Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Бәрін білгім келеді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл соңында алған білімдерін тиянақтау және пысықтау мақсатында. Осы сайттағы өз әріптестеріммен жасап жатқан еңбегіммен бөлісу үшін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным, Қатынас,

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Коммуникация, көркем әдебиет, қарапайым математика,

Тақырып: Бәрін білгім келеді.

Мақсаты:

Б.М: Жыл бойы алған білімдерін қайталау

Д.М:Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту

Т.М: Тапсырмаларды орындау барысында бір-бірін сыйлауға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл:Қайталау, түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, сергіту сәті, тапсырмалар, қорытынды, мадақтау.

Көрнекілік:

Билингвалдық компонент:Көктем-весна, наурыз- март, сәуір-апрель, мамыр-май, бес-пять,

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті










Мотивациялық қозғаушы кезең:















Іздену-ұйымдастырушы кезең:




































Сергіту кезең:









Дидактикалық ойын:














Тақтамен жұмыс:





















Рефлексивті түзетуші кезең:



-Балалар ашық алаңда бүгінгі күнмен амандасып бір-бірімізге жылы тілектер айтайық.

Жылулық шеңбер:

Күннің нұры шұғылалы,

Атты бүгін жарқырап.

Сыйлап бізге жайдары,

Ашық жарқын көңіл-күй.


-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

-Қандай ретімен кім айтып береді?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Қандай?

-Бір аптада неше күн бар?

-Қане ретімен айтайық?

-Бір тәулікте неше мезгіл бар?

-Оларды атап беріңдерші?

-Өте жақсы балалар!

-Бүгінгі ойын сабағымыздың тақырыбы балалар, бәрін білгім келеді деп аталады.

-Мұнда біз көптеген сұрақтарға жауап іздейтін боламыз.

Ғажайып сәт:

(Осы кезде есік қағылып топқа Білім ханшайымы келіп кіреді)

-Сәлеметсіңдер ме достар?

-Қош келдің Білім ханшайымы!

Б.Х:-Балалар мен сендерге әдейі мектепке қандай дайындықпен кетіп бара жатқандарыңды көру үшін келдім.Ол үшін мен сендерді «білімділер еліне» саяхат жасауға шақырамын.

  • Математика әлемі:

1-ші тапсырма:

«Геометриялық пішіндер»

Мақсаты:1) пішіндердің атан атау.

2)Айырмашылығын ұқсастығын айту.

3)Түстерін сұрау.

4)Пішіндерге ұқсас заттарды табу.

5)Жалпы бір сөзбен қалай айтамыз.

2-ші тапсырма:

«Геометриялық денелер»

1)Әрбір дененің атын сұрау.

2) пішінмен айырмашылығы неде?

3)Ұқсас заттарды табу.

4)Бір сөзбен қалай айтамыз?

3-ші тапсырма:

«Сандар әлемі»

1)Шашылған сандардың таңбасын атау арқылы табу.

2)Тура және кері санау.

3)Ретімен орналастыр.

4)Көршілес санды тап

5)Оң жақта, сол жақта және ортада қандай сандар тұр.

6)Дәптермен жұмыс:(1-5ке дейін сандарды жазу)


1 дегенде тұрайық,

2, 3, 4 – алақанды соғайық,

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.


«Қай сан жоқ»

Мақсаты: Ойлау қабілеттері арқылы сандарды санау арқылы, жоқ санды табу.

«Дұрыс тыңда»

Мақсаты:Сылдырмақ соғылуын санай отырып, 1ден-5ке дейін берілген сандық үлестірмемен сандарды дұрыс көрсету.

4-ші тапсырма:

«Логикалық есептер»

1)аз, көп және тең

2)Астында, үстінде

4)Алдында, артында.

5)Нешеу? Қанша? Сонша?

5-ші тапсырма:

«Салыстыру»

1)Жуан, жіңішке

2)Биік, аласа

3)Ұзын, қысқа

4)Алыс, жақын

5)Ауыр, жеңіл


  • Ертегілер әлемі:

-Балалар қандай ертегілерді білесіңдер?

-Қандай ертегілердің түрлері болады?

-Қазір мен ертегілерден үзінді суреттер көрсетемін сендер тауып көріңдер?

-Әр үзінді сурет бойынша қысқаша әңгіме құрау.

