400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Баламалы энергия көздері 8- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Баламалы энергия көздері 8- сынып Әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндердегі аргументтерді қолданып, өз ойын дәлелді жеткізу; Өз ойын дұрыс жеткізуде сөз әдебі формаларын орынды қолдану мақсатын меңгеру бойынша сабақ жоспары құрылған, осы тақырып бойынша қазақ тілі мұғалімдеріне көмегі тиер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Сабақ : 8

Мектеп: Көкшетау НЗМ


Күні : 09. 12. 2021

Мұғалім:

Сынып: 8 Д

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Кәсіби даму мақсаты

Аргументті қолдану арқылы оқушылардың оқылым дағдысын дамыту

Бөлім:4

Баламалы энергия көздері. Жел энергиясы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.О6. Тақырып бойынша агументтер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.

8.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, талап ету, пікір білдіру,бұйрық берудің түрлеріне сай сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу.

Сабақ мақсаты:

Әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндердегі аргументтерді қолданып, өз ойын дәлелді жеткізу;

Өз ойын дұрыс жеткізуде сөз әдебі формаларын орынды қолдану.


Бағалау критерийлері

Көтерілген мәселені талдауда нақты аргументтерді қолдана алады;

Өз ойын дәлелді жеткізуде сөз әдебі формаларын дұрыс қолданады.


Құндылықтарды игерту:

  • Қоршаған ортаға құрмет;

  • Ынтымақтастық;

  • Жауапты азаматтық позиция;

Аталған құндылықтар сабақ барысында оқушылардың топтаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, баға беру дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:


Экология, өзін-өзі тану, география,физика

Дифференциация

Барлық оқушылар: Көтерілген мәселені талдауда нақты аргументтерді қолдана алады;

Оқушылардың көпшілігі: Көтерілген мәселені талдауда нақты аргументтерді қолдана алады және мысал келтіреді

Кейбір оқушылар: Көтерілген мәселені талдауда нақты аргументтерді қолдана алады, мысал келтіреді және өз пікірін білдіреді Тапсырмалар арқылы саралау

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Презентация


Тілдік мақсаттар:

Қажетті тірек сөздер мен сөйлеу этикеті формалары

Оқушылар өздері жазып береді

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім


Баламалы энергия туралы айтылым жұмысы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Дереккөздер


Сабақтың басы



3 мин.









5 минут

Психологиялық ахуал орнату. Түсті қағаздар арқылы энергия алады бір-біріне таратады, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды

«Кім жылдам?» ойыны («10 сөз» әдісі) өткен сабақтардағы сөздерді еске түсіру мақсатында10 сөз көлемінде «Баламалы энергия көздері» тақырыбы аясында сөздер тізімін құрып, ұсынады. Ең көп және дұрыс жазған оқушы мадақталады.



СЖ.Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


1-тапсырма. Берілген тұжырымдардың бірін таңдап, дәлелдермен жауап беріңіз.

  1. Энергия – бұл адамзаттың дамуына жағдай жасайтын нағыз табиғи қайнар көзі.

  2. Технология саласындағы әртүрлi қуат көздеріне байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады.

  3. Әлемде қоршаған ортаға зиян тигізбейтін балама энергия көздерін шығаратын жаңа технологиялар іздестірілуде.


Менің ойымша, ...........

Себебі .......

Сондықтан........










слайд материалы

Сабақтың ортасы




2 мин







10 минут






























2 минут












5 минут
















10 минут







Сабақ барысы

Оқушыларға бүгінгі сабақта игеретін сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері талқыланады.


СЖ.Оқылымалды тапсырмасы. Сабаққа қатысты жаңа сөздермен танысады, сөйлемдер құрайды.

  • Қор, шексіз, қалдықтар,қауіп төну, үлкен аумақ

ТЖ. Оқылым тапсырмасы.

1-Тапсырманы орындау қадамдары:

А) мәтінді оқиды, асты сызылған сөздердің мағынасын анықтайды.

В)Топта «Жел энергиясын өндіру тиімді» немесе «Жел энергиясын өндіру тиімді емес» деген сұрақты дәлелдеуге нақты аргументтерді анықтайды, аргументті қолданып тұжырым шығарады.

Бүгінгі күні адамзатқа қажет энергияның көпшілігі көмір, мұнай және табиғи газ сияқты ресурстардан алынып отыр. Уақыт өткен сайын бұл ресурстар қоры азайып, энергия көзіне мұқтаждық артып отыр. Табиғи ресурстарды қазіргідей жылдамдықпен тұтыну әрі қарай жалғасатын болса, жақында толығымен бітеді.

Бұл шексіз және қайта жаңаратын энергия көздерінің маңызын арттырады. Қайта жаңаратын энергия көздерінің маңызды бір ерекшелігі – таза болуы. Мұнай мен көмір зиянды газдың қалыптасуына себеп болып, табиғатты ластайды. Бұдан шығатын қалдықтар әлемнің болашағына қауіп төндіріп отыр. Бұл жағдайдан шығу үшін қайта жаңаратын энергия көздерін қолдану керек. Осындай ресурстардың ең маңыздыларының бірі –жел энергиясы.

Балама энергия көздері бізге электр қуатын не болмаса энергияның басқа да механикалық, жылулық түрін алу үшін қажет. Арнайы электр генераторларының, диірмендердің көмегімен жел энергиясынан қуат түрін алуға болады. Оның бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Артықшылықтары: ластаушы қалдықтар жоқ, табиғи ресурстар үнемделеді, отын, электр қуатының шығындары қысқарады, атмосфералық жылулық балансқа әсер етпейді, табиғаттың оттек қорын сақтайды, желдің кинетикалық энергиясын электр қуатына тегін айналдырады. Кемшіліктері: жел қондырғыларының жұмысы эфир кедергілерін тудырады, пайда болатын шу адамның денсаулығы мен жануарлар әлеміне кері әсерін тигізеді, жұмыстың тұрақсыздығы, энергияның берілуі бір қалыпты емес, үлкен аумақты қажет етеді. Дегенмен де, Жел энергиясы – табиғи ресурстардың және табиғат балансының қорғалуында ең тиімді құралдардың бірі болып табылады.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Көтерілген мәселені талдауда нақты аргументтерді қолдана алады;


нақты аргументтер келтіреді (1/2)

Мәтін мазмұнына сүйеніп, себеп пен мысал келтіреді; (1/2)

Өз ойын қорытындылайды







Дифференциация. Қабылдау деңгейі орташа балаларға көмек ретінде Менің ойымша, ...

  1. Себебі, ............................

  2. Дәлелдеу үшін ......................... сияқты аргументтер келтіре аламын.

Сондықтан ....................


Оқылымнан кейінгі тапсырма:


Жұптық жұмыс. Ойлан. жаз.

Жел энергиясының басқа энергия көздерінен артықшылықтары мен кемшіліктері тізбегін жасап, кесте толтырыңыздар.

Жел энергетикасының

артықшылықтары

кемшіліктері

1.

2.

3.

1.

2.

3.


Дескрипторлар:

  • жел энергетикасының артықшылықтарын анықтайды;

  • жел энергетикасының кемшіліктерін анықтайды;


Жеке жұмыс

Тапсырма.

Жел энергиясы туралы «Төрт сөйлем» әдісі бойынша тұжырым жасау.

1. Пікір. Жел энергиясы туралы пікіріңді бір сөйлеммен жаз.

2. Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

3. Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығар.


Кері байланыс. «Маған сенің пікірің/қортыныдың ұнады/ұнамады, себебі … . Әсіресе, ...... туралы идеяларың ұнады/ұнамады »





слайд















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
1485
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі