Материалдар / Ашық сабақ Азық түлік дүкенінде А1-02-18 тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Азық түлік дүкенінде А1-02-18 тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілін бастапқы тіл үйренушілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2019
1360
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тобы:А1-02-18, А1-03-18

Сабақ №22 Күні:2.09.2018 жыл

Сабақтың тақырыбы: Азық-түлік

Сабақтың мақсаты: азық-түлік дүкені, ұлттық тағам атауларына байланысты жаңа сөздер арқылы тыңдаушылардың тіл байлығын арттыру; тыңдаушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру, қазақ ұлтының тағамды берудегі ұлттық ерекше дәстүрлерін сақтауға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой-толғаныс, баяндау, ұжымдық ойлау, пікір тастау стратегиясы, сұхбаттасу.

Көрнекі құралабдықтар: компьютер, мәтін, сөздік, перфокарталар, мақал-мәтелдер, слайд.

Сабақтың жоспары: I Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын сұрау

III Жаңа сабақ

Оқылым

Жазылым

Тыңдалым

IV Жаттығу жұмыстары

V Сабақты бекіту

VI Үйге тапсырма

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

  1. Тыңдаушылармен сәлемдесу;

  2. Тыңдаушылар назарын сабаққа аудару;

II Үй тапсырмасын сұрау

Ой шақыру

Әр елдің ұлттық тағамдары туралы не білесіз?

- Дастарқанның сәні не? (нан, хлеб, брэд)

- Адамдардың сүйіп ішітін сусыны не? (шай, чай, ти).

- Шай дәмді болу үшін шайға не қосады? (сүт, молоко, милк)

- Шайымыз тәтті болу үшін не қосамыз? (қант, сахар, щуга).

- Осы тағамдарды біз қайдан сатып аламыз? (дүкеннен)

- Қандай дүкеннен? (азық-түлік).

- Дұрыс, азық-түлік дүкенінен сатып аламыз. Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы «Азық-түлік дүкенінде» деп аталады. (Слайдтан сабақтың тақырыбы көрсетіледі)

Жаңа сөздермен танысыңыз.

ұрпақтан-ұрпаққа

негізгі дәстүрлер қонақжайлық

ауыз тимей кетуге болмайды

ұлттық дастарқан

ет тағамдары

сүт тағамдары

ұн тағамдары

ұлттық салт-дәстүр

ысырап етпей

ірімшік

құдағилар табағы

бас табақ

орта табақ

аяқ табақ

келін табақ

қыздар табағы


от поколения к поколению

основные традиции

гостеприимство

нельзя не попробовать

национальный дастархан мясные блюда

молочные блюда

блюда из муки национальные традиции и обряды

не транжирить

творог

блюдо для свахи

главное блюдо

среднее блюдо

нижнее блюдо

блюдо для невесты

блюдо для девушек


Әр елдің ұлттық тағамдары туралы не білесіз?


III Жаңа сабақ.

Суреттегі азық – түлік атауларын қолданып «Азық-түлік дүкенінде»

тақырыбында әңгіме құрастырыңыз.

Оқылым. Мәтінді оқыңыз.

Ас – адамның арқауы

Ас – адамның арқауы. Адам ағзасы түрлі аспен қоректеніп, күш жинайды. Жалпы тағамдар ет, сүт, дәнді-дақылдардан жасалады. Олардың әрқайсысы адам ағзасы үшін пайдалы. Ет өнімдері дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам ағзасына пайдалы ақуыз заттарымен құнды. Қазақтың дәстүрлі дастарқанында күріш, бидай, жүгері, тары сияқты дән азықтарынан дайындалатын тағамдар да өте мол. Бұл тағамдар дәрумендерге бай, ағзаға сіңімді келеді. Майға қуырған қып-қызыл бидай, аппақ баданалы жүгері дастарқанның сәні емес пе?

Сүт тағамдары денсаулыққа аса пайдалы. Кезінде академик И.П.Павлов: «Сүт – табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағам» деп бағалаған болатын. Шындығында қоректік жағынан алғанда сүт – тағамдық құндылығымен ағза үшін аса маңызды өнім. Сүт – сүт қоректі жануарлардың сүт бездерінен бөлінетін секрециялық сұйық. Адам баласының саналы тіршілігінің барысында өз қажетіне қарай лайықтап алған бұл табиғи өнімнің қоректік жағынан алғанда тағамдық құндылығы өте жоғары.

Сүт және одан өндірілетін өнімдер – өте сіңімді және адам ағзасы үшін пайдалы тағам. Сүттен қаймақ, кілегей алынып, сары май шайқалады. Сиыр, қой, ешкі сүтінен айран ұйытылып, май шайқалса, бие сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат ашытылады.

Сүтті жас баладан еңкейген кәріге дейін ішеді. Өйткені ол дәрумендерге, қышқылдар мен майларға, ақуыз бен минералды заттарға, микроэлементтер мен ферменттерге өте бай. Бір сөзбен айтқанда, сүт – химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Себебі оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін қажетті барлық заттар бар. Соған орай физиологиялық құндылығы жағынан бір де бір азық тең келе алмайды. Сүттің тағы бір ерекше қасиеті – ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілеті үнемі жақсартып отыру.

