15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Б. Момышұлы өмірі мен шығармашылығы. «Ұшқан ұя» повесінен үзінді"
Бекітемін:
|
Бөлім: |
Махаббат және аброй |
||||||||||||||
|
Педагогтің Т.А.Ә. |
Г.Бексултанова |
||||||||||||||
|
Күні: |
1.02.2024 ж. |
||||||||||||||
|
Сынып: 8 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Б. Момышұлы өмірі мен шығармашылығы. «Ұшқан ұя» повесінен үзінді |
||||||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
8.1.1.1 – әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау. 8. 2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау; |
||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан аша алады. Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасына талдау жасайды. Оқушылардың көпшілігі үшін: әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік – қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады. Кейіпкерлердің қарым-қатынасына талдау жасайды, өз ойын білдіреді. Кейбір оқушылар үшін: әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік – қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады. Кейіпкерлердің қарым-қатынасына талдау жасайды, өз ойын білдіреді, дәлелдер келтіреді. |
||||||||||||||
|
Бағалау критерийі: |
|
||||||||||||||
|
Ойлау дағдылары деңгейі: |
Білу, түсіну, қолдану |
||||||||||||||
|
|
Сабақтың барысы |
||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||
|
Сабақтың басы 3 мин. 4 мин. 2 мин. 15 мин. 5 мин. 3 мин. 4 мин |
Психологиялық ахуал. Сәлеметсіздер ме, балалар! Сабағымызды бастамас бұрын көңілімізді көтеріп алайық, «Өрмекші торы» әдісі (арқылы ортаға шығып жіпті бір-біріне тілек айтып лақтырады). «Флешка» әдісі арқылы топқа бөлу Топ ережесін еске түсіру. Балалар, өткен сабағымызда Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің үзіндісімен танысқан болатынбыз. Сабағымызды арық қарай жалғастырмас бұрын бейнежазбаны мұқият тыңдаймыз, «Алтын асық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береміз. 1.Б. Момышұлы не себепті шығармасын «Ұшқан ұя» деп атады? 2. Б. Момышұлы кімнен тәрбие алды? 3. Әжесі Қызтумастың бейнесі қалай суреттелген? 4. Б. Момышұлы әкесі кім? 5. Шығарманы қазақ халқының этнографиялық шығармасы деп атауға бола ма? 6. Шығармада ұлттық құндылық қалай суреттелген? Мұғалім: Оқушыларға пролог, эпилог туралы айтылады. Пролог (гр. prologos - кірісі көркем шығарманың оқиға мазмұнымен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол шығарма идеясын дұрыс түсіндіру. Эпилог – көркем шығарманы қорытындылайтын компонент. Эпилог негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлері жайында қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекеттерінің жалғасын көрсетеді. Топтық жұмыс. 1-топ. «Әңгіме кестесі»
әдісі арқылы «Ұшқан ұя» шығармасына
талдау жасаңдар. 2-топ. “Стоп кадр” әдісі арқылы 1-3 бөлімдерді оқып араласып берілген мәтінді ретімен құрастыр. 1. Әжемнің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық, аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен. 2. Қайран әжем өле-өлгенше Рәзия келінінің қазасына қайғырып өтті. 3.Атасымен алғаш дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиетін өмірлік өнеге болсын деп, сол күні кешке мал сойып, ауыл ақсақалдарының басын қайта қосыпты. 4.Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті. Ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын. Бірақ жатқа айта алмаушы еді. 5.Жас кезінде әкемді әйелдер жағы «Молда бала» дейді екен, кейін «Ұста бала» дейтін болыпты. Ал әжем оны «Қара қатпа» деуші еді. 6.Бұған, әрине, бәрі күліп жатыр. Әйткенмен мені араз етіп алмау үшін, бәрі де бір ауыздан: «Әлейкүмассалам!» - десті. Содан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. 3-топ. «Рөлдік ойындар» тәсілі. Талқылаушы- шығармадағы автор бейнесіне дәлелдер келтіреді. Белгілеуші – шығарма мазмұны бойынша автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасына қатысты сұрақтар дайындайды. Топ шешені - шығарма мазмұнына сәйкес мақал-мәтел, нақыл сөздер айтады. Қорытындылаушы – шығарма мазмұнының ерекшелігіне баға береді. Бағалаушы – шығарма мазмұны бойынша оқушылардың жауабына баға береді. Тапсырма. «Қабырға газеті» әдісі. (Үш топтың жанында үш ватман ілінеді) 1-қадам. Шығармадан өздеріне ұнаған тұсын және шығарма қалай әсер еткеніні туралы өз пікірлерін білдіреді. 2-қадам. Жазылған үзінді мен пікірді газетке іледі. 3-қадам. Мұғалімнің белгісімен әр топ ілінген қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, жапсырма қағазға өз пікірлерін қалдырады, сұрақтар жазады. 4-қадам. Әр топ өздерінің қабырға газеттеріне жазылған пікірлерді сараптайды, талдайды, сұрақтарға жауап береді.Қорытынды жасайды. Тапсырма. Кейіпкерледі сәйкестендіріңдер.
Тапсырма. «Киндер» әдісі арқылы батырлық, адамгершілік туралы берілген мақал- мәтелдердің жалғасын табыңдар. (Әр топқа үш мақалдан беріледі) 1.Адамгершілік болмай, Әділдік болмас. 2.Адамның ұяты бетінде , Адамгершілігі ниетінде. 3. Батыр - елдің сәулеті, Балқұрақ - колдің сәулеті. 4.Жақсы ниет – жарым ырыс. 5. Жүзігің алтын болғанша, Жүзің жарқын болсын. 6. Батыр мың қол бастайды, Шешен тар жерде сөз бастайды. 7.Қайырымдылық жасасаң,Қайырын өзің көресің. 8. Батырға оқ дарымайды,Батылға жау жоламайды. |
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған 09.05.2024 283
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі | |||||||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген