деңгейін бақылау үшін ҚБ тәсілін қолданамын.

Оқудың күтілетін нәтижелері оқушыларға түсінікті әрі анық болады, сол арқылы оқушылардың қаншалықты оқу мақсаты негізінде құрылған бағалау критерилеріне жеткендігі анықталады. Келесі ҚМЖ жазуда қай мәселеге аса назар аударту керектігі мұғалімге айқын көрінеді




Сөйлеу барысында оқушылардың намысына тимейтін сөздерді қолдану арқылы өмір қауіпсіздігін сақтауға болады.


Интерактивті тақта арқылы бейне көрсетілім көреді, слайдтар арқылы оқылым материалымен танысады.


Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаттары мен міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау іске асты ма?

Уақытымды қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Оқу мақсаттары орындалды.


Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды жалпы және жалқы есімдерді оқушылар тапсырмалар орындау кезінде ажыратты.Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін білді.

Сабақ жоғары деңгейде өтті.

Сараланған тапсырмалар оқушылардың деңгейіне сәйкес келді.А,В,С деңгейлі оқушылармен тапсырмалар жүргіздім.Уақытты тиімді пайдаландым.

Жоспарыма келесі жолы оқу мақсатына байланысты әдіс-тәсілдерді көбірек енгізуім керек екен,себебі тыңдалым дағдысы аз орындалды.

Қорытынды бағамдау

  1. Ең жақсы өткен екі нәрсе ( стратегия)

1. «Джигсо» әдісі.

2. «Карусель» әдісі.

2.Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.Тілдік бағдарды меңгертуге уақытты көптеу беру керек екен.

2. «С» деңгейлі оқушылардың тапсырмасы жеңіл болды.

  1. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажетті болуы мүмкін қандай ақпараттар білдім?

1. Кері байланыс «Білім қоржыны» қызықты өтті.

2. Оқушыларды топтық тапсырмалар қызықтыратынын түсіндім.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
1038
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12