Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ "Ауа"

Материал туралы қысқаша түсінік
химиядан сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні: 



Сабақ тақырыбы 

Атмосфералық ауа — газдар қоспасы. Ауаны ластанудан қорғау 

Негізгі мақсаттар 

Ауа -қоспа. Ластану себептері, күресу шаралары туралы ой қозғап, сыни ойлау дағдысын қалыптастыру. 

Оқыту әдістері 

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық. 




Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары 


Уақыт 


Мұғалімнің іс әрекеті 


Бағалау 


Оқушының іс әрекеті 


Ұйымдастыру

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу


1 мин 


«Салем –сөздің анасы»

Оқушыларды жапырақ түстері арқылы арқылы топтарға бөлу. 




Оқушылар сәлемдесіп, бөлінген топтарына отырып, топ басшысын сайлау


Негізгі бөлім

Мағынаны ашу



1 мин 

4 мин 

2 мин 


Білу. 

«Көрінбейтін сиқыршы»

Қызығушылықты ояту.

Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. 


  • Бар ма жоқ па оны анық білмейсің. 


Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. 

Атмосфера-атмосфера- air, climate

Ауа-воздух- fresh air

Газ-газ-gas

Қоспа-смесь-mixture, mix

Оттек-кислород-oxygen 




Жасырын ақпаратты оқып, «Ауаның ластануы» туралы бейнеролик көрсету арқылы тақырыпты ашамыз



Жаңа сабақты ашу 



10 мин 

Өтілген тақырыптарға шолу:
1)Әр топтың басшысы оттегін лабораторияда алу жолдарының химиялық реакция теңдеулерін жазады.

2)Топ мүшелері оттегінің химиялық қасиеттеріне сай заттардың жану реакция теңдеулерін жазып, түзілген заттарды аттап, құрамындағы оттектің массалық үлесін есептеу. 

Р + О2  =                                   S  + О =                  N2  + О =

 Ca  + О =                       AI + О  =                  K   + О  =

3)Лездеме сұрақтар.

Оттегі табиғатта қалай таралған?
• Оттегінің физикалық қасиеттері
• Оттегін жинау әдістері.
• Оттегі қайда қолданылады?
• Жану реакциялары дегеніміз не?
• Оксидтер дегеніміз не?
• Озонның қасиеттері
• Аллотропия дегеніміз не?
• Озон қалай түзіледі?
• Озон қабатының маңызы қандай?

2) Тәжірибе жасау
Ауаның сапалық құрамын анықтау үшін мынадай тәжірибе жасайық. Кристалдандырғышқа су құйып алып, судың бетінде қалқып жүретін пенопластка жіңішке шырақ (парафиннен жасалған) орнатып, оны жағып суға саламыз да, шырақты сыртында 5 бөлікке бөлінген белгісі бар, цилиндрмен жабамыз. Біраздан кейін су цилиндр бойымен оның көлемінің 1/5 бөлігіне көтерілгенін байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды - ауаның көлемі бойынша 20%-ы оттегі, ол шырақтың жануына жұмсалды .
N= 78 %   О2 = 21%    инертті газ- 0,94%  CO2=0.03% Жердің ауа қабаты-атмосфера деп аталады.
ІІ. Түсіну 

«Ойлан. Жұптас. Талқыла»

Атақты орыс дәрігері Ф.Ф. Эрисман «Таза ауа - адамның бірден бір санитарлық және эстетикалық қажеттілігін құрайды» деді. Ежелгі грек философы Анаксимен (б.э.д. 560-450 ) алғаш рет ауаның денелер түзетін негізгі элемент екенін айтса, Аристотель (б.э.д. 384-322 ) ауаның екі қасиеттің: ылғал мен жылу көзі болып табылатынын 4 заттың бастауы екенін айтқан болатын. Ауаның құрамына алғаш тәжірибе жасаған француз ғалым А. Лавуазье .


І топ- Ауа — газдар қоспасы.

ІІ топ- «Ауа - өмір өзегі» Ауа тазалығын сақтауда және экологиялық проблемаларды шешуде қандай шаралар жүргізер едіңіз?»

Әрбір топ жайлы өз пікірін қорғап, айтады. Әрбір топ тақырып бойынша 3 сұрақ дайындайды.

Топтар қорғағаннан кейін «Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді толтыру ұсынылады.



1 балл 


Оқушылар «Ауа-газдар қоспасы» тақырыбына постер құрастырып, қорғайды 


Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар 


7 мин 

1 мин 


ІІІ. Қолдану 

«Ойлан, одан кейін жауап бер»

Сен түрлі орындарда түрлі иіс болатынын байқадың ба?

Асханада, шаштаразда, дәріханада иісі бар заттардың бөлшектері ауа бөлшектерімен араласады және біз әр түрлі иістерді сеземіз. Бірақ таза ауада иіс болмайды. Жылытқан кезде ауа кеңейеді,ал суытқанда қысылады.

Дәптерлеріңді көтеріңдер, ар жағындағыны көресіңдер ме?

- Жоқ.

Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?

- Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?

- Иә. 
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?

- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел. Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Бұларға көз жеткізу үшін тәжірибелер жасап көреміз.



СЕН БІЛЕСІҢ БЕ? 


  • Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0,03% көмірқышқылы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4,0% көмірқышқылы, 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. 


  • Адам бар жоғы 2 минут ғана дем алмай тұра алады. 


  • Мектеп сыныбында сабақ басталғанға дейін, шамамен, 1м
    3-де 2600 микроб, ал І ауысым сабағы аяқталғанда 13500 микроб болатыны есептелген. 


  • Нашар желдетілген бөлмедегі ауа құрамында 0,1% дан артық көмірқышқыл газы СО
    2 болады. Бұл адам үшін зиянды. 


  • Қалалардағы зауыт, фабрикалардан бөлінетін улы газдардың әсерінен, зиянды жағдайлардан өсімдіктердің зат алмасу процесі баяулайды. Мысалы: жөке ағашы орманда 400 жыл өмір сүрсе, қалада не бары 50-80 жыл ғана өмір сүреді. 


1 балл 


Оқушылар түрлі тәжірибелер жасайды. 


Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар 


4 мин 


ІІІ. Талдау. Тест жұмысы. 

І топқа:

1. Дем алу үшін ауаға қандай газ қажет?

а) азот б) оттегі в) көмірқышқыл газы

2. Ауаның қандай қасиеттері бар?

а) мөлдір, түссіз, иіссіз, қыздырғанда, ұлғаяды, салқындатқанда қысылады, жылуды жай өткізеді.

б) Аспан тәрізді көгілдір, дыбыстарды өткізеді, күн сәулелерін өткізеді, иісі жоқ.

3. Ауаның құрамына қандай заттар кіреді?

а) сутек, мыс, мырыш

б) оттегі, азот, көмірқышқыл газы.

в) хлор, фтор, йод.

4. Өсімдіктердің қоректік қасиетінен де пайдалы жағын тауып белгіле:

а) Сәнді в) Оттегіне байытады. с) Иісі жұпар



ІІ топқа:

1. Ауа нелердің қоспасы?

а) Қатты заттардың в) Газдардың с).Сұйық заттардың

2. Ауаның жануға және тыныс алуға қатысатын бөлігі қалай

аталады?

а) Оттегі в) Асыл газдар. с) Азот

3. Ауаның негізгі бөлігі не?

а) Азот. в) Асыл газдар. с) Оттегі

4.Ауаның физикалық қасиеттерін тап:

а) Ериді,өткізеді. в) Қатты с) Иіссіз, жануды қолдайды



4 балл 


Оқушылармен 2 топқа тест сұрақтары беріледі.

Оқушылар формативті бағаланады жетондар арқылы бағаланады.



Сабақты қорытындылау 


6 мин 


V. Жинақтау      Еліміздің әрбәр азаматы ауаны қорғауға міндетті екенін есте ұстауы керек.Сондықтан да ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөлетін жасыл желектердің тұрақты отырғызылуын, сақталуын қадағалау керек.Қоқысты, көліктің ескі дөңгелектерін, полиэтиленнен жасалған қапшықтарды бей-берекет өртеуге болмайды. Отқа жағылғанда олар улы газ бөліп шығарады.Сондықтавн да, балалар, сау-саламаттықпен бақытты өмір сүру үшін адамға ең алдымен таза ауа керек.

  ҮІ.Бағалау.



«Блум кубы» 


  • Атап өт: Ауадағы кездейсоқ заттарды атап өт 


  • Түсіндір: Оттектің табиғаттағы айналымы жүзеге асуын түсіндір. 


  • Бөліс: Атмосферадағы тазалығын сақтау үшін біздің елімізде іске асырылып жатқан шараларды сыныптастарға мысалдар келтіре отырып бөліс. 


  • Неге: Ауадағы кездесетін кездейсоқ газдар болуы мүмкін. Олар неге қауіпті? 


  • Ойластыр: Өсімдіктер 1 жылда қанша оттек бөлетінін ойластыр. 


  • Ұсын: Ауаны зиянды газдармен ластамаудың шараларын ұсын. 




2 балл 


Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырамыз. 




2 мин 






Не түсінгендерін талқылап жазады 


Бағалау: Критерий бойынша бағалау.

Жиындық бағалау



1 мин 

Сабақ бойы жүргізілген формативті бағаларды жинақтап,әр оқушыға тиісті бағалары қойылады.

Нені білдім

Не білгім келеді

Не түсінгендерін талқылап жазады





Топ басшысы жиынтық бағаны айтады. 


Үйге тапсырма: 


1 мин 


& 26 оқу. «Ауа - тіршілік көзі» презентация дайындау 
































Оқушының технологиялық картасы

Аты-жөні ______________________________________________________________

Тапсырмалар

Өтілген тақырыптарға шолу:
1)Әр топтың басшысы оттегін лабораторияда алу жолдарының химиялық реакция теңдеулерін жазады.

2)Топ мүшелері оттегінің химиялық қасиеттеріне сай заттардың жану реакция теңдеулерін жазып, түзілген заттарды аттап, құрамындағы оттектің массалық үлесін есептеу. 

Р + О2  =                                   S  + О =                  N2  + О =

 Ca  + О =                       AI + О  =                  K   + О  =

3)Лездеме сұрақтар.

Оттегі табиғатта қалай таралған?
• Оттегінің физикалық қасиеттері
• Оттегін жинау әдістері.
• Оттегі қайда қолданылады?
• Жану реакциялары дегеніміз не?
• Оксидтер дегеніміз не?
• Озонның қасиеттері
• Аллотропия дегеніміз не?
• Озон қалай түзіледі?
• Озон қабатының маңызы қандай?

Постер

І топ- Ауа — газдар қоспасы.

ІІ топ- «Ауа - өмір өзегі» Ауа тазалығын сақтауда және экологиялық проблемаларды шешуде қандай шаралар жүргізер едіңіз?»

Әрбір топ жайлы өз пікірін қорғап, айтады. Әрбір топ тақырып бойынша 3 сұрақ дайындайды.

Топтар қорғағаннан кейін «Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді толтыру ұсынылады.

ІІІ. Талдау. Тест жұмысы. 

І топқа:

1. Дем алу үшін ауаға қандай газ қажет?

а) азот б) оттегі в) көмірқышқыл газы

2. Ауаның қандай қасиеттері бар?

а) мөлдір, түссіз, иіссіз, қыздырғанда, ұлғаяды, салқындатқанда қысылады, жылуды жай өткізеді.

б) Аспан тәрізді көгілдір, дыбыстарды өткізеді, күн сәулелерін өткізеді, иісі жоқ.

3. Ауаның құрамына қандай заттар кіреді?

а) сутек, мыс, мырыш

б) оттегі, азот, көмірқышқыл газы.

в) хлор, фтор, йод.

4. Өсімдіктердің қоректік қасиетінен де пайдалы жағын тауып белгіле:

а) Сәнді в) Оттегіне байытады. с) Иісі жұпар










ІІ топқа:

1. Ауа нелердің қоспасы?

а) Қатты заттардың в) Газдардың с).Сұйық заттардың

2. Ауаның жануға және тыныс алуға қатысатын бөлігі қалай

аталады?

а) Оттегі в) Асыл газдар. с) Азот

3. Ауаның негізгі бөлігі не?

а) Азот. в) Асыл газдар. с) Оттегі

4.Ауаның физикалық қасиеттерін тап:

а) Ериді,өткізеді. в) Қатты с) Иіссіз, жануды қолдайды



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2018
359
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12