Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Атамекен- алтын бесік» 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Атамекеннің адамның өсіп дамуындағы,өміріндегі рөлі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: №16 Сәкен Сейфуллин ОМ Мерзiмі: _ж__ № 21 сабақ Тақырыбы: «Құдіретті Жер-Ана»
Құндылық: қиянат жасамау Қасиеттер : қоршаған ортаға қамқорлық жасау Мұғалiмі: _Абилдаева Б.__ Сыныбы: 7 «Ә» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялап, оны қорғауға тәрбиелей отырып, қиянат жасамау құндылығының мағынасын ашу.
Міндеттері: Қоршаған ортаға қамқорлық жасау түсініктерін кеңейту
Тіршілік иелеріне қиянат жасамау білімдерін дамыту

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)оқулық, дәптер, суреттер, музыка,СТО тех-ң элементтері,қима қағаздар, жылжымалы тақта, слайд т.б.

Сабақ барысы:

Сыныпты екі топқа бөлу «Жер» және «Ана» (1 мин)

Топ мүшелерін бір уақыт қадағалаушы және топ басшысын сайлап алады. Топ ережесін жасайды.

І.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(3 минут)

Видеролик «Табиғат - адамзатқа аманат»

Осы көрініс сізге қалай әсер етті ?

Сабақ барысын талдау:

Оқушылардың ішкі жандүниесін тыныштандыру мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру (3 минут)

Атамекеннің рәміздерін ойлап табу. 1 - тапсырма

Сурет салу

І. Қызығушылықты ояту

«Шаттық шеңберін» құру арқылы оқушылардың табиғатқа тілек айтуын ұйымдастыру (3 мин).

Әрқайсымыздың табиғатқа деген алғысымыз шексіз, сондықтан да шаттық шеңберінде Жер - Анаға деген ізгі тілегімізді білдірейік. (Мысалға: Күніміз ашық болсын! Суымыз тұнық болсын! Ауамыз таза болсын!)

- Ендеше балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Құдіретті жер-Ана» деп аталады.
Біз табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарау және табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы туралы әңгіме қозғаймыз.

Адамның тағдыры жермен тығыз байланысты. «Табиғат», «Жер –Ана», «Отан», «Туған жер», «Атамекен» деген құлаққа жылы естілетін, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір - біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер. Адамның өзі «Табиғат» пен «Жер- Ананың» перзенті. «Табиғат» пен «Жер- Ананы» сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы

Әңгiмелесу (сұхбат) (3 мин)
1.Жер сөзін естігенде көз алдыларыңа не елестейді?
2.Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді?
3.Жер мен Ананың қандай ұқсастығы бар? (Венн диаграммасы)



Оқушылар шеңбер құрып табиғатқа тілектерін білдіреді.




«Жер»

ұғымының маңызын аша түсу

ІІ. Мағынаны ашу

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

А) Жаңа ақпаратпен танысу

«Адам мен табиғат» тақырыбындағы қызық сюжетті тамашалаймыз. (2 мин)

Ә) «Адамзаттың жерұйығы» бейнеролик (3 мин)

Б)Мәтінмен жұмыс (7 мин) Қытай философы Конфуцийдің “Атамекен” туралы аңызын оқу.
Әңгіме желісі бойынша сұрақтарға жауап беру:
1.Ғұн патшасы неге ашуға булықты?
2.Патша уәзірлеріне қандай тоқтам айтты?
3.Екінші рет Ғұн патшасы уәзірлерінің қаҺарына міну себебі неде?
4.Бақас жұртының патшалығы үшінші мәрте елші жіберуінің себебі?
5.Шыдамы таусылған Ғұн патшасы неге ақырды,қандай ұран тастады?
6.«Жер -қолқа жүрегің»деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
7.Аңыз әңгімеден қандай ой түйуге болады?

В) Дәйексөз.(3мин)

«Адамның су мен жер туралы ойлағаны –өзі туралы ойлағаны»

Ш. Айтыматов

Сұрақтары:
- Неге адам су мен жерді өзіндей көріп тұр?
- «Су - тіршілік көзі» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Осы нақыл сөзден қандай қорытынды жасауға болады?
-Рахмет жауаптарыңызға!
Г) Шығармашылық жұмыс (5 мин)

1-топ: «Жер - Ана» эссе жазу
2-топ:
«Туған жер» өлең шығару

Поэзия минуты (2 мин)
Тақырыпқа байланысты Мұхтар Шахановтың
«Төрт ана» өлең шумақтарын бейнежазбадан тыңдау.
2 топқа ортақ тапсырма «Коллаж» (3 мин)

Тақтаға жердің пішіні ілінеді.
- Балалар, бұл - біздің жеріміз.Ал,сендер сол жердің көркейіп,сұлуланып,тіршілікке енуі үшін жұмыла жұмыс жасауларың керек.Алдарыңдағы қағаздарды қолданып жерде тіршілік ететін ,жерге көрік беретін тіршілік иелерінің суретін қиып шағын коллаж дайындайық.
- Иә, балалар, жер- біздің асыраушымыз.Біздің тағамымыз да,киетін киіміміз де,тіпті оқып білім алып отырған оқу құралдарымыздың жасалуына да осы Жер Ананың көмегі зор.Ал осы жердегі тіршілік етуші құстарға да , жан-жануарларға да, өсімдіктерге де қамқоршы тек қана адамдар екенін ұмытпауымыз керек.Олай болса Жер- Анамызды күтіп баптай білейік.

ІІІ. Ой толғаныс

Қорытындылау (1 мин)
Адам үшін тыныс алуға таза ауа,ішуге мөлдір су,тіпті, өмір сүру үшін бүкіл табиғат қажет.Табиғат әрқашан да адамның күші және солай бола бермек те,өйткені адам оның бір ғана сәті,шынашақтай бөлшегі.Табиғат - адамға қажет баға жетпес байлық.Сондықтан халқымыз «Табиғат-адамзаттың өмір нәрі,қажеттінің табылар содан бәрі» деген.Табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға,табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады.Қоршаған ортаны қолайлы болуына адамның дұрыс білім алып,еңбек етуіне,материалдық жағынан қамтамасыз етуіне ықпал етеді.Сондықтан әр бір адам Жер-Ананы аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс.Әрбір отырғызылған ағаш,тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екендігін ұмытпаған жөн.Жер-Ананы аялауға үлес қосуға тиіспіз

Кері байланыс: (1 мин)
«Көңіл күй аралы» әдісі арқылы кері байланыс жасау.
- Балалар, бүгінгі сабаққа белсенділікпен қатысқандарыңа рахмет!
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді смайлик арқылы көрсетейік.


Иртерактивті тақтадан көрсету




Аңыз әңгімені оқып талдау барысында адамға туған жерін, Атамекенін қорғап қалу үшін қандай қасиеттер керек екеніне назар аударады. Қосымша берілген сұрақтарды басшылыққа ала отырып туған жерге қамқор болудың не екенін өздері пайымдау жасайды



Дәйексөздің мағынасын ашу


Оқушылардың жауаптары тыңдалып өздері қорытынды жасайды. Жер-ана мен адамның өмірінің тығыз байланысы жерді қадірлеп қорғау әр адамның міндеті екенін түсінеді.















Сабақты қорытындылау















Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көңілді смайликтер арқылы көрсетеді.

Үй тапсырмасы ( 2 мин)

Дәптердегі 1 тапсырма. Мәтіндегі айтылған ойды суретпен бейнелеу.

Сурет салу

Соңғы тыныштық сәті «Қоңыр» тобының « Туған жер» әнін тыңдау (3 мин)


Жанын тыныштыққа, үйлесімге шақыру.




«Теғксерілді»

ДҒӘІЖО : А.Еспаева































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
490
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12