жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: "Бақытың да, байлығыңда – денсаулық!"
Пән/ Предмет/ Subject: Сынып сағаты
Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: «Бақытың да, байлығыңда – денсаулық!»
Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: Әңгіме, сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: Аралас, топтық.
Мақсаты/ Цели занятия/ Objectives :
білімдік / образовательная/ educational: Салауатты өмір салты мен денсаулық туралы толық мағлұмат беру;
дамытушылық/ развивающая/ developing: Жұмбақтар, мақал-мәтелдер арқылы ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыту. Оқушыларға түрлі сұрақтар қою арқылы сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту;
тәрбиелік/ воспитательная / bringing-up: Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, дені сау, таза, адамгершіліші мол, Отансүйгіш қоғамымыздың нағыз азаматы болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: мақал-мәтел, тақпақтар, сөзжұмбақ, шарлар, слайдтар, кластер, күн тәртібінің үлгісі, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы/ Ход урока/ Lesson progress
I. Ұйымдастыру кезеңі. (15 сек)
- Қайырлы күн, оқушылар!
Психологиялық дайындық (10 cек)
- Көңіл күйіміз жақсы ма ?
(оқушылар) Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе (1 мин)
- Ия, балалар, дұрыс айтасыңдар, біз әрбір атқан күнімізге қуануымыз керек. Біздің өміріміз өз қолымызда. Мысалы, балалар, сендер егер қараңғы үйге кіріп, шам жақсаңдар, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдердің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің өмірімізді де жарық қылатын, жан жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? (денсаулық) Әрине балалар, дұрыс айтасыңдар, ендеше бүгінгі сабағымыз «Бақытың да, байлығыңда – денсаулық» деген тақырыпта өтеді.
- Оқушылар, сынып сағатымызды бастамас бұрын тақтадағы мына сөзжұмбақты шешейік. Қазір мына тақтадан сендерге сұрақтар беріледі, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою керек болады. Ал соның жауаптарын анау тақтада тұрған сөзжұмбақтың ұяшықтарына бір бір әріптен жазамыз.
СӨЗЖҰМБАҚ (3 мин)
-
... саудың жаны сау
-
Ауырып ... іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде
-
... шымыр боларсың
-
Біз немен айналыссақ күшіміз көбейеді
-
... мен тазалық араз
-
Темекі...
-
Таза сөзіне қарсы мәндес сөз
-
... денсаулық кепілі
-
Бірінші ... денсаулық
р
т
ы
л
й
а
б
қ
ы
қ
а
з
а
т
л
а
л
с
у
р
у
а
у
п
о
с
а
с
ң
ы
қ
н
ш
ы
м
е
н
і
е
д
(4 сұраққа келгенде жергілікті компонетті қолдану)
- Жарайсыңдар балалар! Дұрыс таптыңдар! Ал денсаулық сөзін орыстар қалай айтады екен? Ал ағылшындар ше?
денсалуық – здоровье – health
- Балалар, осы сөз әр тілде жылы, мейірімді, жақсы естіледі. Себебі денсаулық біз үшін зор байлық. Енді осы денсаулық деген бір ғана сөз қандай ұғым береді? Мына гүлдің шашақтарына жазып көрсетейікші
КЛАСТЕР «Денсаулық» (4 мин) (жауаптарын қорытындылап отыру)
Өте тамаша! Ендеше осы ойларыңды сендердің сыныптас достарың тақпақ арқылы жеткізгісі келіп тұр. ТАҚПАҚТАР (2 мин)
1-оқушы: Денсаулық ол шыныққан
Барлық дене мүшесі
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі
2-оқушы: Денсаулық ол күлуің
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
3-оқушы: Жан сезімін өзінің
Көңіл күйің сезімің
Денсаулыққа жағымды
Көңілді шат, қуаныш
Сезімді рахат, жұбаныш
4-оқушы: Салауаттылық-сергек
те,
Таза жүру
өмірде
Азаматтық
келбетке
Дақ түсірмеу
тегінде.
5-оқушы: Ұрпақ керек ертеңгі
алда,
Болашақты
болжайтын
Дәні таза, тәні
таза,
Елін жерін
қрзғайтын!
6-оқушы: Дос бол сабын су менен
Жиі жиі жуын сен
Таңертең де, кешке де,
Жуын күндіз түсте де
7-оқушы: Ас адамның арқауы
Деген сөз бар ежелден
Тамақты ішкің күнде сен
Белгілі бір мезгілде
- Рахмет, балалар. Денсаулық туралы керемет ойлар айтып жатсыңдар, енді басқа адамдардың да ойларын тыңдау үшін бейнебаянға назар аударайық.
БЕЙНЕБАЯН (3 мин 39 сек)
-
Балалар, бұд бейнебаяннан не түсіндіңдер, қандай өсиет алуға болады?
ӨСИЕТТЕР: (3 мин)
Оқушыларды топқа бөліп, бір-бір өсиеттен таратып беру. Олар егер өсиетті орындамаса, не болады? Соны талдау.
-
Егер біз ерте тұрмасақ, онда..... Сондықтан ерте тұруымыз керек.
-
Егер орта тазалығын сақтамасақ, онда..... Сондықтан, ортаны таза ұстауымыз керек.
-
Егер Жер-Ананы аяламасақ, онда... Сол үшін жерді күтіп баптау керек.
-
Егер денемізді шынықтырмасақ, онда... сол үшін денемізді шынықтыру керек.
-
Егер біз зиянды тағамдармен қоректенсек, онда... сол үшін, біз тек қана пайдалы тағамды пайдалануымыз керек.
-
Егер біз күн тәртібін сақтамасқ, онда... Сондықтан, біз күн тәртібін сақтауымыз керек.
Балалар, біз жаңа сендер мен күн тәртібі туралы айттық, ал кім күн тәртібін сақтайды? Қазір барлығымыз өзіміздің күн тәртібімізді жазайықшы. (күн тәртібінің үлгісін көрсету)
Балалар, сабағымызыды жалғастыра отырып, денсаулық кепілі тазалық туралы жұмбақтар шешіп көрейік.
ЖҰМБАҚТАР (3 мин)
Бұдан кір қорқады
Бұл судан қорқады (сабын мыло soap)
Кетіп кір ласың
Қарап тұрсың өзіңе
Сурет түсер көзіңе
Ол суретің ұқсайды
Дәл қазіргі өзіңе (Айна зеркало mirror)
Шомылған баланы
Құшақтап алады
Сипайды қолында
Сипайды жонын да (Сүлгі полотенце towel)
Аузы жоқ, көзі жоқ
Тілі жоқ, сөзі жоқ
Бірақта тісі бар
Басыңмен ісі бар (Тарақ расческа comb)
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ (Су вода water)
- Балалар, сендер білесіңдер ме, сабақ үстінде бір сергіп алған да денсаулыққа пайдалы, ендеше барлығымыз тұрып сергіту сәтін өткізейік
СЕРГІТУ СӘТІ (2 мин 30)
(Фиксики)
- Өте тамаша! Жарайсыңдар! Енді мынадай бір ойын ойнайық. Қазір мен сендерге мақалдың басын оқимын, сендер жалғастырасыңдар. Жарай ма? Дайынсыңдар ма?
МАҚАЛ-МӘТЕЛ (4 мин)
-
Көзің ауырса, қолынды тый,
Ішің ауырса, аузыңды тый.
-
Ауру аздырады,
Суық тондырады.
-
Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт -
Денсаулық — зор байлық
-
Дені саудың – жаны сау
-
Ас адамның арқауы
-
Ауру астан
Білім бастан (мақалдардың мағыналарын ашу)
- Оқушылар, біз сабақ бойы денсаулық туралы айтып отырмыз, енді сендердің айтып жатқан ойларыңды бекіту үшін сендерге сұрақтар беремін. Алдарыңда тұрған ақ қағазға мына суреттермен, жүйелі етіп жазыңдар. Сендерге 3 минут беремін.
CҰРАҚ (5 мин)
1-ші топ: «Денсаулық адамға не үшін қажет?»
2-ші топ: «СӨС ұстамасақ денсаулығымызға қандай зиян тиеді?»
3- топ: «Дұрыс тамақтану»
ІV. Қорытынды бөлім.
Оқушыларға «Дәрумен» деген жазуы бар шар береді. Ал оқушылар маркермен «Денсаулық» туралы ержелермен келісемін, мәлімет алдым деген ниетпен өз қолдарын қойып шығады, сосын мұғалім шарды далаға ұшырып жібереді.
Әдіскер: ___________
Мұғалім: _____________
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген