Күні: 13.11.2018ж.
Сыныбы: 6 сынып
Пән
мұғалімі: Мұқашева
М.
Сабақтың
тақырыбы: «Атамекен қонысым» ашық
сабақ
Өтілетін
орны: Ауыл
кітапханасы
Сабақтың
мақсаты:
Оқушыларды Атамекен, туған жерді қорғай
білу,
Отанын сүйе білу
туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері
:
адам өмірінде
атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;
тарихы туралы білімдерін
кеңейту;
-
Өз атамекеніне , туған
жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін
арттыру:
-
Қазақстанның рәміздерін
құрметтеу, Атамекенді ардақтау
сезімдерін
дамыту;
Күтілетін
нәтиже:
1.Тақырыптың мазмұнын
түсінеді.
2.Мәтін бойынша постер
жасайды.
3.Ақпаратты өз сөзімен жүйелі
жеткізе алады.
4.Топтық жұмыста бір-біріне
қолдау көрсетуге үйренеді.
Сабақтың
типі: жаңа білімді
меңгерту.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ.
Сабақтың
әдісі: «Жүректен- жүрекке» әдісі, БҮҮ
кестесі, Екі жұлдыз бір тілек, Автор орындығы, өзін-өзі
бағалау
Сабаққа қажетті құрал мен
көрнекіліктер:
1.Құралдар: компьютер, А1 форматты
қағаздар, маркер, мәтіндік тапсырма,
кітаптар
2.Көрнекіліктер:слайд,нақыл
сөздер;
Пәнаралық
байланыс:бейнелеу өнері,
тарих
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту.
Шаттық шеңбері
:
«Жүректен-жүрекке» әдісі.
Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, гүл ұсынып отырып,
бір-біріне тілектер тілейді. Оқушылар 1,2 ретімен саналу арқылы екі
топқа бөлінеді.
І-топ
«Атамекен»
ІІ-топ «Туған
жер»

«Ойлан, Жұптас,
Талқыла» әдісі бойынша талқылау.
Оқушылар жауабын
«Автор
орындығында» отырып
айтады.Атамекенді қадірлей
білу, мақтаныш ету, баланың өз болашағын
атамекенмен байланыстыруы бағытында әңгіме жүргізу
.
1. Атамекен
дегенде ойыңа бірінші не келеді
?
2. Адамның туған
жері әрқашанда атамекен бола ма
?
3. Адамда екі атамекен бола ма ?
Отан ше ?
4. Өз атамекенін сүйе білу
адам өміріне қалай әсер етеді
?
5. Сенің арман- қиялыңда атамекеніңе
қандай орын берілген ?
6. Ел баласы атану үшін адамға
андай қасиеттер қажет ?
7. Атамекенін анасындай сүю
үшін адам қандай болуы керек ?
8. Туған жеріңде туып –өскен
қандай азаматтарды мақтан етесің
?
9. Сенің қандай еңбегіңді елің
мақтан еткенін қалайсын?
Атамекен
ата –бабаның қоныс еткен мекені, Адам қай
жерде жүрсе де , қандай биіктерге көтерілсе де ,
ол үшін ең қадірлі , қасиетті өлке- ол Атамекен.
Адамның бір ғана атамекені болатындығына , ал
ғаламдану дәуіріне сәйкес басқа мемлекеттерде
тұрып, сол елдің азаматтығын алып, сол елді
өзінің екінші отаны санайтын жағдайлар
кездесетіндігін назар аударғаны жөн.
Атамекенді
сүйе білген адамның бойында отансүйгіштік,
жауапкершілік, сенімділік, батылдық қасиеттері дамиды.
Атамекеннің көркеюі , гүлденуі , жаңарып , жаңғыруы сол
жерде туып өскен азаматтарға, ұрпақтарға
байланысты.
Оқушыларға
БҮҮ кестесін таратып
беремін.
|
Білемін
|
Үйрендім
|
Үйренгім
келеді
|
|
Туған
жеріңде туып –өскен қандай азаматтарды
мақтан етесің ?
|
Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер
қымбат.
|
Стикерге жазып тақтаға
ілу.
|
І. Мәтінмен жұмыс .
Мағынаны тану
І-топ
Менің
ауылым
Менің
туған ауылым.... Мен үшін оның маңызы
қандай десеңізші ! Мен осы жерде туып-
өстім, алаңсыз бақытты балалық шағымды өткердім. Мен өз
атамекенімді бәз қалпында
сүйемін.
Біздің
ауылда пайдалы қазбалар жоқ, үлкен өнеркәсіп
орындары да жоқ, зәулім үйлер де жоқ, оның
есесіне көзтатарлық біздің Шежін өзені бар.