Сүтті пайдаланып әртүрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір ерекше өнім пайдаланылады. Ал сүт қосылып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, түрлі аурудың алдын алу және диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.

Сүт өнімдерінің ерекше бір түрі – уыз. Уыз – жаңа төлдеген малдың қою сүті. Қазақ халқы оны қара уыз, сары уыз, ақ уыз деп үшке бөледі. Қара уыз – төлдеген малдың төлі еметін алғашқы уызы. Сары уыз – төлі емгеннен кейін сауылатын уыз. Ақ уыз – бір күннен кейін сауылған уыз.

Уыз – қазақ халқының аса дәмді әрі сүйікті ұлттық тағамы. Ол – адам ағзасына өте пайдалы ас.


Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз


Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз

А) Ет өнімдері ферменттерге бай болды.

В) Қаймақты ботқа пісіргенде пайдалануға болады.

С) Дәрумені көп тағам ағзаға түскенде тез қорытылады.

Д) Дәнді-дақылдар құрамындағы ақ уызымен құнды болып келеді.



Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз

А) Сүт – тамаша тағам.

В) Сүт және оның өнімдері адамға өте пайдалы.

С) Сүт ас қорыту бездерінің жұмысын жақсартады.

Д) Сүтті жас баладан бастап, қарт адамдар да пайдаланады.


Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз

Уыз қандай тағам?

А) ұйытылған сүттен жасалатын ас

В) ұйытылған қатықтан жасалатын тағам

С) сүт өнімдерінен жасалатын ұлттық тағам

Д) кілегейі алынған сүттен жасалатын тағам


Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз

А) Пайдалы тағамдар

В) Ас – адамның арқауы

С) Сүт және сүт өнімдері

Д) Сүттен өндірілетін өнімдер


Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз

А) Сүттен қаймақ алынады.

В) Ешкі сүтінен айран ұйытады.

С) Сүттің адам денсаулығына пайдасы зор.

Д) Сүттің химиялық құрамын И.П.Павлов зерттеді.


Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз

А) Еттен жасалатын тағамдар

В)Адам ағзасына қуат беруші

С) Қуырылған жүгері түрлері

Д) Дәннен жасалатын тағамдар


Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз

А) Ағзаға пайдалы өнім

В) Айран – ұлттық сусын

С) Сүт өнімдерінің түрлері

Д) Сүттен дайындалатын

тағамдар


Жазылым.

1-тапсырма. Мәтін бойынша жазыңыз

а) Асқа байланысты қандай әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер бар?

ә) Қазақтың ұлттық тағамдары қандай түрге бөлінеді?

б) Мақал-мәтел мен нақыл сөздердің мағынасын түсіндіріп жазыңыз.

2 – тапсырма. Тіркестерді жазыңыз. Есте сақтаңыз

Әдетке айналдыру – бір істі үнемі істеу / күнделікті әрекетке айналдыру

Тынысы жеңілдеу – еркін / жақсы / кедергісіз дем алу.

Жүзі жарқырау – аурудан кейін жазылу / сауығу / дені сау болу.

Денсаулықты түзету – аурудан кейін денсаулықтың қалпына келуі.

Сергек сезіну – адам өзін-өзі жақсы сезіну / көңіл күйі жақсы болу.

«Миға шабуыл»

- Қазақ тілінде неше септік бар?

Ілік септік Родительный падеж

Атау септігі Кім? Не? бала

Ілік септігі Кімнің? Ненің? -ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің баланың

Алманың дәмі жақсы.

Қыздың аты кім

4-тапсырма. Мақалдарды ілік септікте тұрған қажет сөзді қойып көшіріп жазу:

Туған ... түтіні де ыстық.

... өзегі талмас.

Ас - ... арқауы.

Қажетті сөздер: Өнерлінің, адамның, жердің


Тыңдалым. Мақал-мәтелді тыңдап, ілік септігі бар сөзді жазыңыз.

Өнерлінің жаны тәтті

Жалқаудың наны тәтті Еңбектің өрісі кең


V Сабақты бекіту

Тест

  1. Қазақтың ұлттық тағамының түрлерін көрсетіңіз.

а) қазы- қарта, бесбармақ

ә) палау, сүмелек

б) лағман, түшпара

в) борщ, мәнті

2. Ет тағамының түрлерін көрсетіңіз.

а) шыж-мыж, қарта

ә) сорпа, нан

б) сүт, қаймақ

в) күріш, тары

3. Сүт тағамының түрлерін көрсетіңіз.

а)қазы-қарта, сорпа

ә)жент, талқан

б) құрт, ірімшік

в) тары, күріш

4.Атау септігінде тұрған сөз.

а)алма, жент

ә) майлар

б) ірімшікпен

в) тарыны

5. Ілік септікте тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) нанға

ә) нан

б) нанның

в) нанды


Үйге тапсырма

«Қазақтың дарқан дастарқаны» деген тақырыпта мәтін жазу.



Оқытушы:______Ж. Байлиева Меңгеруші:________Р.Аширова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!