-«Үйшік» ертегісін модельдеу технологиясы бойынша айтып беру.


Б.Х:-Балалар осымен білімділер еліне жасаған саяхатымыз аяқталды.

-Сендер үлкен дайындықпен кетіп барсыңдар екен, мен сендерге өте ризамын.

-Менің кететін уақытым болды қош сау болыңдар!

Т: -Сау болыңыз Білім ханшайымы.

-Балалар сонымен бүгінгі сабақ несімен қызықты болды.

-Қандай ойын сабақтар болды?

-Қандай тапсырмалар болды?

- Тапсырмалардың қайсысы қиын және жеңіл болды?

-Достарыңнан кімдер бүгінгі сабаққа жақсы қатысты деп ойлайсыңдар?










Бір жылда төрт мезгіл бар


Казір көктем мезгілі.


Көктем мезгілінде үш ай бар






















Барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды.
























Қимыл- қозғалыспен мәтінді жатқа айтады.
































Тақтадағы суреттер бойынша өз жауаптарын айтады

Білетін ертегілерін айтып береді

Батырлар, аңдар, туралы


Ертегілерден үзінді айтып береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Жас ерекшеліктеріне байланысты өзіндік білімдері болу керек.

Нені игерді: Бір мезетте барлық ойын сабақтарға қорытынды жасады.

Нені біледі: Берілген сұрақтарға толық жауап береді.
































Ашық сабаққа өзіндік талдау.

Білім беру саласы:Қатынас,таным, шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет :Тіл дамыту,қарапайым математика, Көркем әдебиет.

Тақырып: Бәрін білгім келеді.

Мақсаты:

Б.М: Жыл бойы алған білімдерін қайталау

Д.М:Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту

Т.М: Тапсырмаларды орындау барысында бір-бірін сыйлауға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.


а) Ұйымдастырылған іс – әрекетке алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілді.Бөлме іші желдетіліп ,ашық алаң және негізгі іс – әрекет жасау орындары дайындалды. Әр балаға үлестірмелі және дидактикалық матеиалдар қойылды.

ә) Қорытынды сабаққа байланысты балалардың білімдері мен іскерліктерін жетілдіру барысында әртүрлі математикалық тапсырмалар болды.Бұл тапсырмада балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттері дамыды.

б) Жылулық шеңберінен кейін балаларға бірнеше сұрақтар қою арқылы сөздік қорлары дамыды. Ойын сабақтың тақырыбын ашу жолында топқа Білім ханшайымы қонаққа келді. Ол өзінің әкелген тапсырмалары жайында ойын сабақтың тақырыбын ашып береді.

в) Өтілген ойын сабақты қорытындылау бойынша балалардың еске түсіру және ізденіс – шығармашылық іс – әрекеттеріне негізделіп жүргізілді.

г) Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетті ұйымдастыру барысында мынадай әдіс – тәсілдер пайдаланылды: Қайталау, жылулық шеңбер, ғажайып сәт, сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, дидактикалық ойындар, тапсырмалар, салыстыру,сергіту жаттығуы, мадақтау, қорытындылау.

4.Балаларды оқыту олардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытумен ұштасып отырды.

5.Ойын сабақ өту барысында сабақтың біртұтастылығы сақталып, өткізілу жүйесі, балалардың іс – әрекеттері мен олардың ақыл – ойының дамуымен және балардың жас ерекшелігімен сәйкес болды.

6.Ойын сабақ барысында балалардың танымдық іс – әрекетін ұйымдастырушы ролін айтарлықтай атқара алдым.

7.Қорытынды:Оқу іс – әрекеттің жүйелігін сақтай отырып Білім ханшайымының барлық тапсырмаларын орындауға тырыстық. Балалар тарапынан берілген тапсырмаларға, қойылған сұрақтарға толық нақты жауап алынып отырды.

а) Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті бойынша ойын сабақта белгіленген мақсат – міндеттер толықтай жүзеге асырылды.

ә) Ойын сабақ нәтижесінде балалар өз білімдерін жақсы көрсете және жеткізе білді.Жеткізу барысында балалардан әрдайым толық жауап алынып отырды. Жеке іс – әрекет кезінде балалардың жұмысқа деген қызығушылықтары артып отырды. Жыл бойғы алған білімдерін жүйері түрде толық көрсете алды.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
2787
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12