Ежін ғасырлар бойы өмір нәрі, тазалық көзі
болып келеді. Түрлі қиындықтар туған кезде ол
бізге дем беріп отырды. Жазда
егіндікті суарамыз, ыстықтап кеткенде біз
солай қарай жүгіреміз. Қыста суаттан балық
аулаймыз.
Біздің
өзен адамға әрдайым серік болудан
жалыққан емес. Біздің өзен жағалауында
еспубликамыздан тыс жерге де танымал
адамдар өскен. Адамдар -ауылымыздың асты байлығы.
Халықаралық көрмелерде өз еңбегімен
ауылымызды көркейтіп, байытып даңқын шығарған
адамдардың есімдері талай рет аталды. Қазір бұл
жерде сәулетті мектептер, ауруханалар,
демалыс орындары салынған, сол сияқты керемет
саябақ бой көтерді...
ІІ-топ
Атамекен
Жалпы қазақ халқы мекен
мәселесіне өте терең ілтипатпен қараған халық.
«Атамекен» сөзі қазақ халқының сол жерді ерте
кезден иемде-ніп келе жатқандығын білдірсе керек.
«Кіндік кесіп, кір жуған», «кіндік қаны тамған» деген
сөздер бар қазақта. Бәрі де өзінің тұрған
мекеніне жылы жүрекпен , терең ілтипатпен
қарағандықтан туған сөздер . Неміс халқында
да «фатерланд» деен сөз бар. Тікелей қазақшаға
аударғанда «атамекен» дегенді білдіреді. Орыстың «отечество» деген
сөзі де ата –бабасына қарай мегзейді. Арабтың «уәтан»
деген сөзі «отан» деген мағынада пайдаланылады, ал
осының қазақша аудармасы - «мекен» . Әрбір ұлттың
ұлт болып қалыптасқан жері сол ұлттың мекені саналадаы
да, мекен мен ұлт арасында тамыры тереңде жатқан
байланыс барлығы осыдан келіп
туындайды.
Дәйек сөз
«Туған жер- тұғырың, туған ел-
қыдырың»
Халық
даналығы.
Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер
қымбат.
Ат төбеліндей болса да , туып өскен
ел қымбат.
Халық даналығы.
Әдеби үйірме (рольдегі
оқушылар) әдісі.Топтағы оқушылар өздеріне роль
бөліп, талдайды.
Рольдегі
оқушылар
-
Реттеуші (топ мүшесін
реттейді).
-
Баяндаушы ( мәтіннің мазмұнын
баяндайды).
-
Сұрақ
қоюшы (сұрақ
қояды).
-
Бейнелеуші-суретші (оқиға желісімен
сурет салады).
Екі жұлдыз, бір тілек
. Өздері ұнатқан топтың жұмысына
екі пікір, бір тілек тілеп спикермен
іледі.
Сергіту сәті
. Оқушылар
көзімізді жұмамыз.
Күннің көзі жарқырап тұр.
Айналаның барлығы жап
жасыл.
Оқушылар Атамекен туралы
сендердің ойларынды білдік, тапсырмаларды орындадыңдар. Ал енді
біздің ашық сабағымыз өздерің көріп отырғандай ауыл кітапханасында
өткізіп отырмыз. Енді Атамекен, туған жерге байланысты кітаптармен
таныссақ. Ол үшін алдымен ауыл кітапханашысы Күнімай апкиге сөз
кезегін береміз.
Кітапханашы сөйлейді.
Оқушыларды кітапханадағы кітаптармен таныстырып, кітаптар туралы
мағлұмат береді.
«Броундық
қозғалыс» Оқушылар кітапхананы шарлап,
талқыланған мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі.
Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын
ескерту керек
Қандай кітаптардан ақпарат
жинағандарын, оқыған кітаптарымен ой
бөліседі.
Шапалақ әдісі арқылы
бағалау

Үйге
тапсырма: «Атамекен қонысым»
тақырыбында эссе жазып келу.
Y.Бағалау.Өзін-өзі
бағалау
|
№
|
Іс-әрекеті
|
Ия
|
Жоқ
|
Кейде
|
|
1
|
Сұрақтардың жауабын
білдім.
|
+
|
|
|
|
2
|
Топ ішінде
сөйледім.
|
|
+
|
+
|
|
3
|
Мазмұнды
меңгердім.
|
|
|
+
|
|
4
|
Толық жұмысқа
қатыстым.
|
+
|
|
|
|
5
|
Еш нәрсе істеген
жоқпын.
|
|
+
|
|
|
Жетістігім
|
Кемшілігім
|
|
Менің бүгінгі сабақта жеткен
жетістігім...
|
Менің бүгінгі
сабақта жіберген
кемшілігім...
|
Кері әсер
парағы.
1.Бүгін мен не
үйрендім?
2.Маған не
ұнады/ұнамады?
3.Жаңа сабақ бойынша
сұрақ немесе пікірің...
Тексердім:--------------------------------Жансеитов
С.