жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Бастауыш 4 сынып
|
Пән Қазақ тілі Бөлімі Сәулет өнері Тақырыбы:Бастауыш |
Мектеп: «Қызылжар» жалпы орта мектебі |
||||||
|
Мұғалімнің аты-жөні: Г.Қанжігітова |
|||||||
|
Сынып: 4 «Б» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспаған оқушылар: |
|||||
|
Оқу мақсаты: |
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық,орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып ,түзету; 3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату; |
||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: -мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарғажауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады; Оқушылардың көбі: сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату; Оқушылардың кейбірі: жіберілген пунктуациялық,орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету; |
||||||
|
Бағалау критерийлері |
Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарғажауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра алады. Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырата алады; Жіберілген пунктуациялық,орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып ,түзете алады; |
||||||
|
Тірек сөздер |
Пәндік терминология мен тірек сөздер Сөйлем мүшелері. Бастауыш. Қимыл, іс-әрекет иесі. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: Киіз үй неден жасалады? Ата-бабамыз неліктен киіз үйді пайдаланған? Қазір киіз үйлер бар ма? Киіз үй жобасына қарап нелер құрастырылған? |
||||||
|
Құндылықтар |
Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру. |
||||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу, дүниетану. |
||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта,суреттер |
||||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Сөйлем. Сөйлем мүшелері. |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Сабақта жоспарланғаніс-әрекет |
Ресурстар
|
|||||
|
Сабақтың басы 10мин
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбер. Топқа бөлу. Оқушылар киіз үйдің бөліктерін таңдау арқылы топқа бөлінеді. І топ Кереге ІІІ топ Шаңырақ ІІ топ Уық ІҮ топ Сықырлауық Үй тапсырмасын тексеру. 4-жаттығу. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп, мәтінді көшіріп жаз. Игерген білімдерін пысықтау. (Гүлдердің астына сұрақтар жазылған қима қағаздар таратылады). 1.Сөйлем мүшелері дегеніміз не? 2.Сурет бойынша сөйлем құра. 3.Сөйлем дегеніміз не? 4.Сөйлемнің неше түрі бар? Сабақтың тақырыбын «Айнаға қарау әдісі» арқылы ашу. Бүгінгі өтілетін сабағымыздың тақырыбы: Бастауыш Ой қозғау.
Қимыл, іс-әрекеттің иесін білдіреді. Қимыл, іс –әрекеттің иесін білдіретін сөздерді бастауыш дейміз. Бастауышқа кім? кімдер? не? нелер? кімі? кімің? несі? нең? деген сұрақтарға жауап береді.
|
Шаттық шеңбер
Сұрақ-жауап әдісі
«Сұрақ -жауап» әдісі арқылы түсіндіріледі.
|
|||||
|
Сабақтың ортасы 25 мин
|
Тыңдалым. Оқулықпен жұмыс. 5-жаттығу. Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап беру. Алдымен іштей оқиды. Содан соң екі бөлікті екі оқушы оқиды. Оқушылар жұптаса отырып, «Жауабын тап» әдісі бойынша сұрақтарға ауызша жауап береді. -Ата-бабамыз неліктен киіз үйлерді пайдаланған? - Киіз үйдің негізгі бөлшектеріне нелер жатады? -Кереге неден жасалады?
Осы тапсырмада «Сықырлауық» сөзінің мағынасы ашылады Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Киіз үй есігі тек қана ішке қарай ашылады.Сықырлауық тақтайдан жасалады. Шеберлер киіз үйдің сәулетіне қарай оюлы өрнектермен,өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді. Дескриптор:
- сұрақтың құрылымын сақтайды.
Жазылым. Дәптермен жұмыс.
6-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой. Сөйлемде қарамен жазылған сөздерге назар аударылады. Оқушылар жұптаса отырып сұрақ қояды. Киіз үй тігілді. Атам төрге жайғасты.Балалар далада ойнады -Киіз үй, атам, балалар сөзінен не байқадыңдар? - Сөйлем ішіндегі сөздерге Не? Кім? Кімдер? сұрақтары қойылса,ол сөйлемнің бас мүшесі – бастауыш болады. Ол қимылдың иесін білдіреді. Оны бір сызықпен сызады. . «Менің бағытым» ойыны.
Тақтамен жұмыс. 7-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрап жаз. Жазған сөйлемдеріңнен бастауышты тап. Дескриптор: - сурет бойынша үш сөйлемді ойлап табады; - бастауышты анықтайды; - сұрақ қояды. 8-жаттығу. Мына нақыл сөздерді көркем жаз. Киіз үйге қатысты тағы қандай нақыл сөздерді білесіңдер? Дидактикалық тапсырма. |
Ұжымдық жұмыс Оқулықпен жұмыс.
Дәптермен жұмыс
Топтық жұмыс
|
|||||
|
Сергіту сәті 2мин
|
|||||||
|
Сабақтың соңы 3 минут
|
Рефлексия «Бас бармақ әдісі» арқылы топтар бір-бірін бағалайды. Өзім бағалаймын. Оқушылар сабақты бағалайды. -Балалар, суреттен нені көрдік? -Жайлауды. -Жайлауда нелер өтеді? -Ұлттық ойындар, мерекелер. - Мейрамдарда нелер көрсетіледі? -Салт -дәстүр, әдет -ғұрыптар. -Жайлауда не жетіспейді? -Киіз үй. Ендеше, киіз үймен жайлауды толтырайық. Жайлау суретіне жасыл, сары, қызыл, түсті киіз үйді жапсыру. Жасыл киіз үй –өте жақсы ұнады Сары киіз үй - жартылай түсіндім Қызыл киіз үй – әлі сұрағым бар. |
«Бас бармақ әдісі»
Кері байланыс. |
|||||
|
Үйге тапсырма: ереже жаттау 8-жаттығу 100-бет. |
|||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||
|
Саралау. Барлық оқушылар үшін мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Басым бөлігі үшін берілген сөздерді, сұрақ қою арқылы бастауышты таба алады Кейбір оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастырып жаза алады. |
Бағалау. Ұжымдық жұмыста өзін-өзі бағалау (доптар арқылы) Жұптық жұмыста бір-бірін бағалау (басбармақ арқылы) Топтық жұмыс кезінде бағалау (бағдаршам арқылы) |
Сергіту сәті өткізіледі. АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. |
|||||
|
Қорытынды бағалау Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||

шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген