Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ауа.Ауа құрамы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары 7 сынып оқушыларына арналған. Сабақ ағылшын тілінде басталады, Тақырып бойынша терминдер беріледі. Формативті бағалауды ағылшын тілінде беруге болады. Тақырып бойынша сөйлемдерді толықтыру тапсырмасы, зертханалық жұмыс орындалады. Тақырыпты бекіту мақсатында тест беріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

САБАҚ: 7.2А: Жану реакциялары

Мектеп:


КҮНІ:

Мұғалім:


СЫНЫП: 7

Қатыспағандар


Қатысқандар




Сабақ тақырыбы

Ауа. Ауа құрамы


Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты

7.3.1.1 ауаның құрамын білу;

7.3.1.2 атмосфера ауасын ластанудан қорғаудың мәнін түсіндіру


Сабақ мақсаты

Ауа газдар қоспасы екенін біледі.

Жану процесіне оттек газы қатысатының түсінеді

Жану кезінде атмосфера ауасының ластанатының түсінеді


Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- aуаның сапалық және сандық құрамын сәйкестендіре алады;

- ауаның газдар қоспасы екенін түсінеді;

- жану кезінде ауаның барлығы емес, кейбір бөлігі ғана пайдаланылатынын түсінеді;

- жану өнімдерін анықтай алады;

- жану процесіне оттек газы қатысатының түсінеді;

-жұмысқа ғылыми қорытынды жаза алады;

- 7-8 сұраққа дұрыс жауап береді.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты арнайы лексиканың көмегімен май шамның ауада жану сынақ нәтижелерін ауызша сипаттайды


Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ауа, ауа құрамы, азот, оттек, көмірқышқыл газы, инертті газдар, көмірсутек, су буы, жалын, күйе, жану, жану өнімдері.


Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Ауа құрамы .... газдардан тұрады.

  • ..... жанған кезде ..... өнімдер түзіледі.

  • ..... бірден өшпейді, ...... тікелей өшер алдында сары түске еніп ......түзіледі, бұл жағдайда стаканның ішкі бөлігі .......... бөленеді.


Пәнаралық байланыс

География.

7.3.2.1. Атмосфераның құрамын сипаттау

(үй тапсырмасында география пәнімен байланыс)


Құндылықтарды дарыту


Бір-біріне құрмет

Жауапкершілік

Өмір бойы оқу


Бастапқы білім


Жер атмосферасы (Жаратылыстану 5-сынып 5.2 Ғылымға кіріспе 1-4 сыныптар



Жоспар


Жоспарланған мерзімдер

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы
















Сабақтың ортасы












































































Сабақтың

соңы


1.Good afternoon my dear students! How are you? I am good. What is the date today? Who is absent today?

2.For starters you will be divided into 3 groups of number on the stickers (топқа бірігу)

3.Before we start lets repeat our previous material. Lets play game «Snowball» (өткен тақырыпты қайталау)

- Атомдар деген не? Мысал келтір

- Молекулалар деген не? Мысалдар келтір

- Жай зат деген не? Мысал келтір

- Күрделі зат деген не? Мысал келтір. Жай заттар қандай айырмашылығы бар?

- Элементтер қандай топтарға бөлінеді?

- Атомның құрамын атап өт

- Атомның құрылысы жайлы не білесің?

- Изотоптарға анықтама бер?

- Протон, нейтрон санын қалай есептейміз?

- Электрон санын қайдан білеміз?

4. Look at the board, watch presentation and tell me what is the topic of the lesson today

Air. Air composition

After this lesson you will know what is air, air composition, understand the meaning of air protection (сабақ тақырыбы мен мақсаты айтылады)

5. – Next stage - Key terms – repeat after me

Air - ауа

Air composition – ауа құрамы

Nitrogen - азот

Oxygen - оттек

Carbon dioxide

Inert gases – инертті газдар

The fire - жалын

Combustion - жану

5.Watch video about air and his composition

«Ауа маңызы», «Ауа құрамы»

6. Work in pairs:

Сөздерді кестеден тауып, сөйлемдерді толықтыр

Жердің айналасын (1)______________________қоршап тұр. Ауаның құрамы мен оның қасиеттерін (2) ________________________ зерттеді. Ауаның құрамында (3)___ % азот, (4)___ % көмірқышқыл газы, (5) ___ % оттек болады. Біздің ғаламшарымызды қоршап тұрған ауа қабатын (6)_______________ деп атайды. Адам ауасыз (7)______________________ қана өмір сүре алады. Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын сіңіре отырып, (8)______________ газын бөледі.

1

2

3

4

5

6

7

8

Су

Д.Пристли

78%

0,03%

5%

Атмосфера

Бірнеше сағат

Оттек

Топырақ

К.Линней

83%

5%

15%

Тропосфера

Бірнеше минут

Улы газдар

Ауа қабаты

Ч.Дарвин

95%

7%

21%

Термосфера

Бірнеше секунд

Азот


Ауаны құрамын зерттеу зертханалық жұмысы орындалады

Оқушыларға жұмыс парағы таратылады. Жұмыс мақсаты, жұмыс барысымен танысады. Жұмыс барысы бойынша жұпта зертханалық жұмыс орындалады.

Оларға стаканмен май шамды жапқан кезде, май шам жалыны баяу өшетінін түсінулеріне мұмкіндік беріледі. Судың көтерілу деңгейіне назар аудару керектігі айтылады. Оқушылар судың деңгейі 1/5 бөлікке көтерілгендігін түсіндіреді.

Оқушылар мұқият бақылап, жаңа сөздерді қолдана отырып өз қорытындыларын жазады.

Оқушылар атмосфералық ауаның ластанудан қорғау жайында постер дайындап, сыныптың алдында баяндайды.

Постерге қойылатын талаптар:

  • Тақырыптың мазмұның аша білу (3 балл)

  • Ғылыми тілде жеткізе білу (3 балл)

  • Эстетикалық көркемділігі (3 балл)

  • Қолданылған ресурстар тізімі (3 балл)


Жоғардағы талаптар бойынша топтар бір-бірін бағалайды. Ең жоғарғы 12 балл


Cабақ бойынша қорытынды тест тапсырмасы беріледі.

1.Ауа ...

А) Түссіз,дәмі бар газдар қоспасы

В) Түсі мен дәмі жоқ, газдар қоспасы

С) Түсі мен дәмі бар газдар қоспасы

D) Көмірқышқыл газы

E) Мұнаймен бірге шығатын газ

2. Ауаны тазалаудың ең тиімді жолын көрсет

А) Қалдықтарды жағу

В) Ауаны желдету

С) Көшелерді тазалау

D) Зауыт-фабрикалар салу

E) Көгалдандыру

3. Жану процесінде қандай газ жұмсалады

А) Аргон В) Су буы

С) Оттек D) Азот

E) Көмірқышқыл газы

4. Тұжырымдамалардың қайсысы шындыққа жанасады

  1. Оттектің артық мөлшерінде жану процесі кезінде көмірқышқыл газының түзілуіне алып келеді

  2. Стақан астындағы балауыз шамы жанып, өшкенде судың деңгейі 1/5 бөлікке көтеріледі

  3. Жану процесі азот пен оттексіз жүзеге аспайды

А) 1 және 2 В) 2 және 3

С) тек 1 D) 1 және 3

E) 1,2 және 3

5. Егер атмосферада көмірқышқыл газы шоғырлануы артса, ол қандай зардапқа әкеледі

А) Ол Жердің орташа температурасының төмендеуіне әкеледі

В) Ол ауада оттек шоғырлануының артуына әкелуі мүмкін

С) Ол озон қабатының жұқаруына әкеледі

D) Ол атмосферада кремний қышқылының артуына әкелуі мүмкін

E) Ол Жердің орташа температурасының бірнеше Цельсий градусқа көтерілуіне әкеледі

Үй тапсырмасы беріледі: Ауаның ластану салдарын,онымен күресу жолдарын көрсетіп эссе жазу

Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»




Стикерлер























Презентация























https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/7-synyp/aua-auanyng-quramy


















Қосымша

майшам, шыны, стақандар, шыны бет, петри табақшасы, маркер, сіріңке

Балауыз шаммен тәжірибе үшін оқушыларға арналған жұмысшпарақтары:




Қосымша ақпарат



Дифференциация – кең қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Барынша қабілетті оқушылар үшін қандай жұмыс түрлерін жоспарлап отырсыз?

Бағалау- Оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлай-сың?

Айқаспа оқу сілтемелері

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

АТ-сілтемелер

Шамаларға сілтемелер



Барлық оқушылар: aуаның сапалық және сандық құрамын сәйкестендіре алады;

- ауаның газдар қоспасы екенін түсінеді;

- жану кезінде ауаның барлығы емес, кейбір бөлігі ғана пайдаланылатынын түсінеді;

Көптеген оқушылар:

- жану өнімдерін анықтай алады;

- жану процесіне оттек газы қатысатының түсінеді;

-жұмысқа ғылыми қорытынды жаза алады;

- 7-8 сұраққа дұрыс жауап береді.

Кейбір оқушылар: - жұмсалған газбен не болатынын болжай алады

Ынталандыру сөздері арқылы, зертханалық жұмысты жетістік критерийі арқылы бағаланады, бірі-бірін бағалайды

Сіріңкемен жұмыс жасағанда сақ болыңыз! Көзілдірік киіңіз!




Рефлексия

Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты дұрыс қойылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциациям жақсы жұмыс істеді ме? Берілген уақытты тиімді, дұрыс пайдалана алдым ба? Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге?

Сабақ бойынша ой жүгірту үшін бос бағананы пайдалану керек. Сол жақтағы бағанадан сабақ туралы анағұрлым маңызды сұрақтарға жауап беру керек.



Сабақ мақсаты дұрыс таңдалынды.

Бүгін оқушылар ауа құрамы газдардың қоспасы екенін, жану процесіне ауадағы оттегі қатысатының білді.

Сабаққа барлық оқушылар белсенді қатысты.

Біздің жоспарлаған дифференциациямыз жақсы жұмыс істеді.

Сабақ жоспар бойынша жүргізілді.



Қысқаша бағалау

Қандай екі зат барынша жақсы болды (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?

1:

Қандай екі зат сабақты жақсартты (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?

1:

Менің келесі сабағым өтетін сынып пен жеке тұлғаларға қатысты осы сабақта мен не игердім

















































БЕКІТЕМІН КЕЛІСЕМІН

Мектеп директоры Директордың ғылыми –әдістемелік

Қ.Е.Жангазакова ісі жөніндегі орынбасары

«___»_______2018 ж. А.М.Садуакасова

«___»_______2018 ж.















«Ауа. Ауа құрамы»

Ашық сабақ





7 «А» сынып

Химия пән мұғалімі

Н.Т.Тапенова

















Астана қаласы

2018-2019 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
646
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12